Музыкалық қабілет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 12:36, курсовая работа

Краткое описание

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз - ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.

Содержимое работы - 1 файл

музыка кабілет.doc

— 169.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз - ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.

Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан - жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.

Курстық жұмыстың міндеттері:

        Музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;

        Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамытуды талдау;

        Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамыту жолдары.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

 

 

1 МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Музыкалық қабілеттілік мәні және құрылымы

 

Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.

Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.

Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.

Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.

«Амузия» деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2 - 3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой - сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі).

Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан.

Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне  байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).

Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді.

Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?

Н.А.Римский - Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.

Б.М.Теплов: ... сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ сезімі.

Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі.

Неміс психологі Г.Ревеш: ... музыкалық қабілет - ол жай ғана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа орындауы, шығармашылық қиялы.

Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің  психологиялық құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде (жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не пианист пе?

Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері байқалады.

Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты  сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.

Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы.

Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады.

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - Музыкалық қабілет құрылым өтімі

 

Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):

   білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды);

   жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады;

   өтімінің қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);

   музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура - гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).

 

1.2 Музыкалық қабілеттілік түрлері және қалыптасуы

 

Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады:

   бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе;

   бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа әуенді әндетеді;

   әннің жалпы жүрісін таза алуда;

   жалпы жүрісіндегі  таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза алады;

   әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен қалыптасады;

   сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза орындайды.

Ішкі есту сезімі және музыкант-орындаушы мамандығында алатын ролі - біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды, әуендерді жаңадан сезінуі болса, екіншілері – есте сақтау мен елеске байланысты.

Балалардың музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуында музыкалық әсердің қоры жиналуда, репертуардың кеңдігі пайда болады. Осы жинақтаған сезімдік қоры, оның сақталуы және де оны іс - әрекетте қолдануы музыкалық есте сақтауы болып табылады.

Бастауыш мектеп балаларының музыкалық есте сақтау элементтері біркелкі және теңсіздік дамиды.

Кәсіби - музыканттың есте сақтауы - бұл есте сақтау мен сезім сақтауының музыкалық материалды түсіне білуі - келесіде қабылдауының қайта орындауы.

Қысқаша – музыкант - оқушының музыкалық шығарманы қай, қалай, қандай деңгейде кәсіби сауатты жаттау. Тәжірибе көрсеткендей оқушылардың көбісі музыкалық шығарманы жаттайтыны шығарманы қайта - қайта қайталау мен орындауында. Осы қайталау кезінде есте сақтау бірізділігі қалыптасады.

Қайта - қайта қайталау – автоматикалық есте сақтау болады, оның мазмұнын түсінбесе, музыкалық түсінігі болмайды. Мынадай жаттығу жағдайда адамның миы жұмыс істеу керек.

Көркем - интелектуалды және эмоционалды белсенділігі ойлап жұмыс әрекеті мен музыкалық шығарманың мазмұнды жұмыс істеудің әдісі арқылы нәтижелі болады, есте сақталады, түсінетін болады.

Адамның көркемділік дарындылығы неде? Бала дарынды болу үшін қалай білім беру керек? Баланың көркем-шығармашылық бейнесін қалай көруге болады және де қалай бағалауға болады? Өйткені ол (көркем - шығармашылық бейнесі) өнермен ұштастыру деген мағынада.

Психологтар мен педагогтар әрбір баланың бойында шығармашылық потенциалы бар деп санайды, шығармашылық - адамзат өмірінің шамасы. Шығармашылық қасиет – адамзат негізінің «таңбасы».

Күнделікті өмірде, педагогикалық тәжірибеде, «аспаннан жерге, уақыт  талабына» түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.

Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік ретінде жеткізу, «айтып беру» болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен оқушының арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс-әрекеті.  

Екіншіден, бір саладағы шынайы шығармашылық психологиялық доминантаны құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім жүйесіндегі балаға көмек ретіндегі шығармашылықпен айналысу болып табылады: өз-өзінде, «музыкант» болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б.

Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық қасиеті, оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-әрекет процесінің меңгеруі – деген.

Шығармашылық қабілеттілік – ол сапалы музыканың тууы, өзгеруі, музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын жазған кезінде: «Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында «жұмысы» нәтижелі болды» - деген пікірді айтқан.

Ал, келесі бір дәстүрлі психологиялық қасиеттің бірі - адамның қабілеттілігі психологиялық сапа қатарының үйлесуі, не компоненттері, әрбіреуі әрекет талабына сәйкес келеді де жеке қабілеттілік бола алады.

«Негізгі», «басты» қабілеттілік бөлімдерінің алды, олардың бірлігі, оның ішіндегі бөлімдерінің психика сапалығын көрсете алатыны, толтыратыны  және де оның статусы мен көркемдік, музыкалық, бейнелеушілік не басқадай қабілеттілігінің сипаттамасы. Теплов Римский-Корсаковқа  музыкалық мінездеме бергенде «толық» түсінік бере алды. Римский-Корсаковта көзге елестету дамуы, табиғатты сезіну мықты болған, «оның көз елестетуі музыкалық, табиғатты сезінуі музыкалық» болды. Мынандай қорытындыға келді: оның жалпы тұлғалық бағыттылығына байланысты адамда ешқандай қаблеттілік болмайды. Римский-Корсаковқа қоршаған әлем музыкалық құбылыс, көрініс болып сезілген.

Осы кезде екі кезеңді қарастырайық: бірінші маңызды кезең – не бір белгілі әрекетінің емес, өмір тұтастылығына ерекше қатынасы. Екінші маңызды кезең – тұлғаның жалпы бағыттылығы, не әлемге адамның үстем болғаны, адамның түрлі психикасы сапалы қабілеттілікке айналуы.

Ал, шығармашылық қабілеттілікке келер болсақ, адам психикасындағы әрекеттілік талабы адамның МЕН деген берілген әрекетіндегі өз-өзіндік шығармашылық қабылдауы. Ол деген, адам қоршаған әлемге ерекше, эстетикалық, көркемдік қатынасы түрлі көркемдік шығармашылығының қабілеттілігінің негізі болып табылады. Ал, жеке қабілеттілікті ауыстыру, үйлестіру не басқадай тәсілмен онда  эстетикалық тәжірибе қатынасы әлемде ештеңемен ауыстыруға болмайды. Онсыз құнды көркем шығармалар тумайды.

Сондықтан, әлемдік қатынас дамуы мен оянуы және өзінше бір бөлшек ретінде өнер педагогикасының бірінші мақсаты, әр-түрлі өнердегі мақсатты іс-әрекетінде жүзеге асыру болып табылады.

Ізденушілердің дәлелдеуінше, әлем эстетикалық қатынасында әрбір адамда, әрбір балада жүзеге асыру барысында өзіндік потенциалы бар. Сондықтан бала кезеңінде осы мәселені қабылдай алады да, жалпы білім беру кезінде жүзеге асыра алады.

1.3 Музыкалық қабілетті дамыту белгілері

 

Баланы жан - жақты, әрі үйлесімді дамыту музыканың атқаратын міндеті. Осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек.

Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық шығарманың сипатын/характерін/ сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір - бірімен салыстыратын ой туғызады.

Музыкалық қабілеттің екінші белгісі - тыңдау қабілеттілігі, ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін байқайды.

Ең қарапайым қасиетін (аспаптардың жоғары және төмен тембрлік дыбысын) салыстырады, шығарманың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын, қайырмасын, бөлімдерін) айырады, бір - біріне қарама - қарсы көркем образдарын айқындайды.

Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі - музыкаға творчестволық көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді, ойынды көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мысалы: маң - маң басқан аю, үркек қоян т.б..

Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей - тегжейлі түсіндіріп, мереке күндері топ болып айтқызу – Отансүйгіштік, еліне деген мақтаныш сезімін, ұлттық рухын күшейтуде айрықша мәні бар іс. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының казақ тілінде ән шырқап аудан көлемінде өткен «Тіл болашағы балабақшада» атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырады.

Ұжым болып ән салу, билеу, ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді шешеді. Ән айту бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді, әнді дәл айтпайтын бала жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.

Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез - құлқына, мәдениетіне себін тигізеді.

Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы да бар. Музыка балалардың эстетикалық және ақыл - ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.

Музыкалық ырғақ сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомимо, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы персонаждарды сомдайды.

Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты музыкалық даму ерекшеліктері де жылдан - жылға өсе береді, баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет процесінде дамиды.

Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері: есту сезімі, музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары, қимылдары.

Музыкалық – дидактикалық ойындар балалардың музыкалық даму міндеттерін шешуге көмектеседі. Ритм сезімін қалыптастыруға, музыкалық қабілетін дамытуға, қандай да болмасын дағдыны түзетуге тәрбиелейді.

Ертеңгілікте эстетикалық тәрбие құралдарының бірі ретінде тек музыка ықпалымен шектеліп қалмай, сонымен қатар өнердің бірнеше түрін үйлестіріп пайдалануға да болады.

 

2 ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1 Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері

 

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:

1) Мелодиялық есту;

2) Гармониялық есту.

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Музыкалық есту өнерінің түрлері

 

Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен - сазды дәл қайталау арқылы көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше дыбыстар (аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.

Музыкалық есту қабілеті ән - күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.

Сабақ барысында түрлі әуен - сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын, дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып, оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму дәрежесін көрсетеді.

Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы - ырғақтық ойындар, түрлі жауап - сұрақтар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн. Оқушылардың музыкалық есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.

Оқушылардың музыкалық - шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың карапайым әуен - саздарын, мақал - мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б. қолдануға болады.

Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте өлшеусіз екені анық.

Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.

Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.

Үйретілетін ән - күйдің сезімдік - драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада құрылатын ән - күй сабағының музыкалық - драмалық әдіспен өрбуі де жиі қолданылады.

Ұстаздық бақылау мен оқушының өзін - өзі байқап отыру әдістемесі, әр оқушыға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз.

Ұстаз бағасы мен үйге берілген тапсырма оқушының музыка қабілетінің даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш екенін ұмытпаған жөн.

Ұстаздың белгілі бір ән - күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі сөзбен, іс - әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына игі әсерін береді.

Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.

Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән - күй сабағына деген қызығушылық тудырары сөзсіз.

Ән - күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.

Мектепте үйренетін ән – күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:

1)   Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады;

2)   Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу;

3)   Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту, оқушы қиялын ұштау;

4)   Ән - күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету;

5)   Ән - күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме - кеңес. Онда шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі мәнерлерін анықтау;

6)   Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену кезеңі. Вокалдық шеберліктің әннің көркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін қадағалау. Әнді орындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және ұстаздың ән фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажет болады.

 

2.2 Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау

 

Ән – әлемді танудың әмбебаб үлгісі. Әні жоқ өмірдің сәні де жоқ деп бекер айтылмаған. Адамзат баласы ықылым заманнан бері әннің әсері мен пайдасы жөнінде көп білген. Бүгінгі күні ән сабағынан дәріс беретін ұстаздар да балаға ән - әуен жөнінде білім бергенде алдына қояр анық мақсаттары мен бала мүмкіндіктерін жан - жақты ескеруі қажет.

Музыкалық қабілет – балалардың танымдық тәжірибе алуы, әуен әлемінен өздеріне жаналықтар ашып, ертеректе алған музакалық білімдерін жетілдіру, жаңашыл музыкалық аспаптармен орындау өнері түсінігін анықтайды.

Бұл қабілетті қолдану үшін, ең алдымен қарапайым әуендерді орындау, ұсынылған мәтінге әуен таба білу, түрлендіріп орындай алу, ұнаған ырғаққа қосылып билеу, әнге қосылу өнері, сараптай сынау және өз мақамына салып орындай алу сынды мүмкіндіктерді қолдану қажет.

Музыкалық - эстетикалық тәрбие мақсаты бала бойында жеке қабілеттерін дамыту, ән әлемін таныстыра отырып, баланың табиғи мүмкіндіктерін ашуды көздейді.

Сондай - ақ, күнделікті сабақ барысында оқушылар ән мен әлем арасындағы тығыз байланыстың бар екендігіне көздерін жеткізудің де өзіндік мәні бар. Себебі, бала әннің күнделікті өмірде қаншалықты тиімді екенін түсіне алмаса, әнді сүйсіне орындауға ынталанбаса, әуен мен әнге деген қызығушылығы ортаяды.

Музыкалық қабілеттің психологиялық негіздері де бар. Бұл қабілет өз бойына ойлау мүмкіндігінің көңіл - күйімен тығыз байланысында көрініс табады. Нақтылық пен жалпылық, сезім мен логика, шығармашылық мүмкіндік пен шапшандық, шешім қабылдауда да тыңғылықты ойлануды ортақтастыратын бірден - бір қабілет түріне жатады. Ән әлемін тану - дамуға бетбұрыс. Ең алдымен, бұл баланың психикалық қасиеттерін, атап айтқанда, ес, ойлау, сөйлеу, байқағыштық, шапшандық, мақсаттылық, логика мен терең сезінуді барынша дамытады.

Ән әлемі әдебиетпен және көркемөнермен тығыз байланыста. Оқушыларды ынталандырудың да оңтайлы тәсілдерін таңдап, түрлі әдістемеліктерді қолдана отырып, ізденуші, шығармашылық тәжірибелерін кеңейтуге мүмкіндік беру қажет.

Бұл орайда бірнеше әдістікке жаратуға болады. Мысалы, жалпыға бірдей дидактикалық міндеттерді қолданған уақытта оқушының жекелей мүмкіндіктерін ескеріп, өзіне оңтайлы музыкалық репертуарын таңдап алуына, қосымша материалдар мен шығармашылығын жан - жақты дамытуына да ерекше ден қою, сонымен бірге сабақты да түрлендіре өткізудің өз пайдасы бар. Ойын сабақ, ертегі сабақтарын өткізу де өнімді әдіс. Бірнеше арнайы тапсырмалар дайындап, бала қабілетіне сай сабақты әрі қызықты, әрі тартымды өткізудің жолдарын іздеген жөн.

Төменгі сынып оқушыларының музыкаға деген сүйіспеншілігін және қызығушылығын қалыптастыруды, оқыту процессінде музыкалық қабілеттерін дамытуды сипаттап қарастырсақ.

Бірінші сынып балаларының музыкалық қабілеттері әр түрлі болады. Бір балалардың қабілеттері көрініп тұрады, екіншілердікі аса көрінбейді. Біреулері музыканы жақсы қабылдай, тыңдай білетін болса, екіншілері оны неге тыңдау керек екенін білмейді.

Кейбір балалар арнайы музыкалық мектептерде оқып музыкаға деген ынталары зор болады. Сондықтан балалардың музыкалық дамуыда әр түрлі болады. Осы жастағы балалардың музыкалық мінездемесі болады:

1) музыканы қабылдай біледі, көп балалар негізгі музыкалық жанрларды ән, би, марш айыра біледі. Бірақ балалар тек қана қысқа, көрнекі, қызықты музыкалық шығармаларды қабылдайды;

2) балалардың ән айту мүмкіншіліктері шамалы. Әншілік диапазондарды 2 - 3, 3 - 4 дыбыстан аспайды. Дауыс құбылысы әлі дамымаған. Нәзік, күші аз болады. Дыбысының тарауы аз (полетность звука). 1 - сынып оқушыларының жұмыс жасау диапазоны примарлық тонмен қатар болуға тиісті. Мысалы: 7 - жастағы баланың дыбыс көлемі ре-ля дыбыстарынан аспау керек. Балалардың ырғақтық импровизациялары жақсы дамыған.

1 және 2 сыныптардың балаларына көп белгілері жалпы, бірдей болады, бірақ белгілі айырмашылықтары бар. Ең негізгісі 2 - сынып оқушысы «тәжірибелі» оқушы; оған мектеп тәртібі (режим) және сабақтағы талаптар үйреншікті; бірінші сынып оқушыларына қарағанда олардың зейіндері нық бола бастайды, ойлау қабілеттері көбірек дамыған, яғни талдау жасау қабілеттері.

Екінші сынып оқушысының музыкалық дамуы 1 - сыныптағы музыкалық сабақтардың сапасына байланысты. 1 - сыныптағы ұйымдастырылған, міндетке бағытталған, қызықты музыка сабақтары балаларды бірге музыканы тыңдауға, одан алған әсерлерін айтуға, бір - бірін тыңдап хормен ән айтуға үйретті. 2 - сыныпта музыкалық жанрларды интонация, музыканың дамуы, музыканың формасы (құрылысы) арқылы менгереді.

Үшінші сынып оқушысы, ол қалыптасқан «типтік» оқушы. Бұлшық еттері аса мықты, күшті дамыған. Зейіні және ақыл - есі дамыған. 3  -сыныпта балалардың қызығушылықтары және бейімділіктері тұрақты және таңдамалы бола бастайды, бірақ әлі тұтас қалыптаспаған.

Бірінші және екініші сыныпта балалар әр қызмет түрін ынтамен жасаса, ал 3, 4 - сыныпта балалардың қызығушылықтары анықталған, олардың арасында әр түрлі мінезді сабақтарға аса және кем қабілетті екені анықталады.

Мұғалім үшін төртінші сыныптағы музыкалық тәрбие қиыншылық тудырады. Нағыз осы кезде балаларда музыка сабағына да өзіндік анықталған қатынасы қалыптасады.

Музыка пәні мұғалімі өз сабақтарында шығармашылық тапсырма бергенде де оқушының есту қабілетін, әуенге еліту, көркем ой, өз қиялы мен әуенге сүйіспеншілігін бір арнада ұстап, жасампаздық жолында жаңашылдыққа бет бұра бастауына барынша делдал бола білсе, ең бір биік белес – қызығушылық пен талаптануға жеткені.

Музыка шығармашылығының қызмет аясы кең. Оған ырғақты түсіну, жоғары әуен мен әмбебап орындалатын әуендердің әсерін тану, интонациялық түсіну қабілеті, орындау шеберлігі, әуенді қабылдау, вокалды және хормен орындауға қабілеттілік жатады.

Оқушыларға берілетін тапсырмалар да аталған қабілеттердің қарыштап дамуына барынша мүмкіндік беретіні белгілі. Сол себепті бірнеше әдістің түрін келтіре кеткенді жөн санадым.

Ырғақты дамытуға арналған тапсырмалар:

- арнайы ырғақпен айтылатын сөздер мен сөз тіркестерін ойлап табу;

- осы сөздердің ырғақтық мәнін аяқ соғу, алақан соғу, саусақтармен дыбыс шығара отырып жеткізу;

- жекелеген ән бөлігінің немесе ырғақтық бейнесін көрсету;

- түрлі жанрлық әуенге ырғақты аккомпанент табу;

- сұраққа сай ырғақты жауап табу.

Интонациялық есту қабілетін дамытатын тапсырмалар:

- музыкалық шығармада интонацияны белгілейтін тұстарын тауып, оны жеткізуге тырысу;

- түрлі сезімдерді жеткізу;

- музыкалық шығарма үзіндісіне аспаптық - ырғақты қосымша сүйемелдеуді ойлап табу;

- әуенің идеялық, әрі сезімге әсер ететін тұстарын ерекше көтермелеп көрсететін аспаптарды анықтау;

- жекелеген әуенге әдеби шығарма таңдап алу;

- әуенге бейнелер таңдап алу;

- таңдап алынған әуенге орай оның көркем сүретін салып шығу.

Төменгі сынып оқушыларының орындаушылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар:

- өлеңнің жеке фразаларын анықтау, олардың жекелей аспаптармен орындалуына жекелеген қасиеттерді анықтауға үйрету;

- өлеңнің кіріспесін орындату, бүкіл өлеңді орындау немесе жекелеген аспаптарда орындату.

 

2.3 Төменгі сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілдерін талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға, есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.

Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын алады.

Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру - ұстаздың басты борышы.

Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік - педагогикалық, музыкалық талдаулары, әсерлі әңгіме - суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ жоспарынан тыс қалмауға тиіс.

Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.

Мысалы, I кезең — алғашқы жалпылама танысу кезеңі.

ІІ кезең - музыкалық шығарманы талдау, тыңдау, бөлімдерін жекелей қарау, интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін үйрену.

III кезең — биік деңгейде, музыканы мағыналық тұрғыдан қабылдауға үйрету.

Оқушылардың жалпы музыкалық танымын, яғни музыкаға деген танымдық қызығушылығын біртіндеп, дұрыс бағытта дамытып, бағдарлап отыру да - ұстаздық шеберліктің бір түрі.

Музыка сауатының қарапайым элементтерін меңгеру (демек, нота жүйесін меңгеру) оқушының музыкалық танымының бір түрі ғана. Ноталық жүйені толық меңгеру жалпы білім беру саласындағы міндетті мақсат емес, ол тек оқушыларды музыка өнеріне жұмылдыру, қызықтыру жұмыстары үшін қолданылады. Ноталық белгілер музыкалық шығармашылық өнердің жалпылама символы (рәміздері) ретінде әуен - саздан көркемдік ой тудыруға, мән - мағыналық түсінік білдіруге көмектеседі.

Мектептерде ноталық жүйеге дейінгі музыка сабақтарын өту кезеңдері болады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың түрлі практикалық қызметін жүйелеп, шығармашылық арнаға бағыттау және ұлттық дәстүрлі өнерлердің негізгі салаларымен таныстыра бастау. Ұлттық музыканың өзіндік ерекшеліктері мен рухани қадір - қасиетін бала танымына сіңіре білу әр ұстаздың ең қасиетті борышы екенін ерекше бөліп айтпақпыз. Әрбір ән-күй сабағында осындай ұлттық дәстүрлерге арналған танымдық бөлімдер болуға тиіс. Ән әуенін нотамен айту шеберлігін дамыту үшін, нота баспалдақтарының белгілерін саусақтармен белгілеу, сондай-ақ баспалдақтар арақатынасын графикалық суреттермен көрсету сияқты көрнекті құралдарды қолдану тәсілдері де музыка пөні әдістемесінде орын алуы керек.

Музыка пәнінде музыкалық-ырғактық қозғалыстарға баса мән берілгені жөн. Бұл әдістер оқушының музыкалық дамуына зор әсер етіп, түрлі орындаушылық шеберліктің қалыптасуына негіз болады. Музыка сазының метрикалық негіздерін ажыратуға, оның фразалық бөлімдерін сезінуге, шығарманың ырғақтық суреттерін түсінуге музыкалы-ырғақтық қозғалыстардың мәні өте зор. Музыка пәнінің негізгі мақсаттарынын бірі - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр баланың жеке мүмкіндіктерін анықтап, соған дем беріп отыру.

Жасөспірімдерді ән айту өнеріне тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым нәтижелі болатыны дәлелденген шындық. Ән салу адам жанының сұлулығына, ой мен ақыл кабілетінің арта түсуіне тікелей әсер етеді, тіпті баланың физиологиялық дамуына да септігін тигізеді.

Ән үйретпес бұрын, оқушыларды денесін бос, тік ұстауға, басты қалай ұстап, ауызды қалай ашу керектігін, яғни денені ұстау қалпын анықтап үйрету қажет. Сосын демді қалай дүрыс алу керектігі айтылуға тиісті. Әннің түрі мен екпініне байланысты іштен дем алу өнерінің еркін қалыптасуы ұстаздың тиянақты еңбегіне байланысты дамиды. Демді әннің аяғына дейін жеткізе білу, яғни ауаны үнемді пайдалану - әнші шеберлігінің негізі деуге болады. Демді ұзақ шығаруға сүйене отырып, дауысты дыбыстарды дөңгелете алуға дағдыландыру - әнші тәрбиелеудің басты мақсаты. Ән үйрету кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйретіп, дикцияға көп мән берілгені жөн.

Әнді таза, анық айту үшін оқушыларға арнайы жаттығулар беру керек.

Жаттығулардың негізгі екі түрі бар:

1) Жеке өз бетімен дайындалғандары.

2) Нақтылы әдіс - тәсілге, әннің белгілі қиындығын меңгеруге арналғаны.

Оқушылардың жаттығуға деген қызығушылық көзқарастарын қалыптастырып, оларды нақтылы максатқа қолдану керек.

Ән айту алдында оқушы даусын арнайы жаттықтырып алу керек (распевания). Әуендік және ырғақтық тұрғыдан қарапайым, тез жатталатын әуенді жай екпінде, модуляциялы секвенция ретінде жарты тон бойынша жоғары - төмен айтқызып үйрету өте тиімді. Жаттығулар арасында бірдей ұзактықта тыныс алып отырса (паузалар), ол әуенді қайталауға, ән айту шеберлігін дамытуға зор мүмкіндік береді.

Әнді түрлі аспаптармен (баян, фортепиано) сүйемелдеп айтқан оқушының музыкалық дамуына зор әсер етсе, әннің өзін жеке айтып жаттыққан да әуендік, гармониялық және ладтық сезімнің өсуіне көп көмек береді.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.

Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.

Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):

   білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды);

   жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады;

   өтімінің қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);

   музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура - гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).

Баланы жан - жақты, әрі үйлесімді дамыту музыканың атқаратын міндеті. Осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек.

   Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық шығарманың сипатын/характерін/ сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір - бірімен салыстыратын ой туғызады.

   Музыкалық қабілеттің екінші белгісі - тыңдау қабілеттілігі, ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін байқайды.

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:

1) Мелодиялық есту;

2) Гармониялық есту.

Музыкалық қабілет – балалардың танымдық тәжірибе алуы, әуен әлемінен өздеріне жаналықтар ашып, ертеректе алған музакалық білімдерін жетілдіру, жаңашыл музыкалық аспаптармен орындау өнері түсінігін анықтайды.

Бұл қабілетті қолдану үшін, ең алдымен қарапайым әуендерді орындау, ұсынылған мәтінге әуен таба білу, түрлендіріп орындай алу, ұнаған ырғаққа қосылып билеу, әнге қосылу өнері, сараптай сынау және өз мақамына салып орындай алу сынды мүмкіндіктерді қолдану қажет.

Музыкалық - эстетикалық тәрбие мақсаты бала бойында жеке қабілеттерін дамыту, ән әлемін таныстыра отырып, баланың табиғи мүмкіндіктерін ашуды көздейді.

Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға, есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.

Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

 

1.   Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б. Байжігітов.- Алматы: РБК, 1998 .– 78 бет.

2.   Балтабаев М. «Елім-ай» / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова. - Алматы: Атамекен, 1993 – 94 бет.

3.   Балтабаев М. Әсем саз: бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова - Алматы: Атамекен, 1993 – 104 бет.

4.   Балтабаев М.Х. «Елім - ай»: бағдарламасының ғылыми әдістемелік негіздері / М.Х. Балтабаев - Алматы: РБК, 1993 – 22 бет.

5.   Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1 - 4 сынып оқушыларына арналған «Елім - ай» ән - күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев - Алматы: РБК, 1993 – 68 бет.

6.   Бәттібаева С. Ән - күй: әдістемелік нұсқау / С. Бәттібаева, Ф. Қоңыратбай, Э. Баталова - Алматы: Кітап,  2002 .- 104 бет.

7.   Бекенов У. Күй керуені / У. Бекенов - Алматы: Өнер, 2002 .- 144 бет.  

8.   Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание / М.Ш. Бонфельд .- М: Владос, 2001 - 224 с.

9.   Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане / Б. Гизатов – Алма-Ата: Мектеп, 1975. - 81 с.

10.        Ғизатов Б. Мектептегі ән - музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, мызыка тыңдау. Методикалық көмекші құрал. – Алматы, 1962. – Б. 160

11.        Джансеитова С.С. Орысша – қазақша музыкалық терминдердің түсіндірме сөздігі / С.С. Джансеитова, К.К. Мусина - Алматы, 1991 - 105 с.

12.        Дмитриева Л.Г. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. пособие / Л.Г.  Дмитриева, Н.М. Черноиваненко .- М.: Академа, 1998 .- 240 с.

13.        Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің ән - күй сабағына арналған «Мұрагер» бағдарламасы 1 - 4 класстар. – Алматы, 1994.

14.        Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы: 1-4 сыныптар -  Алматы: РБК, 1997- 334 бет.

15.        Жұбанов А.Қ. Музыка әліппесі. – Қызылорда, 1933. – Б. 85

16.        Кононова Н.Г. Обучение дошкольников игре на детских музыкальных инструментах / Н.Г. Кононова .– М.: Просвещение, 1990 - 159 с.

17.        Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева - Алматы: РБК, 1995 - 110 бет.

18.        Қулманова Ш. Музыка: 1 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова -  Алматы: Атамұра, 2001 - 128 бет.

19.        Қулманова Ш. Музыка: 2 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова -  Алматы: Атамура, 1998 - 144 бет.

20.        Қулманова Ш. Музыка: 3 - сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова - Алматы: Атамура, 1999 - 112 бет.

21.        Қулманова Ш. Музыка: 4 - сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова - Алматы: Атамура, 2000 - 112 бет.

22.        Музыка // Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (I - IV сыныптар). (бірлестікте: Құлманова Ш.Б., Оразалиева М., Сүлейменова Б.). – Алматы, 1999. – Б. 98

23.        Ұзақбаева С. Өміршең өнер өрісі. Алматы, 1982. – Б. 251

 

17

Информация о работе Музыкалық қабілет