Жұмыссысздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 00:25, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық.

Содержание работы

Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары
Қорытынды

Содержимое работы - 1 файл

жұмыссызықұ1.doc

— 239.00 Кб (Скачать файл)

              3. Маркстік теория жұмыссыздық капитализмге тән құбылыс, капиталдың органикалық құрылымының өсуіне байланысты өндірістен жұмысшылар ығыстырылады, солар жұмыссыздықтарды құрайды – деп түсіндіреді. Маркстік экономикалық теория капитализмді жаңа қоғамдық құрылыспен ауыстыру қажет деп тұжырымдайды. Олардың тұжырымдамасына сай жұмыссыздықтың ағымдағы, тоқырау және көрінбейтін (аграрлық) түрлерін келтіреді.

              4. Кенсиандық теория. Кейнстің тұжырымдауынша, біріншіден, еркін бәсеке тұсындағы нарық өзін-өзі реттеуші бола алмайды, екіншіден, нарық тепе-теңдігі толық жұмыспен қамтуға кепілдік бере алмайды.

              5. Неоклассикалық теорияны жақтаушыларының айтуынша “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” болу керек, одан құтылу мүмкін емес.

              Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту АҚШ – да 1955 жылы 6,5 млн. адамнан 1990 жылы 3,2 млн адамға қысқарды, ал қызмет көрсету саласында 1955 жылы 30,1 млн адамнан 1990 жылы 85,3 млн адамға артып, жалпы дұмыспен қамтылғандардың 75% құрады. Кәсіби құрылымда ой еңбегімен айналысатын жұмыскерлер арта түсті. Олар 1991 жылы барлық жұмыспен қамтылған жұмыс күшінің 51% құрады.

              Шымкент қаласы әкімінің еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы кедейшілікпен күресті негізге ала отырып, 2003-2005 жылдарға арнап іс-шаралар жобасын түзген болатын. Бұл түзілген іс-шаралар жобасы негізінен үш бағыттан тұрады: біріншіден, адамдарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, екіншіден, оларды кәсіби даярлау, яғни қайта оқу курстарында оқыту және қоғамдық ақылы жұмыспен қамтамасыз ету.

              Осы атап өткен бағыттарды негізге алған басқарма ұжымы өткен жеті айда жоспар бойынша 1500 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасызету керек болса, іс жүзінде бұл көрсеткіш 1514 адамға жетіпті. Қала бойынша қай жерге қандай мамандық иелерінің қажеттілігін сараптама жасаған басқарма қызметкерлері оқу мекемелерінің арасында тендер өткізіп, жеңіп шыққан мекемелерге жұмыссыздар орталығына тіркелгендерді қайта оқу курсына жібереді. Үстіміздегі жылы “Южказинтерэтнос”, “Маман-специалист” оқу-әдістемелік орталықтары және аса қажетті білім беру орталығы жеңіске жетіп отыр.

              Бүгінгі таңда 639 ваканция бар болса, оның басым бөлігі техникалық қызметкерлерді қажет етеді. Ал мұнда тіркелгендер негізінен экономист немесе заңгер болып келеді. Басқарма бүгінге дейін 205 азаматты осы аты аталған мекемелерде оқытып, кәсіби мамандық әперген. Ал белгіленген жоспар бойынша олар жыл соңына дейін 345 адамды аралас мамандықтар бойынша оқытып шығаруы керек. Егер таратып айтар болсақ, есептеу машинасының операторлығына – 80 адам, шағын және орта бизнес кәсіпкерлігіне – 10 адам, аспаз-кондитер официант мамандығына – 20 адам, шаштараз – визажистке – 40 адам, секретарь-референтке (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білумен қатар компьютерді игеруі керек) – 20 адам, тігіншілікке – 40 адам, газбен және электрмен дәнекерлеушіге – 20 адам, тұрмыс техникасының мастерлігіне – 10 адам, автомеханик және автослесарлыққа -10 адам, жүргізушілікке – 40 адам    (Д категориясына – 10, әуесқойлыққа – 30) мамандануы тиіс деп отыр.

              Жылдан-жылға жұмыссыздық біртіндеп кеміп, кедейшіліктің шекпенінен арылушылар саны артып келеді. Бірақ, әлі де болса қоғамға қажетті мамандықтарды таңдай білмеуден жоғары, арнаулы оқу орындарын бітіруші жас мамандар жұмыссыздар санын еріксіз толтыруда. Мысалы, биылдың өзінде гуманитарлық мамандар бойынша – 2900, педагогикалық – 4680, экономист мамандығы бойынша  - 1500 жас маман диплом алғалы отыр. Бұған орта білім беретін колледждерді бітіретін 2000 педагогты, 800 экономисті қосамыз. Ашығын айту керек, заңгерлер мен экономистерге көше сыпыратын қоғамдық уақытша жұмыстарға орналасудан өзге амал қалмады. Педагогтарды онша көп деуге болмайды. Өйткені, ауылдық жерлерде әлі де болса мұғалімдерге деген сұраныс бар. Өкініштісі сол, ауданда бірнеше бос жүрген химик, математик, физик мамандардың зәру болып отырған екінші бір ауданға барып жұмыс істемейтіні.

              Жұмыссыздық проблемасын шешу барысында шетелдік арзан жұмыс күшіне арқа сүйейтін фирмалардың да мәселе тудырып жататыны бар. Олар көбіне “бізге бес тілді білетін маман керек” деген талапты көлденең тартады. Осылайша шетелден жұмысшы алдыруға құмбыл. Облысымызда шетелден маман әкеліп жұмыс істеуіне рұқсат берілген 44 компания бар екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек нарығы.

 

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру максатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уакыт өте келе еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсаты мен кызметіде өзгереді.Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұракты жұмыс жасайтын мекеме. 1991 жылдың бірінші шілдесінен бастап Қазақстанда барлык жерлерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.

Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздықты есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу, жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру, жұмыс істеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмысқа, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек кана ұсынымдылық сипатта болады, себебі, олардың жұмыскерлерді еркін түрде алуға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.

      Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде еңбек нарығындағы әртүрлі категориялардыадамдарға, әсіресе жастарға дифференциалды түрде қарау көзделген. Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу арнайы бағдарлама жаслып, ол өмірге ендіріледі. Бұл бағдарламада кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жұмыс орнын құру шараларына ерекше орын берілген, кәсіпкер жалақыны төлеу шығындарын қаржыландырмаса, мемлекет кәсіби дайындықта жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады.

       Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы) алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1930-шы жабылып, Жұмыссыздықтың көзі жойылғандығы айтылды.

       Бүгінгі қалыптасқан өмір шындығы, барлық еңбек нарығы элементтерін қайтадан пайда болу қажеттілігін алға тартуда. Қазақстанда тұрғындарды жаппай жұмыспен қамту орталығы 1991-ші жылдың 1-ші шілдесінен бастап жұмыс істей бастады. Қоғамдық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде пайда болып,оның мақсаты жұмыссыздарға көмек көрсету еді. Уақыт өте келе бұл елдердегі еңбек қатынастарының даиуына сай олардың міндеттері мен қызметтері өзгерді. Соңғы жылдары еңбек биржасы еңбек нарығын реттеудің маңызды инструменті болып, жұмыспен қамту саясатын жасап, әрі оны өмірге ендірді. Мұндай биржалардың бүгінгі кездегі негізгі қызметтері мыналар болып табылады: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы клетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқару және жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу болмақ.

        Егер де жұмысы жоқ жұмысшылар бос жұмыс орындары туралы еш нәрсе білмеген болса, онда олар істеуге тиіс жалғыз әрекет кездейсоқ және ешкім бағыт бермеген жұмыс іздеуге әрекеттері болып табылады. Әр түрлі кәсіпорындарда және әр түрлі мамандық бойынша жұмыс күшіне деген сұраныстың салыстырмалы жағдайы туралы қандай да бір жалпы ақпарат бәрібір боолады. Оны газеттердегі хабарландырулардан, достармен әңгімелесу барысында және кәсіподақтардың аудандағы жағдай туралы баяндамаларынан алуға болады.

              Бүгінгі таңда еңбек биржасы күшті ақпараттық агенттіктің де рөлін атқарады. Олар кәсіподақтар атқаратын анықтамалық жұмыстарды кеңейтті және «жұмысшыға, оны өзінің жақын бөлімшесіне шақырып алып, бүкіл Лондон бойынша оның мамандығы бойынша жұмыскерлерге қатысты қандай сұраныстар жасалғандығы туралы танысуына мүмкіндік береді». Егер де әр түрлі қалалардағы еңбек биржалары өзара байланыс ұстайтын болса, жұмысшыға одан да ауқымды ақпарат беріледі.

              Англияда байланыстың оқшауланған жүйесінен біріккен жүйеге көшу еңбек  биржасы туралы заңмен бекітілген. Осылай ұйымдастырылған  жүйе жұмысы күшінің бос жұмыс орындарына ауысуын тездетуге арналған қуатты құрал болып табылады.

              Бір қарағанда, егер де ондай жүйе ұйымдастырылған болса, онда басқа ештеңенің қажеті жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл  қате пікір. Осы сәтте белгілі бір фирмада екі бос жұмыс орны ашылыпты деген ақпарат, бұл ақпаратты алған жұмысшылар сол жерге жұмыс іздеп барған кезінде де бұл жұмыс орындарының бос болатындығы туралы ақпаратпен бірдей емес.

              Егер де әр түрлі кәсіпорындарда немесе кәсіпорындардың бөлімшелерінде бос жұмыс орнына қатысты ақпараттар орталығы бар жерлерде жұмысшылар шын мәнінде осы кәсіпорындар үшін немесе бөлімшелер үшін жалдана алатын орталықтар ұйымдастырылса. Егер де бұл бұған дейін жасалған болса, онда жұмысшыларға тек белгілі бір жерлерде пәлен бос жұмыс орны бар деген ақпарат қана емес, сонымен қатар бұл бос жұмыс орындарының олар сол жерге барғанға дейін ашық болтындығы туралы ақпарат беріледі.

              Мұндай бірыңғайландыру жолындағы кедергілер әр түрлі кәсіпорындар бір  компанияға  тиесілі болғанда, олардың орналасқан жерлері тұрақты және олар іс жүзінде бір-бірімен тығыз байланыста болған кезде аз болады.

              Егер де жекелеген кәсіпорындар бір ғана компанияға және бір кәсіпкерге емес, бірнеше компанияға немесе кәсіпкерге тиесілі болған кезде бірыңғайландыру жасалатын кедергілер күшті болады, себебі бұл жағдайда бірыңғайландыру үшін жұмысшылар алу жөнінде арнайы  ұйым құру қажет болады. Оны компаниялардың өздері немесе басқа бөтен орган құруы және осыдан кейін көрсетілген мақсаттарға пайдаланылуы тиіс.

              Тәжірибеге сүйенсек, егер де бұл биржалар кең ауқымды клиентура тапқысы келсе, олар ниеті таза еместердің жеке ойынын білдірмей, қоғамдық болуы тиіс; оларды кәсіпкерлердің де сондай-ақ, жұмысшылардың да өкілдері басқаруы тиіс; олар  көтерілістер мен локауттарға назар аудармаулары тиіс – мұндай  жағдайда тараптардың бірі пәлен кәсіпорында жұмыс тоқтатылды деп биржада мәлімдеме жасауы тиіс; олар ешқандай қайырымдылық шараларын  жүргізбеулері тиіс, себебі ондай көмектерді көрсететін ассоциациялардан, өздерінің беделін жоғалтып алудан қорқып, жақсы жұмысшылар алшақтайтын болады және осы арқылы биржалар мен кәсіпкерлерді де шететеді; биржаларға муниципиальды немесе мемлекеттік ұйым мәртебесін беру арқылы олардың беделін арттыруға және оларды мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысшыларды алу жөніндегі бірден бір орган ету арқылы олардың осы беделін одан да жоғары көтеруге болады.

