Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағыда басқада салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі(фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, тағыда басқа.;
-факультеттер,олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;
- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, тағы да басқа.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ШОЛУ
1.1. Мәліметтер қоры................................................................................................5
1.2. Бағдарламалау тілін таңдау және оның ерекшеліктері..............................9
1.3. Delphi ортасында мәліметтер қорын құрастыру жолдары.......................20
1.4. Кестеде деректерді пайдалануда SQL-мен жұмыс.......................................28
ІІ БӨЛІМ. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН DELPHI ОРТАСЫНДА ЖОБАЛАУ
2.1. DELPHI ортасында өңделетін процедуралар мен функцияларды сипаттау.....................................................................................................................35
2.2. Тапсырманың қойылымы..............................................................................36
ІІІ БӨЛІМ. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ
3.1.Жобаны дайындау барысын есептеу.............................................................39
3.2.Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу....................................................................39
3.3. Негізгі еңбекақыны есептеу...........................................................................39
3. 4. Қосымша еңбекақыны есептеу.....................................................................40
3.5. Жүкқұжат шығындарды есептеу.................................................................40
3.6. Келісім баға бойынша жобаны есептеу........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................44
ҚОСЫМША..............................................................

Содержимое работы - 1 файл

Абдрахманов Берік.doc

— 563.00 Кб (Скачать файл)

Tscrollbar – айналым жолағы, редакторлау обьекттеріне көру үшін мәтіннің айналымын қажет ететін кездерінде listBox – терде автоматты түрде пайда болады.

TgroupBox- визуалдық мақсаттар үшін және Windows көрсеткіші үшін де пішінде компоненттер бойынша айналымның реті қандай, солай қолданылады.

Tpanel-басқарушы элемент. TgroupBox-қа ұқсас, декоративті мақсаттарда қолданылады. Tpanel-ді қолдану үшін оны пішінге орналастырып сосын оның үстіне басқа компоненттерді қойыңыз. Енді Tpanel-ді  ауыстырғанда осы компоненттерде жылжитын болады. Tpanel сонымен қатар құрал – жабдықтардың сызғышын және статус терезесін құру үшін қолданылады.[11]

Additional беті.

Standart бетінде Windows 3.0.-де пайда болған басқарушы элементтер көрсетілген. Additional бетінде бағдарламаның әдемі  қолданбалы интерфейсін шығаруға мүмкіндік беретін обьекттер орналасқан.

Toutline-байланысқан деректердің иерархиялық қарым-қатынасын көрсету үшін қолданылады. Мысалға деректер ағашы.

TstringGrid-Мәтіндік деректерді кесте түрінде көрсету үшін қызмет етеді. Кестенің әрбір элементіне қатынау Cell қасиеті арқылы жүзеге асады.

Timage-пішімде графикалық бейнені көрсетеді BMP,ICO,WMF пішіндерін қабылдайды. Егер суретті бағдарламаның дизайндау кезінде қосатын болса, онда ол EXE файлына компиляцияланады.

Tshape-дөңгелектеу, квадрат және тағы басқа пішінде қарапайым графикалық обьекттерін бейнелеу үшін қызмет етеді.

TscrollBox-формада үлкен көлемді немесе экранның  айналым ауданын құруға мүмкіндік береді. Бұл ауданда обьекттерін орналастыруға болады.

Dialogs беті.

Tbitbtn-Tbutton тектес кнопка, бірақ онда суретті орналастыруға болады.

TspeedButton- командаларға тез қатынайтын панельдерді шығаратын кнопка.

Ttabset – көлденңінен орналастыру. Әдетте TnoteBooK-пен бірге көп бетті терезелерді құру үшін қолданылады. Беттің атауын Tabs қасиетінде көруге болады. Бірақ оны бағдарламада пішінді (OnCreate) құру кезінде орындаған оңайырақ:

TabSet1.Tabs:=NoteBook1.Pages;

Ал, таңдау кезінде беттердің орналасуы ауысып отыруы үшін Ttabset үшін OnClick оқиғасын таңдауда келесіні жазу керек:

NoteBook1.PageIndex:= TabSet1.TabIndex;

ТnoteBook- көп бетті диалогты құру үшін қолданылады, әрбір бетте өзінің обьекттер жинағы орналастырылады. Ttabset-пен бірге қолданылады.

TtabbedNotebook-реттеліп орналасқан көпбетті диалог, берілген жағдайда – жоғарыда орналасқан.

