Курстық жұмыстың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 07:56, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Өркенді өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жаңдануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты. Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.

Содержимое работы - 1 файл

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.doc

— 158.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ 

       Курстық жұмыстың өзектілігі: Өркенді өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жаңдануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты. Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.

       Еліміз  егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен  мемлекеттік қызметтің қазіргі  заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.

       Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап, жетілдіру жолдарын меңгеру. Сондықтан біріншісі – бұл мемелекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе, екіншісі – бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс-әрекеті және мәселелері. Бөлімде жетілдіру жолдары мен әдістері қарастырылған.

       Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілерін қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенін білеміз.

       Курстық жұмыстың міндеттері:

       - Шетелдегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін талқылау;

       - Қазақстанның мемлекеттік басқарудағы қазіргі қоғамдағы міндетін қарастыру;

       - Қазақтан Республикасының мемлекетті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау.

       Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын әлеуметтік және экономикалық проблемасы ретінде қарастыру.

       Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан  Республикасының Заңдар жинағы, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен  қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

    1. Мемлекеттік басқару мәні және рөлі
 

       Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару  тұжырымдамасы өзін-өзі басқаруға  көшудің теориялық алғы шарттарының  жүйесі болып табылады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады. Оларға стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары кіреді. Тұжырымдаманың теориялық қана емес, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар.

       Мемлекеттiк  басқару – бұл оның билiктiк күшiне сүйенетiн оны реттеу, сақтау немесе түрлендiру мақсатымен адамдардың қоғамдық және жеке тiршiлiк әрекетiне мемлекеттiң (өз құрылымдар жүйесi арқылы) практикалық, ұйымдастырушы және реттеушi ықпалы.

       Мемлекеттік басқару нысандары мынадай екі топқа бөлінеді:

       а) атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;

       ә) ішкі ұйымастыру жұмыстарының нысаны.

       Мемлекет  тұтас құрылым, бiрыңғай механизм, сондықтан да мемлекеттiк басқару бiрыңғай түсiнiк ретiнде болады. Сомдаудың жоғарғы деңгейiнде мемлекеттiң осы бiрлiгi мемлекеттiк басқару түсiнiгiн мемлекеттiк билiктi кiм, қандай көлемде және нысанда жүзеге асыратын тұлғаға қатыссыз және объективтi санатқа айналдырады. Басқаша айтқанда, мемлекеттiк басқару қоғамдағы мемлекеттiк билiктiң әрекет етуi болып табылады.

       Мемлекеттiк  басқарудың айрықша қасиетi оның бүкiл қоғамға таралатындығы болып табылады.

       Мемлекет  күрделi (элементтiк құрамы бойынша) және көп қырлы (қызметтерi бойынша) қоғамдық құбылыс және басқарудың субъектiсi ретiнде бола отырып, мемлекеттiк басқаруға сондай-ақ жүйелiлiк қасиетiн бередi. Басқарудың өзге түрлерiне қарағанда мемлекеттiк басқару бұл қасиетсiз бола алмайды. Онда миллиондаған адамдар, көптеген мемлекеттiк органдар мен өзге құрылымдар, ал оларда – лауазымды адамдар мен өзге де қызметшiлердiң көптеген саны қатыстырылған.

       Мемлекеттiк  басқарудың нақты субъектiсi мемлекеттiң сәйкес органы, лауазымды адамы болып табылады. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың әр алуан түрлерi бар.

       Мемлекеттiк  басқарудың объектiсi – бұл адамдардың әлеуметтiк, ұлттық және өзге де қауымдарының қоғамдық қатынастары, қоғамдық бiрлестiктердің, ұйымдардың, заңды тұлғалардың мiнез-құлқы, қоғамдық маңызға ие болатын жекелеген азаматтардың мiнез-құлқы. Кейде қоғамдық маңызға жеке қатынастар да ие болуы мүмкiн (мысалы, алименттiк қатынастар). Бұл жағдайда мұндай қатынастар мемлекеттiк реттеуге ұшырауы тиiс.

       Сөйтiп, мемлекеттiк басқару – бұл заңдар мен өзге құқықтық актiлер негiзiнде жариялы билiктi мақсаттылықпен пайдалану жөнiндегi адамдардың (органдардың, лауазымды тұлғалардың) ерекше тобымен кәсiби негiзде жүзеге асырылатын әлеуметтiк қызметтiң айрықша түрi. Бұл объектiнi мiндеттейтiн тiкелей және бұйрықтық байланыстарды, бiрақ та жалпы ереже бойынша объект – субъект керi байланыстарын ескере отырып, орнатуға әкеледi. Керi байланыстар ықпалымен субъектiнiң iс-әрекеттерi өзгеруi мүмкiн.

       Мемлекеттiк  басқару ғылымының басты мiндеттерi мемлекеттiк аппараттағы басқарушылық үрдiстердi зерделеу, мемлекеттiк басқару өрiсiндегi объективтi заңдылықтарды табу және қоғамдық үрдiстерге мемлекеттiк ықпалдың тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын iздеу болып табылады.

       Шындығында, мемлекеттiк басқару саяси, экономикалық, құқықтық және өзге аспектiлердi қамтитын күрделi әлеуметтiк құбылыс болып табылады. «Мемлекеттiк басқару, - деп атап өттi Г.А. Туманов, - зерттеу объектiсi ретiнде кем дегенде сегiз аспектiден қарастырылуы тиiс: жалпы ұйымдық, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық, психология-педагогикалық, ақпараттық-кибернетикалық, сондай-ақ белгiлiктi түрде ұйымдастырылған тiрi еңбектiң ерекше түрi ретiнде.

       1.2 Мемлекеттік басқарудың маңызы 

       Мемлекеттік басқаруды тарихи даму кезеңдеріне  орай қарастырып, бағаласақ жинақталған  теориялық және практикалық ілім-білімге толы екенін байқаймыз.

       Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық, саяси, этикалық және психологиялық  тұрғыдағы көзқарастары басқаруды  қоғамдық құбылыс түрінде көп  қырлы категория ретінде танытады. Нарыққа байланысты өркениетті елдердегі басқару жүйесіне біте қайнасып кеткен мәдениеттілік және моральдық категориялардың көрнісі, басқару этикасы біздің мемлекеттің қоғамдық, экономикалық өмірінен де орын ала бастады.

       Осы жайлардың басымдық бағыттары Қазақстан  Республикасы Президентінің Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында айқындалып, мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін, орталық, жергілікті атқарушы билік органдарын қайта ұтымды құру жөніндегі қағидалар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдіруін көздейтін қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

       Мемлекеттi  басқару нысаны мынандай мәселелердi түсiнугiе мүмкiндiк бередi: мемлекеттiң жоғарғы органы қалай құрылады және олардың кұрылымы қандай; жоғарғы және басқа мемлекеттiк органдардың арасындағы карым-қатынастардың негiзiнде қандай принциптер жатыр; жоғарғы мемлекеттiк билiс пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;

       Негізінде, мемлекеттік басқаруды (басқарушы  қызметті) жүзеге асыру атқарушы билікті  жүзеге асыру болып саналады. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай, мемлекетті қажет деп тапсақ, биліктердің бөліну принциптерін мойындасақ, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың барын бағалауымыз қажет. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.

       Нарықтық  қатынасқа көшуімізге байланысты, мемлекетімізде мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар дамып, өркендеуде. Мемлекеттік емес ұйымдардың дені іштей өзіндік басқару негізінде іс-қимылдарын жүзеге асырады. Ал бірлескен басқару кезінде мемлекеттік өкілдері мемлекеттік емес ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіреді. Мемлекет тарапынан белгілі бір мөлшерде бағдарламаларды қаржыландыру принципі жүзегеасырылады. Сонда да болса ескеретін бір жәйт, қандай да бірлескен немесе мемлекеттік емес ұйымдар болмасын, сондай-ақ қандай да мөлшерде нысанда өздерін басқаруды жүзеге асырмасын мемлекет аумағында болғандықтан мемлекеттегі барлық салалар мен жүйелерді реттейтін заңдардың күші, талаптары оларға да таратады. Себебі, мемлекет аумағында құрылып және қызмет атқара жүріп, мемлекеттік басқару аясынан тыс болу, заңдарға бағынбау ешқандай қисынға келмейтін іс болып табылады. Мемлекеттік басқару, атқару биліктері әрқашан да әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылады және олар мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері болып табылады.

       Мемлекеттік басқарудың тағы бір жаңаша көрінісі – қандай салада болмасын нақты  кезеңге байланысты міндеттер мен  мәселелердің бірінші кезекке қойылып, шешілуі. Түптеп қарағанда басқару әр тұрғыдан қаралуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да көзқарастар бойынша. Басқаруды әкімшілік-құқықтық ұйымдастыру деп әкімшілік құқықтық нормаларымен бекітілген субъектілер жүйесін айтуға болады. Осы субъектілер жүйесін асыруға ат салысады. Басқаруды әкімшілік тұрғыдан ұйымдастырудың элементтері мынадай сипатта болады: атқарушы билік және басқа да басқару органдары; басқару жүйесі буындарының, оның ішінде, қызметкерлердің тиісті мәртебесін белгілейтін әкімшілік-құқықтық нормалары, әкімшілік құқықпен белгіленген олардың қатынастарының ауқымы; әкімшілік-құқықтық жағдайлары бойынша субъектілердің құқықтық жауапкершіліктері.

       Басқаруды ұйымдастырудың мәні әртүрлі мәселелерді  шешуден тұрады. Осы іс-қимылдардың ең бірінші кезектегісі – оларды заң тұрғысынан бекітудің принциптері мен нысандарын айқындау; басқару органдарының нысандары олардың атқаратын қызмет бағыттарына байланысты айқындау; олардың арасындағы міндеттерін, қызметтерін қоса отырып, межелеу; мемлекеттік басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу; басқарудың төменгі және жоғарғы тұрған буындарының арасындағы өзара іс-қимылдарының құқықтық нысандары; басқарушы қызметтің әдістері және оларды жүзеге асыру нысандары.

       Тура  басқару кезінде де басқару субъектісі мен объектісінің арасында тікелей  байланыс, мәселең бастық пен оның қызметкерінің комндирлер мен әскери қызметкерлердің арасында туындайды. Жедел бағыну тек кейбір белгілі  мәселелері бойынша басқару субъектісіне тәуелді болу кезінде туындайды.

       Қосарлы бағыну тікелей және көлденең бағынуға негізделген. Бұл жерде бір объектіге  байланысты, өкілеттіліктің бөлінуі, олардың  бірікпеуі қарастырылған. Бағынышты  органдар тиісті деңгейдегі төменгі  тұрған органдар жүйесіне жатады. Ортақ бағыну бір уақытта бірнеше басқару субъектілерінің екі немесе одан да көп жоғарғы мемлекеттік билік органдарына бағыну болып есептелінеді.

       Басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің  тигізетін ықпалы өте зор әрі  маңызды. Сол құқықтық актілерді шамамен мына өлшемдер бойынша топтастыруға болады: заңды күші бойынша; мәні бойынша; басқаруды ұйымдастыруға тигізетін ықпалы бойынша.

       Мемлекеттік басқарушы қызметтің мына түрлері  жүзеге асырылады: Мемлекеттік аядағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқару; Мемлекеттік емес аядағы әртүрлі объектілердің атқаратын қызметтерін реттеу; Республика аумағындағы мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру; Мемлекеттік басқару аясындағы жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларын қамтамасыз ету және т.б.

       Мемлекеттік реттеу мемлекеттік басқару қызметтерінің  бірі болып саналады. Әсіресе, қазіргі  кезеңде осы қызметің тек экономиканы  басқаруда өте ұтымды болып қана қоймай, сонымен бірге, әлеуметтік –  мәдени салаларды реттеуде де маңызы зор болып отыр. Нарықтық экономика жағдайында туындап отырған өте күрделі жайлар нақты кезеңнің ерекшеліктерін уақытылы есепке алу және басқару құрылымдарын келешекте дамытып, жетілдіру мәселелері.     

Информация о работе Курстық жұмыстың өзектілігі