Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 00:18, реферат
Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы.
Кіріспе.2 бет.
Негізгі бөлім.
а. Әдебиет сабақтары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. 2-4 бет
б. Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары. 4-8 бет
в. Жас жеткіншектердің бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру. 8-11 бет
Қорытынды.
Осылардың ішінен қазақ халқының салт-дәстүрін алатын болсақ,әрі қарай бірнеше тақырыптарға жіктеледі.ОЛАР:
Отау көтеру дәстүрлері:қыз
айттыру,қыз көру,шеге шапан, құда түсу,бата
аяқ,құда тартар,қалың мал,балдыз қалың,киім
тігу,киіт,құйрық бауыр,өлі-тірі,қынаменде(ұрын
келу),қыз қашар,сәукеле
Тәрбие дәстүрлері:шілдехана,
Отбасы ,тұрмыс дәстүрлері:ақ үй аманат,аманат,ант,ақ алып шығу,ақ құйып шығару,ақ жол,ат мінгізіп, шапан жабу, ат тергеу,айтыс,айып,айрылысар көже,ауызбастырық,ауыз тию, ат құйрығын кесу, ат майы, артынан топырақ шашу, ақтық, абысын асы, араша,аяғына жығылу, әмеңгерлік, әдеп, әдет, бата, теріс бата, байлау, баутағар, барымта, бармағын жалау, бал басы, белкөтерер,бес жақсы,бетке түкіру,бәс,бүйрек,бет айғақ, бұйымтай, бәйге, дау, дауыс, дәстүр, деңгене, дүре, дерт көшіру, емге сұрау, ен, емшегін көкке сауу,есекке теріс мінгізу, ерулік, жаза, жекпежек, жиенқұйрық, жолаяқ, жолдасу, жылу, жұртшылық, жыртыс, кәде, кек алу, көрімдік, көрісу, көз тию, көрші хақы, көкпар, көңіл сұрау, күн санау, ай санау, жыл санау, жыл қайыру, қалау, қазан шегелеу, қарғыс, қарғану, қарашаңырақ, қап қағар, қонақасы, қонақ кәде, қорықтық құю, құмалақ салу, құн, жарқын құн, қарыз, пайғамбар қарызы, құтты болсын айту, құрдастық қалжың, салт, сал-серілік, сауға, саумалық, сауын алу, сауын айту, сарқыт, сайыс, соғым басы, сүйек жаңғырту, сәлем беру, сәлем ету, сәлемдеме, сүйінші, сыбаға, өлі сыбаға, табақ тарту, таңба, туған күн, мүшел, мүшелтой, алтын той, күміс той, той, тойхана, тойбастар, тойтарқатар, тоғыз, туған жерге аунату, туырлығын тілу, тәбәрік, тіл кестіру, тізе бүгу, тоқымқағар, төркіндеу, түс жору, от басын сабау, отпен аластау, отқа май құю, уәде, үй сынығы, ұран, шашу, шарғы салу, шүлен тарату, хан сырқаты, хан талау, ым, ишара, ырым, іргеден шығару.
Еңбек дәстүрлері:асар,биебау,жылқы
күзеу,күзем шай,кеусен,келі түбі,көген
той,қол ұшын беру,қол үздік,қолкесер,қазық
майлау,қой басты,тулақ шашу,таңсерік,нәзір,үме,сірге
мөлдіретер, сабан той,сал бурын,сыралғы,лау,аңшылық,
Наурыз дәстүрлері:наурызнама,
Ислам тағылымдары:айт,айттық,құрбан
шалу,ақсарбас,аластау,ақтық байлау,айналмақ,жан
беру,жарапазан,жарапазанның батасы,жұмалық,зекет,зікір,
Қаза ғұрыптары:арыздасу,өсиет,
Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті,өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі,Солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып,өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да,түсінікті ете алады.Сондықтан әрбір ұстаз өз кезі мен өткеннің талаптары,объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап,оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелеп отырып,өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игерте түсуі керек.
Жас жеткіншектердің бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогика мен байданысына тоқтала келе, «сегіз қырлы, бір сырлы» толық адам тәрбиелеу қағидаларын төмендегі кесте түрінде жүйелейді.
Жеке тұлғаны қалыптастыруға оқушыны жан – жақты рухани дамыту негізгі орын алады.
Оқыту, білім беру, тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына
әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық.
Даму – күрделі үрдіс болғандықтан оқу – тәрбие арқылы беріліп, ұрпақ тәрбиесінің сабақтастығы үнемі сақталып отырады.
Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан ұлы күреспен ғана жүзеге асырылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде көрсетілген еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық қасиеттер болып табылады. Отанды сүюге, ол үшін аянбай еңбек етуге елжандылыққа тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеті болып саналады.
Сонымен қатар қазіргі таңда патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі
- Отанның мүддесін қорғау, азаматтық көрсету және Отанға адалдықты сақтау болып табылады.
- Елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану, оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау.
- Өткен тарихын, халқының әдет – ғұрыптарын салт – дәстүрлерін құрметтеу, Отан иглігі үшін еңбек ету.
Жаңа заманғы патриотизм сөзі қазіргі кезде патриотизм сөзі жан себебі бұл құбылыстың күрделілігінде, көп мағыналылығында, көп жаратылысынан күрделілігінде көрінеді.
Әрбір ғылыми – зерттеу шығармашылықта патриотизм ұғымын түйсіну мен түсіндіру әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Оларды шартты түрде әр түрлі бағыттарға жіктеуге болады.
Оның біріншісіне патриотизмді, адамның жан дүниесіндегі ең жоғарғы сезім ретінде қарасытырылатындар, оның пайда болуы мен бала сүтімен, бала кезеңнен, ана сүтімен басталып, кейін келе өмірдің әлеуметтік, рухани адамгершілік, жақтарымен толықтырылып отырады.
Екіншісі , патриотизм адамдардың жан дүниесіндегі ең жоғарғы көзқарас ретінде
қарастырылады.
Үшіншісі, патриотизм өте күрделі әрі терең әлеуметтік құбылыс ретінде көрсетіледі.
Төртіншісі, патриотизмнің негізгі субьектісі болып, әр уақытта жеке тұлға есептеледі, сондықтан да әрбір тұлғаның өмірінің мәні мен сәні, өмірдің гүлденгенетінін тарихи тұрғыдан да, мәдени, ұлттық тұрғыдан да санасына сіңіру, басты міндет етіп отыр.
Бесіншісі – шын мәнісінде патриотизм - жоғарғы руханияттылықта. Олай болса, патриотизм жоғарғы сезім, ауыстырылмайтын құндылық, таусылмайтын бұлақ ретінде, әлеуметтік мәнді, пайдалы іс - әрекеттің жетекшісі ретінде, әлеуметтік топтардың рухани – моральдық – мәдени өсудің ең жоғарғы шегіне жеткенде іске асады деушілер.
Сонымен патриотизм - мемлекет пен қоғам өмірінің барлық жағына қатысты мәнді әрі өтпелі емес құндылықтар, жеке тұлғаның бойындағы рухани байлығының бір бөлігі болып табылады. Отан, ел үшін, тер төгіп, жанын аямай, еңбектенуге дайындайтын жоғарғы руханияттылық.
Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырушы, тәрбиеленуші механизм ретінде механизм субьектісі болып табылады.
Бұл құралдардың механизмінің қорын негізінен үш түрлі болып бөлуге болады.Олар:
- Материалдық - техникалыққа жататын ұйымдастырушылық қорлар: қоғамдық пәндерді оқытып – үйрететін аудиторияларды, кластарды, залдарды жасақтау тарихи ескерткіштер, мемориалдар, жайлар, жазбалар, ақпарат құралдарынан алынғандар т.б.
- Рухани қорға: ұсыныстар, қажетті көзқарастарды, сұраныстар мен қажеттілікті, сенімді қалыптастыру, Отан, жер, ел үшін бел шешіп шығуға дайындық т.б.
- Ұйымдастырушылықтың қоры ретінде: мемлекеттік - патриоттық идеологияны іске асыруға қажетті көп жақты шараларды айтамыз. Оған, патриот – құралдардың жиынтығы жатады. Бұл тәрбиеге қажетті құралдардың жиынтығы үш тобы - өзара тығыз байланысты, бір – біріне толтыра отырып, түпкі мақсатқа жетуге көмектеседі. Отансүйгіштікті қалыптастыруда барлық механизмдерді қолдану қажет – ақ.
Әрбір халықтың, өзіндік тарихи, табиғи, жағдайда өмір сүруіне, дамуына байланысты тілі, мәдениеті, ұстанған дінімен қатар ойлау салты, сақталады, яғни ұлттық менталитеті қалыптасады, сонысы мен өзгешеленді. Ол сол халықтың зердесімен жалында ең үлкен құндылық ретінде бағаланады, құрметтеледі, ұрпақтан ұрпаққа сабақтастық ретінде беріледі.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы қыркүйекте, Алматы қаласында өткен дүниежүзілік І – құрылтайында «Қазақ халқы тамырын тереңге жіберген бәйтерек» деді. Ол қиыншылықтың барлығын да жеңіп, қазіргі егемендікке қол жеткізген батыр да, бай,ұлы халық. Олай болса, қазақ халқының тарихы, Отансүйгіштік үлгісі қазіргі ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор рухани құрал болып табылады.
Қазақстандық мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл бүгінгі таңдағы жай – күйін зерттеу барысында оның әдісі, жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екенін көзіміз жетті. Бірақ оның мазмұны кеңес дәуірінде (1970 – 1990жж.) сол кездегі идеологияға қызмет етілетіндіктен, сынар жақты болғаны да айқындала түседі, өйткені онда патриотизм ескерілмей қылған. Сол себепті «ұлттық патриотизм», «ұлттық сана» деген секілді аса маңызды көп зерделенбеген.
Адамның жекен психологиясының әскери қызметтегі сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелділігін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемелекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасын біріктіреді» деп терең, жан – жақты анықтама берген. Қаһарман жазушы біз іздеп отырған «ұлттық патриотизм – бұл ұлттық ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс – тіршілігі, территориясы, тілі, мінез –құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан тарихи дәстүрлер жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен сипатталынады».
Сонымен қатар жаңа тарихи әлеуметтік жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие болды, өйткені, енді Қазақстанда өмір сүріп отырған «Қазақстан» деген мемлекетке бірікті. Демек, олардың мүддесі, мақсаты, күн көріс жағдайлары да бір бағыт ұстануы керек. Міне, осының өзі бұдан былайғы кезде «қазақстандық патриотизм» ұғымын қалыптастыру мақсатын қойып отыр. Ендігі кезеңде қазақстандықтардың күш – қуаты «қазақстандық күш - қуатын» айқындайды.
Патриоттық сезім тәрбиелеу арқылы қалыптасып, жетіліп сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп, сезініп өз ұлтының бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік, тәлім – тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – уақыт талабы.
Қазіргі таңда жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін іс - әрекет ұйымдастыру, тәрбие беру қажеттілігі туындап отыр. Олай болса, жастарға патриоттық тәрбие – беруде - өткені мен бүгінгі күнді және болашағын байланыстыру қажет.
Демек, «қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастыруындағы ата – бабаларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім – тәрбие беру идеалдарының жиынтығы» - деп айтуымызға болады.
Ал ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде М.Шахановтың мына бір өлең жолдары дәлел:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамның өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек, құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы айбыны,