Тақырып  “Телефон анықтамасы” деп аталады. Осы бағдарламаны жасау белгілі бір тапсырмалардың орындалуын көздейді. Ең біріншіден, бағдарламаның қажеттігі туралы айта кеткен жөн. Әрбір оқу бөлімінің  қызметкері немесе лаборант оқу орнындағымұғалімдер туралы мәлімет алу керек. Оларды реттеу, тез тауып алу және сұраныстың жасалу мақсатында осындай қормен жұмыс істейтін бағдарлама жобаланған. Мәліметтерді енгізу үшін Paradox кестелерін пайдаланылады.

Бағдарламаның жобалануы кезіндегі түрі 1-қосымшада көрсетілген. Жалпы жоба сегіз формадан тұрады. Алғашқы формасына басқа формаларға тәуелді болып табылады. Басты формада орналасатын негізгі компоненттерді қарастырайық. Бұл формада негізінен пароль енгізетін компонентерден тұрады.  Форма меню қатарынан тұрады, яғни бұл жерден сіз өзінізге керек менюді таңдайсыз. Осы таңдағандардың ішінде ең бірінші мәліметтер болып табылады. Оның біз алдында қордың өзінің Database Desktop бағдарламасы арқылы құрылғанын туралы айтып кеткенбіз енді оны  айтпай кетуге де болады. Себебі, қорлардың құрылу барысы жоғарғы бөлімдерде аталып көрсетілген. Сонымен, басты формаға, ең біріншіден бағдарламадағы басқару элементтерінің қормен байланысы үшін жауап беретін басты компонент Ttable орнатылады. Осы жерде айта кететін бір жай: бағдарламадағы барлық класстар компоненттерінің атаулары үнсіздік бойынша қалдырылған. Сондықтан, Ttable компонентінің Name қасиеті Table1. Формаға сондай-ақ, мәліметтер қорларымен жұмыс істеуге арналған DataSource және кестенің түрін келтіретін DBGrid компоненті орнатылады. Одан кейін кесте бойынша жылжуды жүзеге асыратын стандартты батырмалары бар Data Controls панелінен DBNavigator компонентін орнаттым. Осы қойылған компоненттердің қасиеттерін қолданушы интерфейсіне деген қатынасын ескере отырып және бағдарламаның қателіксіз жүктелуін көздеп өзгерттім. Сонымен қатар басты формада әр түрлі функцияларды атқаратын келесі басқару элементтері бар:  TcheckBox,  Tbutton, Tedit, TradioGroup, TcomboBox, TlistBox  және формадағы меню жолы үшін жауап беретін TmainMenu компоненті. Әрбір компоненттің 2-қосымшада келтірілген код бөлімінде анықталған орындайтын функциясы бар. Бағдарламаның интерфесі қолданушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған.

 

1.3. Delphi ортасында  мәліметтер қорын құрастыру жолдары

 

Бұл ең қиын және тиімді мәліметтер қорын құрастырудың типі. Delphi негізінде осы жүйенің бірінші екі деңгейін құрастыруға мүмкіндік береді. 

Мәліметтер қоры – ол ақпараттар орналасқан файлдар (кесте) жинағы.

Ережеге сай мәліметтер қоры бір каталогта орналасқан, кестелер жиынынан тұрады. Жаңа мәлілеттер қорына арналған каталог күнделіктегідей сілтеушінің  көмегімен құрылады, ал кесте  Delphi-дің құрамына кіретін Borland Database Desktop    утилитінің көмегімен іске асырылады.

BDE кітапханасы мәліметтер қорындағы файлдармен әрекеттесу үшін, файл орналасқан  каталогтын атын қолданбайды да, оның жалған атын қолданады. Жаңа мәліметтер қорының кестесін құру алдында осы мәліметтер қорына арнап жалған ат құру қажет. Сонымен мәліметтер қорының құрылу процессін келесідей түрде көрсетуге болады:

- каталогты құру;

- жалған атты құру;

- кестені құру.

Файлдық мәліметтер қоры үшін каталог күнделіктігідей құрылады. Мысалы сілтеуіштің көмегімен. Ережедегідей  файлдық мәліметтер қорын жеке бағдарламамен жұмыс істейтін мәлметтер қорының каталогында орналасады.

Мәліметтер қорының жалған аты Delphi-дің құрамына кіретін BDE Administrator утилитінің көмегімен жасалады. Ол Windows ортасында, менюден «программы /Borland Delphi 6» командалары арқылы BDE Administrator/ды  таңдаймыз.

Сурет 1.2.1  BDE Administrator терезесі

Терезенің сол жақ бөлігінде, Database парағында осы компьютерде тіркелген жалған аттардың тізімі берілген. Жаңадан жалған ат құру үшін, меню тізімінен Object/New  командасын таңдау қажет. New Database Alias ашылған терезеде (Мәліметтер қорының жалған аты), берілген  Database Driver Name тізімнен, онда Delphi/ді орнатқан уақыттағы мәліметтер қорымен әрекеттесуге арналған драйверлер тіркелген, мәліметтер қорына арналған драйверді таңдау қажет.

 

сурет 1.2.2  New Database Alias

Драйверді таңдағаннан кейін және ок батырмасы басылған соң жалған аттар тізіміне жаңа элемент қосылады. Бұдан кейін автоматты түрде орнатылған жалған аттың атын өзгерту қажет, және жалған атқа арналған мәліметтер қорының жолын көрсету керек.

Жалған атты өзгерту, ол үшін жалған атты белгілеп алып тышқаннын сол жағын басмыз, сол кезде мәтінмәндік мәзірден rename командасын таңдаймыз, ашылған терезеге жаңа атты тереміз.

Сурет 1.2.3  Жалған атты тіркеуден өткізу

Файлдық мәліметтер қорына жолды  Definition парағында Path жолын таңдау арқылы, пернетақтадан (керек жердің атын теру қажет) немесе стандартты Select Directory терезесін қолдана отырып керекті жолды енгізу керек. Ол Path жолындағы үш нүктені басу арқылы орындалады.

 

Сурет 1.2.4  Жалған атты өзгерту және жолды таңдау

Жалған ат компьютерде тіркелу үшін, Object/ Аpply командасын орындау қажет. Ашылған терезеде Confirm сақтаудың дұрыстығын айқындау керек.

Мәліметтер қорының құрылымы анықталғаннан кейін, кестені құруға көшуге болады. Кестені Delphi-дің құрамына кіретін Database Desktop    утилитінің көмегімен құрамыз.

Database Desktop - пен мәліметтер қорына қолданатын барлық мүмкін әрекеттерді орындауға болады. Алуан түрлі форматтағы мәліметтер қорынның кестесін құрып, оны көріп, жаңартулар енгізе алады. Сонымен қоса бұл утилиттін көмегімен сұраныс жасап, керекті ақпарат жайлы толық  мағлұмат алуға болады.

 

Сурет 1.2.5  Жаңа кесте құру

Жаңа кесте құру үшін Database Desktop утилитін іскен асыру керек. Сосын ашылған терезенің мәзірінен File/New  командасын орындап, пайда болған тізімнен құралып жатқан файлдың типін таңдаймыз - table, келесі ашылған  терезеден  құрылатын кестенің типін анықтаймыз.

Сурет 1.2.6  Кестенің типін таңдау

Нәтижесінде Create Paradox 7 Table  терезесі ашылады, осы терезеде құрылып жатқан кестенің құрылымын ақынтаймыз.

 

Сурет 1.2.7  Create Paradox 7 Table  терезесі

Кестенің әр жолына атын, типін, егер керек болса жолдың өлшемін беру қажет. Жолдың аты мәліметтермен әрекеттесуі үшін қолданады. Жолдың аты ретінде Field name  бағанына жазылатын латын әріптерін не болмаса сандарын қолдануға болады, олар 25 символдан аспауы керек.

Жолдың типі сол жолда жазылуы мүмкін мәліметтердің типін анықтайды. Символдық тұрақтыларды Туре бағанына енгізу арқылы типін береміз.Жолдың типін анықтайтын тұрақты пернетақтадан немесе жолдар тізімінен алынады, ол тізім тышқанның  сол жақ батырмасын басқан кезде, я болмаса  <пробел> басамыз.

Бір немесе бірнеше жолды кілттік деп белгілеуге болады. Кілттік жол кестедегі мәліметтердің логикалық ретін анықтайды. Мысалы: егер символдық жол Fam-ды кілттік деп белгілесек, онда кестені шығарған кезде алфавиттік ретпен фамилияларды шығарады. Егер Fam-ды кілттік деп белгілемесек, онда кестедегі тізім қай ретпен енгізілді сол ретпен экран бетіне шығады.

 

Сурет 1.2.8   Жолдың типін анықтау

Жазбалардың құрылымы анықталғаннан кейін, кестені сақтау қажет, ол үшін Save As батырмасын басу керек. Нәтижесінде  Save Table As терезесі ашылады, одан Alias тізімінен жалған атты таңдап, оның құрылған бір бөлігі кесте болып табылады, файлға ат беру қажет, онда кесте сақталады.

Сурет 1.2.9   Кестені сақтау

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған компонеттер, компоненттер кітапханасының Data Access (мәліметтермен әрекеттесу) және Data Control (мәліметтерді басқару) парақтарында орналасқан.[1]

Мәліметтер қорын қолданатын әр қосымша, кем дегенде келесі үш типті компоненттің ішінен біреуін қолданады:

- мәліметтер жинағы (data set) - мәліметтер қорымен байланысады. Оған келесідей компонеттер жатады: Table, Query, StoredProc;

- мәліметтер көзі (data source) -  бұл компонент бірінші типті компоненттер мен мәліметтерді басқару және визуалдау компоненттері арасында ақпарат алмастырады. Ондай компонент DataSource болып табылады;

- мәліметтерді басқару және визуалдау компонеттеріне мыналар жатады: DBGrid, DBText, DBEdit және тағыда басқа коспоненттер жатады. Бұл компоненттер арасындағы байланысты келесі сызба арқылы көрсетуге болады.

   

   

 

 

Сызба 1.2.1  Delphi-дің компоненттерінің мәліметтер қорымен байланысуы

Қарастырылған компоненттерден басқа қосымшада Database компоненті орналасуы мүмкін. Бұл компонент көбінесе клиент/сервер платформасында қолданылады.Оның мақсаты жойлған сервермен қатысуды,парольдармен жұмысты атқару. Database компонентін кейбір жағдайларда ғана қолданады. Егер ол анық енгізілмеген болса, онда Delphi автоматты түрде оны мәліметтер қорының қолданатын қосымшасына енгізеді.[2]

Session компоненті Delphi-да автоматты түрде құрылады. Ол кез келген қосымшаның мәліметтер қорымен жұмыс атқаратын ең негізгі компоненті. Бұл компоненттерді анық күйінде, тек көп шешімді қосымшаларда қолданған қолайлы, онда көп ағынды ақпаратпен жұмыс орындалады.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған арнайы мәліметтер қорының тілдері атты тілдер бар. Алғашқы мәліметтер қорының басқару жүйесінде өзінің фукнцияларымен маманданған бірнеше тілді қолдаған. Көбінесе екі тіл ерекшеленген – мәліметтер қорының схемасын анықтайтын тіл (SDL – Schema Definition Language) және мәліметтерді басқару тілі (DML – Data Manipulation Language). SDL мәліметтер қорының логикалық құрылымын анықтау үшін қолданған, яғни қолданушыға ұсынылатын күйін. DML-дің құрамында мәліметтер қорын басқаратын  операторлар бар, олардың көмегімен біз мәліметтер қорын жаңартып, керек мәліметті енгізіп, керек емесін жойып отыруға және тағыда басқа әрекеттерді орындауға болады.

 

1.4. Кестеде деректерді пайдалануда SQL-мен жұмыс

 

Қазіргі кездегі мәліметтер қорын басқару жүйесінде бәріне ортақ жалғыз тіл қолданылады, ол мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған барлық құралдарды қамтиды, оны құрастырудан бастап, мәліметтер қорымен қолданушылар арасындағы интерфейсті қамтамассыз етеді. Қазіргі уақытта реляциялық мәліметтер қорынын басқару жүйесінде ең танымалы SQL (Structured Query Language) болып табылады.

Ең бастысы SQL тілі SDL және  DML тілдерін байланыстырады, яғни мәліметтер қорының реляциялық сызбасын анықтауға және мәліметтерді басқаруға мүмкіндік береді. SQL тілің құрамында мәліметтер қорының толықтай шектеулерін анықтайтын құралдар бар, олар арнайы кесте-каталогтарда орналасып, сақталады. Мәліметтер қорының толықтығын басқару тілдік деңгейде қамтамассыз етіледі.

Delphi-де қорлармен жұмыс істеу үшін компоненттердің бірнеше жиынтықтары бар. Әрбір жиынтық белгілі бір тапсырмаларды орындауға өте жақсы келеді. Осы жерде заңды сұрақ туады:неге соншама көп, әрі әртүрлі компоненттер қолданылады? Олардың бәрі мәліметтерге қатынаудың  әр түрлі технологияларын қолданады және мүмкіншіліктер бойынша ажыратылады. Microsoft өзінің өнімдеріне тек АДО мәліметтерге қатынау технологиясын енгізді.  Borland фирмасы әртүрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін әр түрлі құралдарды ұсынды және бағдарламалаушыны тек өзінің жобаларымен шектемейді.

Информация о работе Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу