Туристік пайда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 17:50, реферат

Краткое описание

Туризмнің басты әлеуметтік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен көңілді қарым-қатынас, кездесулер. Себебі адам қоғамының ең биік мұраты (идеалы) – адам қатынастарының жағымды формаларын көбейту, сол формаларды тиімді пайдалану барысында ләззат алу. Жаңа танымдар мен жаңалықтар ашу – адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейім-дағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат барысында адам бойында оянады.

Содержание работы

Кіріспе.Жалпы туризм түсінігі ..............................................................2

Туристік пайда.........................................................................................3
Қазақстандағы спорт туризмы даму тарихынан..................................4
Спорт-сауықтыру туризмы....................................................................6
Спорттық туризмнің спорт түрі ретіндегі сипаттамасы....................7
Қорытынды ............................................................................................9
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................10

Содержимое работы - 1 файл

реферат туризм.doc

— 58.00 Кб (Скачать файл)

                                                  Жоспар: 

    Кіріспе.Жалпы  туризм түсінігі ..............................................................2

     

    Туристік  пайда.........................................................................................3 

    Қазақстандағы спорт туризмы даму тарихынан..................................4 

    Спорт-сауықтыру  туризмы....................................................................6 

    Спорттық  туризмнің спорт түрі  ретіндегі  сипаттамасы....................7 

    Қорытынды ............................................................................................9 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................10

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                 Жалпы туризм түсінігі 

    «Туризм»  сөзінің түбірі – француз тілінің  «тур», яғни «серуен», «сапар шегу»  деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур»  сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізімі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.

    Туризмнің ең басты әлеуметтік мақсаты –  адам өмірін ұзарту, өмір сүруді жақсарту.

    Туризмнің басты әлеуметтік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен көңілді қарым-қатынас, кездесулер. Себебі адам қоғамының  ең биік мұраты (идеалы) – адам қатынастарының жағымды формаларын көбейту, сол формаларды тиімді пайдалану барысында ләззат алу. Жаңа танымдар мен жаңалықтар ашу – адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейім-дағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат барысында адам бойында оянады.

    Туризмнің негізгі әлеуметтік қызметтері:

  1. Танымдық қызмет
  2. Денсаулықтық қызмет
  3. Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі
  4. Спорттық қызметі

    5-6. Эстетикалық және эмоционалдық-психологиялық  қызметтері

    7. Шығармашылық қызметі

    8. Қажылық қызметі

    Осы тізімдегі туризмнің спорттық қызметіне тоқталайық:

    «Спорт» деген кең мағынасында алғанда, өзіндік бәсекелестік іс-әрекет, оған арнайы дайындық, адамдар арасында осы іс-әрекет барысында арнайы қатынас орнату, оның қоғамдық мәні бар нәтижесі.

    Спорт – қоғамдық мәні бар дене тәрбиесінің неғұрлым әсерлі құралдары мен әдістерінің жиынтығы, адамды еңбекке, басқа да қоғамға қажетті іс-әрекеттің түрлеріне дайындау. Сонымен қатар спорт – этикалық, эстетикалық тәрбиенің маңызды бір құралы, интернационалдық байланыстарды кеңейту, жеңілдету, халықтар арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақтастықты, достықты бекіту.

    Туризмде  «спорт» ұғымынан басқа «спорт түрі»  деген термин қолданылады. Спорт  түрі деген – бәсекелестік іс-әрекеттің  белгілі бір жарыс түрін ерекше спорттық техникамен, тактикамен іске асыру. Сол спорт түрінің бірі – спорттық туризм. Туристік спорттық жарыстың: 1) спорттық жорықтардан жарыс; 2) туристік көп сайыс бойынша жарыс деген түрлері бар.

    Адамзат баласы спорттық бағдарламаның неше түрін ойлап тапқан, бірақ туризм спорты ғана адам денсаулығын нығайту, табиғатпен «тілдесу», психологиялық жеңілдеу, физикалық белсенділік, үйреншікті жағдайды өзгерту деген компоненттерін орындай алады.

    Спорттық  туризмнің ұйымдастырылуы қарапайым  және кез келген жастағы адамның  онымен шұғылдануға мүмкіншілігі болады. Туризм – спорттың табиғи түрі, себебі онда жүктеме(дозировка) жеңілдетіліп беріледі. Спорттық туризм адамдардың бойына ұжымшылдық, тәртіптілік, табандылық секілді қасиеттерді дарытады. Туризмнің спорттық және сауықтыру қызметтері табиғат ресурстары арқылы, ал қызметтері туристік-рекреациялық ресурстар (ТРР) арқылы іске асады. 

                                                    Туристік пайда. 

    Мамандардың есебі бойынша , бір турист беретін  орташа кірісті алу үшін әлемдік  рынокқа шамамен 9 тонна тас көмір, немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидай шығару қажет болады. Экономистер100 мың турист қалада екі сағат болғанда орташа есеппен алғанда 350 мың доллардан кем жаратпайды,яғни әр адам бір сағатта 17,5 долларын қала, сауда, демалу орындарын ажаратып кетеді.

    Шикізатты сату елдің энергиялық қорын біржола  жойып кетсе, туристік индустрия  ресурстарды жаңартып отырады. Демек, шикізатты сату – экономикалық тығырық,ал туризмнің дамуы – ұзақ,экономикалық пайдалы келешек.

    Мексика, Перу, Бразилия,Аргентина, Кения, Египет елдерін керемет дамыған елдерге жатқызу қиын. Бірақ бұл елдердің өкіметтері мемлекет көмегімен туристік қызметті жақсарту нәтижесінде экономиканың барлық саласының көтерілетінің баяғыда түсінген. Оған тағы да бір дәлел – кейінгі жылдарда туризмнің Қытайда, Тайландта, Индонезияда өркендеуі. Кенияда тіпті туризм халықтың өзіндік келбетін, қолөнерін және табиғатын сақтау үшін жұмсалатын қаржының жалғыз жолы болып қалды. Туризм министрлігі тіпті Сейшель аралдарында да бар.

    1950 жылы 25 млн. халықаралық туристік  сапарлардан мемлекеттердің қазынасына 2,5 млн. доллар кіріс түскен. 1993 жылы бұл көрсеткіштер 500 млн турист, 304 млрд түсім болыпты.

    1963 жылы Римде БҰҰ-да туризм және  саяхат жөніндегі І конференция болып, онда кейіннен әлемдік туристік ұйымның есебінше, әлемнің барлық мемлекеттеріне 1980 жылы барған шет елдік туристер мен экскурсанттардың саны шамамен 234 млн, яғни 1975 жылмен салыстырғанда 10%-ға көп және 20 жыл бұрынғысынан 4,6 есеге артық. Туризм аясында іске асырылатын және пайдаланылатын өнімнің (туристер сұранысындағы тауарлар мен қызметте) бағасы жылына 100 млрд доллардан асып түседі. 1995 жылы әлемде 576 млн турист тіркеліп, халықаралық туризмнен түскен қаржы (халықаралық транспортты есепке елмағанда) 372 млрд долларды құрады.   
 

                          Қазақстандағы спорт  туризмы даму тарихынан 

    Қазақстанда алғаш ресми түрде ашылған  ұйымдасқан туристік ұйым ХХ ғасырдың басында Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімшесі болды, ол 1927 жылға дейін қызмет етті. Алғашқы ресми тіркелген жорық Верный қаласынан Іле Алатауына, Ыстықкөлге жасалды, оған Алматы қаласынан 17 мұғалім қатысты. Бұл жорықты 1929 жылы Г.И.Белоглазов , Ф.Л.Саин, В.М.Зимин ұйымдастырды.

    1930 жылы Ф.Л.Савинның жетекшілігімен  Алматы қалалық почта мен телеграф құрамында 16 адамы бар, Алматы – Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көліне күрделі емес маршрутпен аттанды.1931 жылдың қаңтарында В.М.Зимин Алматы – Ұзынағаш – Қордай асуымен бірінші шаңғы маршрутын іске асырды.

    Қарап отырғанымыздай Қазақстанда спорттық туризм ең алғашқы туристік ұйымдардың құрылуымен қатар жасақталды. Дегенмен де республиканың спорттық туризмнен негізгі жетістіктері соғыстан кейінгі кезеңде ғана, яғни 1949 жылы туризм КСРО-ның спорттық классификациясына енгізген уақытта ғана болды. Жаяу, шаңғы және велосипед туризмдеріне спорттық разрядтармен «КСРО спорт шебері» атағы нормалары қойылатын болды. Туризмнің түрлі түрлеріне арналған жорықтың барлық спорттық түрлері күрделігіне қарай 3 категорияға бөлінді. Мәселен, жаяу туризмнің 1-категориялы күрделіктегі жорыққа 180 шақырым қашықтыққа он күн саяхат жасау керек. «КСРО спорт шебері» атағын алу үшін спортшылар бірінші-үшінші категориялы күрделіктегі, КСРО-ның 4 географиялық ауданында, туризмнің 3 қатар бұл атақтан үміткердің туризм бойыша спорты, жүзу, ат спорты, тау шаңғысы немесе велосипед спорт түрлерінің бірінен 3-спорт разряды болуы қажет.

    1945 жылы күзде Алматыда Қазақ  дене тәрбиесі институты ашылды. 1 қаңтарда институтта туризм-альпинизм  кафедрасы ашылып,В.М.Зинин басқарды. Бірақ кафедра бір-ақ жыл жұмыс істеді.

    Қазақстанда тризмнен бірінші спорт шебері атағын 1957 жылы В.Г.Хамулло алды, ол кейіннен Түркістан – Сібір темір жолы қызметкерлерінің туристік ісіне көптеген жылдар бойы жетекшілік жасады. Бұл атақты 1958 жылы В.М.Зимин, ал 1962 жылы Ю.С.Накатков алды.

    Белсенді  саяхаттарды ойдағыдай ұйымдастыру  спорттық туризмнің белгілі бір  деңгейде дамуын қажет етеді. «Турист» журналы жариялаған деректерге қарағанда, 1974-1980 жылдар аралығында «КСРО-ның туризм бойынша спорт шебері» атағын 400-дей адам алыпты. КСРО-дағы спорттық туризмге қолайлы 22 ірі орталықтың бірі – Алматы.Бір қызығы бұл сауалнамада мамандар орталыққа әрбір 100 мың ересек тұрғынға бір туризм бойынша спорт шебері бар қалаларды да жатқызыпты.

    Тұтас одақтас республикалардың ыдырауы  спорттық туризмнің дамуына кері әсер етті. 1991 жылдың өзінде-ақ спорттық туристік топтардың саны 1990 жылмен салыстырғанда 20%-ға, яғни 23 мың адамнан 19 мың адамға кеміді. 1992 жылдан бұл көрсеткіш тіпті күрт төмендеп кетті.  
 

                                          Спорт-сауықтыру  туризмы 

    Спорт-сауықтыру  туризмы (ССТ) дербес, әлеуметтік-бағдарланған сфера, қоғамның үлкен бөлігінің  өмір сүру сипаты; жеке тұлғаның рухани және физикалық дамуының, табиғатқа деген ұқыпты да сыпайы қарым-қатынасын, халықтар мен ұлттардың  арасындағы өзара түсінушілік пен сыйластықты тәрбиелеудің тиімді амалы, сонымен қоса, халықтардың әдет-ғұрпы, тарихы,мәдениеті мен өмірімен етене танысуына негізделген «халықаралық дипломатиясының» формасы, халықтың мектепке дейінгі балалардан зейнеткерлерге дейінгі барлық әлеуметтік-демографиялық топтарының жеке бас белсенділігінің еркін таңдауымен сипатталатын демалыстың неғұрлым демократиялық түрі.

    Түрлері бойынша спорттық туризм:жаяу, су, шаңғы, велосипедті, парусты,атты, спелотуризм және автомототуризм болып бөлінеді.

    Жасына  байланысты спорттық туризм балалар, жасөспірімдік, жастар,ересекті адамдар,қарттар арасындағы, отбасылық және түрлі жастағы адамдар үшін болып бөлінеді.

    Спорттық-сауықтыру  туризмы өзінің мақсаттары бойынша  спорттық, танымдық,ілімдік,зерттеулік, экологиялық болып бағытталады.

    Өткізілу  шарасының типтері бойынша спорт-сауықтыру  туризмы саяхат,спорттық сапар, жарыс,слет, экспедиция, экстрималдық спорттық тур,спорттық туризм саласындағы гид пен нұсқаушы (инструктор) дайындайтын спорттық-туристтік мектептер ұйымдастыру мен өткізу барысында өзінің мақсаттарын іске асырады.

    Спорт-сауықтыру  туризмының функциалау базасы болып  туристік жабдықтар, орын ауыстырудың  техникалық және басқа да амалдары, туристік полигондар, турбазалар, жас туристер бекеттері және туристік клубтар болып табылады. 
 

               Спорттық туризмнің  спорт түрі  ретіндегі  сипаттамасы. 

    Белгілі бір өңірдің табиғи бөгеттері  мен қиын рельефті жерлерін асып өту спорттық тризмнің негізі болып табылады.Бұл бөгеттер өзінің әр алуандығымен ерекшеленеді, яғни,  шатқал,қар,мұз,су бөгеттері және жердің макро-микрорельефінің табиғи бөгеттерінің басқа да түр-типтері

       Бөгеттерді өтудің жағдайы да  әр түрлі болып келеді,мәселен, таудың биіктілігі, өлкенің климаттық, метеорологиялық жағдайы және тағы да басқалары. Табиғи бөгеттерден өту барысында әр түрлі техника мен тактика, орын ауыстырудың және қауіпсіздікті қамтамассыз етудің түрлі амалдары қолданылады.

       Табиғи бөгеттерді өту туристтің мерзімі мен интенсивтілігі бойынша әр түрлі іс-әрекетті атқаруын талап етеді. Туристтің бұл жағдайдағы жұмысы – спортшы-туристтің физикалық және техникалық іс-әрекетінің жиынтығы болып табылады.Ол физикалық тәрбиенің теориясы мен методикасы негізі ретінде қарастырылатын  физикалық жаттығуларға ұқсас, бірақ өзінің мазмұны бойынша әлдеқайда кең. Туристік іс-әрекет физикалық жаттығулардан бөлек әрі айырықша құрылым болып табылады. Оның құрылымдық негізін  қауіпсіздікті максималды қамтамассыз ету мен күшті минималды жұмсаумен атқарылатын табиғи бөгеттерді өтуге бағытталған спортшы-туристтің іс-әрекеті құрайды.

    Күш жұмсаудың минимизациясы мен  қауіпсіздік деңгейінің максималдығының  белгілі бір шектеу қоюы бөгеттің сипаты мен оны өтудің жағдайымен байланысты, сондықтан әр нақты жағдайда тиімділік(оптимизация) мәселесін шешу керек. Мысалы,қиын жартасты бөгеттен өту барысында жоғары деңгейлі жартас техникасын қолдану мен  сақтандыру жабдықтарымен қамтамассыз ету керек. Бұндай мәселенің тиімді  шешімі орташа(умеренной) қуатпен жұмыс істеу барысында болуы мүмкін.

    Саяхаттау барысында қиын жартасты рельефті тым  баяу не тым шапшан өтуі  қауіпсіздіктің қажетті деңгейін жоғалтуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Информация о работе Туристік пайда