Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 13:09, реферат
Менің курстық жұмыс тақырыбы «Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
I Кіріспе...................................................................................................................3
Менеджменттің мәні.............................................................................................3
Курстық жұмыс мақсаты..............................................................................3
Курстық жұмыс құрылымы..........................................................................3
1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім
1.1. Қолдану саласына талдау...........................................................................5
.Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу...................................5
Менеджменттік жоспарлау...........................................................................9
1.2. Менеджерндің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты............... .11
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар.............................................12
1) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар............................12
2) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар..............................17
1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы..............................19
2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім
2.1. Кіріс ақпараты................................................................................................21
2.2. Шығыс ақпараты...........................................................................................22
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................25
Қосымшалар....................................................................................................26
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.
Ақпаратты жүйе тұрғызу мақсаты,ол фирма менеджерінің жұмысын автоматтардыру. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет. Бұл талаптар мыналар:
Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар.
1.3.1 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Техникалық конфигурация талаптары.
Компьютерлік фирма атауы | Физикалық модуль | Сипаттамалары |
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4 | Процессор Зерделік сақтаушы құрылғы МҚДЖ Монитор Перне тақтасы Тышқан | Іntel, 2.4MHz
512Mb 80Gb 19 дюймдік 105 батырмалы 2 баспалы |
Принтер | Принтер | HP LaserJet |
Факс – модем | Факс – модем | Sony – 42S |
Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпарттық жабдықтау – бұл менеджер ақпараттық жүйесінде қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттық ауқымның үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы. Ақпараттық жабдықтауды жобалау- бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс
экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.
Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Математикалық жабдықтау – бұл ең озық есептеу техникасының көмегімен менеджер есеп ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдерінің жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Лингвистикалық жабдықтау – бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланылатын тілдік құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.
Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешендерінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын жүзеге асыратын программалр жиынтығы. Программалық жабдықтау математикалық жабдықтау негізінде жасалады және оның нақты «іскер» формасы болып табылады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнайы программалық жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпаратты өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын программалық жабдықтау бөлімі. Оған мына негізгі компоненттер кіреді: Операциялық жүйе, программалық өнім.
Операциялық жүйе есептеу үрдісін тиімді ұйымдастыруды және сонымен бірге есептеу жүйелеріне қорларды тиімді жүктеуді орындайды. Операциялық жүйеге программал мен операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін программал жатады.
Арнайы программалық жабдықтауға әртүрлі атқарымдылық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар кіреді.
Тип | Атауы | Мүмкіндіктері |
Жалпы программалық жабдықтау | ||
ОЖ | Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0 | Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау. |
Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0 MS Offіce XP | Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы. | |
Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal | Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау. | |
Арнаулы программалық жабдықтау. | ||
ҚПП | Delphі 7 | Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау. |
МББЖ | Paradox 7 | Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау. |
Программалық жабдықтау дегеніміз – экономикалық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программалардың жиынтығы. ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету программалар кешенін ұсынады, яғни мәліметтерді өңдеу процедурасын қамтамасыз ету – бағдарламалау, салық есебін басқару, есептерді шығару және мәліметтерді өңдеу жүйесін жобалау болып табылады. Программалар қамтамасыз ету арнайы және жалпы жүйелік болып бөлінеді.
Программалық жабдықтау құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және бағдарламалар кіреді, бұлар бөлек проблемалар облысына бейімделген. Бұл жерде 3 негізгі программалық құралдар класын ерекшелеуге болады:
қолданбалы пакеттер және программалар, бұл пайдаланушының жұмысын қажетті түрде орындауды қамтамасыз етеді (мәтіндерді өзгерту, суреттер салу, ақпараттық массивтерді өңдеу және т.б.) – қолданбалы программалық жабдықтау.
жүйелік программалар, бұл әр түрлі қосалқы функцияларды орындайды (операциялық жүйелер, драйверлер, бағдарламалы қабықтар, операциялық қабықтар және көмекші бағдарламалар (утилиты) және өзімен бірге жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынады.
аспаптық жүйелер, яғни жүйелік бағдарлама, компьютерге жаңа бағдарлама құру үшін қамтамасыз етілген.
Қолданбалы программалар персоналды компьютерге өте ыңғайлы құрал ретінде жұмыстарды орындауға, үйренуге және ойнауға мүмкіндік береді. Қолданбалы программа қарапайым қолданушыға немесе бағдарламашыға және қандай да бір жерде жұмыс істейтін маманға есептелуі мүмкін. Қолданбалы программалар кең профильде болуы мүмкін, мысалы, салықтық есептеулерді немесе құжаттарды құрастыруға арналған, бірақ та мамандандырылған да болуы мүмкін, мысалы, электоркардиограммаларды талдау, электрлік бұйымдарды проектілеу кезінде және т.б. қолданылуы мүмкін.
Қолданбалы программалық жабдықтау арқылы есепті шешу процесі кезінде программалы ЭЕМ нәтижелілігін жоғарлату үшін арналған. Қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) бағдарлама библиотекасы сияқты іске асырылуы мүмкін, стандартты ішкі бағдарламалар арқылы бағдарламалық тілдердің кеңейтілуі мүмкін. Басқа жағынан ҚПП интерактивті ортаны қалпына келтіруін іске асыратын пакет болуы мүмкін (диалогтік тәртіп).
Delphі объективті – бағытталған бағдарламалауға негізделген. Бұл бағдарламалық технология Delphі-дің барлық іс-әрекеттік мұмкіндіктерін пайдалануға негізделген. Приложение құру кезінде қасиеттерін пайдалана отырып дайын компоненттер негізінде, әдістер және алдынала анықталған жәйттерді өңдеу негізінде кішігірім көлемді бағдарламалық код арқылы-ақ (обойтись) болады. Құрушыға бұл тұтынушылық интерфейс құру үшін көп уақытты үнемдеуге болады.
Delphі-де дерекқор пайдаланылатын, есеп- беру жолдарын жеңілдететін бизнес –придложение құру өте қолайлы әдіспен жүргізіледі.
Delphі-мен жұмыс істегенде BDE (Borland Database Engіne )-ні пайдаланып дерек қордың Date Base-, Paradox -, Fox Pro-, Assess- ASCІ І
-кестелеріне бірден қол жеткізе аламыз.
MS Offіce ( Word, Excel, Outlook) – және MS Assess басқа да приложениемен толық ұйлесімді. Vіsual Basіc for Applіcatіon (VBA) біріктірілген немесе енгізілген тілі бірқалыпсыз есептерді шешуге мүмкіндік береді. Бір-біріне байланысқан кестелердің бейнесін осы шешімдерді қолайландыру деп есептесе болады.
Күрделі және үлкен жобалар құру үшін сәйкес конструктор және обьективті-бағытталған тілді қолдану қажет.
Paradox – оны бейнелейтін және редакциялайтын ақпараттар сақтау үшін пайдаланатын бөлек компоненттер ден тұрады. Paradox –да барлық деректер дерек қорда сақталады. Бұл дерек қорға кестелер, индекстер, триггерлер, кестелер арасындағы қатынастар және сақталушы процедуралар жатады. Әрбір құрылған кестеде өзіне байланысты бірнеше индекс болуы мүмкін. Ол индекстер жылдам іздестіруде қажет.
Дерек қорға бірден қол жеткізудің ыңғайлы және пайдалы құралы деректерді ұсынулар болып табылды. Ол кестедегі берілгендерді анықтауға және ыңғайлы түрде бейнелеп көрсетуге мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай ақпаратты бірден көріп және басқаруды оңайлатады. Деректерді көрсетуде және редакциялауда қалыптар, есеп берулер, сұраныстар және бағдарламалар (форма) қолданылады.
Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Эргономикалық жабдықтау – бұл, жұмыстын әртүрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы.
Менеджердің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
Жұмыс орындарына, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптардың іске асыру мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын іске асыру;
Жұмыскерлерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені;
Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ұйымдастырушылық құқықтық жабдықтау – бұл, фирма менджерінің ұйымдастырылуын, оның мақспты мен мәселелерін, құрылымы мен функцияларын, оның барлық буындарының құқықтық мәртебесін белгілейтін және бекітетін нормативтік актілермен өрнектелетін, сонымен қатар құру және жұмыс істеу үрдісін реттеу үшін тағайындалатын нормалар жиынтығы.