Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 23:23, реферат
Ежелден адамзат жаңа білімдерді алуға әрқашанда ұмтылғаны белгілі. Тіршілік құпияларын меңгеру — адамзаттың ұлы мақтанышы болып табылатын ақылдың шығармашылық белсенділігіне жоғары ұмтылыстарының көрінісі. Өзінің мың жылдық дамуында ол болмыстың мәніне үңілудің және шектеуліден жан-жақты шындыққа жетудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Бұл жолда көптеген айғақтар, табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің қасиеттері және заңдары ашылды. Әлемнің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай және күрделі жүйені құрайды және оның ұрпақтан-ұрпаққа, бір елден екінші елге таралуы тез жүзеге асырылады.
Кіріспе……………………………………………………………..3
Танымның философиялық тұғырнамалары..........................................4
Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi........9
Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк......................................................10
Ақиқат мәселесi.....................................................................................13
Қорытынды………………………………………………………18
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................19
Интуицияны осылай, әр түрлi түсiну антика кезеңiнен келе жатыр. Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғарғы қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интеллектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. Фейербах интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды.
Қазір оған келесi анықтама берiледi: интуиция – бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен интеллектуалды феномен. Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiн де ашып көрсетедi. Бастапқы кезеңде, адам психикасында санасыздық деңгейiнде белгiлi түрде түсiнбейтiн сезiмдiк және ұғымдық бейнелер жинақталады. Сосын осы санасыздық деңгейде интеллектуалды операциялар арқылы сол бейнелердi “өңдеу” жүредi. Мұнда сезiмдiк бейнелер логикалық бейнелерге және керiсiнше өтуi болады. Дәл осы сәтте адам алдында тұрған мәселенi саналы түрде түсiну процесi өтедi, нәтижесiнде мәселе айқын да, нақты шешiлуі мүмкiн. Интуицияның ең соңғы кезеңiнде аяқ-астынан шешiмге келу жалпы бiртұтас сезiмдiк-логикалық бейненiң қалыптасуы, санасыздықтың ең терен, ең түпкiрiнде жатқанның сыртқа саналық деңгейiне шығуымен байланысты болу мүмкiн. Уақыттық қатынаста бұл процесс ұзақ немесе тез, жылдам да болуы мүмкiн.
Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк
Бiлiм бұл еске түсiру. Платон.
Бiлiм – ең бiрiншiден танымның нәтижесi, бұл процесте адамның дүние туралы түсiнiктерi қалыптасады, ұғымдар қалыптасады, адам құбылыстар жайында өз пiкiрiн айтып, объективтi дүниенiң идеалды моделiн, үлгiсiн жасайды, гипотеза немесе теория ретiнде. Бiлiм адамның практикалық қызметiнiң негiзi, оның тиiмдiлiгi қаншалықты адам нақты дүниенi барабар бейнелейтiніне байланысты болады.
Әдетте бiлiмнiң үш түрiн анықтайды: түрмыстық, көркемдiк-бейнелi, ғылыми. Бiрiншiсi, адамның ақыл-ой парассатылығына, зерделелiгiне негiзделген бiлiмдер. Күнделiктi тұрмыста алынған бұл бiлiмдер жиi саяз болып, қорщаған әлемде тез үйрену үшiн, тапқырлығын көрсетiп, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату үшiн қажет. Екiншiсi, нақты-сезiмдiк бейнелер жиынтығы, көпмағыналы метафоралар мен символдардың жүйесi, бiр құбылысты екiншi құбылыс арқылы түсiндiру. Ол өзiнiң ерекше құралдарымен адамға әсерiн тигiзедi, оның қиялдарының дамуына әкеледi, эстетикалық және өнегелiлiк құндылықтарың қалыптастырады. Үшiншi, ғылыми бiлiм ұғымдардың реттелген жүйесi болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегi жалпылығымен және абстракциялануымен, фактiлердi терең түсiнумен, зертелетiн объектiнiң табиғатына терең бойлаумен ерекшеленедi. Ғылыми бiлiмде объектiлер арасындағы себеп-салдық қатынастар және олардың даму заңдылықтары нақты айқындалады. Ғылыми бiлiм жүйелердiң дамуының нәтижелерiн айқын да, дұрыс та болжауға мүмкiндiк тудырады.
Таным теориясында дихотомия “нақты және нақты емес бiлiмдер” де орын алады. Нақты бiлiмдер тiлде ұғымдар мен пiкiрлер арқылы көрiнедi, индивид оны түсiнедi және оны оңай айыруға болады. Бұл бiлiм объективтендiрiлген, әлеуметтiленген болып келедi. Оны практикалық және теориялық әрекетте оңай қолдануға болады, өйкенi ол рационалды, мәлiмденген және процедуралық болып табылады. Нақты емес бiлiмдер рефлективтi болып келедi. Бұл жеке тұлғалық бiлiм, тiл арқылы жеткiзiлмейдi. Бұл бiлiм жанама түрде берiлмейдi, оны тек сол бiлiмнiң иесiмен тiкелей байланыс орнатып қана алуға болады. Нақты емес бiлiм шеткiшекаралық бiлiм, ол саналық пен санасыздықтың шекараларында орналасады. Ол тұлғалық бiлiм болып шығады, оның мәнi белгiлi бiр адамдар қауымдастықтарына тән келетiн, тұлғаның жұріс-тұрыс моделi болып табылады. Нақты емес бiлiм қарапайым сананың негiзiнде жатыр.
Бiлiмдi ұстаным-пiкiрден айыра бiлу қажет. Өйткенi, ұстаным-пiкiр бiлу мен бiлмеудiң аралығында орналасқан. Егер бiлiм белгiлi бiр тарихи қиырларда тұрақты болып келсе, пiкiр қысқа мерзiмде өзгерiп отырады. Егер бiлiм нақтылықпен, растылықпен байланысты болса, пiкiр - нақты емес, рас емес те болады. Дихотомия “бiлiм-пiкiр” антика кезеңiнде басталды, оны екi түрлi тәсiлмен дәлелдеуге болады. 1) пiкiр адамға тән деп есептелдi, өйткенi оның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi. Бiлiм мүмкiндiктерi шексiз құдайларға тән. 2) болмыс пен бейболмыс қарама-қарсы қойылатындай, бiлiм мен бiлiмсiздiк те қарама-қарсы қойылады. Пiкiр бiлiм де, бiлімсіздiк те емес, ол екеуiнiң арасында орналасқан. Бұл – өзгермелi жаңа қалыптасып келе жатқан бiлiм. Платон: “пiкiр қалыптасуға қатысты, ойлау - мәңге қатысты. Және қалай пiкiр қалыптасуға қатысты болса, солай ойлау пiкiрге қатысты” – деп айтқан. Қазіргі заманда бiлiм растылықпен теңестiрiледi.
Философияда дихотомиядаң басқа “бiлiм-сенiм” деген антитеза бар. Сенiм дегенiмiз не, оның бiлiмнен айырмашылығы неде? Гносеологиялық көзқарас бойынша, сенiм – эмпирикалық және рационалды дәлелдеменi қажет етпейтiн, белгiлi бiр жайды қабылдау.
Сенiмнiң гносеологиялық түсiнiгiнен басқа түсiнiктерi де бар, онда бұл рухани феномен дiни көзқарастардың негiзi ретiнде қаралады. Бұл жағдайда сенiм дiни қасаң қағидаларды мойындау, Құдайға берiлiп қызмет ету, дiни жол-жораларды бұлжытпай орындауды бiлдiредi. Дiни сенiмдер адамның өзiндiк мүдделерiмен, оның өнегелiлiк сезiмдерiмен және эстетикалық уайымдарымен байланысты; ол бiлiмнiң ақиқаттылығына индифференттi.
Сенiм адамның бүкiл өмiрiнiң серiгi. Адамның мақсатталған әрекеттерiнде: еңбек құралдарын жасауда, олармен жұмыс iстеуге үйренуде ол үнемi еңбектiң жақсы нәтижесiне, оның практикалық құндылығына сенедi. Адамның “заттық әлем” бар дегенге сенiмi, ол көп түрлі деген сенiмi, оны танып бiлуге итермелейдi, өз болмысын жақсартып, игiлiгiне жаратуға мүмкiндiк бередi. Сенiм ғылыми танымның да элементi болып табылады. Бiлiмнiң бастамасы ретiнде кейбiр жайларды сенiмге алу қажет. Математика үшiн бұл - аксиомалар, физикада - қағидаттар, гуманитарлық бiлiмде - алғы шартты жүйелер.
Сонымен, “бiлу” және “түсiну” дегенiмiз бiр ұғым емес. Түсiну – бұл ең бiрiншiден мәнге терең үңiлу, ол бiлiмге әкеледi. Ал мәннiң өзiн түсiну әр қилы болып келедi, көркем бейненi түсiну, ғылыми текстi түсiнуден айрықша.
Философияда түсiнудiң келесi анықтамасы бар: әлеуметтiк практиканың нормативтi-құндылық жүйелер негiзiнде шындықты түсiну процедурасы. Мұнда түсiну – адамның рухани-практикалық тәжiрибесiнiң нәтижесi деп алынады. Сондықтан да түсiну әлеуметтiк процесс болып табылады және онда тұлғаның белсендi қатысуы қажет.
Ақиқат мәселесi
Адамның алған бiлiмдерi оның есiнде “жүк” ретiнде қала бермейдi, ол оны өзiнiң практикалық әрекеттерiнде қолданады. Қоршаған әлем туралы алған бiлiмдерiне сүйене отырып, адам бағдар жасайды, бұл дүниеге белсендi әсерiн тигiзедi, оны мақсаттарына сай өзгертедi. Бiрақ әр бiлiм адамның көмекшiсi бола бермейдi. Өйткенi, бiлiм шынайы емес, терең емес болуы да мүмкiн. Онда ол бiлiм керi әсерiн тигiзiп, адамның өмiрiне қауіп тудыруы да мүмкiн.
Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiрқалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк теориясы. Келесiлерi ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер ақиқат бұл келiсiмшарт деп уағыздайды - конвенционалды теория. Төртiншiлерге ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiк келiсiмдiлiгi - когеренция теориясы. Бесiншiлер бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi - прагматикалық тұғырнама. Ақиқат концепциясының дәстүрлi немесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель: “үзiлгендi үзiлген деп, байланыстыны байланысты деп айтатын шындыққа жетедi” деген. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интеллект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады” деп айтып кеткен. Декарт “ақиқат - өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi” дейді. Бұл пiкiрмен материалистер де, идеалистер де, диалектиктер мен метафизиктер де, теологтар мен атеистер де келiстi. Қазіргі заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықтың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.
Сонымен, ақиқат – таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатын шындықты барабар бейнелеу. Әрбiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiң әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнiң адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұлғаның ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес.
Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiң жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудың тәсiлдерiн себептейтiн толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiң, оның бiрiншi анықтамасына сай мысал ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталмаған білім болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал ретінде келесі қағиданы келтiруге болады: “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адамгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасын қорғау кезiнде ол ақиқат болмайды. Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалылығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түйiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты. Абсолюттi ақиқат бұл: 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiнумен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жағдайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес, өйткенi, адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi және шексiз де, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жағдайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, тереңдетiлiп отыратын және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы, “қозғалыс - дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам - табиғаттың ерекше бөлiгi”.
Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi шынайы бiлiмдердiң бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдердi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредi, скептизм немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi.
Ақиқат проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм - бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденген немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелденген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелдендi. Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Бiлiмнiң ерекше түрi, растау немесе терiстеуге болмайтын, ол белгiсiз бiрдеңе туралы бiлiмдер, олар көбiнесе өз көрiнiстерiн мәселе ретiнде табады. Мысалы, философияда өмiр және өлiм мәселесi, қажеттiлiк пен еркiндiк мәселелерi т.б. гносеологияның спецификалық феноменi адасушылық болып табылады. Егер өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетуге тырысқан пиғыл болып табылады, онда адасушылық әдейi емес бiлiмдi бұрмалау болып келедi. Адасушылық - бұл қателiк. Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын-стереотиптер); логикалық (қорытынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiк-мәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.
Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған қорытындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика абсолюттi (адам басқа өлшемдердi тапқан жоқ), салыстырмалы (тарихи шектеулi болғандықтан қоғам жинаған барлық бiлiмдердi дәлелдей алмайды), универсалды (болған және келешекте болатын адамдардың тәжiрибесi мен әрекеттерiн қамтиды); 3) объективтi және субъективтi жақтары бар; 4) практика сезiмдiк, абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.
Маркстiң философиясында практика – дүниенi және адамды өзгертуге бағытталған адамның мақсатталған сезiмдiк-заттық әрекеттерi деп қарастырылады. Практиканың мұндай жалпы түсiнiгi теориялық танымның басқа салаларында ақиқаттың жеке өлшемдерiн қолдануды терiстемейдi. Соңғы кездерде ақиқат критерийлерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:
1. ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiң болуы, көп буынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынды танымдық процедуралар мен бiлiмнiң өзiне бередi.
2. ақиқаттылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтi шындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу нәтижесi.
3. ақиқаттылықтың прагматикалық тұғырнамасы: ақиқат – мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалылық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғаммен мойындалуына аударады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, біз
таным мәселесінің
Ұлы грек ойшылдары адамды тануға таным теориясы мен логика заңдарын қолданған. Аристотель рационалды білім мен ғылым арқылы адамды тану бағытын көрсеткен болатын. Аристотельдің айтуынша, ақыл мәңгі және еш уақытта жойылмайды, әр уақытта сақталады. Аристотель өзіне дейінгі философияның таным теориясын терендете талдаған болатын. Ал Кант болса таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Таным процесі, - деп атап көрсетеді неміс философы, - жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс-әрекетімен байланыстырды.