Негізгі құралдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 15:38, реферат

Краткое описание

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі құралдар есебі.
Материалдық емес активтердің есебі.
Қаржылық есеп беруді дайындауды ұйымдастыру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Негізгі құралдар есебі реферат 040312.docx

— 50.24 Кб (Скачать файл)

Акционерлер жиналысының  шешіміне дейін 3599 баланстық шотында  есепте түрған бөлінбеген таза табыс сомасы келесі қаржылық жылдың басында 3580 «Өткен жылдардың белінбеген таза табысы» (жабылмаған зиян) баланстық шотына аударылады. Банктің жалпы акционерлері жиналысының шешімі бойынша есептік жьшдың белінбеген таза табысы келесідей мақсаттарға бөлінеді:

- жіктелмеген активтер  сомасын 5% кем емес көлемде резервтік капиталға; дивидендтер төлеуге;

- төленген жарғылық капитал  көлемш ұлғайтуға;

- басқа да мақсаттарға.

Дивидендтерді есептеу кезінде  төленуге тиісті ақшалар 3580 шотынан есептен шығарылып, 2853 «Акционерлермен есеп айы-рысу» шотына жіберіледі. Оның қалдығы шегінде 1853 «Акционер-лермен есеп айырысу» шотында есепте тұрған, бұрын есептелген және алдыңғы тоқсан үшін төленген дивидендтер жабылады. Қалған сома акционерлердің есеп айырысу шотына аударылады. Егер қаржылық жылдың соңында банктің шығысы табысынан асып кетсе, 3599 баланстық шотында көрсетілген шығын сомасы 3580 шотында есептелінетін өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс және 3510 «Банктің резервтік капиталы» баланстық шотындағы акша есебінен жабылуы мүмкін.

 

                                       Қорытынды

Қозғалмайтын мүлік, гимарат  және жабдықтар (негізгі құралдар) -  дегеніміз – материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін  қолданады  және бір жылдан астам мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын  амортизация арқылы бірте бірте  өндірілген өнімге ауыстырады.

        Негізгі  құралдардың  есебінде  4 ең  маңызды әрекеттері бар:

    • негізгі құралдардың  алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
    • негізгі құралдардың  пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
    • қабылдап алынғаннан кейін  негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
    • негізгі құралдардың   шығарылынуындағы  тіркелуі.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде  көрсетіледі , мысалы ғимарат  бұл  объектіге әрбір жеке тұрған  ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда , сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:

салалар бойынша;

бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес)

пайдалану бағыты бойынша  түрлер мен түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр.

 иелігі бойынша;(меншікті, жалға алынған,уақытша пайдалануда)

пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз)

мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз)

 салықтық нысандар  бойынша (топталған, әр топқа  өз шектелген норма белгіленеді).

Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша,негізгі  құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары;саймандар;өндірістік мүліктермен иеліктер;шаруашылық мүліктері;үлкен  жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана  қоры;жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан  басқа);мұражай құндылықтарымен  басқа объектілер;басқа да негізгі  құралдар.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж.

2. «Бухгалтерлік есеп  және Қаржылық есеп беру» туралы  заң күші бар ҚР Президентінің  Жарлығына өзгерістер мен қосымшалар  енгізу туралы Қазақстан Республикасының  заңы. Астана, 2002 ж.

3.Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.

4. Кәсіпорындағы қаржылық  есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К,  Алматы. Экономика, 2003 ж. 

5. Бухгалтерлік есеп, 2-ші  басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж.

6. В.Л. Назарова. Шаруашылық  жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік  есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.

7. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов,  Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ  баспасы, 1998 ж.

8. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н.  Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік  есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.

9. Бухгалтер бюллетені.  №3 қаңтар, 2006

10. В.К. Радостовец, Т.Ғ.  Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И.  Шмидт.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы,             2002 ж. 

11. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік  есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік  құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.

12.  Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік  және қаржылық есеп принциптері  (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Негізгі құралдар есебі