Динамкалық қатар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 19:40, лекция

Краткое описание

Қатарлардың жіктелуі және олардың салу ережелері


Статистиканың негізгі міндеттерінің ішінде көрсеткіштерінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттау, әлеуметтік – экономикалық процестердің даму динамикасын зерттеу үлкен орын алады. Еңбекақы деңгейі қалай өзгереді? Доллардың курсы қалай ауытқиды? Маңызды макро экономикалық көрсеткіштердің өзгеру тенденциясы қандай? Осы және осы сияқты сұрақтарға жауаптар динамика қатарларын талдайтын арнайы статистикалық әдістердің көмегімен алынады.
Динамика қатарлары хронологиялық тәртіппен реттелген статистикалық көрсеткіштің (нышанын) мәндерінің тәртібі. Уақыттық қатардың жеке байлаулары осы қатардың деңгейлері деп аталады. Динамиканың қатарлары уақыт мәнімен оған сәйкес қатардың деңгейінің
Мәнінен тұрады. Динамика қатарларында уақыт көрсеткіші ретінде уақыттың белгілі бір сәттері (даталары) сәттері немесе жеке кезеңдер (тәуліктер, айлар, жылдар, жартыжылдықтар) көрсетілуі мүмкін.
Уақыттық параметрдің сипатына байланысты қатарлар бір сәттік немесе интервалдық болып бөлінеді. Бөлінудің бірсәттік қатарларында көрсеткіштің мәнінің жағдайы белгілі бір уақыт сәтінің деңгейін сипаттайды. Мысалы, бірсәттік уақыттық қатарларға өнімнің белгілі бір түрлеріне бағасының қатарлары, акция курсының қатарлары жатады. Интервалдық қатарларда деңгейлер көрсеткіштің мәнін белгілі бір уақыт интервалында сипаттайды. Интервалдық қатарларға өнім өндірісінің жылдық динамикасының қатарлары жатады. 1.1 және 1.2 – кестелерде бірсәттік динамика қатарлары ал 1.3 және 1.4 – кестелерде интервалдық динамика қатарлары келтірілген.

Содержание работы

Динамика қатарлары
Қатарлардың жіктелуі және олардың салу ережелері
Динмика қатарлары деңгейлерінің өзгеру көрсеткіштері

Содержимое работы - 1 файл