Қаржылық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 00:08, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастыру – реттеуші ықпалын тигізетін әулетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай – ақ олар бір бірінсіз көрініс таба алмайды

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................2
Негізгі бөлім:
А) Қаржылық құқық.......................................................................................3
Б) Қаржылық құрылым.................................................................................5
С) Қаржылық бақылау...................................................................................7
Д) Қаржылық жоспарлау...............................................................................11
Е) Қаржылық құқық бұзушылық..................................................................12
Қорытынды................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................14

Содержимое работы - 1 файл

кукык 2 сем.docx

— 38.80 Кб (Скачать файл)

Қаржылық бақылаудың міндеттері: 
- ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;  
- мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;  
- қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнімнің рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;  
- кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;  
- қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша сақталуын қамтамасыз ету;  
- кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету т.б.  

Қаржылық бақылаудың функциялары:  
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (алынған соманың шығындарға сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін);  
2) қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;  
3) есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.  
Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары да қамтылады.  
Қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған ерекше бақылау органдары құрылады.  
Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын шығындардың мақсаттылығы, заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды пайдалану бақыланады. 
1. Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарды бақылайды:  
1) бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;  
2) мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік меншіктің жекешелендіру жұмысын;  
3) арнайы қорлар қаражаттарын пайдалану;  
4) қоғамдық ұйымдардың, партияларды қоса алғанда, жарғылық мақсатқа сәйкес алынған кіріс көздерінің пайдалануын.  
2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың арнайы ведомствосы. Қаржы министірлігіне бағынатын қаржылық бақылау комитеті. Қазақстан Республикасының барлық субъектілерінде Қаржылық бақылау комитетінің органдары болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қаржылық бақылау комитеті – мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жалғыз жүйе. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.  
- мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды және мекемелерді тексеруді құжаттайды;  
- Ішкі істер министірлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмыспен күресу шеңберінде тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы басты мәселе –қаржылық бақылаудағы заңнамалық база.  
3. Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары. Мемлекеттік комиссиялар, мемлекеттік комитеттер, министрліктер мен ведомстволар қаржылық бақылауды арнайы ревизиялық аппаратпен өткізеді.  
4. Қаржы министрлігі басқаратын қаржы органдары бюджет қорындағы қаржының қолданылуы мен жұмылдырылуы үдерісін бақылайды.  
Бюджеттік бақылау экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің максималды өсуін қамтамасыз ететін оңтайлы қаржы саясатын жүргізуге ықпал етеді. Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы – өндірістік қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.

Салық қызметі – бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқарады. Салық комитеттері тек өзінен жоғары тұрған органға ғана бағынады.  
Салық қызметтерінің жұмысы болып мыналар табылады:  
а) салықтар туралы заңнаманың орындалуын бақылау, өз уақытында бюджетке салықтық төлемдердің төленуін және толықтылығын қамтамасыз ету;  
ә) ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тексеру;  
б) салық салынатын табыстың дұрыс анықталуын бақылау;  
в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты салық салу объектілерін тіркеу;  
г) мемлекет меншігіне өткен иесіз, тәркіленген мүліктерді есепке алу, бағалаумен қатар оларды өткізу.  
Салық қызметінің құқықтарына мыналар жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы ұйымдардан заң бойынша комерциялық құпияны білдіретін ақпарлардан басқа құжаттар мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі туралы заңнаманың сақталуын бақылау; табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар мен кәсіпорындардың барлық операцияларын тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын құжаттарды алу; санкция мен айыппұл қолдану; мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды жою туралы сот пен арбитражға талап беру. Салық қызметінің қызметкерлері үстінен шағымдануына болады.  
Қаржылық заң бұзушылықтармен, сондай-ақ, қаржы полициясы айналысады. Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап жасау фактілерін анықтайды.  
Тауар –ақша қатынастарының дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады, қаржы бақылауының әр түрлі нысандары мен құралдарының пайда болуы мен дамуын анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына ықпал етеді.

Қаржылық бақылаудың элементтері:

    • Бақылау субъектісі (тексеруші);
    • Объект (бақылаудың) (тексерілуші);
    • Бақылау заты (тексерілетін);
    • Бақылау мақсаттары (не үшін тексеріледі);
    • Бақылау жүргізу тәсілдері (қалай тексеріледі).

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың субъектілері болып мемлекеттік  органдар немесе мемлекеттің тапсырысымен және оның атынан іс – әрекет жасайтын мемлекеттік емес субъектілері.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектілері: мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар: азаматтар. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың заты ретінде осы бақылау объектілерінің тәртібі, оларды өз қаржылық міндеттерін  сақтауы жатады.

Қаржылық заңдар жинағын  бұзушыларға қолданатын шаралардың бірі қаржылық санкция (мақұлдау), ол қаржылық-құқықтық айып немесе қаржылық-құқықтық пұл  ретінде қолданады.

Қаржылық бақылаудың сатылары:

    1. Ақпарттар жию.
    2. Жиналған ақпараттарды бағалау.
    3. Жиналып және талқыланған ақпараттарға көңіл қою.

Тексеріс ең басты тиімді қаржылық бақылаудың тәсілі болып табылады. Және ол басқа тәсілдермен қабыса жүргізіледі. Тексеріс – бұл бухгалтерлік жазулар мен алғашқы құжаттарды зерделеу негізінде қаржылық – шаруашылық қызметін тексеруін қамту көлеміне қарай бөліңеді.

Толық тексерістер тексеру  объектілері бойынша: құжаттылық (құжаттамалар тексеріледі):

Ұйымшылдық белгілері  бойынша бөлінетіндері жоспарлы (бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі), жоспарсыз – тексерістер.

Тексеріс қорытындысы  өте заңдық маңызы бар тексеріс актісімен рәсімделеді.

Қаржылық бақылаудың принциптері:

      • жалпылық және әмбебаптық;
      • іс – әрекеттік және шұғыл жұмыстық;
      • нақтылық және іскерлік;
      • тұрақтылық және қауырт жұмыстық;
      • жариялық және көпшілікті;
      • дұрыстық және заңдық.

 

Қаржылық жоспарлау

Қаржылық жоспарлау мемлекеттің  ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарлауды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару немесе қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгіленген қызметтері түрінде көрініс табады. Қаржылық жоспарлау объектісі ақшалай қор боп табылады.

Қаржылық жоспарлаудың міндеттері: ақшалай қорлардың қалыптастырылу көздері мен жалпы көлемін  айқындау; ақшалай қорларды пайдаланудың басымды бағыттарын айқындау; қажетті  қаржылық резервтерді құру; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарын экономика секторлары мен салаларының  және әкімшілік – аумақтық құрылымдардың  арасында бөлудің ұтымды пропорциясын белгілеу боп саналады.

Қаржылық жоспарлау сатыларына:

  1. қаржылық жоспардың жобасын әзірлеу;
  2. қаржылық жоспардың жобасын қарау;
  3. Қаржылық жоспарды бекіту;
  4. Қаржылық жоспарды атқаруды ұйымдастыру және оның атқарылуына бақылау жүргізу;
  5. Қаржылық жоспарды жабу және қаржылық жоспардың атқарылуы жөнінде есеп беру.

Жоспарлы – қаржылық актілер  қаржылық жоспарлаудың заңи нысаны және қаржылық-құқықтық актілердің бір түрі боп табылады. Жоспарлы – қаржылық актілердің ҚР Парламентінің заңы, жергілікті мәслихаттардың нормативтік  шешімдері, ҚР Үкіметінің нормативтік  қаулысы, министрдің бұйрығы, кәсіпорынның бірінші басшысының бұйрығы сияқты құқықтық нысандары болады.

 

 

 

 

 

Қаржылық құқық  бұзушылық

Қаржылық құқық бұзушылық  деп қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиесілі қаржылық міндеттерін тиісінше орындамағандарына байланысты көрініс табатын қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерін айтуға болады.

Қаржылық құқық бұзушылық: құқыққа қайшылығы; кінәлілігі; зардаптың  болуы; құқыққа қайшы әрекет пен  соның нәтижесінде туындаған  залал-зардаптың арасындағы себептік байланыс; жазаға тартылуы сияқты белгілерімен сипатталынады.

Қаржылық құқық бұзушылықтардың:

  1. Мемлекет пен қоғамның материалдық мүдделеріне қарсы қаржылық құқық бұзушылықтар.
  2. Мемлекеттің қаржы жүйесінің айтарлықтай қызмет атқаруына кедергі жасайтын қаржылық құқық бұзушылықтар.
  3. Қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тараптардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қарсы бағытталған қаржылық құқық бұзушылықтар.
  4. Мемлекеттің мамандандырылған қаржылық органдардың өз қызметтерін жүзеге асыруларына кедергі келтіретін қаржылық құқық бұзушылықтар сияқты түрлері болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына  байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастыру тұрғысынан қарастырылады.

Материалдық мағынасында, қаржы  жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың  жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында, қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі  бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттардың жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында, қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.

Қаржылық құқықта құқықтық реттеушіліктің 2-тәсіл қолданылады: бұйрықты және келісімді.

Өзінің құқықтық түрі бойынша қаржылық қатынастар келісімсіз және келісімді қатынастары боп бөлінеді.

Қаржылық-құқықтық нормалар – мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде туатын қатынастардың  қатысушыларының тәртібі ережесін орнататын құқықтық нормалар.

Ағымды қаржылық бақылау  – қайбір қаржылық шараларды жүргізу  процессінде асырылады.

Соңғылау қаржылық бақылау қаржылық шараларды жүргізіп болғаннан кейін асырылады. Мақсат қаржылық құқық бұзушылықтың жасалуын және сапасыз қаржылық міндеттемелерді орындалу дәлелдерін анықтауда.

Қаржылық бақылаудың сипаты мен құқықтық мәртебесіне байланысты арнайы, функционалды болып бөлінеді.

Арнайы қаржылық бақылау  – бұл мемлекеттің арнайы қаржылық органдарымен жүргізілетін бақылау.

Функционалды қаржылық бақылау  – қаржылық қызметі жалпылай және көбінесе қаржылық тек бағытындағы (функцияда) қызметін сол мемлекеттік  органдармен жүргізетін бақылау.

Ішкі бақылау – бақылаудың субъектісі мен объектісі бір  ұйымшылдық жүйенің звеносы болып  табылады. Мысалы, Министрлік өзінің қарамағындағы  кәсіпорындардың қаржылық операцияларын  тексереді.

Сыртқы бақылау – ұйымдастыру  қарамағына жатпайтын объектілерге қатынасты жүргізіледі. Мысалы, Қаржы  Минисртлігі басқа министрліктің (ведомствоның) қарамағындағы кәсіпорынды  тексереді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. З.К.Абдуллина, М.Т.Баймаханов, Е.Баянов, Л.Ш.Берсүгірова және т.б. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен Құқығының негіздері, Алматы 2009ж.,
  2. С.Д.Баққұлов, «Құқық негіздері», Оқулық, 2-ші басылым, Алматы, 2004 ж.
  3. Ғ.А.Жайлин «Азаматтық құқық», Оқулық, Алматы 2003.

 

 


Информация о работе Қаржылық құқық