Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:37, реферат
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Кіріспе
1-бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік
1.1. Менеджменттің мәні
1.2. Менеджмент құрылымы мен принциптері
1.3. Менеджменттің әр түрлілігі
2-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2.1. Менеджменттің қызметінің түрлері
2.2. Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
фирманы сипаттауға арналған мәртебе (статус), оның әлеуметтік-экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму әлеуеті;
фирманвң басқару
мақсаты болып табылатын
басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезендерін, басымдылықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы зор. Страрегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын көрсетіп береді;
басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.
Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті мен жасаушы (тудырушы) менеджмент болады (“Мацусиба дэнки” (Жапония) – бүгін кешегіден гөрі әлдеқайда жақсы жұмыс істеп қалуға ұмтылу) және басқалар.
II-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2.1. Менеджменттің қызметінің түрлері
Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т.б.) басталған мезетте пайда болды.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз - мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің қызметінің негізгі алты түрі тармақталады.
1.Үкімет. Менеджмент
ұғымы үкімет қызметіне
2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3.Әскери менеджмент.
Мемлекеттік менеджменттің
4.Құрама одақтық (ассоцияциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
6.Мемлекеттік
меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің
арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік
кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда
менеджмент сипатына
Менеджмент –нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Көрнекті американ экономисі В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады. Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.
Бірінші тип – мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы – кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде бөлімшелердің және ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір басқарушы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады, дербес шешім қабылдау мүмкіндігі ұлғаяды және жұмыста табысқа жетуді ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен, кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе коперацияны енгізу т.б. шараларды орындау үшін қолданылады.
Басқару процесінің өтуінің екінші типі – бағдарламалық басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір-бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесіндегі мұндай типті, әдетте, өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады. Кәдімгі жоспардан бағдарламаның өзгешелігі – тапсырманы орындауды басқаруды «кідіртпестен» қолға алуға, «осал тұста, орын» анықтауға, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару үшін график жүйесін кеңінен қолданады. Бағдарламалық басқару күрделі құрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарда қолданылады.
Басқару процесінің үшінші типі – жағдайға қарай басқару. Бұл мақсаты айқындалған, әрі сирек өзгеретін тұрақтанған, толық меңгерілген өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет – туындаған қолайсыз жағдайдан өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылданады.
Атап көрсететін жайт, практикада басқарудың жоғарыда аталған типтері сол қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде қолданылуы да мүмкін. Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған бағдарламалық мақсатты басқару – мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру нақты дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай-ақ бағдарламалық мақсатты басқарудың да элементтері бар. Бағдарламалық мақсатты басқару кәсіпорынның түбегейлі, негізгі міндеттерін шешу үшін қолданылады. Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында «Белок», «Кадрлар», «Жалгерлік» т.б. бағдарламалар.
2.2. Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент-бұл жұмыс істеп тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар. Американ менеджмент мектебі жақсы басшының 12 ережесін ұсынады:
Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан өнеркәсіптік революция күшті қозғау салды. Қолөнершінің бармағынан бал тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы жұмысшылар келді. Менеджментте басты тұлға, әлбетте, менеджерлер (басқарушы)болады. Менеджерлік қызметтің мәні өзгеріссіз қалады, тек менеджердің функциялары мен оның қызмет әдістері ғана өзгереді. Осы заманғы менеджерді қоғамдық өндіріс жүйесінде былацша көрсетуге болады: басқарушы, дипломат, лидар, тәрбиеші, жаңашыл (жаңа идеаларды тез қабыцлдайды деген мағынада), адамдық асыл қасиеттерді бойына сіңірген тұлға. Басқарушы- менеджер. Бұл әуел бастан менеджерге тән боп келген дәстүрлі функция. Осы функцияны орындау арқылы менеджер қолына билік тиген қызметкерге айналады. Басқарушы менеджер өз сөзінде тұратын, шыншыл, адал, кең пейілді болуы кереку. Оның жоғары кәсіби дайындығы болуы тиіс әрі іскерлік сұхбатқа машықтануы, яғни дағдылануы қажет. Оның зияткерлік көкжиегі (интеллектуальное горизонты) кең болғаны дұрыс (күрделі тұжырымдамалардың мәнің түсіну, дәл талдай білу , тілі бай, оқи білуге, жазуға және т.б. қабілетті болуы. (“Оқу мен жазу туа бітеді, ал береке тағдырдың тартуы” (У.Шекспир)).
Дипломат менеджер. Көптеген менеджерлік ептіліктер келіс сөз процедуралармен байланысты болады. Орта және жоғары буын менеджерлері өзінің жұмыс уақытының көбін негізінен адамдық байланыстарды белгілеп, дамытуға, іскерлік байланыстарды тереңдетуге, мәліметтерді бекітуге, дау- дамайларды шешуге, билік өкілдерімен қарым- қатынасты жақсартуға жұмсайды. Әр қилы делдалдық әрекеттерге менеджерлерді қатынастырудың қажеттілігі артып келеді. Бұл, әсіресе, көбейіп келе жатқан халықаралық байланыстарда маңызды орын алатын дипломатиялық қабілетті қажет етеді.
Лидер менеджер. Лидердің міндетті ісі мен менеджердің міндетті ісі бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің міндетті ісі ретінде бизнестің материалдық қосалқы жүйесінің қызыметін (ресурстар, процедуралар, өндіріс, технологиялық процестер) қолдауға қажетті кәсіби іс- әрекеттердің жиынтығы ұғылып жүр. Лидерлік функция екі қосылмалы кәсіби- технократиялықтан және эмоциональды- тұлғадан тұрады.
Тәрбиеші менеджер. Өндірістік процестер күрделене түсуіне байланысты қызыметкерлерге қойылатын талап күшейіп отыр. Ең алдымен қызыметкерлердің технологиялық эрудициясының көтеру қажет. Осымен қатар олар өмірдегі өнегелік жақтарын (нравственных сторон) жетілдіруі керек. Техника мен технологияның күрделе түскен процесі мамандарды тұрақты түрде кәсіби оқытуды талап етеді.
Жаңашыл менеджер. Бұл арада менеджердің инновациялық түрі айтылып тұр. ҒТП қарақыны жоғары боып тұрғанда инновацияға (жаңаны енгізу) нем құрайды қараушылық артта қалдырады. Тозған құралдарды ұдайы тәртіпке келтіріп, жаңаны енгізуге жұмсалатын қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техника мен технологияны өндірісте қолдану еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруда әлде қайда тиімді.
Адам қасиеті мол менеджер. Ол әлеуметтік сапаларға ие тұлғаны білдіреді. Әр менеджердің өз мінезі бар- өз өзін ұстау тәртіптерінің жиынтығы. Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасына табылатын сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды. Мысалы, Ф. Тейлор мінсіз менеджерді ақылды, білімді, техниканы жете менгерген, күш- жігерлі, сыпайы, батыл, адал, оң мен солын, яғни жақсы мен жаманды айыра алатын адам ретінде сипаттайды.
Қорытынды
Қоғамдағы экономикалық
байланыстың дамуы мен
Пайдаланылған әдебиеттер