              Барлық осы шаралар басқа осы сияқты жағдайлар кезінде еңбек биржасын кеңінен пайдалануға жағдай жасай отырып (егер де кең қоғамдық пікір осындай шаралар үшін қарсы болса, онда оларды жүргізудің қажеті жоқ), жұмыс күшіне деген сұраныс талаптарын білмеуді жоюға мүмкіндік береді; сондықтан олар жұмыссыздықтың азаюын және сол арқылы ұлттық дивидендтің өсуін туғызады.

Мемлекет  кәсіпорын және ұйымдар мүддесін ескере отырып, биржа арқылы еңбек нарығына әсер етеді. ЕҢбек биржасы берген жұмысқа жолдама – кәсіпкер үшін ұсыныс болып табылады.

Себебі олар жұмысқа кімді аламын десе таңдау еркіне құқылы және өзінің кадрлар бөлімі арқылы жұмыскерді жалдауға мүмкіндігі бар.

      Экономикасы дамыған елдер кәсіпорындар мен компанияларында жұмыс күшін жалдау екі жағдайды ескере отырып жүргізіледі:

-         біріншіден, фирманың ағындағы тұтыныстарын, оның қосымша даму стратегиясын және фирманың өз ішінде кадрларды дайындау мүмкіндіктерін ескеру керек;

-         екіншіден, жұмыс күшінің ұлттық нарығының жағдайын ескеру керек.

  Жұмыс күшін жалдау кезінде төмендегідей тәсілдер қолданылады:

-         жоғарғы және орта оқу орындарынан мамандарды тарту;

-         жұмыспен қамту орталығы арқылы кадрларды жалдау;

-         жарнамалық хабарлар мен жаппай ақпараттық құралдар көмегімен кадрларды тарту;

-         орналасатындады конкурстық негізде мұқият таңдау, сондықтан бір жұмыс орнына бірнеше орналасатындарды тарта білу.

  Талдау іс-әрекеті мұқият талқыланып, онда әртүрлі тестілерді қолдану ескеріледі.

        Тестілер жұмыс орнына таласатын ізденімпаздың лауазымды қызметіне байланысты әртүрлі болып құрылады. Тесті жалпы интеллектуалды тексеруге, кейде әртүрлі дайындық деңгейін байқататын, жалпы жәнге өндірістік сипатты көрсететін сауалдарға, оның ішінде тлапкерді ңтаңдап алған мамандығы бойынша сұрақтарға негізделіп жасалады.

       Еңбек  нарығы

        Енбек  нарығы  бұл  нарықтың  ерекше  түрі ,  онда  жұмыс  күші  тауарын  сату  және  сатып  алу  жүзеге  асады .Осы  жерде  оның  құны  мен  жалдану  жағдайы   бағаланады. Еңбек  нарығы – экономикаға  жағдай  көрсетудің  айнасы,  тұрғындарды  жұмыспен  қамту көлемі  мен динамикасын, жұмыссыздықтың  сала  бойынша,  кәсіби  біліктілік, демографиялық  және   басқада көрсеткіштерінің  құрылымын  байқатады . Осы  құбылыстар  АҚШ тағы  еңбек  рыногында  айқын  көрінеді. Осындағы  салалық  құрылымда   екі  тенденция  байқалады:  ауыл  шаруашылығымен  айналысатындар  санының  тез  қысқаруы  және  олардың  қызмет  көрсету  саясатында  артуы .  Себебі  бұл  сала  бойынша  ұлғая  түсті  және  ол  қоғамдық  еңбекті  қолданатын   басты  салаға  айналды . 

Информация о работе Жұмыссысздық