Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2012 в 20:43, реферат

Краткое описание

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу.

Содержимое работы - 1 файл

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰЖАТТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ.docx

— 72.04 Кб (Скачать файл)

 

Белгілі бір жас пен  білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне  ерікті түрде алу туралы жазбаша  келісімі болып табылады.

Еңбек келісімі мыналардан тұрады:

  1. құжат аты;
  2. келісімнің жасалған орны мен күні;
  3. екі жақтың толық және шартты атауы;
  4. жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі;
  5. келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс);
  6. келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма);
  7. келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);
  8. сынау мерзімі;
  9. жұмысшының міндеттері;
  10. еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері;
  11. жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;
  12. еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
  13. ақшалай беретін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;
  14. демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;
  15. келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;
  16. келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайта қаралуы мүмкін);
  17. келісім тоқтатылатын жағдай  атап көрсетіледі;
  18. екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері (деректемелері);
  19. екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);
  20. шартқа қол қойылған күн;
  21. келісім қосымшасы (егер бар болса);

 

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда  таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар  қажет жағдайды жазбаша жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕКЕ   ЕҢБЕК   ШАРТЫ

 

Акционерлiк  қоғам  (ЖШС, ҚЖС, ЖК)________________________

 

Бұдан әрi  «Жұмыс берушi» деп аталатын, ___________________

_______________________________________________________

(шартқа қол қоятын тұлғаның  аты-жөнi , лауазымы)

____________________________________негiзiнде әрекет ететiн

_______________________________________________________

(лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiн анықтайтын құжаттың атауы)

_______________________________________________________

____________________________

(заңды мекенжайы, нөмiрi, күнi)

____________________________

____________________________

заңды тұлғаны тiркегенi туралы

____________________________

куәлiктi кiм берген)

____________________________

жеке басын куәландыратын

____________________________

құжаттың атауы, кiм берген)


 

және бұдан әрi «Қызметкер»  деп аталатын, ҚР «ҚР еңбек туралы»  Заңы негiзiнде іс-әрекет ететiн азамат________________________________ төмендегi мәселелер туралы осы шартты жасады.

 

1-бап.  Шарттың мәнi

1.1. Жұмыс берушi  қызмет  бередi, ал Қызметкер штаттық кесте  бойынша  және осы шартта  белгiленген жағдайларға байланысты _____________________________________ лауазымының   қызметiн атқаруға келiседi.

1.2. Осы шарт бойынша  бұл жұмыс қызметкердiң негiзгi  жұмыс орны болып табылады.

1.3. Қызметкердiң басқа  қызметтердi қоса атқаруға құқығы  бар және  өзiнiң негiзгi қызметiнен  босамай-ақ  қосымша  қызмет  атқара алады.

 

2-бап.  Шарттың  қолдану мерзiмi

2.1. Осы шарт_____________________________________________________________

                                                                              (мерзiмiн жазбаша түрде көрсету  керек)

мерзiмге жасалды.

- басталуы : «____»_______________2000ж.

- аяқталуы: «____»_______________ 2003ж.

2.2. Қызметкердiң ұйымдастыру  қабiлетiн және бiлiктiлiгiн  тексеру  үшiн ________________________ _________________________  айға  сынақ мерзiмi белгiленедi

- басталуы: «____»__________________ 200___ ж.

- аяқталуы: «____»___________________200___ж. 

2.3. 2.2 тармақшасындағы сынақ мерзiмi бiткенге дейiн _______________  апта (ай)  iшiнде тараптардың жазбаша хабарламасы бойынша бiр жақты тәртiпте шартты бұзуға болады.

2.4. Қызметкер сынақ мерзiмiнде  жүрген кезде  ҚР еңбек туралы  заң актiлерiнде және осы шартта  белгiленген нормаларды пайдаланады.

 

3-бап. Қызметкердiң құқықтары  мен мiндеттерi

3.1. «____»______________ 200____ж. №_______«Лауазымдық  нұсқаулық» және  «____»______200__ж.  № __________  «Қызметкерлер туралы»  ережелерге сәйкес қызметкерлердiң  атқаратын лауазымы бойынша құқықтары  мен мiндеттерi  болады.

3.2. Қызметкер  өзiнiң  қызметiн орындауға тiкелей қажеттi  Жұмыс берушi берген  мүлiктердiң   дұрыс сақталуына толық материалдық  жауапкершiлiкте болады және осы  Шарт бойынша мiндеттердi орындауға  мiндеттенедi (1-қосымша).

3.3. Қызметкер  қызмет  бабына байланысты  өзiне ғана  мәлiм Жұмыс берушiнiң коммерциялық  құпия мәлiметтерiн жарияламау  жөнiнде жазбаша түрде мiндеттеме  бередi (2-қосымша).

3.4. Қызметкер ___________________________________ тiкелей бағынышты болады.

                                                         (басшының лауазымы)

3.5. Қызметкер жылына бiр  рет Жұмыс берушiнiң есебiнен  Қазақстан Республикасының  «ҚР-дағы  еңбек туралы» 10.12.99 жылғы №  493-1 Заңының 88-бабында белгiленген  жағдайларға сәйкес, лауазымы бойынша   өзiнiң еңбектегi мiндеттерiн орындаудан  толық босатыла отырып, бiлiмiн  көтеруге құқығы бар.

3.6. Жұмыс берушi ҚР «ҚР-дағы  еңбек туралы»  10.12.99 жылғы № 493-1 Заңының 91 бабының 2-7 тармақтарында белгiленген жағдайларда қызметкерге  келтiрiлген зардабтар үшiн  толық мөлшерде жауапты болады.

 

4-бап. Жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

4.1. ҚР «ҚР-дағы еңбек  туралы» 10.12.99ж. № 493-1 Заңының  8-бабының және iшкi қолданыс үшiн  шығарылған жарғылар мен актiлердiң  талаптары шегiнде Жұмыс берушiнiң   құқықтары мен мiндеттерi болады.

4.2. Жұмыс берушi қызметкердi осы Шартқа қатысты  барлық  құжаттармен  таныстыруға мiндеттi, оның iшiнде:

- «Қызметкерлер туралы»  ереже;

- лауазымдық нұсқаулық;

- жұмысқа алу, ауыстыру, жұмыстан шығару, жазалау, көтермелеу, iссапар туралы және тағы басқа  бұйрықтар;

- коммерциялық құпияға  жататын мәлiметтердiң тiзiмi.

4.3. Жұмыс берушi келiсiмдi бұзғаннан кейiн немесе жұмысты  одан әрi жалғастыру үшiн, сонымен  бiрге Қазақстан Республикасы  тұрғындарын жұмыспен қамту қызметiне  тiркелу үшiн  қажеттi - еңбек  қызметiн,  еңбек ақысын, кепiлдiктердi, өтемақыларды растайтын барлық  құжаттарды  ресiмдеудi және сақтауды  қамтамасыз етедi.

4.4. Жұмыс берушi қызметкердiң  арызы бойынша 5 күн iшiнде төмендегi құжаттарды:

- еңбек кiтапшасын немесе  оны ауыстыратын құжатты;

- бұйрықтардың (қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару, көтермелеу, жазалау  ж.т.б.) көшiрмесiн;

-  жалақы, жұмыс уақыты, лауазымы туралы анықтаманы;

- ұсыным хатты дайындап  беруге міндетті.

4.5. Осы Шарттың қолдану  мерзiмi  iшiнде Жұмыс берушi  қызметкердiң лауазымын көтеру  мақсатында, «Аттестация  туралы»  ережеге және тұрақты түрде  қолданылып жүрген тарифтiк-бiлiктiлiк  комиссияның ережесiне сәйкес  қызметкерден аттестация алуға  құқығы бар.

Аттестация жақсы нәтиже берген  жағдайда осы Шартты қайта  жасайды, аттестация нәтижесi Жұмыс  берушiнi қанағаттандырмаса, шарт өзгерiссiз  күйiнде қалады.

 

5-бап.  Қызметкердiң  еңбек жағдайы

5.1. Жұмыс уақыты  мен демалыс

а) Қызметкерге:

- бес күндiк жұмыс аптасы  және екi күн – сенбi, жексенбi- демалыс белгiленедi;

- «_____» сағаттан бастап  «_____» дейiн сегiз сағат жұмыс  күнi белгiленедi;

- бiр сағат «_____»   сағаттан «_____» сағатқа дейiн  үзiлiс жарияланады.

б)  ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99.ж. №493-1 Заңының 49-50 баптарына сәйкес  мерзiмнен  тыс жұмысқа рұқсат етiледi;

в) ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99.ж. №493-1 Заңының  17-23 баптарында белгiленген жағдайларды сақтай отырып, еңбек шартына өзгерiстер енгiзуге, оның iшiнде қызметкердi басқа жұмысқа  ауыстыру туралы шешiмдер қабылдауға құқығы бар.

г) ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99.ж. №493-1 Заңының  48,56,58,59- баптарында белгiленген жағдайларды сақтай отырып, қызметкерлердi түнгi ауысымға, демалыс және мереке  күндерiнде жұмысқа тартуға болады;

д) Қызметкер атқарып отырған  лауазымына байланысты  қызметтiк  мiндеттерiн орындау үшiн  Қазақстан  Республикасының шегiне , сонымен  бiрге шет елге  iссапарға жiберiлуi мүмкiн;

е) Қызметкерге жыл сайын  жалақысы сақталатын , ақылы, ұзақтығы 30 күнтiзбелiк күн еңбек демалысы берiледi. Осы шартқа қол қойғаннан  соң____________ айдан демалыс алуға  құқық кейiн берiледi. Сонымен бiрге, демалыс өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты тараптардың келiсiмiмен  мерзiмiнен бұрын үзiлуi мүмкiн.

ж) Қызметкерге аса маңызды  тапсырмаларды орындау үшiн :

- __________ күн  мерзiмiне  қосымша демалыс берiледi;

- __________ теңге мөлшерiнде  емделуге материалдық көмек көрсетiледi. 

з)   орынды себептер   болған кезде Жұмыс берушi қызметкерге  ——— күнге  ақысыз демалыс беруi мүмкiн;

и)  еңбек демалысын  бiр жылдан артық уақытқа кейiнге  қалдыруға болмайды, оның өзiнде  ол бұйрықпен ресiмделуге тиiс;

к)  демалыстың  осы  шартта белгiленбеген  ресiмдеу  рәсімдері  мен тәртiбi «____»________2000__ж. №________ «Қызметкерлер  туралы» ереже арқылы реттеледi.

 

 

5.2. Еңбекақы  және  сыйақы туралы

а)  қызметкерге «__»________200__ж. №_____«Еңбекке акы төлеу туралы ереже  бойынша _____ мөлшерiнде жалақы төленедi. Жалақысы ай сайын инфляцияның коэффициентiне, сыйақының және қайта қаржыландыру ставкаларына байланысты дисконттау арқылы индекстелінедi.

б)  осы шартқа қол қойған күннен кейiн бiр жыл өткен соң, егер қызметкер өз қызметiн мүлтiксiз  орындап, бұйрықпен ресiмделген жаза алмаса, онда қызметкерге ай сайын  дербес үстемақы белгiленуi мүмкiн.

в) осы шарттың 5.1 тармағының «б» тармақшасында  көрсетiлген  мерзiмнен тыс  жұмыс үшiн қызметкерге  жалақының 1.5 коэф. мөлшерiнде , ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99ж. №493-1 Заңының 73-бабына сәйкес төлем жасалады.

г)  Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен  тоқтаған жұмыс уақытына және екi қызметтi қоса атқарған кезде «___»____________200____ж  №________ «Еңбекке ақы төлеу туралы»  ереже бойынша  төлем жасалады.

д) Егер жалақы немесе басқа  да тиiстi төлемдер  Жұмыс берушiнiң  кiнәсiнен кешiктiрiлсе, онда  ол қызметкерге  Ұлттық Банк белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша берешек сомадан әрбiр кешiктiрiлген  күн үшiн өсiмақы төлейдi. Өсiмақыны есептеу төлем жасаудың белгiленген күнiнен бастап берешектi төлеп болғанша жүргiзiледi.

е) кез келген себептерге байланысты  шартты  бұзған жағдайда Қызметкерге тиiстi сома соңғы күннен кешiктiрiлмей төленедi.

 

6-бап. Кепiлдiктер мен өтемақылар

6.1. Егер Жұмыс берушi  Қызметкердi мемлекеттiк немесе қызметтiк  мiндеттемелерiн орындау кезiнде  жұмыстан босататын болса, онда  қызметкердiң жоқ кезiнде оның  лауазымдық қызметi мен орташа  жалақысы сақталуға тиiс.

6.2. Егер қызметкер дәрiгерлiк  тексеруден өтетiн болса, немесе  басқа да мiндеттi комиссиялардан  өтiп жүрсе, онда осы уақытта  оның орташа жалақысы сақталуы  керек.

6.3. Қызметкерге пайдаланылмаған  еңбек демалысы үшiн _______________мөлшерiнде  өтемақы төленедi.

6.4. Iссапарға байланысты  кепiлдiктер мен өтемақылар ҚР-ның қолданылып жүрген заң актiлерiне байланысты төленедi. Iссапарға ҚР Үкiметiнiң белгiлеген нормасынан артық төленетiн  өтемақылар  оны растайтын құжат болғанда ғана төленедi.

6.5. Қызметкер Қазақстан  Республикасының  заң актiлерiнде  белгiленген тәртiпке байланысты  әлеуметтiк жәрдемақылардың барлық  түрлерiмен қамтамасыз етiледi.

6.6. Қазақстан Республикасының  Үкiметiмен реттелген жағдайда  өзiне тиiстi қызметiн орындау кезiнде  еңбекке қабiлетiн жоғалтқан   немесе қайтыс болған адамның  отбасына  немесе қызметкерге  ҚР заңдарында белгiленген мөлшерде   жәрдемақы төлейдi.

6.7. Қызметтiк мiндеттерiн  орындау  кезiнде Қызметкердiң  денсаулығына тигiзген зиян үшiн  Жұмыс берушi жауапты болады, қызметкерлердiң  өмiрiн  сақтандыруы керек.

6.8. Мына себептерге байланысты:

- жұмыс берушiнiң ұйымы таратылғанда;

- қызметкердi әскерге шақырғанда;

- қызметкер қайтыс болған жағдайда шартты бұзады.

Жұмыс берушi Қызметкерге  немесе оның отбасына  Қазақстан  Республикасының  Үкiметiнде белгiленген ең төменгi жалақының _______________________ мөлшерiнде  жәрдемақы төлейдi.

6.9. Мына себептерге байланысты:

- штаттық кестенiң немесе  қызметкердiң лауазымының  қысқаруына  байланысты;

- тараптардың келiсiмi  бойынша;

- денсаулығына байланысты  атқаратын қызметiн орындай алмаған  жағдайда;

- зейнетке шығуына байланысты;

Информация о работе Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз