Дағды және икем

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 17:17, реферат

Краткое описание

Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекетбөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтануын дағды деп атайды. Мәселен, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), терлеп-тепшіп қиналады. Ал жазуға төселген адам өз козғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше көңіл бөледі.

Содержимое работы - 1 файл

Ақерке психология777.doc

— 142.00 Кб (Скачать файл)


ДАҒДЫ ЖӘНЕ ИКЕМ

Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекетбөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтануын дағды деп атайды. Мәселен, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), терлеп-тепшіп қиналады. Ал жазуға төселген адам өз козғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше көңіл бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталған. Дағдылануда іс-әрекеттін тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.

Дамуы шегіне жеткізілген дағдылардан мына төмен-дегідей белгілёрді байқауға болады:

1)    Дағды алудың белгісі — әр   түрлі   амалды   тез орындап, шапшаң қимылдау (мәселен, турникке ойнаған спортсменнің дағдысы);

2)    Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, киналып істеу жойылады (мәселен, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, ж;азуға   төселмей   тұрғандағы балада байқалатын ебдейсіздік т. б. адамда  әлі де  дағдының жоқтыгының белгісі);

3)   Дағдыланудың үшінші   белгісі — бірқатар   жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал   жасай алу. Мәселен, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бешеді, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады.

«Сауаты ашылған адам,— деп жазды А. Байтұрсынов (1873—1937),— жазылран, я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып оқиды... Неғүрлым сез сүгіреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдам танып, шапшаң оқымақшы... Адам әріптерді бірі биік, бірі аласа, ұзын, бірі қысқа келіп, сез әлпіне... ашық сурет береді. Бір жағынан онысы, екінші жағынан қойылатын қоеымша белгілері сеп болып, сөз сүгіретін көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады»1.

4)    Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мәселен,   жазу  дағдысы баланың козғалыс түйсіктерінің жетіле   түсуін   қажет етеді, тәжірибелі машинистка да каваз басуда көздің кө-мегіне сүйенбей, саусақтардың   қимыл-қозғалыстарына ерекше көқііл бөледі).

5)    Дагдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы, мәселен, машинистка тексті кө-шіргенде, әрдайым оның көзі   алға   жүгіріп,   қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқан кезде, оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп окуда да көз бірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бір-неше сөйлемді қамтиды, Адам текстің мағынасын түсі-нумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны. психологияда дағдының 'антиципа­ция с ы ' дейді.

Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шеіінуші кезендёріне жұмылдырылады. Мүндай жұмыстың табысты болуы қамтамасыз етіледі. Іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам ендіріс құралдарын, дене шынықтыру, спорт атрибуттарын, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам, әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, кеп істес болатын нәрсесіне дағдыланса, бұдан біраз уақытын үнемдейді, күш-қуатын орнына пайдаланатын болады. Колхозшылар мен жүмысшылардың, инженерлер меи техниктердін, шаруашылықтың сан-саласына күн сайын енгізіп жатқан ұсыныстары мен енертапқыштығы, олар-дың еңбек дағды.ІІарының өте-мөте жетілгендігін көрсе-теді. Оқу дағдыларын жете меңгеру баланы оқуда озат оқушының қатарына алып келеді. Еліміздегі ғылыми-техникалық прогресс адамдарда жан-жақты білім болу-мен қатар жақсы дағдының болуын қажет ете түсетіні сөзсіз.

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оны түрлі дағды-әдеттерге, бір нәрсені істеп үйренуге жаттықтыру болып табылады. К. Д. Ушинский дағды, әдеттердің тәрбие процесіне қатысы қандай екендігін былайша түсіндірген: «ддеттер ме.ч дағдыларды берік қалыптастырып, соның негізінде құрылатын тәрбиенщ өз негізі де берік болмақ, бұлар тәрбиеніқ сипатына өзініқ белгілі бір принципы енгізуге мүмкіндік береді». Бұрынғыдан гөрі жедел дамып отырған психология ғылымы казіргі кезең-де білім негіздерін тиісті дағдыларсыз жақсы меңгеруге болмайтындығы анықталып отыр.

Дағды бірнеше түрге топтастырылады. Олардың бастылары: мектептік (кітап оқу, жазу, есептеу т. б.), спорт (коньки тебу, футбол ойнау, күрес т. б.), енбек, түрлі мамандық (токарь слесарь, әскери, дәрігерл^к т. б.), Спорттық дағдыларды қозғалыс, мектептік дағды-ларды сенсорлық (тікелей қабылдау) және ингтеллектік дағдылар деп те атайды.                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы біріне-бірі өте жақын болғандықтан бұларды бірімен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділік дегеніміз - адамның қаңдай нәрсені болмасын  орындай  білу  кабілеті.  Мәселен,  төменгі класс оқушылары да футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ, олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған. Бұл мысал балада дағды болмағанмен, онда осы ойынға икемділіктің  барлығьн көрсетеді. Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді.: Мәселен, енді ғана әріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің  қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сөздерді, сөйлемдерді жазған кездегі икемділігі -бұрынғысынан   күрделірек   болып   келеді. Икемділік білім мен тэжірибеге негізделеді. Кімнің бі лімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамньң икемді лігі де артық болады. Икемділік — белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудын көрінісі болып табылады. Бірінші класс оқушыларынын, жазу, оқу дағдыларын меңгеру дәрежесінің түрліше болып келетін себебі — икемділік дәрежесінің әр   түрлілігінен деуге болады.

Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әре-кетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудьң да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады, Оқушы орфографиялық ережелерді жаттап алғанмең, жазуда қате жіберіп қояды. Бұл оның білімі икемділігімен байланыспағаны. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның үйрену тәсілінің жетіктігі оның дағдыға тезірек машықтануынан туған қажетті білімдерді тезірек меңгеруге жәрдемдеседі. Екінші жағынан, адамда дағды мен білімнің жетіспей жатуы оның икемділігінің арта түсуіне кедергі келтіреді. Бұл үшеуі бір-бірімен кері қүрылымдастық қатынаста болып отырады.

:               Үйрену мен білімнің арасында да белгілі байланыс бар. Үйрену жануарларда да кездеседі. Адамньщ негізгі үйренетін нәрсесінін, бірі — білім. Соңғысы жануарлар­да жоқ. Оларда тек стимул мен реакцияны айыру қабілеті ғана бар. Мұны (рефлекстік үйрену) дейді. Адам түрлі ғылыми білімдерді үйренеді, бүл үшін ол сан алуан амал-тәсілдер қолданады, мақсат-бағдарын мәселені шешуге бағыттайды. Осы жолда түрлі проблемалық жағдайға кездеседі, белгісіз нәрсені зерттеп білумен айналысады. Күрделі үйренулердіц қиысуы адамды мақ-еатқа сай әрекетті, ойлаудьщ жоғары түрлерінің қалып-тасуына мүмкіндік береді. Үйренудің интеллект сатысындағы түрін оқу әрекеті дейді. Соңғысы жануарлар дүниесінде кездеспейтін, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар саналы іс-әрекет болып табылады.

Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған құрамдары. Бірақ, мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын бо­лып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, көңілі көншімейді.

Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жаттығады, есепсіз қайталайды. Егер де адам өзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған көп уақытын жіберіп жатса, мұның өзі өте ессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бөлінбейді. Өйткені, оның қай-қайсысы да пайдалы. Ал, әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі. Ұнамды әдеттерге жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер т. б. жатады. Бұл адамның өмірі үшін аса қажет нәрселер. Үнамсыз әдеттерге: орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столда отырып аяқты селкілдету, сөйлегенде қыстырма сөздерді қолдану, қолы қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сөйлеу т. б. жатады. Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жөнінде халық «Әдет — әдет емес, жөн әдет» деп өте дұрыс айт-қан. Расында да бізге керегінің езі пайдалы әдеттер. Үйреншікті әдет болмайынша, адамнық істеген ісінің, берекесі де болмайды. Егер адам өзінің бойына сіаген әдетіне байланысты қимылдаса, оньщ ісі оңайланып, кеңілі рақат тауып отырады. Үйреншікті әдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіқіп кетеді. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген нақыл осы сөзден шықса керек. Әрине, мұны тіке өз мағынасында түсінбеу қажет. Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жөнінде айтыльш отыр.

Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі — балалық шақ, әсіресе, мектепке дейінгі дәуір. Балалардың кез келген нәрсеге еліктей бергіштік касиеті кейде ұнамсыз әдеттердің қальштасуына себепші болады. Мәселен, кейбір семьяларда бала үлкендерге еліктеп шылым шеккісі, шарап ішкісі келіп тұрады. Ата-аналар мен мұғалімдер балаларда ұнамды әдеттерді қалыптастырып, зиянды әдеттерден баланы арылту жагын қарастыру қажет. Әдеттерді белгілі бір мағынасына қарай бірнеше топқа белуге болады, олар: адамгершілік, немесе моральдық (әр уақытта да шындықты айтуға әдеттену, жолдастардьң алдында адал болу, уәдеде түру т. б.), мәдени мінез-құлықтык (сыпайылық, үлкенге және жасы кішіге қамқорлық жасау, дұрыс сөйлеу т. б.), гигиеналық (тамақ алдында қол жуу, тап-түйнақтай болып журу т. б.), еңбек, ақыл-ой әдеттері. Осы айтылған топтардың ішінен ұнамсыз, нашар әдеттердің де бірнеше түрлерін кездес-тіруге болады.

Атақты ағылшын драматург! В. Шекспир (1564— 1616): «Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште» десе, орыс педагог} К. Д. Ушинский: «жақсы әдет өсімге берген ақша, адам емір бойы соның өсімімен пайдаланады, жаман әдет-борыш, адам өмір бойы сол борыштың өсімінен азап шегеді»,— дейді.

Дағды мен әдеттің физиологиялық негіздеріне ми кабығында бекіп қалыптасқан шартты рефлекстердін жүйесі, яғни динамикалық стереотиптер жатады. Мәселен, адамның қозғалыс дағдысын (еңбек, спорт сала-сындағы) алатын болсақ, бүл мидын қозғалыс анализаторьнда жасалған уақытша нерв байланыстарының жүйесі. Мұнда сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысы да қажет болып отырады. Мәселен, екінші сигнал жүйесі (ауызша нұсқау, тапсырма беру т. б.) өткен тәжірибе-де жинақталған кимыл-қозғалыстардын, тезірек бірігуіне жағдай туғызады, сөздік сигналдар дағдының кейбір керексіз буындарын тежеуге, ондағы қателерді түзеп отыруға мүмкіндік береді. Әдеттер де физиологиялық турғыдан ми қабығындағы динамикалық стереотиптің бір көрінісі. Бұлар ми сыңарларының тек оптималдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бірге теже-луге ұшыраған алаптарында да пайда болып отырады.

ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАТТЫҒУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз, оған арнайы жаттыгу қажет. Мәселен, мылтық атып дағдылану үшін түрлі ату әдістерін, жүзіп дағдылану үшін жүзу әдістерін меңгеру керек болады.

Кез келген  қайталаудан жаттығу шықпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы, көп қайталағанмен түзелмейді, Себебі, мүнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ, Жаттығу жөнінде белгілі ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру, жаттығу кандай жолмен жүріп отыратындыгымен таныспай, қандай дағдыға болса да из болу қиын. Адамның дағдыға машықтана алушылығын төмендегі белгілер көрсете алады.

Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы, оның нәтижесін үнемі біліп отыруга байланысты. Дағдыны қалыптастырудың нәтижелігі жаттығуға кеткен уақыттың азаюынан, орьшдау сапасыныц жақсаруынаи, кателердің болмауынан, орынсыз шұгылданып, зорланып істеудің жойылуынан көрінеді. Мәселен, белгілі амалды қайталап орындаган сайын адам өзінін жетістігі туралы, орындауда кеткеи кемшіліктерді сезгендігі туралы, жіберген қателері туралы есеп берсе, келесі жаттыгуларда дағды бұрынғысынан гөрі шапшаңырақ дамитын бо­лады.

Екіншіден, дағдыланушы адам жаттығуга біртіндеп кіріссе, жаттыгулардың арасын уақыт жөнінен дүрыс белее, узілістер жасап отырса, үйрену әдістерін жетіл-дірсе, үйренуге өзінің қатынасын жақсартса, үйренетін дагдысының өзіндік ерекшеліктерін білсе, дағды нәти-желі болумен қатар тез қалыптасып, соңынан берік орнығатын болады.

Үшіншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуына ке-дергі келтіретін түрлі себептерді білудің маңызы зор. Мүның біріншісі — объективтік, екіншісі субъективтік деп аталынады. Объективтік себептердің ( яғни дағды-ланушы адамньң жеке басьна қатысы жоқ кедергінің) біріне дағдыға қажетті құрал-жабдықтардың сапасыньщ нашар болып келуін жаткызуға болады. Мәселен, жазуға алғаш үйренген кезде баланын. сиясы сұйык, кағазы нашар, қаламүшы бұзық болса, жазу дағдысының тезірек қалыптасуына бөгет жасайды. Сондай-ақ оқу .кітаптарының шрифтерінің ұсақ болуы, класс жарығының кемдігі, ауанын нашарлығы, отыратын партаның қолайсыздығы т. б. мектептік дағдылардың ойдағыдай дамуына кедергі келтіретін объективтік кеселдер болып табы:лады. Мұғалімдер тарапынан болатын қате нұсқаулар мен түсіндірулер де осындай себептердің қа-тарына жатады.

Ал субъективтік себептерді адамның жеке басынан іздестіру қажет. Егер адамның түрлі дағдыларды меңгеруге ықыласы болмаса, табансыздық көрсетсе, ол тез арада машықтана алмайды. Мәселен, біреулердің вело­сипед тебуді тез үйреніп, екінші біреулердің көпке дейін тебе алмайтьндығы осы секілді жеке қасиеттерінің ерекшелігіне де байланысты болады. Дағдыға машықтанар алдында адам не нәрсеге қол жеткізуі керек, мүны қан-дай қажеті үшін үйренетіндігін, мүддесіне сәйкес келетін келмейтіндігін айқын түсініп отыруы қажет. Субъективтік себептердін, біразы осы секілді мақсаттың айқын болмауынан да туып отырады. Мұндайда адам өзінің жасын, денсаулығы мен дене бітісін, нерв жүйесінін, ерекшеліктерін ескеріп отырмаса да болмайды. Осы ай-тылғандар дағдыны меңгерудің қосымша шарттары бо­лып есептеледі.

Дағдылану үстінде қандай болмасын бір ұтымды әдісті. тауып алу, мұны кейінкен нығайтып бекіту — осы айтылған екі жағдайда үйренушінің есінде болатын негізгі факторлар. Мұндайда адам: «О, мен істің тетігін енді таптым, айласына түсіндім»,— дейді. Осыдан былай карай адамда жаттығудың барысы арта бастайды, іс шапшаң орындалып және сапалы бола түседі.

Кейін дағдының нығаю, автоматталына бастау кезінде оның орындалуы көзге түсерліктей болмайды. Дағдыларға жаттығудың алғашқы кезеңінде адам неге дағдыланса да табысты болады, сондықтан да осы моментті өрнектейтін қисық сызық ылғи да жоғары көтеріліп тұрады. Кейбір дағдылардың әдістерін меңгеру тез уақыт ішінде жүзеге аспайды. Осыған орай оның қисық сызығы да бірден көтеріле қоймайды. Ал істің айласын, тетігін біліп алғаннан кейін бірден көзге түсіп, көтерілетін болады.

Кей уақытта дағды жаттығуын өрнектейтін қисық сызықтың жатық немесе осыған   ұқсас  түрлері   болады. Қисық сызықтың осындай түрге келуін психологияда плато деп атайды. Бұл — дағдыдағы қажетті білімнің уақытша орнығып бекуінің белгісі. Жаттығудың жүрісіндегі мұндай кідірістер түрлі себептерден (адамның шаршауы не үйрену әдісінің олақтығы т. б.) туып отырады. Платодан соң қисық сызық қайтадан жоғары өрлеп көтерілуі мүмкін. Бұл үйренушінің көңіл-күйінің жақсара түсуінің немесе оны жақсы әдіс арқылы дағдыны үйреніп жатканының көрінісі. Сөйтіп, жаттығуды өрнектейтін қисық сызықтардың ирек-ирек болып келуі, дағдының қалыптасуы кейбір күндері артудың орнына қайта кеми түсетіндігін керсетеді. Бұл көбінесе сол күнгі жағымсыз жағдайларға, сондай-ақ дағдының қалыптасу жолының заңдылықтарына (мәселен, жаңа әдіске те­сел ер кезде адам ісінің өнімділігі кемиді) байланысты болып отырады.

Осындай керіністерді желеу етіп кейбір психологтар дағды белгілі шекке дейін ғана дамиды, одан аса алмай­ды дегенді айтады. «Физиологиялық шек» теориясын жақтаушылардың осындай пікірлері «адамның тағдырын жазмыш билейді» дейтін жалған түсініктің бір нұсқасы. Шындығында адамға барлық психикалық құбылыстарын, сондай-ақ дағды-әдеттерін қаларанынша дамыта алуынаа болады. Оның дамуы еш нәрсемен шектелмейді. Өйткені бұлардың қалыптасуы үлкен еңбекке, сан алуан жаттығулар мен қайталауларға негізделіп отырылады.

Информация о работе Дағды және икем