Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 13:09, реферат
Менің курстық жұмыс тақырыбы «Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
I Кіріспе...................................................................................................................3
Менеджменттің мәні.............................................................................................3
Курстық жұмыс мақсаты..............................................................................3
Курстық жұмыс құрылымы..........................................................................3
1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім
1.1. Қолдану саласына талдау...........................................................................5
.Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу...................................5
Менеджменттік жоспарлау...........................................................................9
1.2. Менеджерндің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты............... .11
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар.............................................12
1) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар............................12
2) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар..............................17
1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы..............................19
2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім
2.1. Кіріс ақпараты................................................................................................21
2.2. Шығыс ақпараты...........................................................................................22
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................25
Қосымшалар....................................................................................................26
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру(АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.
АҚ-дің негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық ақпаратты беруде құралады.
Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:
ақпараттың сандық және сапалық сипаттамалары;
ақпараттың құрамы қандай;
ақпаратты іздеу уақытының азаюы;
Ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптері және құрылымы, құрамы «корпоративті клиенттерге қызмет көрсету» АЖ-нің есептер орналымымымен сәйкес түрде келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- мәліметтер базасының барлық элементтеріне жататын құрылым деңгейінен тәуелсіз түрде оңай қол жеткізу;
- мәліметтер базасын ұйымдастырудың алгоритмнің функционалдық міндетінен тәуелсіздіктері;
- басқару жүйесінің барлық функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттың жеткіліктіктері;
- ақпаратты сақтаудың кедергілерден қорғалғандығы мен сенімділіктері.
Ақпаратпен жабдықтау–бұл АЖ-дағы қолданылатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпарат қоймасы – бұл АЖ-ны жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі.
Машинадан тыс ақпарат қоймасы – АЖ-ны жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің, мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат қоймасының бір бөлігі. Машинадан тыс ақпарат қоймасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мөлшерлік-анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.
Машинадан тыс ақпараттық база
Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйенің әрекет етуінде есептеуіш техникасының құралдарын қолданусыз адаммен қабылданатын түрде пайданылатын, хаттамалар, сигналдар және құжаттардың жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі.
Машинадан тыс ақпараттық база жіктеумен кодтау жүйесін, нормативті-анықтамалық құжаттарды, оперативті ақпаратты қосады.
Машина ішіндегі ақпараттық база
Машина ішіндегі ақпараттық база – белгілі белгілері бойынша топтастырылған, жүйенің машиналық тасымалдаушыларында АЖ-де пайдаланылатын мәліметтер жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі. Машиналық тасымалдаушылар ЭЕМ-да немесе ДЭЕМ-да ақпаратты автоматты енгізу үшін жарамды, материалдық объектті білдіреді. Оларға қатты магниттік дисктер (винчестерлер), жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер), магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромдық тасымалдаушылар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар және тасымалдаушылардың басқа түрлері жатады. Қазіргі уақытта жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер) кең қолданылады.
Машина ішіндегі ақпараттық массивтер тұрақты, сақталатын, оперативті және қызметтік болады. Тұрақты ақпараттық массивтерді (нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтері) нормативті құжаттардан және анықтамалардан алады, мәліметтерді өңдеуді бастағанға дейін қалыптасады және ақпараттық жүйелердің есептерін шешуде пайдаланылады. Нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтеріне жіктеуіштер, анықтамалар, шартты-тұрақты ақпарат жатады.
Мәліметтер базасы (МБ) тікелей қол жеткізудің (магниттік дискілер) есте сақтаушы құрылғыларында сақталатын өзара байланысқан ақпараттық массивтердің аталған құрылымданған жиынтығын білдіреді және АЖ-нің басқару функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
МБ құрудың мақсаты мәліметтерді өңдеудің уақытын қысқарту, мәліметтердің қарама-қайшылығы мен сәйкессіздігін жою, МБ-да мәліметтерді сақтаудың сенімділігі және тағы басқалар болып табылады.
Машина ішіндегі ақпараттық база, берілген есептің мәліметтер базасы қатты және жұмсақ магниттік дискілерде орналасқан, ақпараттың (файлдардың) массивтерінен тұрады.
1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді.Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі.
Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.
Функционалдық жүйеге–нақты функциянермен шектелгенАқпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)
жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ)
Концептуалды схема
Негізгі бөлім
2.1 Кіріс құжаттар
Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визиалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.
3кесте
Құжат | Түсу мерзімділігі | Ақпараттың қайнар көзі | ||
Иденти-фикаторы | Аты | Ұсыну түрі | ||
DOG | Келісім шарт құжаты | құжат | Алдын – ала белгіленген уақыт бойынша | Басқарама |
SA | Сатып алу Шарты | құжат | Әрбір операцияға | Фирма менеджер |
“ Келісім-шарт” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
4-кесте
Құжат атауы | Идентификатор | |
Келісім шарт | DOG | |
Реквизит атауы | Есептер кешенінде белгіленуі | Реквизит ұзындығы |
Құжат нөмірі | Kugat nomerі | 15 |
мерзімі | merzіm | 9 |