Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2012 в 20:43, реферат

Краткое описание

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу.

Содержимое работы - 1 файл

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰЖАТТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ.docx

— 72.04 Кб (Скачать файл)

- басқа жерге көшуiне  байланысты шартты бұзады.

Жұмыс берушi қызметкерге ____________________________________ мөлшерде  жәрдемақы төлейдi.

6.10. Жұмыс берушi қызметкердi Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген тәртiпте арнайы киiммен, құралдармен, көлiкпен және де  басқа инвентарлармен, сонымен бiрге  еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiмен  қамтамасыз етуге мiндеттi.

6.11. Егер қызметкер   Жұмыс берушiнiң кәсiпкерлiк   қызметiн орындау мақсатында  өз мүлкiн пайдаланатын  болса,  оған Жұмыс берушi шыққан шығынды  төлеуге мiндеттi.

 

7-бап. Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу

7.1. Осы шарт мына жағдайда  бұзылады:

а)

- мерзiмiнiң бiтуiне байланысты;

- тараптардың  еркiнен   тыс себептерге  байланысты тоқтатылады;

б)

- тараптардың келiсiмiмен;

- Жұмыс берушi тарапынан;

- Қызметкер тарапынан  бұзылады.

- Тараптардың еркiнен  тыс, ҚР заң актiлерiнде көзделген  басқа да негiздерге байланысты.

7.2. Осы шарт ҚР «ҚР-дағы  еңбек туралы» 10.12.99ж. №493-1 Заңының  26-бабында көзделген негiздер  бойынша Жұмыс берушiнiң тарапынан  бұзылуы мүмкiн және бұл факт  белгiленген тәртiппен құжатта ресiмделуi қажет.

7.3. Осы шарт ҚР «ҚР-дағы  еңбек туралы» 10.12.99ж. №493-1 Заңының  28-бабында көзделген  негiздер  бойынша қызметкер тарапынан  бұзылуы мүмкiн.

7.4. Бұл шарт тараптардың  бiрiнiң  атынан жазбаша түрде  шарт бұзылғанға дейiнгi бiр ай iшiнде ұсынылған жазбаша хабарламаның  негiзiнде бұзылуы мүмкiн.

7.5. Осы шарт тараптардың  өзара келiсiмi бойынша бұзылуы  мүмкiн. Шартты бұзу себебi осы  шартқа қосымша болып тiркелуге  тиiс.

7.6. Егер шарттың мерзiмi  бiтуiне бiр ай қалғанша    екi тараптан да жазбаша түрде  хабарлама түспесе, онда шарттың  мерзiмi ұзартылған деп есептеледi.

7.7. Меншiк иесiнiң немесе  заңды тұлғаның ауысуы осы  шартты бұзуға негiз бола алмайды.

 

8-бап.  Еңбек даулары

8.1. Еңбек даулары тараптардың  келiсiмiмен төмендегi инстанцияларда:

а)  келiсiм комиссиясында (егер ол Жұмыс берушiде бар болса);

б)  аралық сотта, оның құрамы тараптардың келiсiмiмен сайланады;

в)  Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк соттарында  қаралуы  мүмкiн.

8.2. Қызметкер мемлекеттiк  сотқа жүгiнсе, онда ол мемлекеттiк  баж салығынан және басқа да  соттың төлемдерiнен босатылады.

 

9-бап. Басқа жағдайлар

9.1. Егер осы шарттың  ережелерi  Жұмыс берушiнiң фирма  iшiндегi актiлерiне қарсы келетiн  болса, онда , негiзiнен, осы шарттағы  ережелердiң заңдық күшi болады.

9.2. Егер осы шарттағы  ережелер Қазақстанда бекiтiлген  халықаралық шарттар мен  Қазақстан  Республикасының «ҚР-дағы еңбек  туралы» заңдарының ережелерiне  қайшы келетiн болса, онда  ең  бiрiншi халықаралық шарттары, содан  кейiн ҚР заңдары заңды болып  табылады. Шарттың жекелеген тармақтарының  заңсыздығы шарттың заңдық күшiн  жоя алмайды.

9.3. Егер ҚР заң актiлерiнде   қызметкердiң жағдайын жақсарту  жөнiнде өзгертулер енгiзiлсе,  онда осы шарттың соған сәйкес  тармақтарына да өзгертулер енгiзiледi, егер керiсiнше болса, онда шартқа  өзгерiс енгiзiлмейдi.

9.4. Осы шарт  заңдық  күшi бiрдей  екi данада жасалады  және  бiр-бiр данадан тараптарға  берiледi, әрбiр тарап қажетiне  қарай кез келген санда көшiрме  жасауға хақылы.

9.5. Осы шарт «____»__________ 200___жылдан бастап күшiне енедi және мерзiмi бiткенше әрекет  етедi, ал оның 2-баптағы мәлiметтерi тараптардың коммерциялық құпиясына  жатады.

Қосымша:

1. Жеке материалдық жауапкершiлiк  туралы шарт 1 бет, 1 дана.

2. Коммерциялық құпияға  жататын мәлiметтердi жарияламау  туралы мiндеттеме, 1 бет, 1 дана.

 

Жұмыс берушi    Қызметкер

__________________________________ _________________________________________

                  (заңды тұлғаның атауы, СТН)                                                 (азаматтық, аты-жөнi, ӘЖК-нiң нөмiрi

__________________________________ _________________________________________

                лауазымы, аты-жөнi және уәкiлеттi                                                 СТН, мекенжайы, тұратын жерi 

__________________________________ _________________________________________

       тұлғаның  қолы, заңды тұлғаның мөрi, күнi)                                                             қолы және күнi)

 

 

 

КЕЛІСІМШАРТ

 

Келісімшарт – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және  тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландыратын ресми құжат.

Шарттың (келісімшарттың) жазбаша  түрде жасалынатын мәміленің  мазмұны толық көрсетіледі, екі  жақ (Тараптар) немесе Тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді  нотариус бекітеді.

 

Шарт мынадай жағдайларда  жасалады:

  1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәліметтер:

а) тұрғын үйді сатып алу  – сату туралы;

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

 

  1. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға  беру туралы келісімшарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісімшарт;

б) жер учаскесін сатып  алу – сату туралы келісімшарт.

 

  1. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу  – сату жөніндегі келісімшарт;

ә) автомашинаны залогқа  беру жөніндегі келісімшарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

 

  1. Ақша қаражатын заемға  алу – заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.

Пәтерді сатып  алу-сату туралы келісімшарт.

Біз, азаматтар, Арман Қызыбекұлы және Майра Халелқызы, Алматы қаласы, Тұрғыт Өзал көшесі, 137-үй, 12-пәтер және Алматы қаласы, Н. Тілендиев көшесі, 263-үй, 25-пәтерде тұратындар, жеке басының  куәлігі № 112144 және № 232564, Қазақстан  Республикасының ІІМ берген, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық:

1. Мен, азамат Арман  Қызыбекұлы, мекенжайы: Тұрғыт Өзал  көшесі, 137-үй, 12-пәтерді саттым, мен,  азамат Майра Халелқызы, Тұрғыт  Өзал көшесі, 137-үй, 12-пәтерді сатып  алдым.

2. Көрсетілген пәтер:

- 1996 ж. 5 қаңтарда жасалған  сату-сатып алу келісімшартының  негізінде;

- келісімшарт №... тізбеде  тіркеліп, Алматы қаласының №7  нотариалдық кеңсесінің нотариусы  куәландырған;

- ТИБ-те тіркелген,

Жекеменшік құқығы бойынша  азамат Арман Қазыбекұлы тиесілі; ол жалпы пайдалы аумағы 65 шаршы  метр 2 бөлмеден тұрады.

Пәтердің инвентарьлық құны

ТИБ-тің 1994 жылғы 5 қаңтардағы №17 бланкіде көрсетілген анықтамасы бойынша 100. 000 теңге тұрады.

3. Мен, азамат Арман  Қазыбекұлы, азамат Майра Халелқызына  осы келісімшартқа қол қою  кезінде төленетін үш жүз жетпіс  бес мың (375000) теңгеге саттым.

_______________________________________________________

                           (мәмілешарттың жасалған  орны және айы,  күні, жылы сөзбен  жазылады)

4. Осы уақытқа дейін  көрсетілген пәтер ешкімге сатылған  жоқ, салыққа берілген жоқ және  дау-таласта, тыйым салуда (тұтқында) болған жоқ.

5. Пәтерді пайдалануды  Қазақстан Республикасының «Тұрғын  үй қарым-қатынастары туралы»  Заңында белгіленген, тұрғын үйді  пайдалану ережелеріне сәйкес  азамат Майра Халелқызы жүргізеді.

6. Сатылған пәтерді азамат  Арман Қазыбекұлы беруі және  оны азамат Майра Халелқызы   қабылдап алуы екі жақ қол  қоятын беру актісінің негізінде  жүзеге асырылады.

7. Қолданылып жүрген заңның ... – бабының мазмұны түсіндірілді.

8. Келісімшартты ресімдеуге  байланысты шығынды азамат Арман  Қазыбекұлы төлейді.

9. Келісімшарт үш дана  етіп жасалды, оның бір данасы  нотариалдық кеңсенің № тізбесінде  сақталады, тиісінше даналары  келісімшартқа қатысушы тараптарға  беріледі.

 

Тараптардың қолы                           Сатып алушы

                                                            Сатушы

 

1999 жылғы 15 наурызда осы  келісімшартты мен, Алматы қаласы, №7 нотариалдық кеңсенің

__________________________________________________

                             (нотариалдық кеңсенің  атауы, линцензия  нөмірі толық көрсетіледі)

нотариусы ___________________________________куәландырдым

                                                                            (аты-жөні)

Келісім шартқа менің қатысуым кезінде қол қойылды, жақтардың  жеке тұлғалары анықталды, олардың  құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді, сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі  екендігі тексерілді.

Келісімшарт __________________________________

                                                         (мемлекеттік органның аталуы)

тіркеуден өтуге тиіс.

№ ... тізбеде тіркелген

Тариф бойынша алынды

Нотариус:

Қосымша әдебиеттер.

 

  1. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу.  Алматы, 2000
  2. Дүйсембекова Л. Ресми іс қағаздарының тілі, Ана тілі, 2005

–   Алматы, 2005

  1. Исабекова К.Ж. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Қарағанды, 2006
  2. Қабатаева К.Т., Тойжігітова М.Ш. Делопроизводство и деловое общение. Қарағанды, 2007
  3. Қабатаева К.Т. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу Қарағанды, 2006
  4. Скала В.И., Скала Б.В., Скала Н.В.  – Алматы: « LEM», 2001. С. 216.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы

Менеджмент және бизнес коллджі

 

 

 

Тақырыбы:

Еңбек қатынастарын ресімдеу.

 

 

                                                                                   

 

                                                                                  Орындаған: Исина А.

                                                                                  Топ: УАк-02-09

                                                                                  Таксерген: Калиева Ж.Т.

 

 

 

 

 

 

2010ж.


Информация о работе Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз