Отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 23:01, реферат

Краткое описание

Қазақ халқының өзіне тән отбасы тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бiзге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, ертедегі қазақ отбасындағы тәрбиенiң оның ішінде көпбалалы отбасындағы ұлттық қасиеттерді қалыптастыру туралы педагогикалық ой-пiкiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен бүгiнгi ұрпақ санасына жеткен әсерiн және пiкiр сабақтастығын жан-жақты жүйелi зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi деп санаймыз.

Содержимое работы - 1 файл

Отбасы тәрбие.doc

— 58.00 Кб (Скачать файл)


КІРІСПЕ

 

Отбасына арналған тәрбиелік білімді практика кезінде  баланың санасында қалыптастыру, тәрбиелік мәннің негізі осы кезеңде қалыптастырылды. Үлгі бойынша баланың бойында талпыну, ұмтылу, қызығушылық, еліктегіштік, балаға лайықты мінез-құлық пен әдептіліктің іс-жүзінде кәдеге асырылуы, баланың ұлттық деңгейде отбасылық тәрбиесінің ғылыми-теориялық негізі туралы білімін көтеру. Рухани саулығы, оның салауаттылығы, имандылығы, мейірімділігі мен болашағына үміткерлігі, ұлттық намысы, өзімен қоса құрбы-құрдастарына ұлттық тәрбиені насихаттауы, ұлтына деген сүйіспеншілігін оятуы  арқылы олардың болашағы туралы қызығушылығының артуы, әлеуметтік-экономикалық кезеңге, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру көзделді. Осы кезеңде ғылыми-теориялық негізде педагогикалық әдістемелік нұсқаулар, арнайы курс бағдарламасы  ұсынылды.

       Қазақ халқының өзіне тән  отбасы тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бiзге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, ертедегі қазақ отбасындағы тәрбиенiң оның ішінде көпбалалы отбасындағы ұлттық қасиеттерді қалыптастыру туралы педагогикалық ой-пiкiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен бүгiнгi ұрпақ санасына жеткен әсерiн және пiкiр сабақтастығын жан-жақты жүйелi зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi деп  санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

1.1                      Отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді    қалыптастыру

 

Адамзаттың милиондаған жылдар ғұмырындағы саналы тірлігінде қол жеткізген мәңгілік бір мәдени жетістігі-отбасылық ғұмыр болса керек.

Отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да  басты негізі. Сондықтан да ол адамзатпен бірге жетіліп, әр халықтың ерекшелігіне орай түрлі кезеңдік сипат иеленіп, сан-саналы жолмен дамып келеді. Отбасылық ғұмыр жөніндегі дәстүрлі қазақы ұғымда тарихи көне, ішкі иірімдері мол, күрделі, кешенді құрылым. Оның сонау көне заманнан бергі даму тарихын тұтастай алғанда жалпы адамзат қоғамының даму сатыларымен іштей қабысып жатқанмен, қазақ деген халықтың қалыптасып, дамуындағы түрлі тарихи жағдайларға сәйкес өзінше ерек болмыс танытады. Бұл ерекшелік жиһанкездер мен ғалымдарды халық өмірін зерттеуге тереңірек тануға ұмтылған зиялы жандарды ежелден қызықтырып, толғандырып келеді.

Отбасылық ғұрып-отбасылық өмірмен тікелей байланысты болып келуінде, яғни адамның дүниеге келуінен бастап, ер жетіп үй болуы, ақыр соңында өмірмен қоштасар сәттегі соңғы сапарына дейінгі аралықты өлеңмен өрнектеп, әрлеп отыруында. Өмір мен өнерді аттастырып, тірлік сәніне айналдырған халық даналығының бұл сырын көрегендікпен танып, көкейіне тоқыған ұлы Абай аса шеберлікпен төрт-ақ өлеңге сыйғызған. 

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін  жасап, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарағандардың бірі – қазақ халқы. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектері  - ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезден бастап ес біліп, ер жеткенге дейінгі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар үлгілері  мен өнегелері баланың өсу жолымен беріліп отырған.

Зерттеуіміздің барысында қазақтың өсіп-өніп, даму тарихындағы ерекшеліктердің бірі – отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастыру. Философия, педагогика-психологиялық әдебиеттерде «отбасы», «тәрбие», «бала», «қасиет» ұғымдарына берілген анықтамалар жүйеге келтіріліп, мазмұнды сипаттама берілді.

Отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру белгілі бір идеяға бағытталып, жалғасын тауып отырса оң нәтиже береді. Біздің алға қойған мақсатымызда осы.  Қазақ  халқында, отбасы тәрбиесінде  ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың іс-әрекеті ұл мен қыз тәрбиесінде көптеп кездесетіні жайлы ұлы ғұламалар  мен ақын-жыраулардың ой-пікірлерінен айрықша байқауға болады. Қыз бен ұл бойындағы асыл қасиет ата-ананы аға, әпке,  қарындас және туған туыспен сыйласа білуі. Жас баланың есі кіріп елмен, ағайын туыспен қарым–қатынас жасай бастауы ол тұлғаның қалыптаса бастауы деп айтуға болады.

Отбасында тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаты-баланы еңбек, өнер, білім машықтарын меңгеруге, нағыз қазақ ұлтына тән елін, жерін сүйіп қорғауға және тағы басқа ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.

Ұлттық сана-сезім адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Бір қазақтың тегіне тән ұлттық қасиеттер: ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, бауырмалдық, мейірімділік пен ізгілік, ынтымақтастық пен татулық, қонақжайлылық, меймандостық, кісілік, көпшілдік, тектікті сақтау, төзімділік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлық, мәдениеттілік, адамгершілік  т.б. қасиеттер халықтық тәрбиеден ерекше орын алған.

        Зерттеу  бойынша ғылыми теориялық білімдер жүйесін саралай келіп тақырыбымыздың мазмұныны ашуда мына анықтаманы ұсынамыз:

«Отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру дегеніміз – қазақ отбасында тәрбиенің ұлттық рухани  құнды қасиеттердің мәні толық, кеңінен пайдаланыла отырып, нағыз қазақ ұлтына тән елін, жерін, отанын сүйе білетін, ұрпақ қамын ойлайтын, салауатты да сауатты, патриот көпбалалы отбасын дайындау».

Ғылыми-теориялық мазмұн негізінде тақырыбымыздың негізін құраушы  отбасы тәрбиесінің  бүкіл мазмұнын ашатындай және оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға ыңғайлы да, ұтымды жолдарын меңзейтін теориялық жағынан негізделген ұлттық тәрбиені  қалыптастырудың үлгісі құрастырылды Ұсынып отырған «Қазақ халқының отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың үлгісі» мазмұны бойынша төрт критериден және үш компоненттерден тұрады. Әрбір компоненттер: танымдық, мотивациялық, кәсіби іскерлік көрсеткіштермен қиылысу  мазмұны бойынша орындалады. Критерийлері: этнопедагогикалық тәрбиеге баулу; этнопсихологиялық тәрбиеге баулу; рухани құндылыққа баулу және ұлттық қасиетке баулу.

1.1.Танымдықбойынша этнопедагогикалық тәрбиеге баулу: қазақ менталитетінің этникалық сана мен дүниетанымын  білу; ана тілін, ұлттық мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін білу; қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптарды білу; отбасында баланың тәрбие ерекшеліктерін білу.

2.Мотивациялық бойынша этнопедагогикалық тәрбиеге баулу: қазақ этнопедагогикасының білімін білуге ұмтылу; этнопедагогикалық әдістерге қызығушылығы; этникалық тәрбиенің ерекшеліктеріне қызығушылығы; этнопедагогикалық дәстүрлер мен моральдық-этикалық жүйелерді білуге ұмтылысы.

3.Кәсіби іскерлік  бойынша этнопедагогикалық тәрбиеге баулу: этнопедагогикалық тәрбие заңдылықтарын іске асыруы; салт-дәстүрлерді қолдануы; этнопедагогикалық мәдениет, дәстүр, тұрмыстық мәдениет принципетін үйлесімді пайдалануы.

2.2.Танымдық бойынша этнопсихологиялық тәрбиеге баулу: қазақ отбасында балаға қажетті тәрбиені; ұлттық сананы; ұлттық сезімді; ұлттық мүддені; ұлттық патриоттық сезімді; отбасылық сезімге баулу; ұлттық шежіре туыстық қатынастар нормасын білу.

2.Мотивациялық  бойынша этнопсихологиялық тәрбиеге баулу: ұлттық психология бойынша отбасы тәрбиесін қалыптастыруға  ұмтылу; қазақ елінің этникалық тәрбие беруінің өзіндік ерекшеліктерін меңгеру;  отбасыға тән ұлттық сана, ұлттық мінез ерекшеліктеріне ұмтылу.

3. Кәсіби іскерлік бойынша этнопсихологиялық тәрбиеге баулу: туыстық қатынастар психологиясын ұстануы; ұлттық сана мен іс-әрекет, бірлік принципін қалыптастыруы; қазақ елінің ойшылары, философтары, ақын,  жыршылары, би, сұлтандарының еңбектерін, ертегі, қисса, жырларында көпбала тәрбиесі.

        3.1.Танымдық бойынша рухани құндылыққа баулу: қазақ ұлтының көпбалалы отбасына тән: ақылдылық; төзімділік; бауырмалдылық; имандылық; көпшілдік; сыйластық; татулық; парасаттылық; адамгершілікті білу.

2.Мотивациялық бойынша рухани құндылыққа баулу: этникалық тәрбиенің ерекшеліктерін бағалауы; отбасындағы тұлға бойындағы сыртқы және ішкі көріністерді бағалауға ұмтылысы; ұлттық рухани сана мен іс-әрекет принциптерін меңгеруі.

3. Кәсіби іскерлік бойынша рухани құндылыққа тәрбиелеу: адамгершілік, рухани құндылықтарды қолдана білуі; ата бабамыздың «бауырмалдылық» тәжірибесінің ерекшеліктерін бағалауы:  ұлтымыздың салт-дәстүрлеріндегі рухани байлықты жүзеге асыруы.

4.1. Танымдық бойынша ұлттық қасиетке тәрбиелеу: басқа халықтар туралы білім деңгейін көтеру; татулық қатынастарын қалыптастыру; басқа ұлттардың мәдениетін меңгеру; ұлттық этикетті білу.

2. Мотивациялық бойынша ұлттық қасиетке тәрбиелеу: жалпы мәдениеттілікке ұмтылысы; ұлттық қасиеттерді білуге ұмтылысы; табиғилыққа ұмтылысы; ұлттық намысты ояту мен қалыптастыру.

3. Кәсіби іскерлік бойынша ұлттық қасиетке тәрбиелеу: салауатты өмір салтын қалыптастыруды жүзеге асыруы;  ұлттық  әсемдікті ұстануы; ұлттық фольклор,  өнер, киім мәдениетін, тұрмыстық құралдарын пайдалану және әлемге таныту.

Қазақ халқының отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың  педагогикалық үлгісін жасау үшін зерделеген білімдер жүйесін жинақтап, қысқаша нұсқасын кесте арқылы бейнелеуге тырыстық.

Ұлттық тәрбиенің тарихы мен оның маңызын, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсерін ескере отырып, бұл мәселені ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік алдық. Қазақ халқының отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың үлгісін жүзеге асыратын педагогикалық жүйесі құрылды.

 

 

1.2       Отбасына арналған тәрбиелік білімді практика кезінде  баланың санасында қалыптастыру

 

Отбасына арналған тәрбиелік білімді практика кезінде  баланың санасында қалыптастыру, тәрбиелік мәннің негізі осы кезеңде қалыптастырылды. Үлгі бойынша баланың бойында талпыну, ұмтылу, қызығушылық, еліктегіштік, балаға лайықты мінез-құлық пен әдептіліктің іс-жүзінде кәдеге асырылуы, баланың ұлттық деңгейде отбасылық тәрбиесінің ғылыми-теориялық негізі туралы білімін көтеру. Рухани саулығы, оның салауаттылығы, имандылығы, мейірімділігі мен болашағына үміткерлігі, ұлттық намысы, өзімен қоса құрбы-құрдастарына ұлттық тәрбиені насихаттауы, ұлтына деген сүйіспеншілігін оятуы  арқылы олардың болашағы туралы қызығушылығының артуы, әлеуметтік-экономикалық кезеңге, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру көзделді. Осы кезеңде ғылыми-теориялық негізде педагогикалық әдістемелік нұсқаулар, арнайы курс бағдарламасы  ұсынылды.

Көпбалалы отбасындағы ұлттық тәрбиенің орны ерекше деп жауап бергендер саны - 3%-ды көрсетті. Себебі, ұлттық тәрбиенің не екенін түсінбеген оқушылар да кездесті.  Сол үш пайыздық көрсеткен оқушылар ұлттық тәрбие деп, жаңа туылған баланың шілдеханасы, қырқынан шығару, бесікке салу, сүндет той, тілашар сияқты тойлар ұлтымыздың тәлім-тәрбиесі, ол ерекшеліктер міндетті түрде аталып өтуі қажет және баланың болашағында бұл дәстүрлер ерекше орын алатындығын өз сөздерімен жеткізе білді. Ұлтқа тән ырымдар, салт-дәстүр, мақал-мәтел, ертегі-аңыздардың  бала тәрбиесіндегі маңыздылықты да  естен шығарған жоқ. Өкінішке орай  бұл сұраққа жауап беруде балалар саны аз болды.

Бауырмалдылық дегеніміз не? – деген сұраққа оқушылар -21,2% көрсетті. Себебі, бауырмалдылық тек бауырлар арасында ғана емес, жалпы  адамзат арасындағы қарым-қатынастың  жоғары деңейі деп жауап берді. Бауырмалдылық, ақ, сары, қара нәсілділіктер арасындада орны бар екенділігі, жанашырлылық, қиын уақытта көмек қолын созу деп бір тобы түсіндірсе, отбасында бауырлар көп болады және олар бір-біріне бауырмалдылық сезімдерін білдіріп тұрады. «Бауырлар –ол бауыр еті». Тіпті бір ұл бала атасынан естіген әңгімесін де айтып берді:  - «Ашаршылық уақытында  адамға кім жақын дегенде, – бала белде, әйел жолда, ал бауыр ешқашанда жолда кездеспейді, адамның ең жақыны бауыры» деген екен. Яғни оқушылардың біразы бауырмалдылық қасиетті жақсы түсінетіндігіне көзіміз жетті. Ал түсінбейтінде қысқа да нұсқа қайырғандары да болды, олар менде бауыр жоқ, бауырлар арасындағы қарым-қатынасты мен білмеймін деп таңқалдырғандары да кездесіп жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Қазақ отбасында балаға тәрбие беру қазақ халқының қоғамдық санасының дамуына байланысты қалыптасқан. Қазақтың көпбалалы отбасы тәрбиесінің  маңызы бауырмал, көпшіл, ізетті, төзімді, тіреулі болуы күнделікті тұрмыс тіршілігінде, тектік өрелігінде көрініс тауып отырған. „Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар“,  „Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді“, „Бір жеңнен қол, бір жағадан  бас шығарып“ -деп татулық белгісін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.

Заман талабына сай, әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы жаңа экономикалық қатынастардың пайда болуы, ұлттық тәлім-тәрбиенің жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тарихи, философиялық, этнографиялық, педагогикалық, психологиялық бағыттағы қазақ отбасы, бала тәрбиесі, отбасы және неке, ұлттық тәлім-тәрбие  тақырыптарына ғылыми зерттеулер кеңінен арналған.                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.Әбиев “Педагогика”

2.Әбеңбаев “Тәрбие теориясы әдістемесі”

3.Қалиев “Этнопедагогика”

4 Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова “Педагогика”

8

 



Информация о работе Отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру