Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 09:11, реферат
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдаолары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.
КІРІСПЕ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдаолары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.
Әлеуметтендіру туралы айтқан біз мәдени нормаларды игеру мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесін әңгіме етеміз. Бұл процесс адамның индивидке және тұлғаға айналуын білдіреді. Әлеуметтендіру процесі сатылардан өтеді, оларды негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Бұл балалық шақ, жасөспірімдік, ер жету, және қарттық шарттар. Әлеуметтендіру процесінің нәтижеге жету деңгейіне орай немесе аяқталуына сәйкес оны бастапқы немесе ерте әлеуметтендіру деп бөліп көрсету ғылымда орын алған, бұл балалық пен жасөспірімдік кезеңді қамтиды және жалғастырушы немесе толығып жеткен есейген әлеуметтендіру деп те бөлуге болады, бұл қалған екі кезеңді қамтиды.
Әлеуметтік
«Меннің» қалыптасуымен, әлеуметтенудің
эволюциялық кезеңдерімен және хронологиялық
шеңберімен байланысқан бірнеше
ауқымды мәселелерді
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттіңалғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінге адамды өзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі,екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғат және әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі құдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнеледі. Бұдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демокрит пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологизм гректерде антропоцентризмге айналды.
ХХ ғасырда бірінші жартысында жиналған сан алуан жаңа фактілер адамның мәні туралы бастапқы көзқарасты қайта қарауға мәжбүр етті. Сөйтіп, туа біткен ұлылық адамнан автоматты түрдеұлы тұлғаны қалыптастыруға кепілдік бермейтіні белгілі болды. Дәл осы сияқты тектік жарақат, ауру немесе басқа да жағымсыз биологиялық алғышарттар адамның толыққанды қоғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға түседі.
Сонымен, ХІХ ғасырда адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің арасалмағына қатысты мәселені нақты ғалымдар әдістерінің көмегімен толық шешпекші болған ниет іске аспады. ХХ ғасырда бұл мәселе одан ары бетер үлкен қайшылыққа тап болды. Бүгінге ғалымдар бұл мәселені шешілмейтін проблема деп қарауға бағыт ұстап отыр. Адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:
Кең мағынада алғанда әлеуметтік үшке бөлінеді:
Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік-бұл адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның басқа біреумен қарым-қатынасының ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз-адамдардың өзара қарым-қатынастары және сол қатынастардың қоғамдық маңызды нәрсе ретінде қарастырылуы.
Адам мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың объектісі және олардың субъектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады.
Адам- жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық, «ерекшелік» дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал «жеке өзіндік» дегенімізи өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше өмір сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды.
Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта оның нвқтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Ал әлеуметтануда тұлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік қатынастарының субъектісі ретінде қаралады. Әлеуметтік қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.
Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар-өмір сүріп отырған әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің өзара қимыл-әрекеті процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір тұрақты байланыстарының жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.
Тұлғаның әлеуметтік түрі-белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа кіретін тұлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалары жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сапаларында белгілі бір таптын, я болмаса әлеуметтік адамдарынатән ортақ, біршама тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның әлеуметтік түрлері трихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметтік айналадағы ортанаң, дәстүрлердің, әдет-ғұрыпиардың, жалпы дүниетанымның, үлгі-өнегеліктің және қоғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болп табылады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір әлеуметтік отраның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік ерекше жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың өкілі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға сөз болып отырған қоғамдықдаралықтың өзіне тән белгілерімен сипатталады.
Тұлғалар мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау негізінде орнайды. Әлеуметтік бақылай бұл оны құрайтын элементтердің тәртіптелген өзара әрекетін қамтамасыз ететін, әлеуметтік жүйенің өзін реттеп отыратын тәсілі, әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын тұрақтандыру қызметі үстемдік етуші әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік құрылымның шептерін ұдайы жандандыру болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын мақсаттық қызметі, оның бағытталуы мен мазмұны сол тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйенің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-құқықтық сипаттарына, тарихи даму процесіндегі қоғам типтерінің бірін-бірі алмастыруда алатын орнына тәуелді болады. Әлеуметтік бақылау проблемасы негізінде басты мәселе. Себебі ол жеке адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынас туралы мәселені қамтиды.
Әлеуметтік бақылау
тұрғысынан алғанда жеке адам мен
қоғамның өзара әрекеті олардың
өзара әрекетінің ішкі қарама-қайшылықтарын
анықтайды. Бір жағынан алып қарағанда,
адам қоғамнан тыс жерде өзінің индивидуалдығын,
әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін
қалыптастыра алмайды. Егерде жеке адамәлеуметтік
және әлеуметтік-мәдени ортаның жемісі
болмаса, онда ол адам емес. Екінші жағынан,
адам мәдениетінің үлгілеріне автоматты
түрде бейімделетін болса, онда ол индивидуалдылығын
сақтай да, дамыта да алмайды. Егер адам
әлеуметтік мәдени ортаның тек көшірме
бейнесі болатын болса, онда ол тұлға бола
алмайды.
Халықтық
педагогикалық көзқарастарын
Қалай
болғаңда да әңгімелер жинақталған
мәліметтерден құңдыны және пайдалыны
екшеп алу, қажет емес немесе күмән
тудыратыннан бас тартуға жәрдемдесті,
яғни, жағымды педагогикалық
Ойындар тек жұбаныш пен уақыт өздыру, сауық-сайран мен балалар үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, балалар ойындарын этнографиялық және педагогакялық тұргыдан таддауға үмтылған Ә.Диваев талпынысы үлкен ғылыми қызығушылық туғызады. (А.А.Диваев. Игры киргизских детей. Туркестанские ведомости, Ташкент, 1905).
Әрбір және кез келген халықтың педагогикалық мәдениетінде жетілген адам идеясын жүзеге асыруға бейімделген озіндік табыстары бар. Бұл табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бірнемесе бірнеше жақтарына қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-жақты ашып көрсетеді. Халықтық тәрбиенің демократиялық мәні оның негізі идеяларының, формаларының, құралдарының және т.б. сабақтастығын қамтамасыз етеді. Олар өзінің дамушы табиғатына сай ұрпақтан ұрпаққа кеңейіп, байып және түрін өзгертіп ауысып отырады.
Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім-нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары жөне әдет- ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге ең ақырыңда, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмір тәжірибесі сондай-ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткіншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды. Төменде автор мақалаларымен және балалар мен жастар ойындары жайлы баяндалатын өзге де бірқатар шығармалардан мәліметтер берілген.
А.А.Диваев "Қазақ балаларының ойындары" мақаласында ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, "Соқыр теке", "Көк сиыр", "Бөрік жасырмақ" т.б. ойындардың мазмұнын ашады. Сондай-ақ "Қырғыз жастарының көне ойындары" мақаласыңда, тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары "Қыз қуу", "Көкпар", "Аударыспақ" т.б. ойындары жайында мағлүматтар береді. Әрине бұл ойындардың дене тәрбиесінде алатын орны өзгеше, әсіресе, спорт саласында. А.Диваев "Қырғыз балаларының ойыны" деген еңбегінде ойынның бала тәрбиесіндегі ролін айта келіп, жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі:
1. Бір жастан жетіге дейін - нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін бозбала, ал он бестен отызға дейін - жігіт. Осыған орай ойындарды да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігітер ойыны деп негізінен үш топқа белген, Диваевтың ойынды үш топқа белгендегі ескергені біріншісі ежелгі қазақ ойындары; екіншісі қозғалмалы ойындар, үшіншісі спорт ойындары. Сондай-ақ А.Диваев мына мәселеге ерекше көңіл бөлген: "бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақгары мен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқгы жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жок, ...Бірақ та антрапологиялық қөзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықгары баланың өз творчестволық қиялымен туғандықтан құнды болып есептеледі." Шындығында балалардың өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері олардың шығармашылық шабытын оятумен қатар өзін қоршаған дүниенің танып білуіне мүмкіндіктің бәрі ойын арқылы іске асатыны күмән тудырмаса керек.