Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 11:04, доклад
Электрондық оқытуды енгізу оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу процесiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу-iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгiн, оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
Мектеп әдістемелік бірлестігі іс-әрекетіндегі
ақпараттық құзіреттілік
Аманова Төленді Советбекқызы,
Директордың оқу-тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
№53 мектеп-лицей
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі «E-learning» электрондық оқыту .
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E-learning» электрондық оқыту жүйесі қолданылады.
Электрондық оқытуды енгізу оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу процесiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу-iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгiн, оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
Электрондық оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етуде. Осыған орай №53 мектеп-лицей мұғалімдерін Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың электрондық оқыту жүйесін пайдалану мен қолдану бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыстарын жүргізді. Курс барысында мектеп мұғалімдері электрондық оқыту жүйесінде қолданылатын электрондық оқулықтарды жəне оқу-əдістемелік кешендерді жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке жəне ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық регламент, электрондық оқыту жүйесін сүйемелдеу жəне қолдану біліктіліктерін арттырды.
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің құзырлылық тәсілдерінің негізгі бағыттарының бірі- ақпараттық құзіреттілік. Білім беру үрдісінің сапасына бақылау жүргізу, оқу –тәрбие үрдісіндегі мәселелерге талдау жасауда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану тиімділігі жоғары. Осы бағытта оқушылар автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дəптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік жəне т.б. жіберу) толтырады.
Білім беру үрдісінің барлық жақтарынан дер кезінде мәлімет алу, оны өңдеу, талдау және бағалау қызметтерін, сараптамалық әрекеттерді ақпараттық жүйеде жүргізу мектеп әдістеме бірлестігі іс-әрекетін тұрақты мақсаттан тұрақты нәтижеге жеткізеді. Мысалы, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіруде, сабақ беру жағдайы және білім деңгейінің қалыптасуы мен оқушылардың іс-әрекет түрлерін дер кезінде бақылау, жұмыс тиімділігін арттыру үшін электронды жүйеде әрбір мұғалімге арнайы файлдар ашылып жұмыс жүргізіледі. Файлда мұғалім туралы мәліметтер базасы жинақталады: аты-жөні, жасы, білімі, санаты, педагогикалық өтілі, білімін жетілдіру курсынан өтуі туралы және марапаталуы мен жетістіктері жөніндегі мәліметтер орналастырылады.
Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысу және әкімшіліктің сабаққа қатысуындағы жүйеліліктің және қатысу жоспарының орындалуын бақылау үшін сабаққа қатысу жөніндегі мәліметтер автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі.
Үлгі
Мектеп
әкімшілігінің сабаққа
№ | Аты-жөні | Қызметі | Сабаққа қатысу мерзімі | Мақсаты |
1 | Директор | 02.09.,15.11., | Мұғалім мен оқушы арасындағы мейірімділік. | |
Дир.ОТІЖО | 04.10.,20.12.,15.03 | Оқушының оқу мүмкіндігіне үй тапсырмасы мазмұнының сәйкестігі | ||
Дир.ҒӘЖЖО | 12.02.,15.04, | Оқу материалдарының мазмұнына, үш мақсатына оқыту әдістерінің сәйкес келуі. | ||
Дир.ТІЖО | 08.05,.10.12. | Сабақтың адамгершілік,
дүниетанымдық бағыты |
-ары қарай сабаққа қатысудың электронды парақтары толтырылып салынады.
Мектеп
әдістемелік бірлестігінде оқу-
Информация о работе Мектеп әдістемелік бірлестігі іс-әрекетіндегі ақпараттық құзіреттілік