Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 13:00, реферат

Краткое описание

Қазіргі қазақстандық құкық салаларының ішіндегі еңбек құкығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.

Еңбек құқығы деп жұмыс берушімен жұмысшының арасында туындапған қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының негіздері.doc

— 56.00 Кб (Скачать файл)

     Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының  негіздері 

       

     Сабақтын  жоспары: 

     1.     Еңбек құқығының түсінігі. 

     2.     Жеке еңбек шарты. 

     3.     Жұмыс уақыты және демалыс  уақыты. 

       

     Сабақтың  мақсаты: Қазақстан Республикасының  Еңбек құқығының мәнің терен  түсіну 

     1 

       

     Қазіргі қазақстандық құкық салаларының  ішіндегі еңбек құкығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек  қатынастарын реттейді. 

     Еңбек құқығы деп жұмыс берушімен жұмысшының арасында туындапған қатынастарды реттейтін  құқықтық нормалар жиынтығы. 

     Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар  негізінде белгілі бір еңбек  кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп  танылады. Оларға мыналар жатады: 

     -  жұмысқа орналастырумен байланысты құқықтық қатынастар; 

     -  ұйымдастырушылық – басқарумен  байланысты құқықтық қатынастар; 

     -  ұжымдық шарттан туындайтын байланысты  құқықтық қатынастар; 

     -  жұмысшыны кісіби дайындау және  біліктілігін арттырумен байланысты  құқықтық қатынастар; 

     -  еңбек қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуымен байланысты құқықтық қатынастар; 

     -  еңбек дауларын қараумен байланысты  құқықтық қатынастар; 

       

     2 

       

     Жеке  еңбек шарты дегеніміз жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша  формада жасалынатын екі жақты  келісім, онда жұмыскер белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша, ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал жүмыс беруші жұмыскерге еңбек ақыны және заңнамада, өзара келісімде көзделген басқа ақшалай төлемдерді уақтьшы және толық көлемде төлеп түруға, жұмысқа жағдай жасауға міндетенеді. 

     Жұмыс берушімен келісімге отырған  және жеке еңбек шарты бой-ынша тікелей  жүмыс атқаратын, белгілі бір  жасқа толған жүмыскер бір жағынан, сол жүмыскер еңбек шартьш жасасқан, оған тшсгі жүмыс беретін заңцы немесе жеке түлға — жүмыс беруші, екінші жағынан, сол жеке еңбек шартының жақтары болып табылады. Еңбек заңнамасында жұмысқа қабылданатын ең кіші жас 16 жас деп белгіленген. Орта білім алса немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кетсе, 15 жасқа жеткен адам ата-анасының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартына отыра алады. Жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін 14 жасқа толған оқушыны, сабақтан бос уақытында, ата-анасының біреуінің (қамқоршысының) рұқсатымен, денсаулыққа зиян келтірмейтін жұмысқа тартуға болады. Келісім жазбаша формада (арыз) беріледі. Жеке еңбек шартына кәмелетке толмағанмен бірге ата-ана (қамқоршы) да қол қояды (Еңбек туралы Заңның 11 бабы). 

     Мемлекеттік қызметке тұратын адам 18 жастан кіші болмауға тиіс, егер мемлекетгік қызметкерлердің тиісті санатына қатысты республика заңында басқадай көрсетілмеген болса. Мемлекеттік  қызметте болудың ең жоғарғы шегін алып тастады. 

     Жұмыс  беруші дегеніміз — жұмыскер өзімен құқықтық қатынаста болатын заңды  немесе жеке тұлға. Сол себепті кәсіпорын, мекеме, ұйым, кооперативтер, фермерлер жөне еңбек шарты бойынша жалдау негізінде жұмыс беретін басқа кез-келген зандық және жеке тұлға жұмыс беруші болып табылады. Жұмыс берушілердің еңбектік құқықсубъектілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен бойда туындайды.  

     Жеке  еңбек шарты жазбаша нысанда  кемінде екі дана етіліл жасалады. Тараптар қол қойғаннан кейін  оның бір данасы қызметкерге беріледі. Жеке  еңбек шартыңда мыналар  көрсетілуге тиіс: 

       1) тараптардың реквизиттері: 

     жұмыс беруші - занды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші — занды тұлғаның құрылтай кұжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уакыты; 

     жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, иесінің аты (егер жеке басын куәландыратын  құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші — жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куәлан-дыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген куні; 

     қызметкердің  тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын  куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген куні; әлеуметтік жеке коды-ның нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН); 

     2) еңбек міндеті (белгілі бір  қызмет, мамандық, кәсіп бойынша  жұмыс); 

     3) жеке еңбек шартының мерзімі; 

     4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн; 

     5) еңбек жағдайларының сипаттамалары,  қызметкерлерге ауыр дене жұмысын  немесе зиянды немесе кдуіпті  жағдайларда жұмыс істегені үшін  берілетін кепіддіктер мен өтемақылар; 

     6) жұмыс уақыты мен демалыс уакытының  режимі; 

     7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары; 

     8) жұмыс берушінің құқықтары мен  міндеттері; 

     9) қызметкердін құқықтары мен міндеттері; 

     10) жеке еңбек шартын өзгерту,  бұзу және ұзарту тәртібі; 

     11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер  беру тәртібі; 

     12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс. 

     Жеке  еңбек шарты жасалып, оған тараптар қол қойғаннан кейін жұмыс  беруші қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті. Бұйрық қызметкерге қол қойғызып хабардар етіледі. 

     Занда көрсетілген тәртіп бойынша жұмыс беруші қызметкермен жеке еңбек шартын жасасу үшін мынадай құжаттарды талап етуге құқылы: 

     - қызметкердің еңбек кызметін  растайтын құжаттар, яғни еңбек  кітапшасы (болған жағдайда), немесе  жеке еңбек шарты, не жұмыска  кабылдау мен жұмыстан босату  туралы бұйрықтардың көшірмелері; 

     - жеке бас куәлігі немесе төлқұжат; 

     - әлеуметтік жеке кодының берілгені  туралы куәлік; 

     - зейнетақы шарты; 

     - білімі немесе кәсіби даярлығы  туралы құжат (диплом, куәлік, т.б.) 

     - 16 жасқа толмаған адамдар үшін  тууы туралы куәлік; 

     - зандарда көзделген өзге де  құжаттар. 

     Кейбір  реттерде жұмысқа түсушілерден міндетті түрде медициналық тексеруден өту  талап етіледі. Олар: 18 жаска толмаған қызметкерлер; еңбек жағдайы өте  ауыр және өте зиянды жұмысқа қабылданатын қызметкерлер, тамақ өнеркәсібі мекемелерінін кызметкерлері.  

     Жеке  еңбек шарты тараптардың еркіне байланысты емес мынадай мән-жайлар бойынша токтатылуға тиіс: 

     1) қызметкерді әскери қызметке  шақырған кезде кұжатын көрсеткенде  үш күн мерзімде; 

     2) қызметкер жазаға тартылған сот үкімі занды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; 

     3) қызметкер кайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс  болған немесе хабар-ошарсыз кетті  деп таныған жағдайда; 

     4) сот қызметкерді әрекетке кабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, сонын салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда. 

     Жеке  еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуды  мына негіздер бойынша бөлген жөн: 

     1) тараптардың келісімі бойынша; 

     2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша; 

     3) заң актілерінде көзделген өзге  де негіздер бойынша. 

     Жеке  еңбек шартын заң актілерінде  көзделген өзге де негіздер бойынша  бұзуға мына жағдайларды жатқызуға  болады: 

     - сот заңсыз деп таныған ереуілге  қатысқан қызметкерлер мен жеке еңбек шартын бұзу; 

     - белгіленген сынақ мерзімінен  өтуден бас тартқан қызметкерлермен  жеке еңбек шартын бұзу; 

     - қызметкердің сайланбалы қызметке  ауысуы т.б. 

     Жеке  еңбек шартын бұзу мен тоқтату  жұмыс берушінің бұйрығымен хатталып, оны тоқтату мен бұзу негіздері бұйрықта, еңбек кітапшасында заңға сәйкестендіріліп көрсетілуі тиіс. 

     Жеке  еңбек шарттың қызметкердің бастамасы  бойынша бұзу 

     Өз  еркімен жұмыстан босанғысы келетін  әрбір қызметкер бұл жөнінде  жұмыс берушіні бір ай бұрын жазбаша  түрде ескертуі тиіс. Ескертудің негізгі мақсаты жұмыс берушіге жұмыстан өз еркімен босайтын қызметкердің орнына жаңа қызметкер тандап алуға мүмкіндік беру болып табылады. Бұл мерзім біткеннен кейін қызметкер жұмысты тоқтатып, онымен толық есеп айырысуды талап етуге құкылы. 

     Жеке  еңбек шартын жұмыс берушінің  бастамасы бойынша бұзу 

     Жұмыс берушінің бастамасы бойынша  жеке еңбек шартын бұзу негіздемелерінің заңда көзделген. Заңда көзделмеген  негіздер бойынша қызметкерді жұмыс  берушінің ынтасы бойынша жұмыстан шығаруға болмайды.  

     1.     Заңдарға сәйкес ұйым таратылған  кезде, сондай-ақ жұмыс берушінің  (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған  жағдайда жеке еңбек шарты  тоқтатылады.  

     2. Жеке еңбек шартының қызметкерлер  санының немес кестесінің қыскаруы  салдарынан бұзылуы жұмыс көлемінің нақты қысқаруы сияқты жұмыс көлемін өзгеріссіз қалдыруға; немесе тіптен көбейгенімен қызметкерлер санын қысқартуға; мүмкіндік беретін түрлі техникалық және ұйымдастыру шаралары жүргізілген кезде де болуы мүмкін. 

     3. Қызметкердің лауазымына немесе  атқаратын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты жеке еңбек шатын бұзу.  

     4. Егер қызметкер еңбекке уакытша  жарамсыздығы салдарынан жұмысқа  екі айдан астам уақыт келмесе  жеке шарт бұзылуы мүмкін.  

     5. Қызметкер ұйыммен бірге басқа  жерге жұмыска ауысудан бас  тартса шарттың бұзылады. 

     6. Жұмыс  беруші еңбек жарақатын  алған немесе кәсіби аурумен  ауырған қызметкерді еңбек кабілеттілігі  калпына келгенше немесе мүгедектігі  аныкталғанша бұрынғы жұмысындағы  жалақысы мен жаңа жұмысындағы  жалақысының айырмасын төлеп  неғұрлым женіл жұмысқа ауыстыруға міндетті. Ал неғұрлым женіл жұмыска ауыстырудан бас тартқан қызметкермен жеке еңбек шарты токтатылады. 

     7. Еңбек жағдайлары өзгеріп, кызметкер  жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға  келіспесе жұмыс берушінің бастамасымен  шартты бұзуға жол беріледі. 

     8. Қызметкердің дәлелді себептерсіз  өзінің еңбек міндеттерін екінші  кайталап орындамауы, егер ол  бұған дейін әкімшілік жаза  алған болса, шартты бұзуға  негіз болып табылады. 

     9. Бір рет тәртіп бұзушылық үшін, оның ауырлығына қарамастан ҚР ЕтЗ 26-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда шартты бұзуға жол беріледі. Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына мыналар жатады: 

Информация о работе Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының негіздері