Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:03, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта әр түрлі еңбек өнімдеріне қолданбалы қосымша сала қалыптасып келеді. Бұл жүйеде өзінің спецификалық зерттеу объектісін (жалпы принциптері мен сапаны бағалау әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәнін (адам еңбегі жемісінің жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық аппаратын, өзінің спецификалық проблемаларын, математикалық, физиологиялық және социологиялық мінезі бар.

Содержание работы

Кіріспе ................................................................................................... 3-бет
Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару .......................... 5-бет
Сапаны жаппай басқару (TQM) ..................................................... 8-бет
Сапаны басқарудың жапон әдісі .................................................... 13-бет
4. Еуропаның сапаны басқару әдісі ................................................... 16-бет
5. Сапа басқарудағы ұлттық тәжірибе .............................................. 18-бет
Қорытынды .......................................................................................... 20-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................... 21-бет

Содержимое работы - 1 файл

Менеджмент жүйесіндегі сапаны басқару.docx

— 48.75 Кб (Скачать файл)

EFQM-нің методика әдісінің қолданылуы  Еуропада сапа бойынша үлкен  дәрежеге жетіп отыр. Олар:

  • тұтынушының қанағаттануы
  • іскерлердің қанағаттануы
  • қоғамға әсер етуі

EFQM-нің негізгі шарттарының бірі  – компанияның жақсы дамуы.

Бизнесті ұлғайту үшін EFQM-нің  қолайлы жүйе принципі қолданылады. Мұндағы негізгі қолданылатын әдіс EFQM моделіне сүйеніш болып тұрады.

EFQM моделі келесі түрлерге шоғырланады:

  • назардың барлығы тұтынушыға аударылған
  • жеткізушілермен бірлестік
  • мамандардың білімдерінің жетілдірілуі мен олардың іске қатысулары
  • фактілер мен процесстер
  • үздіксіз жетілдіру мен новаторлық
  • басқару және мақсатқа жету
  • өзара жауапкершілік
  • қорытындыларды жинақтау

Істелген жұмыс нәтижесінің  мақсатына жету үшін Саясат пен Стратегия, кадрлық саясат, ресурстар мен  процесстер арқылы мақсатына жетеді. EFQM-нің әрбір элементі және өзінің критериі болады. Оны бағалау процессінде  қолдануға болады. Компания нәтижеге жету үшін даму жолында.

Көптеген критерилер EFQM-де 2 топқа  бөлінеді:

  1. жасалынып жатқан іс-шаралар
  2. нәтижелер

Критерилерді көру үшін арнайы кестелер бар (пайыз арқылы көрсетілген). Бұл  пайыздар конкурста ұту үшін пайдаланылады. Сіз өзіңіздің балдарыңызды басқа  Еуропалық компанияларымен салыстырып көре аласыз. Мұның нәтижелері басқа  компаниялар үшін қол жеткізерлік. EFQM моделі арнайы критерий салмағы  Еуропаның көптеген жерлерінде кеңес  беру көмегімен шығарылған болатын. Критерилердің салмағы жыл сайын EFQM арқылы қадағаланып отырады (№1таблица  қосымшада берілген).

«Жасалынып жатқан іс-шаралар» критерилері  компанияның проблемаларды шешу жолдарын бағалауда үлкен септігін тигізеді. Критеридің құралған бөліктері  әртүрлі проблема жағдайынан ажырап кетуі мүмкін. Қажетті аймақтарды қадағалау компанияның профиліне  сай жаңа аймақтар кіреді, ең соңында  компания аймақтар қатарын өзі орнатады.

Топтың критериі «нәтиже» мақсатына  жетті немесе мақсатына жетуде бағалауға  мүмкіндік береді. Әр критерий бұл  топтан міндетті түрде ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Бұлар:

  • компанияның нәтижеге жетуі
  • компанияның алдына қойған мақсатты орындауы
  • делдалдардың нәтижеге жетуі
  • басты компанияның өзіндік нәтижеге жетуі.

Сенімді көрсеткіштері жинақталған  ақпарат міндетті түрде қарастырылуы қажет.

Бүгінгі таңда ұлтаралық сыйлық беру сапа бойынша ондаған мемлекеттерде  бар, оның ішінде Ресей де бар. Ресейлік сапа премиясы 1996 жылы сәуірде пайда  болған. Сол уақыттан бастап біздің мемлекет әр жыл сайын конкурстық сынақтан өтуі тиіс.

  1. Сапа басқарудағы ұлттық тәжірибе

 

Алдыңғы қатарлы іскерлікті дамыту туралы сөз болғанда сапаны жетілдірудің ұлттық тәжірибесі туралы айтпау мүмкін емес. Біздің мемлекеттерде (ТМД шеңбері) сапа басқарудың келесі концепциялары  бар:

  • БИП (ақаусыз өнімнің шығарылуы) концепциясы
  • КАНАРСПИ (алғашқы өнімнің сапа, сенім, ресурстары)
  • НОРМ концепциясы
  • КСУКП (сапалы өнімді басқарудағы аралас жүйе) концепциясы

БИП – бұл ақаусыз жұмыстың концепциясы. Ол өзінің көрінісін 1955 жылы Саратов  облысындағы кәсіпорынға енгізілген ақаусыз өнімді Саратов жүйесінде  шығару. Бұл жүйенің негізінде  өнімнің ақаулықтарын анықтау мен  жою емес, олардың пайда болу себептерін айқындау механизмі жатыр.

Өзінің жауапқа тартылатынын білген жұмысшы ақаулықтың себептері сапасыз  материалдар мен құрал-жабдықтар  болған жағдайда, маман мен құрал-жабдықтар  қызметіне, бас механиктің қызметіне  қанағаттанбағандығы туралы жеткізеді, соның нәтижесінде техникалық тәртіп қатаң сақталып тұрады.

КАНАРСПИ жүйесі Горький атындағы авиациялық зауытта енгізілді. Мемлекеттегі ең үздік деп танылған бұл жүйе келесі принциптерге негізделді:

  • универсалдылық (өнеркәсіптің басқа да салаларында қолдануға болады)
  • өнімнің сапасын кешенді түрде қамтамасыз ету
  • өнім сапасын арттыру мен өнеркәсіптің тәжірибе-конструкторлық қызметінің дамуына бағытталған зерттеулер жүргізу
  • шығарылатын өнімнің сапасының жан-жақты тіркелуін ұйымдастыру
  • өндіру кезеңінде өнім сапасына  үлкен назар аудару
  • тұтынушылардың өнімді жетілдіруге деген ынтасын туғызу

1960 жылдардың ортасында Ярославльдің  «Автодизель» атты мотор зауытында  НОРМ жүйесі қабылданды, оның  сапа критериі болып ең басты  техникалық параметр – бірінші  күрделі жөндеуге дейінгі ресурс  қабылданды.

Басты назар двигательдің құрылуына  және технологиясына, техникалық үлгерімдерін көтеру және сапасын қамтамасыз етуге  аударылды. НОРМ жүйесінің сапалы өнім шығарылуы мен сол өнімнің  жетілуіне Саратов пен Горьков  жүйелерінің алдыңғы қатарлы  негізгі элементтері қолданылды. ТМД елдерінің сапаны басқару  спецификасының маңыздылығы – әскери-өндірістік салада (ВПК – военно-промышленный комплекс) сапаны басқаруда қалыптасқан  әдіс жүзеге асырылды.  ВПК жаңа өнімнің  құрылымын және сапасын тексеруді  қамтамасыз ететін әдістерді таратты. Сөйтіп ВПК-дан КСУКП (комплексная система управления качеством продукции) дүниеге келді.

1970 жылдардың бірінші жартысында  Львов облысындағы кәсіпорындардың  біріккен ғылыми-өндірістік тәжірибелерінің  нәтижесінде СССР Мемстандарты  мен «система» ғылыми-өндірістік  бірлестікте өнімнің сапасын  басқару кешенді жүйесі жасалынып,  кешенді апробациядан өтті.

Кәсіпорын шығаратын өнім сапасын  жоғарғы және тұрақты өсімділік  деңгейін қамтамасыз ету жүйенің  басты мақсаты болды. Ол үшін келесі іс-әрекеттер жүзеге асырылуы керек  еді:

  • өнімнің жоғары сапалы түрлерін табу мен оларды игеру
  • өндіріске жаңа өнімнің уақытында жеткізілуі
  • моралді ескірген өнімді өндірістен шығару
  • шығарылатын өнімді жетілдіру мен модернизацияның нәтижесінде сапа көрсеткіштерінің жақсаруы

Өндірістің сапа басқару кешенді  жүйелерін қолдану тәжірибесі кеңестік өндірісте өзінің көптеген кемшіліктерге  ие екендігін көрсетті және бәсекегк қабілетті өнімді шығаруға мүмкіндік  бермеді. Мұндай кемшіліктер қатарына келесі факторларды жатқызуға болады:

  • сапаны бағалау мен стандарттаудың басты және салалық ұйымдарының басшыларының методикалық әлсіздігі
  • сапаны басқару жүйесін құру мен жетілдіру мәселелерінде өнеркәсіп басшыларының пассивтілігі
  • сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға деген формалды қатынас
  • сапаны басқару әдісіне мамандарды дайындау қажеттілігінің ролін бағаламау
  • сапаны басқару ісінің өнеркәсіп басшыларына емес техникалық бақылау бөліміне жүктелуі
  • жоғары сапалы өнімнің шығарылуының қатаң бақыланбауы
  • өнеркәсіптің материалды-техникалық, технологиялық, метрологиялық деңгейде толық жабдықталмауы.

ТМД елдерінің сапаны басқару жүйесінің  ең басты кемшілігі – тұтынушыға бейімделмеуі.

Алайда, бұндай жүйе өнім сапасын басқарудың эффективті механизімін құруға мүмкіндік  беретін инструмент екендігін тәжірибе көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Өкінішке орай, қазіргі кезде  ТМД елдерінің тауарлары мен  сервистері әлемдік рынокта бәсекеге жарамсыз болып отыр. Алайда сапаны басқару саласындағы ұлттық және шетелдік тәжірибені белсенді пайдалану  жақын келешекте позитивті нәтижелер  беруі әбден мүмкін.

Айтып кеткеніміздей, соңғы жылдары  ТМД мемлекеттерінде конкурстық түрде Ресей Федерациясының Үкіметінің сапа саласында премиясы тағайындалып тұруда. Ресейлік премияның жобасын  дайындауда екі негізгі мәселе бір  уақытта шешілді:

  • шетелдік премиялармен сиысуды қамтамасыз ету
  • ТМД елдерінің спецификасын максималды түрде ескеру

Тағы бір есте сақталуы тиіс жәйт – ол сапаны басқаруға жүйелі түрде  қарау мәселесінің өз дамуын шет  мемлекеттерде тапқандығы. Рыноктық экономикасы дамыған елдерде  тұтынушыны қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар бәсекеге жарамды  тауар өндіру мәселесі бірінші номерлі  проблемаға айналғасын, сапаны қамтамасыз ету кешенді жүйеден асып түсті.

Жапония мен АҚШ өндірушілер  арасындағы бәсекелестікті пайымдай отырып, оған әлемнің үздік оқу орындарында  білім алып қана қоймай, жаңа көзқарастар  мен идеяларға толы жас мамандардың  тартылуын қамтамасыз етті.

Бұндай тәжірибені біздерге неге қолданбасқа?

40-жылдары құрылған Халықаралық  стандарттау ұйымы (ИСО) белгіленген  сапа стандарттары мен басшылық  документтерін жинақтап, тұтынушылардың  талаптарын ескере отырып, ИСО  Кеңесінің бекітуімен өнім сапасының  жүйесіне сай келетін УКП халықаралық  стандарттар сериясын жарыққа  шығарды. Соның нәтижесінде түрлі  мемлекеттердегі сапаны басқарудың  түрлері халықаралық стандарттарға  сай бір жүйеге енгізілді. 

Уақыт өтсе де, сапаны басқару мәселесі өз өзектілігін жоғалтпауда. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуді  көздеген Қазақастан өз тауарларының сапасының Халықаралық стандарттарға  сәйкес болуын қатаң қадағалауы тиіс, бұған тек кәсіпкерлер ғана емес, сондай-ақ тұтынушылар да өз үлестерін  қосулары қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Монографиялар мен зерттеулер:

  1. Вахрушев В. Принципы японского управления.- М.: ФОБЗ, 1992.-207с.
  2. Воскобойников В. Новые подходы к управлению качеством продукции.// Экономика и жизнь.- 1993.-дек.(50).- с.15.
  3. Гличев А.В. Современное представление о механизме упраления качеством продукции.//Стандарты и качество.- 1995.- 3.
  4. Мишин В.М. Проектирование систем качества конкурентоспособной продукции машиностроения. М.,1991.
  5. Руководство по качеству./Воронежское акционерное самолетостроительное общество.- Воронеж,1993
  6. Туровец О.Г., Попов В.Н. и др. Организация производства.-Воронеж,1993/-384 с.
  7. Фомин В.Н. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация.-Ось-89-2005, 383 с.
  8. Ильенкова С.Д., Ильенкова Н.Д., Ягудин С.Ю. и др. Управление качеством.- М., 1996.- 251 с.
  9. Хамханова Д.Н. Основы квалиметрии. Учебное пособие.- Улан-Удэ: Изд-во ВСГТУ, 2003.-142 с.

 

Интернет  ресурстары:

  1. http://www.dist-cons.ru/modules/qualmanage/section2.html
  2. http://www.bizoffice.ru/article_print.php?id=286

 

 




Информация о работе Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару