Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:28, реферат
Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.
Олай
болса бұрыннан да таныс, аралас-құралас
Махамбет пен Карелин арасында олар тұрып
жатқан қалаға ұлы орыс ақынының келіп-кеткені
жөнінде әңгіме болғандығы сенім туғызады.
Бірақ Пушкин мен Махамбетті Хан тоғайында
“жолықтырып”, жоқтан өзгені тілге тиек
ету ғылыми ізденіске жатпайды. Рухани
сабақтастық, дарындылық ықпалдастығы
тек жүзбе-жүз кездесіп сұхбаттасудан
ғана тұрмайды. Пушкиннің көзі тірісінде
де, кейін де қазақ даласында Пушкинге
апарар жолдар аз болмады.
Дабысым ұлы Ресейге кетер жалпақ,
Тіл біткен жүрер менің атымды атап,
Славян елдерінің ер ұрпағы,
Қазіргі
тағы тұңғыс, қырда қалмақ, – деген,
өзінің қазасынан бір жыл бұрын
жазылған “Ескерткіш” атты өлеңінің
бірінші нұсқасында “қырғыз, қалмақ”
деп көрсетілгені оқырманға мәлім.
Қалмақ пен қазақ бірде атысып,
бірде табысып жатса да, олардың бір географиялық
мекенде орналасқаны ескеріліп, “қырғыз”
сөзі сонау Сібірдегі “тұңғыспен” ауыстырылған-ау
деген ой келеді.
Қазақ
(қырғыз) деген сөздің Пушкин шығармаларында
аталуы, не аталмауында тұрған ештеңе
жоқ. Әңгіме қазақ даласы, оның тұрғындары
туралы сан алуан мағлұматтардың Пушкиннің
рухани әлемінде алған орны жөнінде.
Жоғарыда
айтылған 1835 жылдың көктемінде Перовскийге
жазған хатының: “Далада, не Жайық бетінде
кездескенше сау бол” (Т. 10. 412-б.)
деген сөздермен аяқталуы Пушкиннің
қазақ жеріне тағы бір рет соғуға ниеттенгенін
білдіреді.
Пушкиннің
өлімінен кейін ақын мұрасын қазақ
даласында насихаттағандардың бірі
С.А.Раевский еді. Ол да – М.Ю.Лермонтовтың
“Ақын өлімі” деген өлеңін таратқаны
үшін Бөкей ордасына жер аударылған
Пушкиннің досы. Жәңгір ханның кеңсесінде
орыс канцеляриясының бастығы болып істейді.
Ханның тапсырмасымен ол Бөкей ордасының
картасын толықтырады. Олай болса хан
сарайында да, Ордада да Пушкинді білген,
өлеңдерін тыңдаған.
Қазақ
даласы орыс ақынын жатсынбайды, оны “кім?”
демейді. Пушкин мұрасы қазақ тілінде
сөйлей бастайды. “Татьянаның әні” қазақ
елінің әр түкпірінде шырқалады.
ХІХ
ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде-ақ қазақтар
Пушкинді есте қалдыру іс-шараларына
атсалысады. Қазақстанның Орталық мұрағаты
қорында “А.С.Пушкинге ескерткіш орнатуға
қаржы жинау туралы Орынбор және Самара
генерал-губернаторымен хат-хабар алмасулар”
деген 1861 жылғы құжаттар бар (ҚР ОММ. 4-қ.1-тізбе.
3040-іс. 14-парақ). Осыған байланысты елден
қаржы жиналғанда қазақтың дарынды ұлдарының
бірі М.С.Бабажанов (1832-1871) бөкейліктерді
өзі бас болып ұйымдастырып, бір мың сомның
үстінде ақша өткізген. Бұл ескерткіш
Мәскеуде 1880 жылы ашылғаны белгілі.
“А.С.Пушкинге
ескерткіш орнату үшін қайырылымдылыққа
шақыру туралы” деген тағы бір құжат осы
мұрағаттың 44-ші қорында (Жетісу облыстық
кеңесі (1868-1918)) ұшырасады.
Бірте-бірте
Пушкин шығармалары қазақ жеріндегі
мектеп қабырғаларынан, театр сахналарынан
орын ала бастайды. 1901 жылдың сәуір
айында Бөкей ордасы Уақытша кеңесінің
залында қазақ балалары мен қыздар мектебінің
оқушылары ақынның “Балықшы және балық
туралы ертегісі” бойынша спектакль қояды
(Тургайская газета. 1901. 14 сәуір). Пушкиннің
жақын танысы декабрист Н.В.Басаргиннің
(1800-1861) ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарында Шоқан
Уәлихановпен танысуы да Пушкин шығармашылығын
қазақ даласында насихаттаудың тағы
бір арнасын меңзейді. Сол кезеңде Басаргин
Сібір казактарының кеңсесінде қызмет
істеп жүріп, Құсмұрын округіндегі Шоқанның
туған жерін аралайды; 1843-1848 жылдары Омбыға
жұмысқа ауысады. Ал 1847 жылы Шоқан Омбы
кадет корпусына оқуға түседі. Оларды
тағдыр Омбы интеллигенциясы жиі жиналып
тұратын Капустиндердің үйінде жолығыстырады.
Басаргинмен пікір алмасулар Шоқанның
Пушкин шығармашылығына ықыласын арттырады.
Е.И.Капустинаның әдеби қонақүйінде
Пушкиннің өлеңдері оқылып тұрады.
Шоқан
Петербургте ұлы ақынның
Осылайша
қазақ даласының көңілі ояу, көзі
ашық ұлдары Пушкин мұрасына бойұрады.
1856 жылдың 14 желтоқсанында Ф.М.Достоевскийдің
Ш.Уәлихановқа Семейден жазған хатында:
“Бәрінен де дұрысы, дала тұрмысы, сіздің
ондағы өміріңіз және т.б. туралы жаза
алсаңыз жұрттың барлығының қызығушылығын
тудыратын мақала болар еді. Сондай жаңалық
болып көрінер еді, ал сіз, әрине, не туралы
жазуды білер едіңіз (мысалы, есіңізде
болса, Пушкиннің аудармасындағы Джон
Теннер секілді)”, – деп жазады.
Хат
мәтінінен Шоқанның ұлы ақын шығармашылығын
жақсы білетіндігі аңғарылады. Мұндағы
Джон Теннер деген кім? Ол – 1830 жылы Нью-Йоркте
Джемс деген сауатсыздау автордың баяндауында
жарық көрген “Джон Теннердің жазбалары”
атты кітабының кейіпкері. Пушкин оның
1835 жылғы француз тіліндегі аудармасымен
танысады да, 1836 жылы “Современник” журналында
(Т.3, 205-256-б.) “Шолушы” (“The Revіewer”) деген
бүркеншік есіммен көлемді памфлет жариялайды.
“Жазбаларда” құрып кетуге душар американ
үндістерінің қасіретті өмірі туралы
баяндалады. Пушкинді қызықтырған да кітаптың
осы қыры еді.
–
Ақын оқырмандарға жергілікті тұрғындарды
қырғынға ұшыратып отырған американ
демократиясының екі жүзділігі
мен қатыгездігін толық жеткізуге
тырысады. Достоевскийдің Шоқанды, мысал
ретінде болса осындай “Джон
Теннердің жазбаларына” қарай бағыттауында
да терең сыр жатқан жоқ па деген ой келеді.
Мүмкін қазақтардың да сол кезде үндістердің
жағдайын бастарынан кешіріп отырғанын
сездіргісі келген шығар. Мұндай тұжырымға
келуге Пушкиннің памфлетіндегі мына
жолдар да итермелейді: “Европа мәдениеті
оларды (үндістерді) өз атамекендерінен
ығыстырып шығарып, оқ-дәрі мен қорғасын
сыйлады; осымен оның ізгілікті ықпалы
бітеді”. Мұның өзі орыс ақынының отарлық
бұғаудағы халықтарға жанашырлық танытуының
көрінісі секілді.
Әрине,
Достоевскийден де, Пушкиннен де “интернационалист”
жасаудың қажеті жоқ; олар – өз дәуірінің
перзенттері, өз халқының патриоттары.
Дегенмен, жолындағы тау-тасты бұзып өтіп,
теңізге келіп құлайтын арынды өзен секілді
шын талант та ұлттық шеңберден шығып,
әлемдік құбылысқа айналмай тұрмайды.
Бұл жағдай Пушкин мен Абайға да тән.
Пушкин
және қазақтар
Ұлы ақын өзінің жеке
Көшім Лекерұлы Есмағамбетов
1938 жылы туған. 1965 жылы Мәскеудегі
Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы
университетін үздік бітірген. Содан соң
1965 жылдан бастап КазГУ-де оқытушы болып,
кейін республика Жоғары және арнаулы
орта білім, Сыртқы істер министрліктерінде
лауазымды қызметтер атқарды. Ұзақ жылдар
Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясында
редакция меңгерушісі, гуманитарлық
ғылымдар орталығының бастығы болды. Қазір
Білім және ғылым министрлігінің Р.Сүлейменов
атындағы Шығыстану институтының Бас
ғылыми қызметкері. Тарих ғылымдарының
докторы, профессор. “Шындық және бұрмалаушылық”,
“Көне Қазақстанды көргендер”, “Біз
туралы батыста не жазған”, “Қазақтар
шет ел әдебиетінде” атты кітаптардың
авторы. Дж.Демконың “Орыстардың Қазақстанды
отарлауы”, С.Пфинханың “Құқық философиясы”
еңбектерін ағылшын тілінен қазақшаға
тікелей аударған.
ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының
орта кезінен А.С. Пушкиннің
өз елінің тарихына, оның Б.
Годунов, Бірінші Петр, Е.Пугачев
секілді тұлғалары өміріне бой
ұруы жай қызығушылықтан емес,
оның адамзат өркениетіндегі
орнын анықтауға тырысушы
Пушкиннің
бұл бағыттағы ізденістеріне
ХІХ ғасырдың өзімен бірге ала
келген тарихи үдерістің тұтастығы
туралы ой-пікір шешуші әсер етті. Осы
кезеңде қалыптаса бастаған тарихилық
принципі қоғам дамуын әлеуметтік прогрестің
біртұтас тізбегі ретінде қарауды қажет
деп таппайтын XVІІІ ғасырдың ағартушылық
көзқарасынан өзгеше еді. Ағартушылық
жүйеде тарихи оқиғалар бірімен-бірі қатар
тұратын, бірақ олар бірінен бірі туындамайтын.
XVІІІ
ғасырда, тіпті ХІХ ғасырдың
бастапқы онжылдығында
Мұндай
жаңа көзқарасқа көшу Францияда ХІХ
ғасырдың 20-шы жылдарында қалыптасты,
яғни Пушкиннің тарихи ой-пікірі көкжиегінің
анықталуы осы құбылыспен тұстас
келді. Ақын батыс тарихнамасы мен
әлеуметтік ой-пікірінің барлық ағымдарынан
хабардар еді. Оның М. Вольтер жөнінде
“тарихтың қараңғы мұрағатына философия
сәулесін түсірді”, – деуі осының куәсі
болатын.
Тарих
пен уақыт диалектикасы, өткенді
зерттеудің бүгінгі күн мен болашақ
үшін маңыздылығы туралы жаңа заманның
ұстанымы Пушкиннің сана-сезімін
баурады. Осылайша ақын көзқарасы адамзат
ой-пікірінің озық жетістіктері мен өз
дарынының арнасында тоғысып, “Пугачев
тарихы”, “Капитан қызы” секілді сом
дүниелерге жол ашты. Пушкиннің жақын
досы П.А.Плетнев: “Табиғат ақындық талантына
қоса оған таңқаларлық зерде мен көрегенділік
қасиет сыйлаған. Бірде-бір оқыған дүниесі,
бірде-бір әңгіме, бірде-бір ой тебіренісі
оның өмірінен біржолата сызылып қалмайтын.
Оның басы түрлі қазыналар қоймасы секілді
сан алуан істерге дайын материалдарға
толы болатын”, – деп жазды.
Ресейдің
қазақ жерінде табан тіреуінің нығая түсуі
орыс әдебиетінде “қырғыз (қазақ – ред.)
тақырыбының” орнығуына әкеледі. Пушкиннің
“Құранға еліктеу” циклі бұл үрдіске
оң септігін тигізеді. ХІХ ғасырдың 20-шы
жылдарының өзінде А.П. Крюковтың “Қаратай”
поэмасы (1824), П. Кудряшовтың “Қырғыз-қайсақ
тұтқынының мұңы” (1828), В.И. Карлгофтың
“Қырғыз элегиясы” (1829) сияқты шығармалар
дүниеге келеді.
Бұлардың
қай-қайсысы да – Пушкинмен ұшырасқан,
оның поэзиядағы құдіретін таныған
адамдар-тын. Мұндағы Карлгоф –
жазушы, аудармашы, генерал-майор. ХІХ
ғасырдың 30-шы жылдарының басында А.Ф.
Воейков Д.И. Хвостовқа жазған хатында
өздерінде Пушкин, Карлгоф, басқа да адамдардың
қонақта болғанын айтады. Карлгоф пен
Пушкин 1832 жылдың 19 ақпанында және 1836 жылдың
28 қаңтарында жолығып әңгімелеседі. Бұған
дейін (1829 ж.) оның “Қырғыз элегиясы”
шығармасы Санкт-Петербургте шығатын
“Северная звезда” альманағында жарық
көрген-ді. Қазақ тақырыбы әдеби кештердегі
сұхбаттардың, шығармашылық ізденістердің
ортақ желісіне айналып, Пушкин мен оның
таныстарының қиялына қанат бітіреді.
Ақынның
күрделі тарихи ізденістерге дайындығын
атақты орыс тарихшысы П.М. Карамзиннің
шығармашылығына берген бағалауынан
айқын аңғаруға болады. 1827 жылы бұл
жөнінде ол былай деген еді: “Қайталап
айтамын, “Ресей мемлекетінің тарихы”
— ұлы жазушының туындысы ғана емес, адал
адамның ерлігі. Көптеген кісілер өзінің
“Тарихын” Карамзин самодержавиелік
мемлекетте басып шығарғанын, осындай
сенім білдірумен бірге Карамзинге, бар
мүмкіндігінше сыпайыгершілік пен шектеуліктің
жүктелгендігін ескере бермейді”.
Ақын
қазақтар туралы біршама мағлұматтарды
қамтыған көп томдық бұл еңбектің
сыр-сипатын, идеялық бағытын да
жете түсінеді.Соның бір дәлелі –
“Карамзинге” эпиграммасы.
Пушкиннің
үй кітапханасында қазақ жерінің
тарихы, табиғаты мен пайдалы кен қазбалары,
тұрғындарының кәсібі, әдет-ғұрпы туралы
мәліметтерге толы П.С.Палластың, И.Г.
Георгидің, И.И. Лепехин, И.П. Фальк, Н.П.
Рычков, тағы басқа ғалымдардың еңбектері
болатын.
Н.П.
Рычков (1746-1784) – Орынбор губерниясына
қарасты қазақ даласын шарлап, оның тұрғындарының
өмірі және табиғатымен танысқан адам.
Ол 1771 жылы мамырда қазақ даласы арқылы
Шығысқа қарай жөңкіген қалмақтардың
ізіне түскен орыс әскерінің құрамында
болады. Қазақ халқы жөніндегі мағлұматтары
“Капитан Рычковтың Ресей мемлекетінің
түрлі провинциялары бойынша саяхатының
журналы немесе күнделігі” деген кітабына
енеді. Ақынға керегі Н.П. Рычковтың Е.
Пугачев бастаған орыс шаруаларының көтерілісін
терең зерттеуі еді. Бірақ оның бұл еңбегі
жарияланбай қалады.
Петербург
ылым академиясының академигі П.С.
Палластың (1741-1811) “1768-1773 жылдардағы Ресей
империясының түрлі провинциялары
бойынша саяхат” деген неміс
тіліндегі кітабында Пушкин қазақтар
туралы соны этнографиялық материалдармен,
Индер тұзды көлінің маңындағы даланың
суреттемесімен кезігеді. Паллас Петербургтен
Орынборға келіп, Орал және Гурьев қалаларына
сапар шегеді. Бұл жолмен 1833 жылдың күзінде
Пушкин де жүріп өтеді. Палластың суреттеуіндегі
Жайық пен Еділ аралығындағы кеңістік
ақынға қайта ұшырасады.
Лепехиннің
(1740-1802) 1768-1771 жылдары жасаған саяхатында
қазақтардың тілі, діни нанымдары, тұрмыс
тіршілігі туралы айтылып, Нарынқұм,
Қамыссамар, Жайық өзенінің оң жағалауындағы
басқа да мекендер суреттеледі. Ал академик
И.И.Георгидің (1729-1802) “Ресей мемлекетін
мекендеуші барлық халықтардың сипаттамасы”
деген монографиясы 1776-1777 жылдары төрт
том болып, біреуі неміс, үшеуі орыс тілінде
басылып шығады. Еңбектің екінші томындағы
“Қырғыздар туралы” бөлімінен қазақтардың
бет-пішіні, ұлттық киімдері, әдет-ғұрпы
жөнінде мағлұматтар алуға болатын еді.