Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 16:33, реферат
Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Дене жаттығуларымен бірге би, массаж пайдаланады. Музыкамен қосарланып жүргізілетін би жаттығулары ағзаның бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді. Дененің сапалық қасиеттерін (ептілікті, жылдамдықты т.б.) дамытады. Сондай-ақ қозғалыстың әсем, байсалды, табиғи болуын қалыптастырады;
1.Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы.
2.Дене тәрбиесі жатығуларының сипаттамасы.
3.Дене жаттығуларын қалыптастыру.
4. Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы.
Жоспар:
1.Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы.
2.Дене тәрбиесі жатығуларының сипаттамасы.
3.Дене жаттығуларын қалыптастыру.
4. Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы.
1.Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін, гигиеналық факторлар табиғаттың жаратылыс күштері, дене жаттығулары және т.б. қолданылады. Барлық құралдарды кешендік түрде пайдаланғанда ғана дене тәрбиесін толық мәнде жүргізуге болады. өйткені олардың әрқайсысына ағзаға өзінше әсер етеді:
1. Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс, тамақтану және үйықтау тәртібі, киім, денетәрбиесі жабдықтары мен құралдары, гигиенасы, т.б.). Дене тәрбиесінің өзіндік мәні бар құралы болып табылады. Олар дене жаттығуларының ағзаға тигізетін тиімділігін арттырады. Мысалы, дене жаттығуларымен айналысу, тамақтану мезгілінде және толық мәнінде болған жағдайда сүйек және бұлшық ет дамуына оңды әсерін тигізеді. Қалыпты ұйқы демалысты және жүйке жүйесінің жұмыс қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз етеді. Бөлменің, дене тәрбиесі жабдықтарының, құралдарының, ойыншықтардың, балалар киім-кешегінің тазалығы түрлі ауруларды алдын алуға мүмкіндік береді. Жеке жастың және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау, балаларға оңды әсер етіп, олардың дене жаттығуларын меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады. Гигиеналық факторлардың дербес мәні де бар. Олар барлық ағзалар мен жүйелердің қалыпты жүмысына әсерін тигізеді. Мысалы, жүйелі және сапалы тамақтану ас қорыту қызметтерінің жақсы жұмыс істеуіне әсерін тигізеді және басқа ағзаларға қажетті қоректену заттарын мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл баланың қалыпты өсіп, дамуына қажетті басты шарттардың бірі. Жарықтың дұрыс берілуі көз ауруынан сақтандырады (алысқа көз жетпеушілік т.б.). Балалардың кеңістікте дұрыс болжай алуына қолайлы жағдай туғызады. Қатаң күн тәртібін сақтау балаларды тәртіппен жинақылыққа және т.б. жағымды қасиеттерге үйретеді;
2) Табиғаттың жаратылыс күштері (күн, ауа және су) дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады. Ауада немесе суда дене жаттығуларымен айналысу процесінде жекелеген органдары мен ағза жүйесінің қызмет мүмкіндіктері күшейеді. (оттегін жұту көбейеді, зат алмасу жақсарады және т.б.). Күн сәулесі ауа және су ағзаны шынықтыру үшін қолданылады. Соның нәтижесінде адам ағзасы ауа райы құбылысының факторларына мезгілінде әсерленіп, қажетті төзімділік танытады. Табиғаттың жаратылыс күштерін дене жаттығулары мен үйлестіре пайдалану шынығудың тиімділігін арттыра түседі. Табиғаттың жаратылыс күштері дербес құрал ретінде де пайдалануы мүмкін. Су – теріні кірден тазартуға, қан тамырларын кеңейтуге және таратуға, адам денесіне механикалық әсерін тигізуге пайдаланылады. Орман, бақша, парк ауасының құрамында ерекше заттар (фитонциттар) болады. Олар микроптардың жойылуына ықпал етеді. Қанды оттегімен қамтамасыз етіп адам ағзасы не оңды әсер етеді. Күн сәулесі – тері астына Р витаминінің жиналуына ықпал етеді. Түрлі микроптарды өлтіріп адам ағзасын түрлі аурулардан (рахид және т.б.) қорғайды. Табиғаттың жаратылыс күштерін пайдалану балалардың мінез-құлқына оңды әсер етеді. Ағзаға жан-жақты әсер ету үшін, табиғаттың жаратылыс күштерін барынша мақсаткерлікпен үйлестіріп пайдалануы керек;
3) Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Дене жаттығуларымен бірге би, массаж пайдаланады. Музыкамен қосарланып жүргізілетін би жаттығулары ағзаның бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді. Дененің сапалық қасиеттерін (ептілікті, жылдамдықты т.б.) дамытады. Сондай-ақ қозғалыстың әсем, байсалды, табиғи болуын қалыптастырады;
4) Массаж (сипау, уқалау, шапалақтау, жұмсарту және т.б.) теріге бұлшық еттерге, сүйек жүйесіне әсер етеді. Демалысты күшейтеді, қан айналымын зат алмасуды жақсартады және т.б.;
5) Түрлі іс-әрекет жағдайлары (еңбек, сурет салу, пішіндеу, музыка аспаптарында ойнау және т.б.) қимыл-қозғалысы арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп бұларда адам ағзасына әсерін тигізеді. Бірақ еңбек процесінде атқарылатын қимыл-қозғалыс ең алдымен нақты нәтиже алуға бағытталған, ал оның ағзаға тигізетін әсері қосалқы фактор болып есептеледі. Сондықтан іс-әрекеттің алуан түрін ұйымдастырғанда баланың дұрыс жүріп тұруын, оныңағзасына түсетін күштің жас ерекшелігіне сай келуін олардың дербес ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын, дене дамуын және әзірлігін есепке алу керек. Түрлі жас кезеңінде дене тәрбиесі тапсырмаларын жүзеге асыру негізгі және қосалқы құралдарда дұрыс ұйымдастыру кезінде ғана тиімді болмақ. Мысалы: нәресте өмірінің алғашқы 3 айында гигиеналық факторлар мен табиғат жаратылыс күштерінің маңызы ерекше. Одан әрі дене жаттығулары мен іс-әрекеттерінің алуан түрінің рольі ұлғаяды.
2. Дене тәрбиесі жаттығуларының сипаттамасы.
Дене жаттығулары бір-бірінен мазмұны сондай-ақ формасы бойынша ерекшеленеді. Мазмұнға: дене жаттығуларының құрамына кіретін іс-әрекеттер, процесстер (психологияның, физиологияның, биохимияның, биомеханикалық) кіреді. Олар жаттығу барысында ағзаға орнығады және олардың әсері жаттығушының дене жаттығуымен айналысу қажеттілігін анықтайды. Дене жаттығуларын орындау (еркін қимылдау) қимыл-қозғалыс түсінігі мен назарымен, ойымен, ерік-күшімен, сезімімен және т.б. психологияның процесстерімен тығыз байланысты. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде жүрек, қан тамырлары, тыныс алу жұмысында және ағзаның басқа жүйелерінде әр алуан өзгерістер жүреді. Бұл қозғалыстар ағзаның қызметін, мүмкіндігін, тиісінше деңгейде өзгертеді және ағзалар массасының ұлғаюына, құрылымдарының дамуына әсер етеді. Дене жаттығуларының мазмұнын педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарастырғанда, олардың мәнін, білім беру,тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан қарастырған жөн (қимыл-қозғалыс әдеттерін қалыптастыру, дененің сапалық дамуын қамтамасыз ету т.б.). Дене жаттығулары формасы, оның ішкі және сыртқы құрылымын көрсетеді. Ішкі құрылым – жаттығу жасау кезінде ағзада болатын түрлі процесстермен тығыз байланыста сипатталады. Сыртқы құрылым – қозғалыстың кеңістікке, уақытқа, динамикалық параметрлердің қатысына қарай сипатталатын көрнекілік форма. Дене жаттығуларының формасы мен мазмұны өзара байланысты болады. Мазмұн – форма үшін жетекші роль атқарады. Мысалы: жүгіру жылдамдығы ұлғайғанда, адымның ара-қашықтығы және дененің еңкею бұрышы өзгеріске түседі. Сондай-ақ формада мазмұнға ықпал етеді. Мысалы: алысқа лақтыру кезінде, қолды дұрыс сермеу қашықтықты айтарлықтай ұлғайтады яғни бұлшық ет күші өзгеріске түседі деген сөз.
Дене жаттығуларының техникасы. Бұл қозғалыс тапсырмасын орындаудың тәсілі болып табылады. Дене жаттығуларының техникасы өзгереді жетіледі. Техниканы жетілдіру, жаңа формаларды игеру жоғары нәтижелерге жетуге дене дайындығын жақсартуға, қозғалысының биомеханикалық заңдылықтарын ашуға, күрделі спорт жабдықтарын пайдалану мүмкіндіктер береді. Сыртқы форма (конкимен мәнерлеп сырғанау) сапалық нәтиже (секіру, жүгіру және т.б.) немесе іс-қимыл тапсырмаларын орындау (нысанаға тигізу), дене жаттығуларын орындау тәсілдерінің (техникасының) тиімділік деңгейін көрсетеді. Дене жаттығулары техникасында оның негізі айқындаушы звеносы және детальдары болады. Техника негізі – қозғалыс тапсырмаларын орындау үшін қажетті жаттығулардың басты элементі. Техника негізінің қандай да бір элементі жетіспесе жаттығу орындалмайды немесе бұрмаланады.
Техниканың айқындаушы звеносы. Бұл аталдған іс-қимыл техникасы негізінің барынша маңызды және шешуші бөлшегі. Мысалы: жүгіріп келіп биіктікке секіру де, бір аяқпен серпіп, оны жоғары және алдыға созылған екінші аяққа біріктіре көтеріп алып, техниканың айқындаушы звеносы болады. Ал, артқа лақтыру сәтінде соңғы серпу айқындаушы звено болып табылады. Жаттығу кезінде айқындаушы звено қасқағым сәтте атқарылады және бұлшық еттің үлкен күшпен жұмыс істеуін қажет етеді.
Техниканың детальдары. Техниканың кесел жасамай өзгеріске түсуі мүмкін, екінші кезектегі ерекшеліктер, мысалы, доп лақтырып болғаннан кейін, тепе-теңдігін сақтау үшін жаттығуларының кейбіреуі екі аяқпен кезектесіп секірсе, кейбіреулері бір аяғын екіншісіне қояды. Дене жаттығулары бірінен кейін бірі ауысып келіп тұратын фазалардан (немесе бөлшектерден) тұрады.
Ациклдік жаттығу. Ациклдік жаттығу (лақтыру, секіру т.б.) кезінде орындалатын әрбір іс-қимыл толық аяқталған іс-әрекет болып табылады. Бұлар үш фазаға бөлінеді:
a. әзірлік;
b. негізгі;
c. қорытынды.
Бұл фазалар бір-бірімен тығыз байланысты, қосарлана жүреді және бір-біріне тәуелді болады. Дегенмен олардың әр қасысының өзінді ерекшелікері тұтас жаттығу барысында атқаратын белгілі бір атқаратын қызметтері бар.
Әзірлік фазасы. Негізгі фазаны орындау үшін барынша қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, допты артқа лақтыру кезінде қолда, денеде серпілу үшін кейін қарай шалқайуға мәжбүр болады. Бұл лақтыруды (негізгі фазаны) қамтамасыз етеді. Әзірлік фазасы кезінде бұлшықеттер созылады. Негізгі фаза кезінде олар жылдам және қатты жиырылады. Қол қозғалысының алысқа серпіліп, жылдам жиырылуы, доптың ұшу қашықтығын қамтамасыз етеді. Биіктікке секіру кезінде жаттығушы негізгі фазаны орындау бағытына жүгіреді. Бұл серпілу күшін ұлғайтады және үлкен кедергілердің жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Негізгі фаза. Негізгі фаза негізгі қимыл қозғалыс міндетін шешуге бағытталады. Мысалы: лақтыруда допты серпу, секіруде қатты серпілу, кедергіні жеңіп өту. Бұл фазада атқарушы күштерді тиісті бағытта орындап қажетті сәтте тиімді пайдалану маңызды.
Қорытынды фаза. Қорытынды фазаның міндеті қозғалысты тоқтату және тепе-теңдікті сақтау: алысқа лақтыру сәтінен соң, мәре сызығынан шығып кетпеу. Жүгіріп келіп, алысқа секірген соң, құлап қалмау.
Жаттығудың ерекше элементтері болады:
басты жағдай;
d. көздеу;
e. серпу;
f. жіберу.
Кеңістіктің сипаттамасы. Бүкіл дене жаттығулары кеңістікте атқарылады. Кеңістіктік сипаттамаға бастапқы жағдай дене мен оның бұлшектерінің іс-қимыл кезіндегі жағдайы траектория енеді. Бастапқы жағдай – бұл жаттығу алдындағы салыстырмалы түрде қозғалыссыз тұрған жағдай. Ол іс қимылға дайындықты білдіреді. Бастапқы жағдайдағы дененің және оның бұлшектерінің өзгеріске түсуімен жаттығуының күрделілігін өзгертуге бұлшық еттерге түсетін салмақты күшейтуге және ағзаға оңды ықпал жасауға болады. Мысалы: орындықта отырып оңға, солға бұрылу, қарын бұлшық етінің жұмысын күшейтеді. Еденге жатып жаттығумен айналысу-дене салмағының омыртқаға түсетін күшін азайтады. Бастапқы жағдай жаттығуды дұрыс орындау үшін және келесі іс-әрекеттің нәтижелі болуы үшін тиімді жағдай туғызады. Мысалы: сөреде (старт) еңкейіп тұру, жүгіру кезінде жылдам қозғалуды игеруді қамтамасыз етеді. Дене жаттығуының орындалу процесінде дененің немесе оның жекелеген бұлшектерінің қозғалыссыз тұруы, бұлшық еттерінің статистикалық күші арқылы қамтамасыз етіледі. Атқарылатын дене жаттығуларының тиімділігі денені қажетті қалыпқа қоюға, оның бұлшық еттерін барынша ыңғайлы жағдайға ұстауға байланысты болады. Айталық конькишінің, шаңғышының, велосипедшінің еңкейіп тұруы, ауаның қарсылығын азайтады. Сөйтіп алдыға қарай жылдам қозғалуды қамтамасыз етеді. Кейбір жаттығуларды орындау техникасында басты белгілі бір жағжайда ұстаудың маңызы бар. Мысалы: орындықта немесе бөренеде жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін, басты түзу ұстайды. Мәнерлеп сырғанауда, спорттың және көркем гимнастика кезінде дене мен оның жекелеген бөлшектерінің дұрыс жағдайда болуына арнайы эстетикалық талап қояды: аяқтың ұшын созып түзу ұстау денені иіу және т.б.
Қозғалыс траекториясы – дененің қозғалатын бөлшектерінің немесе заттарының жүріп өткен жолы траектория деп аталады. Траекторияда үш ерекшелік көрінеді:
а) форма;
б) бағыт;
в) қозғалыс шегі.
Формасы жағынан траектория түзу және қисық сызықты болады. Дене бөлшегі қысқа қашықтықта үлкен жылдамдықпен қозғалуы қажет болғанда, түзу сызықты форма пайдаланылады. Мысалы: семсерлесу (фехтования) сәтінде шаншу бұлшықетінің қосымша жұмыс жасауын қажет ететіндіктен, қисық сызықтың қозғалысы жиі қолданылады (теннис кезінде ракеткамен допты ұру үшін қолданылатын шеңбер қозғалыстар). Траектория формасының күрделілігі қозғалатын дененің салмағына тәуелді болады. Салмағы үлкен болған сайын форма қарапайым болады. Мысалы: аяққа қарағанда, қолдың қозғалысы алуан түрлі болады.
Қозғалыстың бағыты. Қозғалыстың денеге оның бөлшектеріне немесе затқа берілетін бағыт дене жаттығуының жекелеген бұлшықеттерді дамытуға тигізетін әсерінің тиімділігін және қозғалыс міндеттерін ойдағыдай орындауды айқындайды. Қозғалыстың бағыты адамның өз денесіне қатысы немесе сыртқы дүниеге араласуы арқылы анықталады. Яғни қолды алға созу немесе допты тордың сыртына лақтыру. Адам денесінің қозғалысқа түсетін негізгі бағыттарына мыналар жатады: жоғары-төмен, ілгері-кейін, оңѓа-солѓа.