Туристік пайда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 17:50, реферат

Краткое описание

Туризмнің басты әлеуметтік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен көңілді қарым-қатынас, кездесулер. Себебі адам қоғамының ең биік мұраты (идеалы) – адам қатынастарының жағымды формаларын көбейту, сол формаларды тиімді пайдалану барысында ләззат алу. Жаңа танымдар мен жаңалықтар ашу – адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейім-дағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат барысында адам бойында оянады.

Содержание работы

Кіріспе.Жалпы туризм түсінігі ..............................................................2

Туристік пайда.........................................................................................3
Қазақстандағы спорт туризмы даму тарихынан..................................4
Спорт-сауықтыру туризмы....................................................................6
Спорттық туризмнің спорт түрі ретіндегі сипаттамасы....................7
Қорытынды ............................................................................................9
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................10

Содержимое работы - 1 файл

реферат туризм.doc

— 58.00 Кб (Скачать файл)

    Спорттық  жаттығудың теориясы(Матвеев Л.П.,1991) спорттық жарыс жаттығулары мен алдынала машықтану жаттығуларына негізделеді.Спорттық жаттығулар таңдап алынған спорт түрі бойынша өткізілетін жарыстардың шарттары негізінде өткізілетін,спорттық күресті жүргізу амалы ретінде қызмет ететін  іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл тарапта туристік іс-әрекеттің негізгі элементтері ретінде спорттық жаттығуларды санауға болады. Спорттық туризмде бұл жаттығулардың түрі әр алуан. Олар жылдамдық пен күшке, жеке  дара күшке, күрделі координацияға байланысты бола алады. Бұндағы күрделі координацияға байланысты жаттығулар табиғи бөгеттерді өту жағдайындағы туризм техникасының негізін қалайды.

    Спорттық  туризм  физикалық және  күш-жігерлікпен  ерекшеленетін белсенді қозғалыстағы іс-әрекет тән спорттың бір түріне жатқызылады. Спортшы-турист спецификалық туристік шыдамдылыққа ие болуы керек. Туристік саяхаттарда көп сағатты,циклдық түрдегі әрекеттер бар,мәселен, жолды ауыр арқа қоржындарымен көп уақыт бойы жаяу жүру және тағы да басқалары. 
 
 

                                              

                                               Қорытынды 

    Жоғарыда  көрсетілген мәліметтер  қысқа  да нұсқа түрінде берілген, негізінен туризмнің бұдан басқа жағымды жақтары мен қызғылықты қызметтері жеткілікті. Сондықтан да адамдардың туризмге деген құштарлығы уақыт өте келе геометриялық прогрессия қарқынымен өсе түсуде.

    Адам  биологиялық түр ретінде өзінің даму процесінде өзін қоршаған табиғаттың тікелей әсерінде болған және әлі  де бола береді.Адам тұтас тұлға  ретінде оның физикалық және рухани қажеттіліктері әуелден-ақ табиғат мүмкінгшіліктерімен жарасылымдылықта болып қана өз қажеттіліктерін қанағаттандырған.

    Уақыт өте келе адам еңбегі күрделеніп, ол түрлі машиналардың, зиянды технологиялардың «құлына» айналды. Міне, осы себептерден адам организмінің табиғатпен тепе-теңдігін жойып, адамның түрлі ауруларға шалдығып, еңбек етуге деген қабілетін жоғалтты. Адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтірудің басты құралы – табиғаттың жандандырар күші. Осы орайда, спорт-сауықтыру туризмы адамның физикалық және адамгершілік қасиетінін жетілдірілуінің тиімді тәсілі болып табылады. Көптеген ғылыми тәжірибелердің нәтижелері адамның психофизиологиялық параметрлеріне оның қимыл белсенділігінің көлемі тікелей жағымды әсер ететінін дәлелдейді.  
 
 
 
 
 
 
 
 

                        Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1. Бардин К.В.  Азбука туризма. – М., 1981.

2. Федотов Ю.Н., Востоков И.Е. Спортивно-оздоровительный туризм. – М., 2004.

3. Энциклопедия туриста. – М., 1993.

    4. В.Н.Вуколов. Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы. – Астана 2005. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Туристік пайда