Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 11:47, курсовая работа
Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағыда басқада салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі(фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, тағыда басқа.;
-факультеттер,олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;
- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, тағы да басқа.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ШОЛУ
1.1. Мәліметтер қоры................................................................................................5
1.2. Бағдарламалау тілін таңдау және оның ерекшеліктері..............................9
1.3. Delphi ортасында мәліметтер қорын құрастыру жолдары.......................20
1.4. Кестеде деректерді пайдалануда SQL-мен жұмыс.......................................28
ІІ БӨЛІМ. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН DELPHI ОРТАСЫНДА ЖОБАЛАУ
2.1. DELPHI ортасында өңделетін процедуралар мен функцияларды сипаттау.....................................................................................................................35
2.2. Тапсырманың қойылымы..............................................................................36
ІІІ БӨЛІМ. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ
3.1.Жобаны дайындау барысын есептеу.............................................................39
3.2.Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу....................................................................39
3.3. Негізгі еңбекақыны есептеу...........................................................................39
3. 4. Қосымша еңбекақыны есептеу.....................................................................40
3.5. Жүкқұжат шығындарды есептеу.................................................................40
3.6. Келісім баға бойынша жобаны есептеу........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................44
ҚОСЫМША..............................................................
Осындай нұсқаудан соң бағдарламаның денесі орналасады, ол Begin сөзімен басталып, End және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяақталады. Қарастырылып отырған бағдарламаның денесі үш орындалатын операторлардан құралған:
begin
Application. Iniialize;
Application.CreateForm(
Application.Run;
end.
Әр оператор Application (Қосымша) объектінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.
Object Pascal-да объект деп арнайы даяарланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын ішкі бағдарламалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын бағдарламаның үзіндісін айтады. Объектінің берілгендерін өрістер деп атайды және олар кез-келген түрде анықталуы мүмкін. Объектінің ішкі бағдарламаларын әдістер деп атайды.
Объектілік типтердің негізгі ерекшелігі болып, ол объектінің өрістермен бірге қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі бағдарламалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы табылады. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді.
Инкапсуляция- берілгендерді өңдеудің алгоритмдерін бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.
Объектілі типтердің негізгі-функционалды толықтығы және өрістер мен әдістерінің бір-бірінен ажыратылмауы оларды бағдарламанның бөлек бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға мүмкіндік туғызады. Мұндай объектілерді бір бағдарламадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл принципті объектіге бағытталған бағдарламалау тәсілдері деп атайды.
Қарастырылған мысалдағы Application объектінің құрамына Windows бағдарламасының жұмысын ұйымдастыратын көптеген берілгендер мен ішкі бағдарламалар кіреді. Жалпы Delphi ортасы кез-келген жаңа жобаның автоматты түрде құрастырады.
Initialize әдісі арқылы бағдарлама Windows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Application. Initialize әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессорды Delphi ортасынның даяар тұрған бір үзіндісін орындатуға мұқтаж етеді. Осы орындалғаннан кейін (немесе ішкі бағдарламадан шықаннан кейін) келесі жолдағы GreatForm әдісі орындалады және т.с.с.
GreatForm әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі берілгендер мен оларды өңдеу туралы Windows –тан келген хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда, бағдарламаға Windows –тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды) босату туралы нұсқау беріледі.
Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасымен құрастырылады және көптеген жағдайларда бұл кодқа килігуге тыйым салынған. Егер бағдарламалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістер енгізіп киліксе, онда Delphi ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте бұл код көрінбей тұрады.
Модульдер.Модульдер – бағдарламанның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бағдарламалық бірлік. Модуль деп бағдарламанның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді.Модульдің коды бағдарламаның бет алысын анықтайды. Модуль басқа модульдерде және бағдарламаларда пайдалану мүмкіндігін туғызатын бөлек компиляцияланатын әр түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен және орындалатын операторлар жиынтығынан тұратын бағдарлама. Модульдер қолданбалы бағдарламалардың жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар жадтың бөлек сегментінде орналасды. Жалпы модульдер бөлек орындала алмайтын бағдарлама. Модульдерді қолдану арқылы күрделі бағдарламаларды құруға болады.
Кез-келген модульдің құрамына келесі бөліктер кіреді:
- тақырыбы;
- интерфейстік бөлігі;
- орындалатын бөлігі;
- терминатор;
Модуль тақырыбы Unit арнайы сөзінен басталады, сонан соң модуль атауы және нүктелі үтір тұрады. Интерфейстік бөлігі Interface, ал орындалатын бөлігі Implementation – түйінді сөзімен басталады. Модульдің терминаторы бағдарламаның терминаторы сияқты - End. Түйінді сөзімен аяақталады.
Unit <модульдің аты, мысалы Unit1 > // интерфейстік бөлігі.
Interface
Uses <модульдер тізімі>;
Const <тұрақтылар тізімі>;
Type <типтер анықтамасы>;
Var <айнымалыларды жариялау>;
<процедуралық тақырыбы>;
<функциялар тақырыбы>;
// орындалатын бөлігі
Implementation
Uses <модульдер тізімі>;
Const <тұрақтылар тізімі>;
Type <типтер анықтамасы>;
Var <айнымалыларды жариялау>;
<процедуралық анықтамсы>;
<функциялар анықтамасы>;
// инициялизация бөлігі
Initilization
<операторлар>;
//модульдің жұмысын тоқтатқандағы
Finalization
// орындалатын әрекеттер жиыны
<операторлар>;
End.
Интерфейс бөлігінде аталмыш модульде қолданылатын, аты Uses тізімінде көрсетілген барлық модульдер мен бағдарламаларға қол жетерлік мүмкіндігін туғызатын идентификаторлардың анықтамасы орналасады. Сонымен қатар, бұл бөлікте ортақ тұрақтылар, типтер, айнымалылар және ішкі бағдарламалардың тек қана тақырыптары жарияланады.
Модульдің атауы – оны басқа модульдермен және негізгі бағдарламамен байланыстыру үшін қолданылады. Модульдің интерфейстік объектілеріне қол жеткізу үшін бағдарламада қажетті TPU файлдың атын көрсету керек. Бұл байланыс келесі сөйлем арқылы жүзеге асырылады:
USES < модульдер тізімі>;
USES – арнайы сөз;
<модульдер тізімі >-бағдарлама мен модульдерді бір-бірімен байланыстыруға қажетті модульдердің тізімі. Бұл сөйлемді қолданылатын модульдер спецификация деп атайды және ол негізгі бағдарламаның тақырыбынан соң орналасуы қажет.
Егер аталмыш модуль басқа бір модульдің объектілерін қолданса, онда осындай спецификация Interface түйінді сөзінен соң бірден орналасады. Пайдаланылатын модульдердің спецификациясы келтірілген жағдайда бағдарламаға қосылған модульдің интерфейстік бөлігінің барлық сипаттамалары белгілі деп саналады.
Модульдің интерфейстік бөлігінде негізгі бағдарламада және басқа модульдерде қолданылатын аталмыш модульдің барлық сыртқы объектілері анықталады. Паскаль бағдарламасы сияқты бұл анықтамадағы объектілердің реті кез-келген түрде бола алады. Интерфейстік бөлікте ішкі бағдарламалардың тек қана тақырыптары келтіріледі, ал олардың толық анықтамасы модульдің орындалатын бөлігінде көрсетіледі.
Implementation – модульдің орындалатын бөлігінде интерфейсте көрсетілген ішкі бағдарламалардың орындайтын жұмысы анықталады.Ішкі бағдарламалардың орналасу реті интерфейстік бөлігінде көрсетілген ретімен бірдей болуы шарт емес.
Бұл бөлімде ішкі бағдарламалардың тақырыбын ған көрсетсе жеткілікті, себебі параметрлер тізімі мен функция нәтижесінің типі интерфейсте анықталған. Сондай-ақ мұнда аталмыш модульге ғана тән және бұл модульден тыс белгісіз тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды және ішкі бағдарламаларды жариялауға болады.
Инициализациялау бөлігінде осы модульдерді іске асыратын бағдарлама жұмысының басталғандығы туралы операторлар орналасады. Модульдердің іске асырылуы бағдарламаның Uses бөлігінде көрсетілген ретімен орындалады. Бұл бөлік Initilization сөзімен басталады. Бірақ ол бөліктің болмауы да ықтимал.
Егер бағдарламада инициялизациялау бөлігі бар болса, онда деинициялизациялау бөлігі болуы мүмкін. Бұл бөлік Finalization сөзінен басталады және оның құрамына бағдарлама жұмысын тоқтатқандағы орындалатын операторлар кіреді. Модульдерді деинициялизациялау әрекеттері бағдарламаның Uses бөлігінде көрсетілген ретіне кері бағытта орындалады.
Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де құрылады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысты модульдер болуы мүмкін.
Жоғарыдағы құрастырылған формаға сәйкестелген модульдің кодын File => Open опцияларын орындау арқылы Example файлын ашып, көруге болады. Модульдің коды орналасқан файл келесі:
Unit Example;
Interfase
Uses Windows, messages, SysUtils, classes, Graphics, Controls,
Forms, Dialogs, StdCtrls,Buttons,ExtCtrls;
//Example модулін uses тізіміндегі
// аталған стандартты модульдермен бірге қолдану
type
TfmExample = class (Tform)
Panel1:Tpanel;
bbRun:TbitBtn;
bbClose:TbitBtn;
edInput:Tedit;
lbOutput:Tlabel;
mmOutput:Tmemo;
private
{ Private declarations}
{Public declarations}
end;
var
fmExample:TfmExample;
implementation
{$R *.DFM}
end.
Бұл мәтінді DELPHI ортасы өзі құрастырады.Жоғарыда айтылғандай, жобаның файлына килігуге тыйым салынған, ал модульдің файлына әртүрлі жұмыстарды орындатуға негізделген өзгерістерді енгізуге болады.
Модульдің интерфейстік бөлігінде бір тип (класс Tfm Example) және бір объект айнымалысы анықталған.
Класс деп объектілерді құрудағы қолданылатын үлгілерді айтады, ал объект сол үлгінің туындысы болып табылады. Үлгілері Object Pascal тілінде анықталған тип және келтірілген мысалда ол Type TfExample =class (Tform) деп анықталған.Стандартты класс Tform Windows-тің бос терезесін құрастыру жұмысын атқарады. Tform –ның барлық мүмкіндіктерін иемденеді және оларға бос формаға орналастырылған компоненттер жиыны біріктіреді.
Соңғы буыннан өзінің бағдарламалық дайындамалары бар жаңа туындыларды құруға болады және т.с.с.Нәтижесінде ағаш тәріздес саты құрылады, төбесінде ең түпкі буын-қарапайым Tobject класы тұрады
Delphi-де дайындалған бағдарлама проект деп аталады. Delphi ортасының негізгі бөліктері:
1) форма дизайнері;
2) бастапқы мәтінді редакторлау терезесі;
3) компаненттер палитрасы;
4) обьектілер инспекторы;
5) анықтамалықтар.
Форма дизайнері Delphi тілінде қарапайым және түсінікті. Форма дизайнері бастапқыда бос болады. Оған мүмкін болатын компоненттермен және обьектімен бағдарламалаушы толтырады.[8]
Компонеттер палитрасы форма дизайнеріне обьектілерді орнату үшін қолданылады. Форма дизайнері келесі жағында обьектілер инспекторын көруге болады. Кез келген обьектінің формасын өзгертуді осы терезе арқылы іске асыруға болады. Обьектілер инспекторының терезесі екіге бөлінеді, олар:
1) Properties – қасиеттер;
2) Events – оқиғалар;
Анықтамалықты ашу үшін help жүйелі пунктын таңдау керек. Delphi тілінде құрылған кез – келген жобаның алты файлы болады, оның үшеуі басқару үшін қолданылады. Ал қалғандары бағдарламалаушының көмегінсіз құрылатын файлдар, бағдарламалаушы оларды өзгерте алмайды.
Delphi-дің стандартты компоненттері өздерінің қолдануына байланысты бірнеше коментарияларымен төменде көрсетілген. Берілген компонеттерді меңгеру кезінде олардың қалай жұмыс жасайтындығы және оларды қалай қолдану керектігі үйретіледі.
Standart беті.
Курсор- компонент емес, қандайда бір объектіні таңдауды тез алып тастау үшін арналған жай пиктограмма.[9]
TmainMenu-басты менюді бағдарламаға орналастыруға мүмкіндік береді. TmainMenu – ді пішінге орналастыру кезінде ол иконкаға ұқсас болады. Берілген типтің иконкалары бағдарламаны орныдау кезінде көрінбейтіндіктен «көрінбейтін компоненттер» деп аталады. Менюді шығару 3 қадамнан тұрады1) TmainMenu-ді пішінге орналастыру,(2)Обьекттер инспекторындағы Items қасиеті арқылы меню дизайнерін шақыру, (3) меню дизайнерінде меню пунктерін анықтау.
TpopupMenu ағымды менюді шығаруға мүмкіндік береді. Бұл тип берілген меню байланған обьектте тышқанның оң жақ батырмасын басқанда пайда болады. Барлық көрінетін обьекттердің қажетті менюді көрсететін PopupMenu қасиеті болады. PopupMenu басты менюге аналогты түрде құрылады.
Tlabel – мәтінді экранға шығару үшін қызмет етеді. Егер обьекттер инспекторындағы Font қасиетін 2 рет шертетін болсаңыз сіздер белгінің түсі мен шрифтін өзгерте аласыз. Сіздер бұның бағдарламаны орындау кезінде де бір жол код жазылғанда көре аласыз.
Tedit – енгізу үшін Windows-тың стандартты басқарушы элементі. Ол мәтіннің қысқа бөлімін көрсету үшін қолданыла алады және қолданушыға бағдарламаның орындалу кезінде мәтін енгізуге мүмкіндік береді.
Tmemo – Tedit – тің бір формасы.Үлкен мәтінді жұмыс жасайды. Tmemo сөздері ауыстыра алады, ClipBoard – та мәтін бөліктерін сақтай және оларды қалпына келтіре алады және редактордың басқа да негізгі функцияларын орындай алады. Tmemo мәтін көлемі 32Кб-қа шектелген, 10-20 бетті құрайды.
Tbutton бағдарламаның орындалу кезінде кнопканы басқан кезде қандай да бір іс - әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Tbutton-ды пішінге орналастырғанда сіздер 2 рет шерту арқылы таңдаушының кнопканы басу жағдайының дайындығын тудыра аласыз. Ары қарай дайындықты кодпен толтыру керек.
TcheckBox қасындағы кішкентай терезесі бар мәтін жолын көрсетеді. Терезеде нәрсенің таңдалғанын білдіретін белгіні қоюға болады. Мысалға, егер компилятор күйлеудің диалог терезесін қарайтын болсақ, онда оның checkBox – тарынан тұратындығын көрсетуге болады.
TlistBox-айналым тізімін көрсету үшін керек. Windows – ортасындағы listBox – тың классикалық мысалы – көп қосымшалардың менюдің File/Open пунктіндегі тізімінен файлдың таңдуы. Файлдармен деректер атаулары listBox- та орналасқан.
TcomboBox listBox-тың жоғарыда енгізудің кішкентай өрісінде ақпаратты енгізуге мүмкіндік берумен қатар көп жағдайда listBox – ке ұқсас. comboBox-тың бірнеше типтері бар, бірақ терезенің төменінде көре алатын төмен қарай түсіп тұратын файл таңдау диалогы аса таныс.