Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:37, реферат
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Кіріспе
1-бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік
1.1. Менеджменттің мәні
1.2. Менеджмент құрылымы мен принциптері
1.3. Менеджменттің әр түрлілігі
2-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2.1. Менеджменттің қызметінің түрлері
2.2. Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
Кіріспе
1-бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік
1.1. Менеджменттің мәні
1.2. Менеджмент құрылымы мен принциптері
1.3. Менеджменттің әр түрлілігі
2-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2.1. Менеджменттің қызметінің түрлері
2.2. Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет. Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент
– нақты мақсатты жүзеге асыру
үшін кәсіпорын жұмысын
Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Менеджер - ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі.
Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.
Менеджерлік шеберліктің
I-бөлім.
Менеджмент туралы жалпы
1.1.Менеджменттің мәні
Менеджмент ұғымы ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзіненшығып, ағылшында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, әкімшілік бөлігі
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылар, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын, өзінің праволық формаларына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе рынок арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешелігі, олар өзінің барлық шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделді.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Менеджменттегі басты нәрсе - өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығынан менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру. Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құрарда жаңа инвестициянгы жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
1.2. Менеджмент құрылымы мен принциптері
Саяси сана басты көзінің бірі – А. Смит пен Д. Рикардо бастаған ағылшын саяси экономикасы – жаңа жағдайда (фабрикалық еңбек бөлісу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру т.б.) басқару мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Капиталистік фабрикада
адамдар еңбегін басқаруға
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған. 1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредрик В. Тейлор процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең деп қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды. Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, ол арды жаттықтыру және баулу.
3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіпқоя отырып, тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді. Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге жәнеде хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Жұмыс уақытын дәл есептеу құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет етті. Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімнің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.
Менеджменттің негізгі
Менеджменттің негізгі принциптері мынадай:
Орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;
Құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;
Басқаруды демократизациялау;
1.3. Менеджменттің әр түрлілігі
Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.
Ішкі менеджмент – ішкі
мәселелердің басымдығын сыртқыдан
айрықшалап көрсететін басқару типі.
Басымдықтар нақты
Фирма жұмысының ішк және сыртқы мәселелеріне менеджердің жиі көңіл бөлуіне тура келеді. Бұл мәселелердің күрделі мазмұына қарай анықталады. Менеджердің назар салуы – оперативті, ахуалдық немесе тұрақты түрлерінде болуы ықтимал. Ішкі менеджменті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатн басқарудың міндетті ісі ретнде қарастыруға болады. Белгілі бір жағдайларда ішкі бссқару мндетті ісінің негізгі бөлігін менеджердің орынбасарына сеніп тапсырып, менеджерге (бірінші тұлғаға) тек ішкі қызметті реттеудің жалпы мәселелерін ғана қалдыруға болады.
Ұйымдастыру менеджменті:1) тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі – ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты (мектебі, ілімі жалпы ұйымдастырудың принцмптерімен ұйымдастырудың мәселелерн шешуді алдынғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы. Бұл менеджмент мыналарды қамтиды: ұйымдық мқұрылымды жобалау әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу. Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.). Ол ұйымдық менеджменттің негізін қалаушыц деп саналады. Нақ сол Файоль басқаруды айырықша қызмет түрінде бөліп қарастырған болатын. Файоль өзі әмбебап деп санаған (еңбек бөлісі, билік, дисциплина, басшылықтың бірлігі, орталықтандыру, тәртіп, қызметкердің тұрақтылығы және т.б.) басқарудың 14 принципін әзірледі. Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік әдістерімен, яғни тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.
Тәжірибе менеджмент –
менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдаманың
негізгі ережелері мен принциптерін
нақты пайдалануға
Өндірістік менеджмент – менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы – басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өнліріспен анықталады. Өндіріс-бұл қандайда бір өнімді немесе қызмен көрсетуді әрқашан дайындап отырады. Өндірісті басқару адам қызметін басқару болып табылады. Өндірісті басқаруды басқа да элементтер қамтиды(МТС, ресурстар, өнімді өткізу, технологиялық процестер). Өндірістік менеджменттің ерекшеліктері басқару жүйесінің құрылымы мен міндетті істерін, басқару тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білінеді. Өндірістік менеджмент өндірістік және басқару жағынан нақты сапаға ие қызметкерлерді қажет етеді. Басқарушы қызметкері белгіл бір дәрежеде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі керек. Бұл менеджменттің маңызды сәттеріне мыналар жатады: