Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:37, реферат
Елiмiзде дiн социологиясы iлiмдерi соңғы жылдары ғана жандана, негiзделе бастағанын ескерген жөн. Бұл туралы пiкiрлерiмiздi баяндамас бұрын, алдымен дiн социологиясының зерттеу тақырыбы және дамуы хақында айталық. Қысқаша айтқанда, дiн социологиясы адамдардың дiнге негiзделген әлеуметтiк қатынастарын зерттейдi (Kehrer G. Religionssoziologie. – Berlin: Walter de Gryter und Co., 1968). Әлеуметтiк қатынастардағы дiннiң ықпалды рөлiн жоққа шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда Батыс қоғамдарында дiннiң нормативтiк күшi шектелген сайын дiни феномендердiң зерттелуi таза теология мәселесінен гөрi социология, саясаттану, антропология, құқық, психология сияқты эмпирикалық iлiмдердiң зерттеу нысанасына айналған. Сондықтан, дiн әлеуметтiк феномен ретiнде социологтар үшiн аса маңызды зерттеу объектiсi ретiнде қарастырылуда. Дiн социологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiлi әлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi