Трансмиссонды майлардың жүктемесі және сапасының талаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 22:34, реферат

Краткое описание

Трансмиссиондық май механикалық, гидромеханикалық және гидрокөлемдік майлау үшін арналған. Майдың құрамы мен қасиеті трансмиссияның конструкциясымен оның жұмыс шартына байланысты (температура, байланысу кернеулігі, сырғанау жылдамдықтары және т.б.)
Трансмиссионды майлар моторлы майлардан өзінің қасиеттерімен, жұмыстың шартымен ажыратылады:
камераның ыстық беттерімен жанаспайды;
жанатын отындармен байланыспайды;
жоғары байланысқан қысымның бір мезгілде үлкен жылдамдықпен жылжуы түйіндес беттерде мәжбүрлейді;

Содержимое работы - 1 файл

трансмиссиялық майлар.doc

— 214.50 Кб (Скачать файл)

2 ТРАНСМИССИЯЛЫҚ  МАЙЛАР

 

2.1 Трансмиссонды майлардың жүктемесі және сапасының талаптары

    Трансмиссиондық май механикалық, гидромеханикалық және гидрокөлемдік майлау үшін арналған. Майдың құрамы мен қасиеті трансмиссияның конструкциясымен оның жұмыс шартына байланысты (температура, байланысу кернеулігі, сырғанау жылдамдықтары және т.б.)

     Трансмиссионды майлар моторлы майлардан өзінің қасиеттерімен, жұмыстың шартымен ажыратылады:

  • камераның ыстық беттерімен жанаспайды;
  • жанатын отындармен байланыспайды;
  • жоғары байланысқан қысымның бір мезгілде үлкен жылдамдықпен жылжуы түйіндес беттерде мәжбүрлейді;

Агрегаттық трансмиссияларда бір корпуста әр түрлі механизмдер  және берілістер болуы мүмкін –  тісті, гидравликалық, фрикциондық. Сондықтан  трансмиссиондық майлар әмбебап сипаттамалармен ие болу керек – майланатын материалдар механикалық тісті берілістер, қамтамасыздандыру орталығы үйкелме айқастыру берілістер және сұйықтар, берілетін қуат гидравликалық берілістерде және реттелу құрылысы.

      Трансмиссиондық майлардың қызметі:

      Механикалық трансмиссияларда:

  • тозудың төмендеуі;
  • қажалу коэффициентінің төмендеуі;
  • үйкелетін беттердің жылу шығаруы;
  • тат басудан, жемірілуден қорғау;
  • ластан және тозудан аулақтау;
  • үйкелме механизмдерде:
  • тізілген беттің беріктік байланысын қамтамасыз ету;
  • статикалық және динамикалық үйкеліс коэффициентін әртүрлі жылдамдықтағы сырғанауын қамтамасыз ету;

Гидромеханикалық берілістерде:

  • тозуды болдырмау, төмендету;
  • тісті берілістерде үйкелісті азайту;
  • фрикционды механизмдердің міндетті түрде үйкеліс коэффициентін қамтамасыз ету;
  • тат басудан қорғау;
  • жанасқан беттердің жылу шығаруы

Автокөлік трансмиссиялары  және май сапасының талаптары:

Берілістер  қорапшасы:

  • механикалық ( қолмен басқару);
  • автоматты;
  • негізгі берілістер;
  • ажырату педалі;
  • басты беріліс;
  • дифференциал;
  • берілісті (рулевой) басқару;
  • таралу қорапшасы;
  • трактор мен басқа да жұмыс машиналарының қуат механизмін іріктеу;
  • шарнирлі вал.

   Тісті берілістер және механизмдер: беріліс қорапшалары, тарату қорапшасы, негізгі (басты) берілістер, дифференциал, басқару берілістері, дөңгелек берілістері, дөңгелек редукторы т.б.

   Фрикционды механизмдер:

  • сихронды механикалық берілістер қорапшасы;
  • автоматты берілістер қорапшасының тежегіші және ажырату педалі;
  • қатты үйкелістегі дифференциалдық фрикционды муфтылары;
  • фрикционды баспалдақсыз берілістер қорапшасы.

Гидродинамикалық және гидравликалық механизмдер:

  • гидротрансформатор.
  • гидравликалық муфты.
  • Гидрокөлемді (гидростатикалық) трансмиссия.

Автоматты беріліс қорабына арналған май майлауға , таттанудан қорғауға, беріліске айналу моменті мен фрикциялық ілініс кезінде эксплуатациялық қасиеттері мен трансмиссияның жоғары ПӘК беруге керек. Автоматты беріліс қорабына арналған майдың құрамына қышқылдануға қарсы, көбіктенуге қарсы, тозуын болдырмау, үйкеліске қарсы, толықтауыштардың ісінуіне қарсы әсер ететін қоспалар қосылған.

 

2.2 SAE мен API спецификасы

Автоматты беріліс қорабына арналған трансмиссия майлары механикалық  беріліс қорабы секілді SAE мен API спецификасын қабылдайды. Ең көп таралымда Ceneral Motors (Dexron) және Forn (Mercon) спецификацияларын алған.

1 кесте. SAE мен  API спецификасы

«Ceneral Motors» компаниясы

«Forn» компаниясы

жылы

Спецификация атауы

жылы

Спецификация атауы

1949

Type A

1959

M2C33-D

1957

Type A Suffix A

(ATF TASA)

1961

M2C33-D

1967

Dextron

1967

M2C33-F (Type-F)

1973

Dextron II C

1972

SQM-2C9007A, M2C33-G

(Type-G)

1981

Dextron II D

1975

SQM-2C9010A, M2C33-D

(Type-CJ)

1991

Dextron II E

1987

EAPM 2C166-H

(Type-H)

1994

Dextron III

1987

Merson (1993)

1999

Dextron IV

1998

Merson V


 

     Автомобиль мен техника майларымен қатар, трансмиссия майларын европалық өндірушілер мен жапондық концерндердің өздеріне тиесілі спецификасиясы жоқ, олар қолдансықа рұқсат етілген майларды өндіреді. Dextron II, III мен Merson (Ford Merson) майларын ұсынады, олар ұқсас және бір-біріне ауыстырып құюға болады. Соңында айтылған спецификация талаптарына жауап беретін майлар, мысалы: Dextron III, механизмдегі майды ауыстыру  мен азайса толықтырып құюға арналады, егер онда Dextron II немесе ATF- A майлары қолданылған жағдайда. Май ауыстырғанда басқа май құюға болмайды. Автомат берілістегі майдың ағуын немесе тамшылауын жылдам анықтау үшін оны қызыл түске бояйды.

      Өндірушілердің ATF эксплуатациялық деңгейі автомобиль өндірушілерінің спецфикациясымен анықталады, өндірілген майдың бір бөлігі басқа мақсаттарға да қолданылады.

Мысалы:

  • күшпен қозғалатын жолсыз жермен жүретін машиналарда, ауылшаруашылық, тау-кен өндірісі машиналарында.
  • Мобильді техника, су көлігі, өнеркәсіп құрал-жабдықтары, машинаның гидравликалық жүйесінде
  • Рөлдік басқаруда.

 

2.3 Трансмиссонды майлардың құрамы, технологиясы

Трансмиссия майлары – дөңгелекті және темір табанды техникалардың  трансмиссия агрегаттары ( беріліс  қорабы, тарату қорабы, тарту мосты, дөңгелекті редуктор, ролдік басқару  картеры) майлауға арналған мұнайдан алынған синтетикалық май. Мұнайдан алынған майларға селекциялық тазалаудан өткен жоғары тұтқырлықты май мен төмен тұтқырлықты синтетикалық көмірқышқылды, күрделі дикарбондық қоспасы бар, кремний қосылған, бензолды майлар жатады. Трансимиссия майларнының құрамына фосфор, хлор, күкіртті қоспалар (майлауда 0%), үйкелуге қарсы (0,5-5,0), тотығуға қарсы (1-3), қышқылдануға қарсы (0,2-3), көбіктенуге қарсы (0,001 дейін) қоспалар қосылған.

    Трансмиссия майлары тозуға қарсы, үйкелуге қарсы, парлауға қарсы қасиеттерге ие, жақсы термо және термоқышқылдық тұрақтылыққа тәуелді емес, сумен араласпайтын, металл емес заттарға жұқпайды (резина, пластпасса, краска). Трансмиссия майлары өндіру қасиеттеріне байланысты 5 топқа бөлінеді. 4,5 топтағы майлар гипоидты. Соңғылары материалмен байланыс орнататын химиялық реакцияға түседі және үйкелісті болдырмайтын қабат түзеді. Автомобиль, тепловод және де басқа машиналардағы гидромеханикалық берілістерде дистилденген майлар мен олардың температура 1000С, тұтқырлығы 4-8 мм2/с қоспалары, қоюландырғыш, тозуға қарсы, қышқылдануға қарсы, көбіктнуге қарсы қасиеттерге ие қоспалар. Дүние жүзі бойынша жылына 2 млн/т трансмиссия майы өндіріледі. (1989).

Қолданыстағы  трансмиссия майларының маркасы  мен жалпы сипаттамасы. Трансмиссия майлары жеңіл және жүк көліктерінде, автобус, трактор, тепловоз, жол-құрлыстағы қолданылатын тісті берілісі бар (беріліс қорабы,тарату қорабы, тарту мосты, рөлдік беріліс) үйкеліске түсетін бөлігін майлауға қолданылады. Бұл барлық трансмиссия агрегаттарына трансмиссия майлары қолданылады деген сөз емес. Өндірушілер көп жағдайда алдыңғы берілісті жеңіл машиналарда негізгі беріліспен қосылған беріліс қорабына олардың шестерналары цилиндр тәрізді болып сыдырылуға көп қауіп болмағандықтан матор майларын құбса да болатынын ескертеді.

      Ал автоматты беріліс үшін трансмиссия да матор майы да жарамсыз. Олар үшін халықаралық практикада ATF (Autometic Tranzmission Fluid) деп аталатын аз тұтқырлықты май қоладанады. Барлық берілісте жұмыс істейтін жеңіл және жүк көліктерінде мііндетті түрде трансмиссия майы қолданылады.

      Трансмиссия майлары оған қосылған қоспа мен тұтқырлық қасиеттерімен ажыратылады. Трансмиссия майларындағы негізгі қоспа қисаюға қарсы әреткет ететін қоспа. Олар шестерна тістері қабысқанда қисаюды болдырмайды. Қисаюға қарсы күкірт қосылған қоспа диподиаратты деп аталады да металдың бетінде химиялық жолмен жұқа қабат түзеді де соңыннан қалдыққа айналады. Осындай химиялық әсер соңында құрыш пен шойынның тозуын баяулатады, ал түсті металдар (мыс, латунь, бронзе) бұл қоспалар бар кезінде тез коррозияға ұшырайды.

     Халықаралық АРІ (American Petroleum Inәtitute) сапа мен қолдану классифика мен ресейдің жаңа ТМ-4, ТМ-5 классификациясы бойынша трансмиссия майлары GL-4 және GL-5 аты екі ғана топқа бөлінеді. Бұл топтағы майлар бір-бірінен сапа жағынан айырмашылығы жоқ, олар негізгі сипаттамалары бойынша ғана бөлінген, ол бір топтағы май екіншісімен жақсы деген сөз емес. Алдыңғы берілісті ВАЗ-дағы трансмиссия майлары GL-4 тобына жатады, ал басқа ресей машиналарына GL-5 тобындағы майлар жарамды. Трансмиссия майлары тұтқырлығына байланысты SAE 80W-90 мен 85 W90-минералды майлары арзан, оларды SAE 75W-90 майымен алмастыруға болады,бірақ олардың тұтқырлығына байланысты айырмашылығы қыс айларында білінеді. Ал 75W-90 синтетикалық майы -400С температурада басқа майлар секілді өз қасиеттерін сақтайды.

     Трансмиссия үшін  май таңдағанда 2 кристерийді басшылыққа  алу керек:

  • Механизмге түсірілетін ауырлық
  • Механизмдердің сырғанау жылдамдығын тексеру.

   Бұл кристерийлерден басқа майды таңдағанда қоспаларына байланысты тұтқырлығына назар аудару керек. Екі топтан GL-4, GL-5 майлары шетелдік АРІ классификациясы мен отандық ТМ-4,ТМ-5 классификациясы бойынша алдыңғы берілісті автокөліктер үшін GL-4 майы жарамды,GL-5 басқа отандық көліктерге жарамды болады. GL-4/5 универсалды майы да кездеседі.

GL-5 тобындағы майын  қасиеттеріне байланысты үш топшаға  бөлуге болады:

  • SAE 85W-90 маркасына «Норси», «Рексол ТМ-5-18», «Лукоил ТМ-5-18»
  • SAE 80W-90 маркасына «Спектор-Форвард», «Веле ТМ» Mobil mobilube HD техас Geortex EP-C қою минералды майы
  • SAE 75W-90 синтетика мен жартылай синтетика майы. Отандық өндірушілер бұл маркадағы шетелдік май BP Energear SGX Tcboil EP, Motulgear майларына жол берді. Бізге жақсы таныс трансмиссия майы ТАД-17И ескіріп оны жаңа ТМ5-18 майы ауыстырды.

     Өзіне керекті трансмиссия майын АРІ классификациясы бойынша таңдағанда, оның тұтқырлығына назар аудару керек. Бүкіл дүние жүзі бойынша трансмиссия майының тұтқырлық классификациясы SAE бойынша 80W-90 жалпысезондық май, ал 75W-90 қиындықсыз қатты аяздарда да қолдануға болады. АРІ классификациясындағы GL-5 отандық өндірістегі трансмиссия майы синхронизатордың тез тозуына әкеліп соғады. Алдыңғы берілісті ВАЗ автомобильдері үшін беріліс қорабы үшін АРІ бойынша GL-4, GL-4/5 майлары тұтқырлығы SAE 75W-80, SAE 80W-85, SAE 80W-90 трансмиссия майын пайдалану тиімді. GL-4 маркасы майды бізде табу қиын, қымбат синтетикалық немесе жартылай синтетикалық шетелдік май, бірақ оны пайдалану беріліс қорабының ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Трансмиссияда тұтқырлығы жоғары болған сайын жағылған майдың қабаты қалың да, ал майдың беріліс қорабының детальдарына баруы қиындайды. Тұтқырлықтың жоғары болуы синхронизатор жұмысын қиындатады. Оған 15W-40, 10W-40 матор майы мен 75W-80 трансмиссия майын пайдаланған тиімді. Ал ВАЗ SAE бойынша ТМ-4-12 мен 80W-85 майын ұсынады. Алдыңғы берілісті машиналар үшін ВАЗ бірнеше трансмиссия майын, ал кейбір жағдайда матор майларын пайдалануды да ұсынады. 1996 жылы «Самара» автоластинасының беріліс қорабы үшін арнайы SAE бойынша 80W-85 АРІ үшін GL-4 (ТУ 38.301-41-164-96) майын жасап шығарады.

   1998 жылы SAE бойынша 80W-85 (ТУ 38.301-29-970) маркасы ТТМ ВАЗ,а талаптарын қанағаттандыратын «Лукоил ТМ-4» майы өндіріске рұқсат алды. Майлардың тұтқырлығына байланысты қолданылу диапазоны: 75W-80 үшін -400С, 250С, 80W-85 үшін -300С +350С, 80W-90 үшін -300С+450С аралығында болады. Жаңа майлардың рынокқа шығуы ВАЗ2110 машиналарының беріліс қорабының пайда болуымен сәйкес келіп, қазір онда пайдаланылады. Қазіргі уақытта алдыңғы берілісті машиналар беріліс қорабы жауап беретін талаптардың ең төменгі деңгейі жасалған.

 

2 кесте. 

Әмбебап трансмиссия майының техникалық сипаттамасы

(ТТМ 1.97.0729-98)

Трансмиссия майларының қолданылу диапазоны

Бөліктердің майлануының төменгі температурасы (0С)

 

SAE бойынша класы

Қоршаған ортаның ең жоғарғы температурасы (0С)

-40

75W-80

35

-40

75W-90

35

-26

80W-85

35

-26

80W-90

35

-12

85W-90

45

Информация о работе Трансмиссонды майлардың жүктемесі және сапасының талаптары