Мемекеттің салық жүйесіндегі акциздер: жағдайы мен даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген экономикалық нарықтардың iшiнде ең басты жердi салықтар алады. Салықтар - әрқашанда мемлекет пен халықтың жан-жақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өндiрiстi дамыту мақсатында ұлттық табысты және жалпы iшкi өнiмдi, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнiмдi қайта бөлуге байланысты экономикалық қатынастарды көрсетедi. Салықтар барлық салықтық жүйе сияқты нарық жағдайында экономиканы басқару құралы болып табылады.
Салық салу сұрақтарына ғылыми әдебиеттерде үлкен көңіл бөледі, себебі, салық және салық салу арқылы ұлттық табыс бөлігінің мемлекеттендірілуі болады және олар бюджет құрылымы арқылы жүзеге асырылатын салық төлеушілермен мемлекет арасындағы қызығушылық өзара әсерін көрсетеді. Салықтар алымдар процессі ретінде де, әлеуметтік құбылысы ретінде де, экономикалық категория ретінде де қарастырыла алады. Бұл жерде төлие өзінің зерттеу жүргізу процессінде қандай мақсатты көздейтініне байланысты.

Содержание работы

1. Бюджет кірісін қалыптастырудағы салықтардың атқаратын
рөлі.
1.1 ҚР салық жүйесі құрылымы және қалыптасуы
1.2 Салық жүйесінің элементі ретіндегі жанама салық – акциз және
оның ерекшеліктері
1.3 Акциздің және оны пайдаланудың шетелдік тәжірибесі

2. «Астана қаласы салық басқармасы.» бойынша бюджет кірістері мен
шығыстарына экономикалық талдау
2.1 Акцизді есептеу механизмі
2.2 Алматы ауданы бойынша Салық комитетінің мәліметтері
бойынша акциздер түсіміне талдау
2.3 Алматы аудан бойынша салықтық түсімдердегі акциздердің үлесіне талдау

3. Қазақстандағы салықтық түсімдер проблемалары және жетілдіру жолдары
3.1Акциздік салықтың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары
3.2 Қазақстандағы акциздік салықты оптимизациялау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

акциздер.doc

— 826.50 Кб (Скачать файл)

Найманбаевтың тұжырымдауы  бойынша салықтар жалпы мемлекеттiк  мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында мемлекеттiң жоғарғы өкiлдi орган  қабылдаған нормативтiк актi – заңның негiзiнде, сондай-ақ заңда белгiленген мөлшерде және тұлғалардан мiндеттi түрде, қайтарылмайтын және жекелей баламасыз негiзде тиiстi бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Бұл түсiнiктен салықтын басты сиппатарының айтарлықтай қамтылғаның көремiз. Көптеген авторлар бiр түсiнiктiң iшiнде салықтың жалпы анықтамасын беру мүмкiн емес деген көзқарастын салықтың неiгiзгi белгiлерiн атап өту арқылы мәнiн ашып көрсетуге тырысады.

Мысалы, салық:

    • мемлекет белгiлеген төлем;
    • бiржақты белгiленген төлем;
    • материалдық төлем;
    • құқыққа сай төлем;
    • мәжбүрлеп алынатын төлем;
    • мiндеттi төлем;
    • қайтарымсыз ақшалай төлем;
    • баламасыз төлем;
    • тұрақты мiндеттеме туындататын төлем;
    • тек құққықтық нысанда болатын төлем;
    • заңмен белгiленген төлем.

Осы аталған белгiлердiң iшiнде аталмағандары: салықтың тек белгiлi бiр салық төлеушiден белгiлi тұлғадан алынуы;салықтың алынуының мемлекеттiң мәжбүрлету шараларымен қамтамасыз етiлуi; салықтың мөлшерiнiң нақтылануы; салықтың белгiленген мерзiмде төленуi.

Ендi жоғарыда берiлген салықтың белгiлерiн құқықтық сипатта қарастырып өтсек. Бiрiншiден, салық - әрқашанда мемлекеттiк белгiлену. Тек мемлекет өз азаматтарына салық салу режимiн белгiлей алады. Бүл жерде Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттi Конституциялық мiндеттеме болып табылатының бiлуiмiз қажет, сондықтан мемлекет өзiнiң саяси билiк субъектiсi ретiнде уәкiлеттiлiгiне сүйенедi.

Екiншiден, салық - мемлекеттiң  бiржақты ерiк бiлдiруiнiң жемiсi деп  айтамыз. Теориялық тұрғыдан салық  екi жақтың арасындағы келiсiм арқылы (мемлекет пен халықтың) алынады деп айтылғанымен, заңдың мағынасында мемлекет салықты белгiлеп алу кезiнде ешкiмнiң келiсiмiн қажет қылмайды.

Үшiншiден, салық - әрқашанда  құқықтық нысанда болады. Оның құқықтық нысанда болуы заң қабылдау арқылы негiзделген.

Салықтар - әрқашанда  нормативтiк-құқықтық актiмен белгiленедi.

Төртiншiден, салық –  заңмен белгiленген төлем деп айтамыз. Қазақстан Республикасының Конституциясында заңмен белгiленген салықтарды төлеу  жөнiндегi мiндет белгiленген.

Бесiншiден, салық мәжбүрлi сипатта болады. Оны былайша түсiндiремiз: салық мәжбүрлеу түрiнде, салық төлеушiлердiң еркiне, келiсiмiне қарамай белгiленiп алынады және егер салық төлеушi өз еркiмен салық мiндеттемесiн орындамаған жағдайда мемлекет күш көрсету арқылы алады.

Алтыншыдан, салық мiндеттi төлем болып табылады. Бұл белгiлi салық төлеушiге заң жүзiнде белгiленген салықты, дер кезiнде және толық мөлшерде төлеуге мiндеттiлiгiн көрсетедi. Мемлекет алдындағы қаржылық мiндеттемесiн орындалмаған жағдайда ақшалар мәжбүрлi түрде алынады және оны төлемеген субъектiге белгiленген жауапкершiлiк шарасы қолданылады.

Салықтың мiндеттi төлем  болуы оны мемлекеттiк өкiлеттi органның алуымен немесе ұстап қалуымен (өндiрiп алумен) тығыз байланысқан. Яғни, салықты төлеу мiндеттi, оны  қабылдап алу мiндетiн туындатады.

Жетiншiден, салықты төлеу салық төлеушiнiң заңды мiндетi болып табылады. Мемлекеттiң салықтарды заң жүзiнде белгiлеуi салық төлеу жөнiндегi салық төлеу заңды мiндетiн туындатады. Бұл мiндет заңды сипатта болады, яғни оны орындамаған жағдайда салық төлеушi заңда белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.

Салықты төлеу мiндетi азаматтың борыш мiндет болып  табылады. Мiндет қаржылық-құқықтық сипатта  болғандықтан салық төлеушiнiң әрекет ету шенберiн көрсетедi.

Бұл жерде ескеретiн  әрекет, салықты төлеумен қоса, оларды мерзiмiнде, белгiлiнген тәртiппен төлеу де мiндетке жатады.

Салықты төлеу мiндетi салық мiндеттемесiмен тығыз байланысқан. Салық мiндеттемесi болмаса, салық  төлеу мiндетi де болмайды.

Сегiзiншiден, салық тұрақты  қаржылық мiндеттеме туындатады. Бұл  жерде салық қаржылық-құқықтық қүрал ретiнде қызмет атқарады. Салықты белгiленген кезден бастап қаржылық мiндеттеме пайда болады және ол мiндеттемелерге сай екi субъектiден тұрады: кредитор, мемлекеттiң өкiлеттi органы болып табылса, борышқор ретiнде салық төлеушi болады. Осы мiндеттемелер басқа мiндеттi төлемдерге қарағанда тұрақтылығымен, яғни ұзақ мерзiмге белгiленуiмен ерекшеленедi. Осы аяда тағы бiр ескеретiн жәйт, салық мiндеттемесi тек салық төлеу мiндетiн белгiлеумен шектелмей, сонымен бiрге салық төлеушiнiң кейбiр заңмен белгiленген құқықтарын да қарастырады.

Тоғызыншыдан, салықты төлеу ақшаны құқыққа сай алу деген мағынада айтылады. Былайынша айтсақ, мемлекет меншiк иелерiнiң (заңды,жеке тұлғалардың) ақшаларын ашықтан-ашык өз меншiгiне алып қояды. Сонымен бiрге салықтардың жазалау шарасы емес екенiн бiлемiз. Салықты төлеу мiндетi құқыққа қарсы әрекетке байланысты туындамайды.

Оныншы белгi, салықты төлеу мемлекеттiк  жауапкершiлiк шараларымен қамтамасыз етiлген. Салық төлеушiлер салық  мiндеттемелерiн ойдағыдай орындамаған жағдайда мемлекет тарапынан заңда белгiленген  жауапкершiлiк шарасын қолдануға әкелiп соқтырады. Ал салық төлеу мәжбүрлi сипатта болғанымен субъектiнi жазалау түрiне жатпайды. Құқық бұзушыларға қаржылық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық және қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар қолданылады.

Он бiрiншi белгi бойынша, салыққа  тән оны төлеуге байланысты мемлекеттiк  бақылаудық болуы. Өкiлеттi орган салық  комитетi тарапынан салықтардың  тиiстi бюджеттерге уақытылы және толығымен  тусуiне жүргiзiлетiн салықтық бақылау әрқашанда мемлекеттiк бақылау  сипатында болады.Сондықтан мемлекеттiк өкiлеттi органдарға жеткiлiктi мөлшерде, өте қуатты-күштi тексеру өкiлеттiлiгi берiлген.

Еңдi салықтардың экономикалық белгiлерiн  сипаттауға көшейiк. Оларға мыналар  жатады:

Салық – материалдық төлем, яғни салық төлеушiнiң ақша қаражаттарын мемлекет пайдасына алу болып табылады.

Салық – ақшаларды қайтарымсыз  алу. Салықтарды төлеу кезiнде ақша нысанындағы құн салық төлеушiлердiң  тек мемлекет қарамағына қозғалады.

Салық баламасыз төлем болып табылады. Былайша айтқанда салықты ерiксiз алу кезiнде мемлекет тарапынан салық төлеушiлерге ешқандай қызмет көрсетiлмейдi.

Салық мiндеттi түрде салық салу объектiсi болуымен сипатталатын төлем. Қандай да болмасын салық тек нақты  салық салу объектiсi болғанда ғана алынады.

Салық субъектiсi айқындалған төлем, яғни салық төлеушiлерi әрқашанда  нақты заңды және жеке тулғалар болып  табылатын төлем.

Салық мөлшерi айқындалған төлем. Яғни салықтың мөлшерi күнiбұрын, заң жүзiнде  белгiленедi.

Салық мемлекеттiк кiрiсi болып табылады. Белгiленiп алынған салық сомалары әрқашанда мемлекет кiрiсiне түседi.

Сонымен, мемлекетте көптеген салықтардың  түрлерi, олардың төлеушiлерi, сол  салықтарды есептеу және алу жолдары  мен әдiстерi және т.б. болуына байланысты салықтарды топтастыру негiздерiнде де әр түрлi нышандар қолданылады.

Салықтардың топтастырылуы жөнiнде  қаржылық құқықтық арнайы әдебиеттер мен оқулықтарда тек жалаң  салық жүйесiне кiретiн салықтарды дәрежесi, деңгейi бойынша бөлуiмен  шектеледi.

Салықтарды әр түрлi белгi-нышандарына қарай топтастыру жөнiндегi экономист - ғалымдардың көзқарастары, пiкiрлерi бiр жерден шығады деп айтуға болады.

Еңдi, осы ғылыми қалыптасқан көзқарастар  бойынша салықтар былайынша топтастырылады:

    • салық салу объектiлерi бойынша;
    • салықтарды алуды жүзеге асыратын органдар бойынша;
    • салықтардың пайдалануына қарай;
    • салық салу объектiсiн бағалау дәрежесi бойынша;
    • салық салу объектiсiн бағалау дәрежесi бойынша;
    • салық мөлшерлемелерін белгiлеу әдiстерi бойынша.

 

Салық механизмінің элементтері:

1- сурет

Осы көрсетілген белгiлердiң әрқайсына келесiдей сипаттама беруге болады:

Салық салу объектiлерi бойынша:

Салық объектiсi – заң  жүзiнде негiзделген табыс, мүлiк, қызмет көрсету, ақшалай операциялар  т.б. көптеген салық салуға негiз болатын тауарлық-материалдық игiлiктер.

Яғни, салық салу объектiлерi мыналар:

    • заңды және жеке тұлғалардың кiрiстерi, пайдалары;
    • заңды және жеке тұлғалардың қызметтерiнiң түрлер;i
    • қаржылық операциялары;
    • мемлекет тарапынан көрсетiлген қызметтер;
    • заңды және жеке тұлғалардың мүлiктерi мен басқа игiлiктерi;
    • өнiмдер мен қызметтердiң қосылған қуны;
    • тауарлардың кейбiр түрлерi мен топтары. (1)

Салық салу объектiлерi бойынша  салықтар тiкелей және жанама болып  екiге бөлiнедi:

а) тiкелей салықтар, яғни заңды және жеке түлғалардың табыстары мен мүлiктерiне тiкелей, нақты белгiленетiн салықтар (табыс салығы, мүлiкке салынатын салық, жер салығы және т.б. жатады). Бүл салықтардың нақты төлеушiлерi заңды және жеке тұлғалар болғандықтан Г.Қарағұсованың айтуы бойынша, келесiдей өзiне тән артықшылықтары бар:

    • тiкелей салықтар мемлекетке белгiленген кiрiстер бередi;
    • тiкелей салықтар салық төлеушiлердiң шынайы төлеу қабiлеттiлiгiн дәл есептей алады;
    • тiкелей салықтарды төлеу негiзiнде мемлекет салық төлеушi мен тiкелей жолығып, оның мемлекет азаматы ретiнде мiндеттемелерiн дәл анықтап бередi;
    • тiкелей салықтар негiзiнде жеке табыстардан алынғандықтан тұтас экономикаға әсерiн тигiзе алмайды.

ә) жанама салықтар, яғни тауарлардың бағасы немесе көрсетiлген қызметтердiң тарифтерi арқылы алынатын күрделi конструкциялы салықтар болып табылады. Өйткені, негізгі салық төлеушілер таурларды өндіретін және сататын, сондай-ақ белгілі қызмет көрсететін заңды тулғалар болғанымен, шынайы салық төлеушілер сатып алушы немесе қызмет көрсетілген тұлға болып есептелінеді.

Салық сомасы тауар бағасына немесе көрсетілген қызмет тарифіне қосылғандықтан, соның нәтижесінде  салық төлеуші сол соманы сатып  алушы есебінен өндіріп алады  және бюджетке төлейді, Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.

Еңді жанама салықтардың  тікелей салықтарға қарағандағы  артықшылығына  тоқталайық.

    • Жанама салықтарды ұтымды және тиімді қолдану нәтижесінде, мемлекет қазынасына өте мол қаржылық түсім әеледі. Мысалы, қосылған құнға салынатын салық қазіргі кезеңде бюджеттін түсімдерді басты көздерінің бірі болып отырғаны белгілі.
    • Жанама салықтар аздап және шамалы мөлшерде алынғандықтан төлеушіге айтарлықтай ауыртпашылығын түсірмейді.
    • Жанама салықтар төлеу төлеушінің (сатып алушының) ақшасы бар кезде ғана жүргізіледі.
    • Жанама салықтың мемлекетке тигізер пайдасы, іс жүзінде бұл салықтан ешқандай салық төлеуші жалтара алмайды.
    • Жанама салықтарды жинау оңайға түседі, өйткені өндіруші және сатып алушы тұлғалардың саны аз болғанымен, бұл процеске өте көп адамдар қатынасады.

Бұл жерде айта кететін  жәйт, жанама салықтардың тауар бағасын  үнемі өсіріп отыратын тенденциясы  бар екенін естен шығармау қажет. Егер жанама салықтарды көп және барлық жерлерде қолданған жағдайда, тауарлардың  қымбаттайтының ескерсек, соның нәтижесінде халықтың табысының төмендейтінің, ал табыс төмендесе, салықтан түсетін кірістің азаятынын естен шығаруға болмайды.

  • Салықтарды алуды жүзеге асыратын органдар бойынша:
      • а) мемлекеттік сал<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_0435_043a_0441_0442_0020_0441_0020_043e_0442_0441_0442_0443_043f_

Информация о работе Мемекеттің салық жүйесіндегі акциздер: жағдайы мен даму перспективалары