Курстық жұмыстың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 07:56, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Өркенді өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жаңдануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты. Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.

Содержимое работы - 1 файл

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.doc

— 158.50 Кб (Скачать файл)

       1.3 Шет елдердегі мемлекеттік басқаруды реформалау ерекшеліктері 

       Қазақстанда мемлекеттік басқаруды реформалаудың  жаңа кезеңі бастауын алуда, яғни мемлекеттік  қызметті ұйымдастыруды, мемлекеттік  жоспарлауды жетілдіру іс шаралары жоспарланып отыр.

       Мемлекеттік басқаруды реформалау қозғалысы экономикасы дамыған мемлекеттерде басталды. Ол «жаңа мемлекеттік менеждмент» деген атау алып, оның негізгі мәні азаматтарға қоғамдық, әлеуметтік маңызды игіліктерді ұсынатын мемлекеттік мекемелерге коммерциялық ұйымдарды басқару қағидаларын енгізуде болып табылды.

       Жаңа мемлекеттік менеждменттің негізінде екі қағида жатыр:

       1) қойылған міндеттерді орындауда билік пен жауапкершілікті нақты орындаушыларға өкілеттік ету;

       2) мемлекеттік мекемелердің қызметінің тиімділігін нақты (output), ақырғы нәтижелерге жету және қызметінің әлеуметтік әсер (impact) дәрежесіне қарай бағалау. Осы қағидаларды жүзеге асыру мына іс-шаралармен ұштасты:

  1. бюжеттік қаржыларды жұмсаудағы мемлекеттік мекемелердің өкілеттілігін кеңейту; мемлекеттік мекемелерді ақырғы нәтижелерге жетуге бағыттау;
  2. мемлекеттік мекемелерге тікелей нұсқау беруден жанама реттеуге өту;
  3. иерархиялық атқарушы мемлекеттік органдарды қызмет көрсету қоғамдық кәсіпорындарға өзгерту арқылы қоғамдық секторда бәсекені дамыту.

       Шет елдерде «жаңа мемлекеттік менеждмент» ұранымен жүргізілген мемлекеттік басқаруды реформалаудың өзіндік басыңқы бағыттары болды.

       Мысалы, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия, Норвегия елдерінде орталықсыздандыру, мемлекеттік реттеуді шектеу, Данияда – қаржы мен персоналды реформалау, Финляндияда – саяси басқаруды реформалау, Швеция мен Алманияда – жергілікті билік органдарының құзыретін кеңейту, Нидерландының Тилбург қаласында – муниципалды басқару құрылымын холдинг түрінде құру болды. Сонымен бірге, қиындықтар да орын алған:

  1. елдің құқықтық және мәдине ерекшеліктері өз әсерін тигізген. Мысалы, Франция мен Алманияда мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейде құқықтық қорғалуына байланысты үкіметті қысқарту өте ауыр жүрді;
  2. мемлекеттік мемкемелерді қаржыландырудың қатты орталықтандырылған механизмі қалыптасқан елдерде ортаңғы звено менеджерлерінің деңгейіне қаржы өкілеттігін тапсыруда көптеген проблемалар туындады;
  3. келісім шартқа отыру арқылы жұмыс жасау дәстүрінің жоғары деңгейде дамымауына орай министрліктер мен агенттіктер арасында келісім шарт механизмін енгізу ауыртпалықтар туғызды;
  4. келісім шарттарды кеңінен қолдану мемлекеттік қызметшілердің дәстүрлі құндылықтарына кері әсерін тигізді.

       Қазақстанға келетін болсақ «жаңа мемлекеттік менеждмент» қағидалары шеңберінде мемлекеттік басқаруды реформалау әр түрлі қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Реформаның басты мақсаттарының бірі мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану механизмін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта мемлекеттік қызметтер аутсорсингі жүргізілді, артығы мемлекеттік емес секторға тапсырылды, мемлекеттік органдарда өз қызметін стратегиялық жоспарлау енгізілді.

       Мемлекеттік басқаруды реформалауды әрі қарай жетілдіруге ұсыныстар:

  1. нақты және ақырғы нәтижелерді сұрыптау әдістемін дайындау;
  2. мемлекеттік органдардың бюджеттік ресурстар сұранымының негіздемесін тәуелсіздік сараптамадан өткізу;
  3. бюджеттік қаржының операторлары мен осы қаржыны алушы мемлекеттік мекемелер, ұйымдар арасындағы қарым-қатынастың анық және ашық механизмін дайындау;
  4. даму институттарының қызметі мен нәтижелерін бақылауға жауапты тәуелсіз ұйымды анықтау керек.
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
 

       2.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері 

       Мемлекеттік басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқару  обьектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару обьектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық мемлекеттік және әкімшілік - аймақтық құрылыс, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары т.б жатады.

       Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір обьективтік  қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет.

       Аймақтық  басқару жүйесін жетілдіру мақсаты  кем дегенде екі элементтердің  бірімен байланысты. Оның бірі  аймақтық басқару обьектісі, яғни негізгі  аймақтық жүйесі, екіншісі оның субьектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін - өзі басқару ұйымдары кіреді.

       Ынта  қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың әдістерін  жетілдіру. Бұл мәселе өзін - өзі  басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық әдістерге көшу.

       Өйткені жергілікті үкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады. Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктерді кеңейтілуін қамтамасыз ету:

       а) аймақтық – салалық өзара байланыстар;

       ә) салааралық байланыстар;

       б) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда өндірісті  дамыту. 
 

Кесте 2.1 – Казақстан Республикасының өзін - өзі басқару тұжырымдамасы

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Кестеден  көріп отырғанымыздай, республикалық өзін - өзі басқару тұжырымдамасына төмендегідей жағдайларды енгізу қажет етеді:

  • территориялық деңгейдегі мүдделер жүйесі және басымдықтар;
  • өзін - өзі басқарудың субьектілер жиынтығы, олардың функциялары, құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;
  • өзін - өзі басқарудың мүдделеріне жету үшін өндіріс-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;
  • экономикалық кешенінің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер;
  • мемлекеттік басқару мен территориялық өзін - өзі басқару мәселелері үйлесімді болуы қажет.

       Қазақстанның  әлеуметтік - экономикалық дамуы оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі - ірі экономикалық мәселелер шешілуі әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез арада шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақтың шеңберінде тез талқыланып керекті басқару шешімі қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.

       Осыған  орай біздің экономика ғылымының  шұғылданатын мәселесі: нақтылы облыстар, аудандар, қалалардағы шаруашылықтың құбылыстары мен процестерін зерттеу болып табылады. Мәселенің осылай қойылуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Олар мыналар:

  • тоталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайларына орталықтандырылған басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі, өз кезеңіндегі салалық басқарудың күйреуі;
  • республика егемендік алғаннан кейін халық шаруашылығын жаңадан жіктеу қажеттілігі. Ол өндірісті аймақтарда жаңартуға тікелей әсер етеді;
  • нарықтық механизмді аймақтық экономиканы басқарудың негізгі қозғалтқыш күші деп ұғыну.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды бағдарламалау 

       Мемлекеттік басқарудың ең жоғарғы формасы бағдарламалау  мен болжау болып табылады. Бағдарламалаудың басты мақсаты – ғаламдық мақсаттарда мемлекеттік басқарудың барлық элементтерін кешенді пайдалану. Шартты реттеу бойынша тапсырмалардың күрделілігіне байланысты Үкімет қысқа, орта, ұзақ мерзімді бағдарламалар жасап оларды шешудің тәртібі мен осы шешімдердің орындалуына жауапты органдарды анықтайды. Мақсаттық бағдарламалардың объектілеріне салалар, аймақтар, әлеуметтік сфера, ғылыми зерттеу бағыттары және т.б. жатады. Ал субъектілеріне бағдарламаны жасауға жауапты мемлекеттік мекемелер, олардың мүлтіксіз жузеге асуын бақылайтын органдар жатады. Бағдарламаларды арнайы мемлекеттік органдар жасайды, егер ондай органдар болмаса экономика және қаржы министрлігі немесе арнайы министр аралық органдар құрады. Экономика министрлігі әдеттегідей бағдарламалаудың жобасын жасайды.

       Қаржы министірі бағдарламаның қаржыландыру жоспарын дайындайды. Бағдарламалар мақсаттық және төтенше болып бөлінеді. Мақсаттық немесе әдеттегі орта мерзімдік жалпы экономикалық бағдарламалар 5 жылға құрылады және жыл сайын түзетіліп отырады. Мысалы: Қазақстан Республикасының 2015 жылға арналған аумақтық даму стратегиясы, әр облыстардың аумақтық даму стратегиясы және т.б.

       Төтенше бағдарламалар дағдарыс жағдайында, жаппай жұмыссыздық болғанда, қауіпті  инфрақұрылымда жасалады. Олар қысқа  мерзімді болады. Барлық нарықтық экономикасы  дамыған елдерде мақсаттық бағдарламалар жүзеге асырылады.

       Ұлттық  болжамдау – ұлттық экономиканы  дамыту туралы ғылыми негізделген жүйенің  қалыптасу процесі. Болжамдаудың мазмұны  ұлттық экономиканың дамуының мүмкін варианттарын анықтауда оңтайлы  шешім қабылдау. Болжамдау экономиканы басқару бойынша алдағы кезеңдегі үкіметтің қабылдаған шешімдері мен жоспарларының ғылыми базасы.

       Кесте 2.1 - Болжамдаудың мақсаты 

         
 
 
 
 
 
 
 

       Кестеден  көріп отырғанымыздай, болжамдаудың мақсатты негізінен үш бағыттан тұрады:

    1. экономиканың даму процесін талдаудың алғы шартын құру;
    2. алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті алдын ала көріп білу нұсқасы;
    3. қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау.

       Экономикалық  болжамдаудың объектілері: халық шаруашылығы, салааралық кешендер, аймақтар және салардың алғашқы буындары. Болжамдаудың экономикалық, инфрақұрылымдық, табиғи ресурстарды, демографиялық, әлеуметтік, мәдени, діни деген сияқты түрлері бар.

        Сонымен мемлекеттік  қызметкерлерге және шаруашылық басқарушылары  өз қызметтерін нәтижелі орындау  мезгілінде статистиканың заңдылығын білу керек, циклдік динамика және әлеуметтік генетика, алдын - ала болжамның теориялық негізі. Болашақты алдын ала көріп білудің күрделі және міндетті элементі болып циклдік динамика болжамы болып табылады. Цикл бұл жалпылай алғанда табиғаттың және қоғамның әр түрлі жүйесіндегі қозғалыс формасы. Әлеуметтік-экономикалық жүйеде динамика циклі әртүрлі ұзақтықта болады. Барлық циклдер әр түрлі  сферадағы циклдерге тең өзара қарым - қатынаста болады.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
 

       Мемлекеттік басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқару  обьектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару обьектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары  бар. Оларға ұлттық мемлекеттік және әкімшілік - аймақтық құрылыс, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары т.б жатады. Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір обьективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет. Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі аймақтық басқару обьектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі, екіншісі  оның субьектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін өзі басқару ұйымдары кіреді.

       Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін - өзі басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық әдістерге көшу. Өйткені жергілікті үкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады. Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктерді кеңейтілуін қамтамасыз ету:

       а) аймақтық – салалық өзара байланыстар;

       ә) салааралық байланыстар;

Информация о работе Курстық жұмыстың өзектілігі