ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:11, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция-бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы және т.б. экономика саласындағы күрделі салым үлесін өткізу. Инвестиция қызметінің басты мақсаты кәсіпорын кірісі мен проценті.

Содержание работы

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------ 3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ
Қаржылық инвестиция туралы түсінік ----------------------------------------- 4
Инвестицияларға тән ХҚЕС талаптары мен ұсыныстарын сипаттау --- 5
БАҚЫЛАНАТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
2.1 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестерге салынған инвестициялар есебі------------------- -------------------------------------------------- 9
Бірлесіп бақыланатын ұйымдағы инвестициялар есебі----------------------- 14
2.3 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар аудиті --------------------------- 19
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------- 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------------------ 26

Содержимое работы - 1 файл

КУРСОВОЙ.docx

— 51.79 Кб (Скачать файл)

Нарықта номиналды пайыздық қойылым нарықтағыдан төмен болған жағдай пайда болғанда, эмитент өз облигацияларын номиналдық құнға жеңілдік жасау арқылы ұсынуға алып келеді. Жеңілдік номиналды және нақты сату құнының арасындағы айырма нәтижесі ретінде көрсетіледі. Олар бойынша  табысты әрбір есептеу кезінде  сатып алу мен номиналды құнның арасындағы айырманың есептен шығарылуы  жүргізіледі. Бұл кезде мынадай  бухгалтерлік жазулар жасалады:

Д-т 1270 «Қысқа мерзімді алынуға  тиісті сыйақылар» К-т 6120, 6110 «Акция бойынша  дивиденттер мен сыйақы түріндегі  табыстар» - бағалы қағаздар бойынша  алынуға тиісті табыстар сомасына. Д-т 7410 «Негізгі емес қызметтің басқа  да шығындары» К-т 1130 «Қысқа мерзімді инвестициялар» - сатып алу және номиналды құнның тайырма сомасына.

Жеңілдігі бар облигацияларды шығару барысында эмитент пайыздарды төлеу бойынша қосымша шығынға ұшырайды және олар облигациялардың айналыста жүру кезеңінің ішінде пайыздарды төлеу  бойынша шығындарды арттыру арқылы біркелкі есептен шығарылады. Жеңілдіктің сомасы неғұрлым төменгіден сайын, облигациялардың құны номиналды құнға соғұрлым жақын болады. Облигацияларды төлеу мерзімінің соңында ағымдағы құн номиналды құнға жақындатып теңеседі, ал жеңілдік сомасы толық есептен шығарылады.

Әрбір шаруашылық субьект  есеп саясатында инвестицияларды қайта бағалау мерзімділігі  мен оны өткізудің себебі-биржадағы нарықтық құны немесе Бақылау комиссиясымен анықталатын әділетті құн бойынша бағалануын белгілейді. Қаржылық инвестициялардың қайта бағалануы есепте келесідей бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:

Д-т 1120 «Қысқа мерзімді қаржы  активтер», 1130 «Қысқа мерзімді инвестициялар», 1140 «Сатуға арналған қысқа мерзімді инвестициялар» К-т 5320 «Қайта бағалау бойынша резервтер» - инвестициялардың бастапқы құнның өсу сомасына;

Д-т 5320 «Қайта бағалау бойынша  резервтер» К-т 1120 «Қысқа мерзімді қаржы  активтері», 1130 «Қысқа мерзімді инвестициялар», 1140 «сатуға арналған қаржы инвестициялар» - қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнының төмендеу сомасына. Азаюы  сол инвестицияларды алдында болған бағалаудың есебінен жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнның өзгерісінен пайда  болатын табыс немесе зиян 1100 «қысқа мерзімді инвестициялар» шоттар бөлімінің  дебеті (кредиті) мен 6160 «Қаржыландырудың өзге де табыстары» шоттар корреспонденциясында қолданылады.

Сонымен қатар, қайта бағалаудан түсетін табыстар сомасы өзіндік  капиталды ұлғайтады, ал қайта бағаланған қаржылық инвестициялардың шығуы табысқа  жатқызылады. Бағалы қағаздарды сату және өтеудің кезінде аудитор олардың  құнының 1100 «Қысқа мерзімді инвестициялар» шоттар бөлімінің кредиті мен 7410 «Активтердің есептен шығуы бойынша шығындар» дебеті есептен шығарылуын есепке алу керек.

Бағалы қағаздардың есептен  шығарлығанда қайта бағалау сомасы 5320 «Қайта бағалау бойынша резервтер» шотының дебетінен, 5410 «Есепті кезеңнің табысы» шотына немесе 6210 «Активтердің есептен шығарылуынан табыстар»  шоттарының кредитіне жазылады.

Қаржылық инвестициялардың есептен шығарылуы барысында  сатудан алынған табыс пен  шығандарды (брокер, диллер қызметі) алып тастағандағы баланстық құнның арасындағы айырма табыс немесе шығын ретінде  есептеледі. Кәсіпорынның есеп саясатына  сәйкес қайта бағалаудың сомасы табысқа  немесе таратылмаған қорға жатқызылды.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ұзақ мерзімді санатына ауысу былай  орындалады:

  • сатып алу мен ағымдағы құндарынан бағлануының төменгісі бойынша;
  • бұрын түгел сомасы көрсетілген жағдайда ағымдағы құн бойынша.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицялар қысқа мерзімді санатына ауысу былай  орындалады:

  • егер де қысқа қысқа мерзімді инвестициялар сатып алу және ағымдағы құн бойынша төменгісімен есепке алынса, сатып алу және баланстық құнның ең азы бойынша. Бірақ егер инвестициялар бұрын бағаланса, онда ауысу кезінде олардың, қайта бағалау сомасы есептен шығарылуы тиіс;
  • егер қысқа мерзімді инвестициялар ағымдағы құн бойынша есептеліп, бұрын жасалған қайта бағалаудың сомасы табыс ретінде танылса, баланстық құн бойынша есептелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------  3

1 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР  ЕСЕБІ

    1. Қаржылық инвестиция туралы түсінік -----------------------------------------   4

 

    1. Инвестицияларға тән ХҚЕС талаптары мен ұсыныстарын сипаттау ---  5

 

  1. БАҚЫЛАНАТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ

2.1 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестерге салынған инвестициялар есебі------------------- --------------------------------------------------  9

    1. Бірлесіп бақыланатын ұйымдағы инвестициялар есебі----------------------- 14

 2.3 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар аудиті --------------------------- 19

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------- 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------------------ 26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Инвестиция-бұл шығын  жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл  шаруашылық кәсіпорындардағы және  т.б. экономика саласындағы күрделі  салым үлесін өткізу. Инвестиция  қызметінің басты мақсаты кәсіпорын  кірісі мен проценті.

Жалпы алғанда, инвестиция дегеніміз-бүгінгі  күні қолда бар ақшаны, мүлікті  және басқа да заттарды, яғни каптиалды  қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде  немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік  табыс табу болып табылады.

       Тағайындалу  түрлері бойынша инвестициялар  нақтылық және қаржылық инвестиция  болып екіге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция дегеніміз-шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір  материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активетрдің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалынуы үшін салынатын  салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз-акционерлік  қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады

        Аудит-бұл  еліміздің акционерлік қоғамдардың,  серіктестіктердің және басқа  да шаруашылық жүргізуші субьектілердің  қызметін экономикалық талдаудфың  және қаржылық бақылаудың салыстырмалы  түрдегі жаңа бағыты. Аудиторлық  іс экономикалық талдау, кешенді  құжаттық тексеру, балансты немесе  сот бухгалтерлік сараптаманы  есепппен тексеру турлаы біздің  ұғымымыздан бөлек болса да  аудитор өзінің міндетін жүзеге  асыру барсында аты аталғандардың  және есептік, бақылаушы-талдамалы  тәжірбие салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланылады.

Инвестиция аудиті мақсаты  шаруашылық жүргізуші субьекті қолданатын Қазақстан Республикасының тексерілетін кезеңде қолданылып жүрген құқықтық-нормативтік  актілерге, инвестиция есебі бойынша  операцияларға салық салу мен  есеп әдістемесіне сәйкес бергілеу болып  табылады, ол қаржылық есеп берудің  анықтығы туралы пікірді барлық елеулі аспектілерде қалыптастыру үшін  керек.

Инвестиция аудитінде  аудиттелетін саладағы өзара қарым  қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді  мұқият зерттеуі қажет.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде  қаржылық инвестициялар есебі активтер құрамында-қысқа және ұзақ мерзімді сапада бағаланып жүргізіледі. Қаржылық инвестицияларды бағалау процесі  халықаралық қаржылық есеп стандарттары негізіндегі талаптарға сай бағаланады

Қаржылық инвестицияның  өз ерекшелігі болады. Басқадай активтерге қарағанда қаржылық инвестициялардың өтімділігі жеңіл және ақшаға тез  айналады. Қаржылық инвестиция құру негізінде  тек пайыздық, дивиденттік табыстар ғана алынбайды. Сонымен қатар каптиалдың қарқынды өсуіде ұлғайып отырады. Қаржылық инвестицияның нарықтық құны қысқа  мерзім аралығында тербеліске түсіп  отырады.

Тексеру қаржылық есептіліктің әрбір пішіні бойынша, Бас кітаптың шоттары бойынша айналымдар мен  қалдықтармен, тиісті түрде тұрған көрсеткіштерді бөлек-бөлек салыстыру  жолымен жасалады. Егер беру түрінде  бар көрсеткіштер Бас кітаптың мәліметтері  бойынша тексерілуі мүмкін емес жағдайда аудиторлар аналитикалық есептің тиісті регистірлерін қолданады. Бұл жағдайда қалдықтар мен айналымдары синтетикалық есептің шоттары, аралық шоттар және аналитикалық есептің шоттарымен салыстыру  жүргізіледі. Тексеру, әдетте, іріктемелі тәсілмен жасалады. Іріктеме мөлшері  аудиттің жоспарлау кезеңінде бағдарламамен  белгіленеді.

Бухгалтерлік баланс, Бас  кітап пен аналитикалық есеп шоттарының көрсеткіштерінің тепе-тең болуын тексеру қортындылары және айырмалар туралы барлық мәліметтер аудитордың жұмыс құжаттарында, жинақталып қорытылады.

Тексеру басталмас бұрын  аудиторлар нормативті актілерде бар  бастапқы ережелерімен танысуы тиіс.

Заңға сәйкес тексеру өткізгенде құжаттар оларды белгіленген ережеге  сәйкес ресімдеу тұрғысынан тексеріледі, құжаттарды ресімдеуге жауапты адамдар  қолдарының бар болуы мен негізділігінде назар аударылады. Анықталған бұрмалау аудитордың жұмыс құжаттарында белгіленеді.

Аудитордың қүмәнін туғызған құжаттар ерекше назармен тексерілуі тиіс, ал олардың көшірмелерін аудитордың жұмыс есебіне тіркеген жөн. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың функционалды аудит бағдарламасына мыналардың дұрыстығын тексерілуі кіргізілуі керек:

  • қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың баланста көрсетілуі;
  • қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау мен қайта бағалау;
  • бағалы қағаздарды сатып алу бойынша жазуларды жүзеге асыру;
  • бағалы қағаздардың сатып алу мен мен номиналды құнының арасындағы айырманы есептен шығарудың есепте көрсетілуі;

Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды  баланста көрсетілуі реті мынадай: баланс-Бас  кітап-есеп регистірлері бастапқы құжаттар. Алынған акциялар, сертификаттар, облигациялар, жүргізілген салымдардың сомаларына куәлік, қарыздарды беру туралы келісімдер-бағалы қағаздарды сатып алуды растайтын  құжаттар болып табылады. Бағалы қағаздарды сатуды растайтан құжаттар болып-сату-сатып  алу актілері, қарыздарды және облигацияларды өтеуді растайтын төлем тапсырмалары, т.б. болуы мүмкін. Есеп саясатын жазу барысында субьект қаржылық инвестицияларды  бағалау әдісі мен қайта бағалаудың себептері мен мерзімін көрсетуі керек.

Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алу мен  ағымдағы бағалардың төменгісімен бағаланса, онда баланстық құн жеке инвестиция түрлері негізінде, жалпы инвестиция түрлері бойынша жиынтық портфелі негізде анықталады. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнның өзгеруінен болатын табыс немесе зиян сол есепті кезеңде танылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1Әбдіғали Әбдіманапов  «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж.

2. К.К.Кеулімжаев «Қаржылық  есеп» Алматы, 2001ж.

3.Д.О. Абленов. Қаржылық  бақылау және басқарушылық аудит»  Алматы,2007ж.

4. К.К.Кеулімжаев «Бухгалтерлік  есеп» Алматы, 2001ж.

6. Д.О. Абленов «Аудит»  негіздері Алматы,2005ж.

7. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағв  бухгалтерлік есеп» Алматы, 2007ж.

8. Төлегенов Э.Т. «Бухгалтерлік  есеп» Алматы, 2001ж.

9. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік  есеп» Алматы, 2001ж.

10. Әбдіхалықов Т.Ә. «Аудит  және бухгалтерлік есеп» Алматы, 2000ж.


Информация о работе ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