Аймақтық басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 14:25, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсат - халықтың әл-ауқатын ұлттық экономиканы тұрақты дамыту негізінде жоғарылату. Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының атқару өкіметімен бірқатар приоритеттер жиынтығы айқындалған. Солардың бірі - аймақтық басқарудың нәтижелілігін жоғарылату. Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.

Содержание работы

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде
2. Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация)

3. Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары

4. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Содержимое работы - 1 файл

Аймакты баскару.doc

— 162.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен менеджмент саласындағы мәселелерді талдай келе, бірлескен басқарудың бәсекеге қабілетті болып дамуға және Қазақстан  экономикасы мен оның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне талпыныс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі уақытта экономика  дифференцияциаланған территориялық  даму проблемасымен сипатталады , сол  себепті мемлекетке аймақтардың  дамуында теңдікті қамтамасыз ету, проблемалы аумақтарды сүйемелдеу , аймақтық бәсекені жөнге салу , әлеуметтік - экономикалық дифференцацияны тегістеу үшін шаралар қабылдау қажет. Осы проблема ел үшін жеткілікті ұзақ уақыт мінездемелі , бірақ осы кезде Қазақстанның экономикалық дамуы нәтижелі аймақтық реформалар қабылдауға рұқсат етеді .

Біршама бос аймақаралық  ресурс айналымы бар бірыңғай ауылшаруашылығы  кеңістігін сақтауда республика аймақтарының реформаларды өткізу екпінімен айырмашылығын, аймақтық басқару нәтижелілігі , кәсіпкерліктің  және нарық инфражүйелерінің  дамуын, сыртқы экономикалық қызметті , шетел капиталын тартуды ескеру маңызды .

Біздің көзқарасымыз бойынша, аймақтық басқару құрылған шаруашылық субьектілерінің қарым-қатынасына сәйкес келіп, нарықтың жеке, бірлестік бөліктері талабына сай болып қана қоймай, өзінің қарапайым әрекеттестігімен аймақтық өндірістің экономикалық және әлеуметтік нәтижелілігін жоғарылатудың қажетті өсімін қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс.

Облыстың аймақтық басқару  жүйесіне кіретін мінездемесі ретінде аймақтың әлеуметтік және экономикалық жұмыс жасауының талданған ақпараты, сонымен қатар қолданылатын заттық-техникалық, еңбек, қаржы ресурстары, берілген уақыт аралығында басқару процесінде қолданған шығындардың көлемін анықтайтын сандық және сапалық көрсеткіштер болып табылады. Біздің ойымызша, бұл аймақты басқару жүйесі элементтерінің әрекеттестігін дамытудың қажетті шарты болып табылады. Ол пайда болатын алдағы ағымдағы тенденцияны, перспективалы және стратегиялық әлеуметтік - экономикалық дамуды, ресурсты қолдану нәтижелілігін талдауды, өндіріс нәтижелілігін, тұтынылушы ресурстардың экономикалық өсу  резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірақ, аймақтық саясатты мінездемелейтін аймақ «дискриминациясы», әлеуметтік көзқараста, азаматтардың  мекен-жайы бойынша құқықтарына шек қоюдан құтылу қажеттілігімен ақталуы мүмкін. Сәйкесінше, аймақтық басқару халық табысының, жұмыссыздық деңгейінің, әлеуметтік инфражүйенің, көлік жүйесінің, коммуникация, қоршаған орта жағдайының және т.б. аймақаралық айырмашылығын тегістеуге бағытталуы тиіс.

Аймақтық басқару жүйесіндегі  негізгі әрекеттесуші элементтер, біздің ойымызша, басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау),функцияны мағынаға толтыру мақсатындағы нақты қабылданатын шешімдер,оларға сәйкес басқару әрекеттестігінің арнаулылығы және бағыттылығы, және де әдістер, тәсілдер және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару стратегиясы болуы керек.

Қорыта келе аймақтық проблемаларды зерттеуде жүйелік талдауды қолдану зерттеушінің инструментарийін кеңейтіп, жасалынатын аймақтық экономиканы басқару үлгісінің нақтылық және барабарлық деңгейін көтеретіндігін, экономикалық кеңістіктің құрылуында жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта кеткен жөн.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы туралы :  Қазақстан Респ. 1993 ж. 8 желт. №2572-XII  заңы// ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе /Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен :  Юринфо, 2007.
  2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару : Қазақстан Респ. 2001 ж. 23 қаңт. Заңы №148 // ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе /Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен : Юринфо, 2007.
  3. Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары /Е. Айтаханов //Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ. Сер. экон. - 2002. - №2(30). - б. 12-15.
  4. Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі /С.Алдияров, К. Кабдуалиева, Л. Елеусиз // Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.
  5. Воронин А. Г. Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы/ А. Г Воронин, В. А.Лапин, А. Н. Широков. - М. : Дело, 1998. - 128 б.
  6. Шығыс Қазақстан сан бойынша - 2005 : жыл сайынғы стат. жинақ -  Өскемен: ШҚО статистика басқармасы, 2005. - 150 б.
  7. Бердалиев К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері /К. Бердалиев. - Алматы : Экономика, 1998. - 148 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Аймақтық басқару