Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 23:23, реферат
Ежелден адамзат жаңа білімдерді алуға әрқашанда ұмтылғаны белгілі. Тіршілік құпияларын меңгеру — адамзаттың ұлы мақтанышы болып табылатын ақылдың шығармашылық белсенділігіне жоғары ұмтылыстарының көрінісі. Өзінің мың жылдық дамуында ол болмыстың мәніне үңілудің және шектеуліден жан-жақты шындыққа жетудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Бұл жолда көптеген айғақтар, табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің қасиеттері және заңдары ашылды. Әлемнің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай және күрделі жүйені құрайды және оның ұрпақтан-ұрпаққа, бір елден екінші елге таралуы тез жүзеге асырылады.
Кіріспе……………………………………………………………..3
Танымның философиялық тұғырнамалары..........................................4
Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi........9
Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк......................................................10
Ақиқат мәселесi.....................................................................................13
Қорытынды………………………………………………………18
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................19
Қазір, таным – адамның қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы іс-әрекеті ретінде қарастырылады. Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын адамзат пен қоршаған ортаның әрекеттесуі.
Осыған қарағанда таным әр түрлі заманда әр түрлі пайымдалып, философиядағы оның ролі үнемі өзгеріп отырған. Адамзаттың мыңдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі көпдеңгейлі құбылыс екенін мойындайды. Миллиондаған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар мен бұлақтардан қосылған өзен арнасы сияқты, қоғамдық мағынасы зор таным үрдісі қалыптасады.
Қазіргі таңда таным тек философиямен ғана зерттелмейді. Қазір оны түрлі арнаулы ғылымдар: когнитивті психология, әлеуметтану және т.б. зерттейді. Барлық осы ғылымдар танымның жеке аспектілерін зерттей келе ғылымға үлкен үлес қосады. Алайда, әлемге деген танымдық қатынастың мағынасы нақтылы философиялық ойлау болып табылады, себебі ол адамның ақиқатқа деген көзқарасымен байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер