Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 13:00, реферат

Краткое описание

Қазіргі қазақстандық құкық салаларының ішіндегі еңбек құкығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.

Еңбек құқығы деп жұмыс берушімен жұмысшының арасында туындапған қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының негіздері.doc

— 56.00 Кб (Скачать файл)

     - бір жүмыс кұнінде дәлелді  себептерсіз жүмыста үш сағат  бойы болмау. Бір жұмыс күні  ішінде дәлелді себептерсіз үш сағат бойы жүмыста болмау қыдырымпаздық болып табылады.  

     - жұмысқа алкогольдік немесе нашақорлық  масаң күйде немесе өзге де  түрдегі уыттық улану жағдайында  келу. 

     -  жұмыс күні ішінде алкогольді, нашақорлық масандық немесе өзге  де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалану кызметкерді жұмыстан шығаруға дербес негіз бола алады. 

     -   қызметкердің енбек қорғау немесе  өрт қауіпсіздігі ережелерін  бұзып, оның жарақат алу мен  аварияларды коса алғанда, ауыр  зардаптарга әкеп соғуы мүмкіндігі. 

     -  жұмыс орны бойынша соттын заңды күшіне енген үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті (соның ішінде ұсақ заттарды) ұрлау. 

       10. Егер іс-әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімнің жоғалуына негіз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жаса жеке еңбек шарт тоқтатылады. 

     11. Білім беру саласында тәрбиешілік  міндетті атқарушы қызметкердің  аталған жұмыста жалғастыруға  сыйымсыз моральға жат қылық  жаса жеке еңбек шарты тоқтатылады.  

     12. Кызметкердің өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік, кызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де кұпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуі, егер ол жұмыс берушімен шарт жасасу кезіңде бұл туралы колын койғызып таныстырылған болса, жеке еңбек шарт тоқтатылады. 

     13. Іркіліске байланысты басқа жұмысқа  уақытша ауысудан және ұйыммен  бірге басқа жерге ауысудан  бас тартқан реттерде шартты  бұзуға жол беріледі.  

     14. Заңсыз босатылған қызметкер  соттың шешімі бойынша бұрынғы  қызметіне қайта алынғанда жеке  еңбек шарты тоқтатылуы мүмкін. 

       

     3 

     Жұмыс уақыты дегеніміз — жұмыс берушінің  актілеріне және жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес жұмыскер өзінің еңбегі міңдеттерін орындайтын уақыты. Жұмыс  уақытының мына түрлерін бар: ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты. 

     Қалыпты жұмыс уақыты. Еңбектің күн, апта, жыл  бойғы, адамның дамуына және өмір сүруіне зиянын тигізбегін ұзақтығы қалыпты деп танылады. Еңбек туралы  заңнамаға сәйкес кәсіпорындардағы жұмыскерлердің қалыпты ұзақтықтығы  аптасына 40 сағаттан кем болмауы тиіс жұмыс уақытының ұзақтығы. 6 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағттан; 

     6 күндік жүмыс аптасына – 5 күн  – 7 сағат, ал бір күн –  5 сағатболып белгіленген. 

       Жұмыс уакытының кысқартылған ұзақтығы еңбекті қорғау, оқуды өндіргіш еңбекпен табысты үйлестіру үшін қолайлы жағдай тудыру, өндіріске кәмелетке толмағандарды және еңбек қабілеті шектеулі адамдарды тарту мақсатында жұмыскерлердің кейбір санатгары үшін белгіленеді.  

     Қызметкерлердің  жекелеген санаттары үшін жұмыс  уақытының қысқартылған ұзактығы: 

     1) 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер  үшін - аптасы-на 24 сағаттан, яғни 6 күңдік  жұмыс аптасында күніне 4 сағат-тан,  ал 5 күндік жүмыс аптасына - 4 күн  - 5 сағаттан, 1 күн -4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында - күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында - 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн — сағаттан аспайтын; 

     2) ауыр дене жұмыстарында және  еңбек жағдайлары зиян-ды жұмыстарда  істейтін кызметкерлер үшін —  аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді. 

     Толық емес жұмыс куні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің  және тағы басқа азаматтардың жағдайларын  ескере отырып, олармен жеке еңбек  шарты толық емес жұмыс қүніне жасалуы мүмкін.  

     Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уакыт  түнгі уақыт болып есептеледі. Жүкті әйелдерді түнгі уакытта  жұмыс істеуге тартуға олардын  келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі  уакытта жұмыс істеуге 18 жаска  толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді. 

      

     Демалыс уақытынын ұғымы және түрлері 

       

     Демалыс уақыты кызметкердің еңбек міндеттерін  орындаудан бос және оны өз калауы бойынша пайдаланатын уақыты. Оның еңбек зандарына сәйкес мынадай түрлері бар: 

     1) демалуға және тамақтануға арналған  үзіліс; 

     2) күн сайынғы демалыс; 

     3) демалыс күндері; 

     4) мереке күндері; 

     5) демалыстар. 

     Демалуга  және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзактығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Занда үзілістін тек төменгі ұзактығы ғана белгіленген. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және оны кызметкер өз калауы бойынша пайдаланады. Түскі үзіліс 4 сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі.  

     Арнаулы үзілістер. Еңбек заңының 54-бабында  жылдың суык, мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй жайларда жұмыс  істейтін, жүк тиеу-туеіру жұмыстарымен айналысатын қызметкеряерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді, 

     Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі  мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс. 

     Демалыс күндері. Кызметкерлерге апта сайынғы  үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс  күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына — екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі: 

     1) төтенше жағдайларды немесе дүлей  апатты, өндірістік аварияны болғызбау  не олардың зардаптарын дереу  жою үшін; 

     2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің  жойылуын немесе бүлінуін болғызбау  және оны тергеу үшін; 

     3) тұтас алғанда ұйымның немесе  оның жеке бөлімшелерінің одан  әрі қалыпты жұмыс істеуі тез  орындалуына байланысты болатын  шұғыл, алдын-ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.  

     Мереке  күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істемейтін мереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар —  Жаңа жыл; 8 наурыз — халықаралық  әйелдер күні, 22 наурыз — Наурыз мейрамы, 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр — Жеңіс күні, 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан — Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.  

     Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек  демалысы. Жыл сайынғы еңбек демалысы - қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі. 

     Егер баска нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік 18 күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. 

     Президентің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы - 45 күнтізбелік. Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынын қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы 30 күнтізбелік  күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс  беріледі. 

     Орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары көсіптік білім мекемелері қызметкерлерінің 56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн демалыс алуларына құқылары бар. Бұл педагогика кызметкерлеріне толық еңбек демалысы егер олар 1 қыркүйектен бастап толық оқу жылы жұмыс істесе беріледі. 

     Жалақы  сақталмайтыи демалыстар тараптардың  келісімі бойынша қызметкерге отбасы жағдайына және басқа да дәлелді  себептер негізінде берілуі мүмкін. Жалақы сақтталмайтын демалыс оның мерзімі мен берілу себептері көрсетілген жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.  

     Зандарда  қызметкерлердің кейбір санаттарына  әлеуметтік сипаттағы демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66-бабына сәйкес әйелдерге жүктілігі мен босануы  бойынша босанғанға дейін үзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс беріледі.  

     Жаңа  туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бас-тап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейінгі кезеңге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу ұзактығына қарамастан жүмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдемақы төленеді. 

     Оку демалыс. Оқу демалыстары демалыстың жеке бір түрі болып табылады. Бұл демалыстар қызметкерге ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына карамастан беріледі. Еңбек туралы заңның 69-бабы негізінде білім беру ұйымында оқитын кызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде акы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының негіздері