Адам ресурсын инновацияға дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 13:47, реферат

Краткое описание

Мамандарды басқарудың негізгі міндеті - әрбір нақты уақыт интервалында алға қойған мақсатқа жету үшін адамзат ресурстарының қаншалықты дейгейде қажеттілігін анықтайтын уақтылы шешімдерді жасау болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, мамандарды басқару қызметі өз функцияларына адекватты сәйкес келетін тұлға жағдайын (оның сапасы мен санын) өзгерте білу қажет. Сондықтан, мамандардың дамымауынсыз әрбір мекеменің алға басуы мүмкін емес. Сол себептен, қазіргі таңда маманның деңгейін дамыту тақырыптары әрбір кәсіпорындар үшін өзекті мәселелердің бірі, ол нарықтық экономика жағдайында жалғасымды жақсы жұмыс жетістіктеріне бағытталған.

Содержание работы

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Инновация туралы жалпы түсінік

1.1 Инновация туралы ғылыми көзқарастар

1.2 Инновациялық қор жұмысы

2. Адам капиталының инновациядағы әлеуеті жоғары

3. Адам ресурсындағы инновация үрдісін қалыптастыру

Содержимое работы - 1 файл

Реферат.doc

— 105.00 Кб (Скачать файл)

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

                                           МИНИСТРЛІГІ 

  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

    
 
 

                        

                           «Менеджмент және маркетинг» 
 
 
 
 

 
 

 Тақырыбы: Адам ресурсын инновацияға дайындау 
 
 

                                                                     
 

                                                                  

                                                                    Орындаған: Қамза И. Эк-08А

                                                                                         Даулетханова А.

                                                                    Тексерген:  Асубаева А.И. 
 
 
 

                                          
 
 

                                   

                                     Өскемен,2010   
 

                                           Жоспар. 
 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Инновация туралы жалпы түсінік

     1.1 Инновация туралы ғылыми көзқарастар

     1.2 Инновациялық қор жұмысы

2. Адам капиталының инновациядағы әлеуеті жоғары

3. Адам ресурсындағы инновация үрдісін қалыптастыру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

    

     Қазақстанның және кеңестік дәуірдің нарықтық қатынастарға көшуі адамзат факторларына деген тәуелділікті айқын көрсетеді. ХХ ғ. Соңы – ХХІ ғ. Басына отандық экономиканың әліде болса,  тұрақсыз жағдайы тән. Бірақ, сол кездегі нарықтық ұстанымдардың беріктігі жөнінде айта кетуіміз қажет. Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі мекемелердің үздіксіз дамуына, шығаратын өнімдері мен көрсетілетін қызмет сапаларының жоғарғы деңгейде болуына, жаңа технологияларды игеруіне, ең бастысы- өздерінің барлық ресурстарын, соның ішінде мамандарды тиімді қолдана білу жолдарын іздестіруге итермелейді. Осылармен қатар, мекемелердің айтарлықтай білікті қызметкерлердің қажеттіліктерімен байланысты көптеген меселелермен де кездесті. Оларды жоғарғы кәсіби деңгейде қамтамасыз ету үшін тиімді оқыту бағдарламалары және мамандарды дамытуды жоспарлаудың меңгерілген алгоритімдері талап етіледі.

     Қазіргі уақытта қомақты компаниялар  күннен – күнге өздерінің мамандарын  дамыту мақсатында қаражаттар  салады- бұл жағдай штаттарда  жоғарғы білікті қажет мамандардың  болуын айтады, бұл дегеніміз  сырттан мамандарды тартудан қарағанда сенімді және ұтымды. Мекеменің міндеттерімен сәйкес қызметкерлердің мүмкіндіктерін  анықтау әрқашан жақсы нәтиже береді.

     Дамыған әлемде тек қана «дамыған  адам» ғана идеал болып табылады, яғни ол дегеніміз әрқашан  жеке және кәсіби тәжірибесін жаңартып отыратын тұлға. Осы жерде ең дұрысы маманды дамытудың нақты бағытын таңдау қажет, әрине ол- нарықтағы еңбек өнімділігінің өсуіне, жетекшілікке алып баратын тікелей жол.

     Мамандардың интенсивті дамуы, соның ішінде өзінің жеке басының өсуі еңбек интенсификациясына және өнімділік технологияларымен күнделікті жаңартылып отыруына, зейнеткерлік жас кезеңінің қысқаруымен, тұрғындардың табиғи өсу деңгейінің азаюуымен байланысты жағымсыз  демографиялық жағдайлар ықпалына да негізделеді.

     Мамандарды басқарудың негізгі міндеті - әрбір нақты уақыт интервалында  алға қойған мақсатқа  жету үшін адамзат ресурстарының қаншалықты дейгейде қажеттілігін анықтайтын уақтылы шешімдерді жасау болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, мамандарды басқару қызметі өз функцияларына адекватты сәйкес келетін тұлға жағдайын (оның сапасы мен санын) өзгерте білу қажет. Сондықтан, мамандардың дамымауынсыз әрбір мекеменің алға басуы мүмкін емес. Сол себептен, қазіргі таңда маманның деңгейін дамыту тақырыптары әрбір кәсіпорындар үшін өзекті мәселелердің бірі, ол нарықтық экономика жағдайында жалғасымды жақсы жұмыс жетістіктеріне бағытталған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                         Адам капиталының инновациядағы әлеуеті жоғары 

      Астанада «Қазақстандағы» адам  капиталын дамыту: мәселелер мен шешімдер» атты халықаралық конференция өтті. Ел экономикасын әртараптандыру мен жаңғырту үрдісінде, үдемелі индустриалдық-инновацияльқ дамуда негізгі қозғаушы күші адам капиталы болады. «Hұp Отан» Халыктық-демократиялық партиясы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қазақстандық шетел инвесторлары кеңесі» қауымдастығы, «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасы өкілдері денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік-жеке әріптестік серіктестік, бизнестің жауапкершілігі сынды мәселелерді қарастырды. 
Сарапшылардың дәйегіне сүйенсек, аталмыш жиын адам капиталын дамыту саясатын одан әрі жүзеге асыру бағытын белгілеуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың барлық алғышарты бар. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталған Жолдау - Қазақстанның онжылдық мерзімдегі жаһандық экономиканың күрделі кезеңіндегі даму бағдарламасы. Мемлекет басшысы тек үдемелі индустрияландыру, тек инновация, тек еңбек өнімділігінің артуы ғана жаңа Қазақстанның дағдарыстан кейін әлемде тиімді және берік позицияны ұстануына мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Бұл стратегиялық мақсатқа жетуде адам потенциалы шешуші тұлғаға айналады. Жаңғыртудың табыстылығы білім мен біліктілікке, қазақстандықтардың денсаулығы мен әлеуметтік хал-ахуалына тікелей байланысты. Алдағы онжылдық жаһандық нарықта адам ресурстарына деген бәсекелестіктің артуымен сипатталады. Адам капиталын сапалық дамыту талабы дағдарыстан кейінгі қолға алынатын басым бағыттың бірі болады. «Бұрынғы жобалардың әлсіз тұсы ресурстық қамтамасыз ету жұмыстарының кемшілігіне байланысты екендігіне көз жеткізуге болады», деді ол. Жапония, Германия, АҚШ сияқты мемлекеттерде бүгінде капиталдың жалпы мөлшерінің 80 пайызын адам капиталы құрайды
. “Адам ресурстарын тиімді басқару, нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекет пен бизнес арасында әріптестік орнауы қажет. Кадр дайындау индустрия мен бизнестің бастамасынан берік орын ала алмай отыр. Осыған орай, үдемелі индустриялдық даму бағдарламасы негізіндегі жобалар сәтті жүзеге асуы үшін қаржылық қамтамасыз етумен қатар, қай сала бойынша қанша мамандық қажет екендігін нақты анықтап алу қажет. Әр инвестициялық жобаның қанша маманды керек ететіндігін білу қажет», —деді жауапты хатшы. «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңі қажетті мамандықты елде дайындауға мүмкіндік барлығын көрсетті. Қазіргі уақытта «НұрОтан» партиясында техникалық маман дайындау мәселесі туындап жатыр. Мәліметтерге қарағанда, бүгінде жоғары техникалық кадр мен орта деңгейлі кәсіптік маманды дайындауда үлкен алшақтық бар. «Қазақстан мұнай, газ, мәшине құрылысы, металл өңдеу сияқты салада кәсіби маманға зәру. 2008 жылы Бүкіләлемдік банк жүргізген зерттеулерге қарағанда, жұмыс берушілердің 60 пайызы жұмысшылардың біліктілік деңгейлерінің талапқа сай еместігін көрсеткен. Бұл өз кезегінде өндіріс пен бизнестің дамуына үлкен кедергі келтіруде» деген сөз туындап жатыр. Жалпы алғанда, айнала қоршаған ортаның саулығы, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын құру адам ресурсын дамытудың алғышарттарының бірі. Жолдауда айтылған міндеттер үдесінен қарастырғанда, салауатты өмір сүру салты және адамның өз денсаулығына деген зор жауапкершілігі саладағы мемлекет саясаты. Бүгінгі танда аталған ведомство тарапынан Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Аурудың алдын алу мен дұрыс тамақтану, қауіпсіз өмір сүру мен еңбек ету деңгейін көтеру, ана мен бала денсаулығын қорғау, диагностиканы жетілдіру, негізгі ауруларды емдеу, профилактикалық шаралардың кешенді жоспары құрылады. Ұзақ өмір сүру медицинасы ұғымы енгізілмек. Ол үшін Астанада ашылатын Жаңа университет базасында заманауи ғылыми-техникалық «Өмір жөніндегі ғылым институты» құрылып, онда молекулярлы биология мен клеткалық технология медицинасына орын беріледі. Қазіргі дағдарыстан кейінгі күрт бұрылыс кезеңінде адам ресурсы экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын болады. Адам капиталын дамыту саясаты бизнестің белсенді әрекеті негізінде терең мәнге ие болады. Алдағы уақытта Қазақстанда адам капиталын дамыту ол көрініс табатын барлық салада: білім беру, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласында бизнес өкілдерінің араласуымен жүзеге асады.                                               
     « Адам капиталы маңыздылығы жөнінен мұнайды, да, металды да, кенді де, тіпті қаржыны да басып озады
. Адам ресурсы ұлттық табысты айқындайды. Адам капиталын дамыту әлемдік контекстегі ұлттық дамуды қамтамасыз етудің ажырамас алғы шартына айналды ». Бәсекеге қабілетті білім берудің, ұлттық білікті маман қалыптастырудың жүйесі, кәсіби стандарттарды қолданудың өзекті мәселелері және халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік стандарттарды пайдалану адам ресурсын дамытудың қағидасына айналып отыр.

     Алдағы уақытта Қазақстанда адам капиталын дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес құрылады. Оның құрамына мемлекет пен бизнес өкілдері кірмек. Ұлттық кеңес келешекте кәсіптік білімді дамытудағы барлық ұйымдастырушылық, қаржылық, салааралық, аймақтық проблемаларды шешетін тетік болмақ. Екінші жасалатын қадам - Қазақстанда стратегиялық дамуға сәйкес адам капиталын дамытудың тұжырымдамасын қабылдау және оны жүзеге асыру 
 
 
 
 
 
 

                   Адам ресурсындағы инновация үрдісін қалыптастыру         

      Дамыған елдердiң тәжiрибесiне сүйенсек, барлық ұлттық экономикалық өсу мен даму бiлiм, ғылым жүйелерiнiң жаңаруымен, халыққа бiлiм берудi дамытумен, кәсiптiк бiлiм беруде халықты оған кеңiнен тарту арқылы сапа жағын да үйлестiре отырып жүргiзгенiн байқаймыз. Өйткенi, бiлiм берудiң экономикалық тиiмдiлiгi ұлттық экономика жүйесi құрылымының қарқынды дамуының негiзгi көзi болып табылады және оның экономиканың барлық саласында сапалы кәсiптiк кадр потенциалын қалыптастыруда үлесi зор. Мысалы, Әлемдiк банктiң мәлiметiне сүйенсек, адам капиталы әр мемлекеттiң жалпы ұлттық байлығының 64% құрайды, ал АҚШ-тың IЖӨ көлемiнiң 45% бiлiм, ғылым және жоғары ақпараттық технологияны пайдалану жүйелерiнiң үлесiне тиедi екен.

     Ескеретiн жағдай, бiлiм беру жүйесiнiң табиғаты демократиялық жүйе болғанымен, әлемдiк қоғамдастықта жаһандану үдерiсiнiң дендеп енiп келе жатқан кезеңiнде, бұл салада бәсекелестiктiң даму қарқыны күшеюде. Әр мемлекет осы мәселенi шешуде әр түрлi жолды таңдауда. Әсiресе, бiлiм беру саласына инвестиция мен инновацияны енгiзуге басымдық беру жағына үлкен көңiл бөлiнуде. Әлемдiк банктiң мәлiметтерi бойынша Еуропалық одақ бiлiм беру саласына IЖӨ - 5%, АҚШ - 6,6%, Жапония - 3,5% жұмсап отыр. Ал кейбiр Еуропа және АҚШ-тың жекелеген жоғары оқу орындарының бюджетi Ресейдiң бұл саланың дамуына мемлекет тарапынан бөлетiн қаржы көлемiне сәйкес келiп отырған жағдайы бар.

      Соңғы жылдары Қазақстанда да бiлiм, ғылым саласына мемлекеттiк бюджеттен қаржы бөлу ұлғайып келедi. Дегенмен, оқу орындарының материалдық-техникалық ресурсының, оқытушы-профессорлар жалақысының әлi де болса төмен деңгейде болуы оқу үрдiсiн инновациялық тұрғыда қажеттi деңгейге жеткiзуге мүмкiндiк бермей отыр.

     Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев бұған дейiн халыққа Жолдауында «Қазақстанның жоғары оқу орындарының мiндетi - әлемдiк стандарттар деңгейiнде бiлiм беру» десе, биылғы «Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы» атты Жолдауында «Бiлiм беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құралдардың бiрi. Бiзге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттiлiктерiне сай келетiн осы заманғы бiлiм беру жүйесi қажет» деп атап көрсеттi. Демек, нарықтық жүйе тетiктерiн терең меңгерген, халықаралық озық үлгiдегi жоғары бiлiм беру стандарттарына сәйкес, бiлiм берудiң мазмұны мен сапасын жақсарту арқылы бiлiктi, бiлiмдi жаңа тұрпатты мамандар дайындауды инновациялық негiзде жүзеге асыруға басымдық беру бiрiншi кезекке шыққаны белгiлi. Өйткенi, елiмiздiң болашақтағы әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайын ескеретiн болсақ, экономикалық өсу стратегиясының негiзгi жолы, тек табиғи шикiзат ресурсын өндiрiп, оны экспортқа шығарып қана қоймай, оны өңдеп жоғары қосылған құны бар өнiм алу үшiн Отанымыздың адам ресурстары мен интеллектуалдық потенциалын пайдалану өте ұтымды бағыттардың бiрi болып отыр. Шетелдiң озық тәжiрибелерiне сүйенсек, бiлiм беру саласында, жоғары бiлiмдi мамандар дайындау жүйесiнде инновациялық үдерiстi қалыптастыру тиiмдi болып отырғаны мәлiм.

     Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан экономикасының жүйесiнде қарама-қайшылықтар жоқ емес. Елiмiз дүние жүзiнде табиғи ресурстар жөнiнде жетекшi орындар алғанымен, осы ресурстарды технологиялық және экономикалық түрғыдан тиiмдi пайдалану жағынан заман талабына әлi де болса сай келмей отыр. Бұл мәселенi оңтайлы шешу үшiн әлемдiк экономиканың бағыт-бағдарын терең пайымдайтын, ұтымды шешiм қабылдайтын мамандар әлеуетiн уақыт оздырмай дайындау қажет екенi даусыз. 
 
 
 
 

Инновация туралы жалпы түсінік.

      Инновация (латын сөзі - жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша; инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. "Инновация" үғымын әр елде әртүрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде "инновация" үғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстан мемлекетінде "инновация" ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.

     "Ғылымның қайнар көзі" - Ресейде "инновация" ұғымына өте күдікпен қараған: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ "инновация" термині еш жерде аталмайды. Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: "инновация" үғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". 

        1. Инновация туралы ғылыми көзқарастар
 

         Майлс пікірі бойынша "Инновация" - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күтеміз" деген.

         Америка ғалымдары  Билли және Болен педагогикалық иннова-цияны "құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс", - деп түсінеді екен.

Информация о работе Адам ресурсын инновацияға дайындау