Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 21:46, реферат
К.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, Ж.-Ж. Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн идеяларының негізінде ынтымақтастық педагогика туындады.
Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған:
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу және тәрбие әдістерін жаңарту, екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу.
Өзін-өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылды. Демек оқушының мұндай көэқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару, әсіресе бала өзіне-өзі көңіл аударуы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі - бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан жазалау, қауіп немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды, өзін-өзі құрметтемейді.
Осы сияқты мұғалім де өзін-өзі құрметтемейді. Өйткені ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл-желпі жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепте өзінің құқын қорғамайды, шыдамшылыққа көнеді.
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістіктерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына, соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты.
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы - бұл сөзсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге өзін-өзі құрметтей білуге үйрету - сонда ғана ол басқаларды да құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы сөзбен немесе үндеу арқылы құрметтеу емес, тек баланың абыройын шын құрмет ету.
Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дєл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі.
Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді. Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы керек. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту процесінен шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар т.б.), реттеуге мүмкіндік береді, И.Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл - ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орындауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік: беру керек.
Жаңашыл
ғалым И.П.Ивановтың әдісі
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін ылайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады.
Бала
күнінің жартысы оқушының бірегей
мүмкіншідігінің дамуына
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде азайту керек. Ол үшін шєкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс.
Тірек идеясы. Әдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп (күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізуде мектеп өмірінде қолданылып келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту және қосымша сабақ өткізу мәселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл алмады.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет.
Жаңа идеялар мектепті демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократияландыру - бұл тұлганың жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлекет, қоғам) қатыстыру. Мектеп — бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы түсінігін қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру — бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру - бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында — балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.