Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 13:31, реферат
Педагогика өзінің атауын гректің баланы жетектеуші деген сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожаның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие- қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ен алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал- ұстаз, мұғалім керек.
Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
Педагогика өзінің атауын гректің баланы жетектеуші деген сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожаның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие- қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ен алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал- ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Пән- бұл нақтылы ақиқаттың мәнің құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет обьективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Педагогика пәні- индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жасерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогикамен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және әлеуметтік педагогика жатады. Жалпы педагогика педагогикалық процес пен білім берудің заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процес пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы – бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
1. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пын.
2. Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шыгуы белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика- тұлғанын дамуын басқаруды зерттейді.Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.
“Методология”
грек тілінен аударғанда “әдіс туралы”
ғылым деген мағынаны білдіреді. “Метод”
“әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге
деген жол ретінде анықталады, яғни методология
мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы
ғылым болады. Сондықтан методология-
зерттеу процесі туралы ілім ретінде де
түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология,
ғылыми ұғысның, теориялық негізі, ретінде
дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық
жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны
жетілдірудің бастамасын және негізін
Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып
философиялық әдістің ерекшелік сипатына,
оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына
және методологияның олармен үйлесімсіздігі
назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз
мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнің
ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс
жасалмайтындығын баса көрсетті.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. А, 1999ж.
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2004ж.
3.Педагогика. Дәріс курсы. А., 2003ж.
4.Сарбасова К.А., Шаушекова Б.К. Педагогика негіздері. Қ., 2004ж.
5.Сластенин Б.А. Педагогика. М., 2002ж.
Информация о работе Педагогика -адам туралы ғылымдар жүйесінде