Жер қойнауы салықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 07:24, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты біркатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін теленетін төлемдер ретінде бір гопқа біріктіруіге болады. Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық, жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы,

Содержимое работы - 1 файл

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.docx

— 58.68 Кб (Скачать файл)

табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге;

қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;

шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге;

қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар туралы жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.

2. Табиғат пайдаланушылардың  бұзылған құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлген негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.

Табиғат пайдаланушылардың  бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiрiлуге тиiс.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205, 2001.12.24. N 276, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.  
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасының  Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (2002- ) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен [1] ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қарашадағы қаулысымен [2] министрлік туралы ереже бекітілді. ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды.

Ережеге сәйкес министрлік қоршаған ортаны қорғау саласындағы  басшылықты, салааралық үйлестіруді  және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган  болып табылды. Министрліктің мемлекеттік  мекемелерінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы  аумақтық органдары — облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары және республикалық инспекциялық басқармасы болды.

[өңдеу] Министрліктің негізгі міндеттері

қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік  бақылауды және табиғатты қорғау заңнамасын, экологиялық талаптар нормативтерін  сақтауды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік  басқару және бақылау жүйесін, өзінің қүзіреті шегінде қоршаған ортаны қорғаудың  экономикалық әдістерін жетілдіру; қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайландыру және табиғатты пайдалану жүйесін  оңтайландыруға қатысу; қолданыстағы заңнаманы жетілдіру; қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық  ынтымақтас- тықты дамыту және қатысу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы  ақпараттық тарату жүйесін және ағартушылықты  дамыту.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен [3] ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жер қойнауын қорғау жөніндегі бақылау-қадағалау функциялары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен [4] министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті құрылды. Министрлік қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық түрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу болып табылады.

Министрліктің ведомствосы — Табиғатты қорғауды бақылау комитеті, сондай-ақ мемлекетгік  мекемелердің үйымдық-құқықтық нысанындағы  аумақтық органдары-облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумактық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар. [5]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).
  2. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрліғінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қарашадағы № 1173 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 39, 398-бап).
  3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).
  4. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандаіы № 1113 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 524-бап).
  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
 
 
 
 
 
 

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты қорғау заңнамасын сақтау талаптарын қатаңдатып жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Еуразиялық су орталығының таныстырылымында министр Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының «Жасыл мұнай» қағидатын жүзеге асыруды тапсырғанына тоқталған министр: «Көмірсутекті шикізаттарды өндіру, өңдеу және тасымалдау барынша қатаң экологиялық стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Бұл мәселе су ресурстарының проблемасымен тығыз байланысты. Өйткені Қазақстандағы мұнай өңдеу саласының болашағы Каспий қайраңындағы жұмыстармен байланысты», деді.Оның айтуынша, дәл осы жерде бірегей су бассейнін мемлекеттік қолдауда кемелділік көрсете білу қажет. «Егер мұнай өндіру Каспидің экологиялық жүйесін бұзатын болса, онда кен орындарын өңдеуден түсетін барлық ықтимал табыстарға қарағанда шығындар анағұрлым асып түседі», деді министр. «Біздің алаңдауымызға тек Каспий ғана себепкер емес. Мәселен, Ақтөбе облысындағы жер асты суларының бірегей ошағы мұнай кен орнының жақындығына байланысты айтарлықтай зардап шегуі мүмкін. Сондықтан министрлік табиғатты қорғау заңнамасын сақтау талаптарын қатаңдатып жатыр», деді.«Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып 2007 жылы Экологиялық кодекс қабылдады. Мұның өзі табиғатты қорғау талаптарын күшейтуге кең мүмкіндік ашады», деп қосты Н. Ысқақов.Оның сөзіне қарағанда, Каспиде «нөлдік тасталым» қағидаты жүргізілетін болады. «Кодекс Каспий қайраңы аймағында шаруашылық қызметтерді жүргізудің нақты талаптарын бекітеді. Біз өз тарапымыздан заңды бұзушыларға қатаң шаралар қолданатын боламыз», деді Н. Ысқақов. Еуразиялық су орталығының Қазақстанда да, одан тысқары жерлерде де «жасыл мұнай» идеясының жетекшісі бола алатынына сенім білдірді. 
 
 
 

Астанада қазақстандық және германдық экологтар Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасының маңыздылығы мен қажеттілігін талқылауда.  
Елордада Табиғатты қорғау және ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғаудың Германия Федералды министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері «Жасыл өсу жолындағы» атты 1-ші Қазақстан-Герман экологиялық конференциясында бас қосты. 
Қазақстан «Жасыл көпір» бастамасын былтыр Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері министрлерінің 6-шы конференциясында көтеріп, бекіткен болатын. Ол корейлік «Жасыл даму» бастамасының жалғасы болмақ. 
Қазақстанның бас экологы Нұрғали Әшімов атап көрсеткендей, бүгінгі күні «Жасыл көпір» аясында Астанада кеңсе ашылды, бастаманың тұжырымдамасы әзірленіп, ол ЭСКАТО елдерінің тарапынан толығымен қолдау тапты. Ал ағымдағы жылы қыркүйек айында «Жасыл көпір» бастамасы Астанада өтетін Еуропа экологтарының конференциясында талқыланатын болады. Сондықтан, Қазақстан Еуропа елдерінің ұстанымдарын бүгіннен біліп, олардың қолдауына ие болуға ұмтылуда. Себебі одан кейін Қазақстан өзінің «Жасыл көпір» бастамасын 2012 жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін «РИО-20» мыңжылдық саммитінде қорғамақ. 
Бүгінгі конференция әлем елдерінің «Жасыл көпір» жобасына ұстанымдарын талдауға бағытталған. Қазақстан оны алдымен, Германиядан бастауды жөн көрді. «Германия мемлекеті Еуропадағы қуатты елдердің бірі, әсіресе экология саласында және Геранияның бұл саладағы пікіріне Еуропа елдері құлақ асады. Бүгінгі конференцияға Германияның Қазақстандағы елшілігі және экология министрлігі қатысуда», - деп атап өтті министр. 
Н.Әшімовтың сөзіне қарағанда, Қазақстандық бастаманы Жапония, Корей және Қытай секілді бірқатар елдер 100 пайызға қолдап отыр. Бірақ, оны қуаттағанымен толығымен қолдау білдірмей отырған мемлекеттер де бар. Бұл ЭСКАТО-ның өткен конференциясында анық болды. «Мысалға, Үндістанды айтуға болады. Ресей де «Жасыл көпірге» қарсы пікір білдірмегенімен, «Жасыл даму» тұрақты дамуға жетелейді деп біледі. Бізге сондай-ақ Америка құрылығының пікірі маңызды», - дейді ол. 
Экология министрінің пікірінше, 2013-ші жылы аяқталатын Киото хаттамасында жете пісіп-жетілмеген тұстар болды. Өмір сүріп отырған ғаламшар бір болғандықтан, мемлекеттердің мүдделері бір мақсат аясында тоғысуы тиіс. Сондықтан, алдағы жылдарға кең ауқымды ықпалдастыққа жол ашатын - «Жасыл көпір» жобасын қабылдау қажет.
 
 
 
 
 
 

Алматыда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және Корея Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен «Табиғи газбен жұмыс істейтін автокөліктер» атты форум өтуде.

Аталған форумның басты мақсаты - табиғи газбен істейтін автокөліктер мәселесі туралы тәжірибе алмасу және ауаның тазалығын жақсарту болып табылады. 
 
Оңтүстік Кореядан келген делегацияның құрамында министрлік өкілдері, табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік кәсіпорындарының, газ жабдықтары өндірісі саласындағы ірі компаниялардың өкілдері бар.

Таулы ойпатта орналасқан Алматы қаласы үшін экологиялық проблемалар, атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселелері - басым бағыттардың бірі. Біржарым миллиондай халқы бар алып шаһардың жыл сайын дамып келе жатқан өндірістік қуаты, инфражүйелік нысандарының қала экологиясына тигізетін кері әсері де мол. 2010 жылы Алматы қаласындағы (ИЗА5) ауаның ластану индексі 11,7 көрсеткішті құраған. 2011 жылдың 1 тоқсанында ауаның ластану индексінің көрсеткіші - 10,9 көрсеткен. Бұл көрсеткіштің төмендеуі - Алматы қаласы әкімдігінің қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығаратын түрлі көздердің кері әсерін төмендетуге бағытталған шаралардың, оның ішінде көлікке қатысты жүйелі шаралардың іске асырылуының нәтижесінде мүмкін болған.

Алайда бүгінде Алматы қаласында ауаға бөлінетін зиянды заттар жылына 237 мың тоннаны құрап отыр. Мұның сыртында соңғы жылдары тым көбейіп кеткен транспорттың кесірінен ауаның шектен тыс ластануы өріс алып отыр. Қазіргі күні қалада 523 мыңнан аса автокөлік тіркелген. Жан-жақтан келетін, яғни қалаға сырттан келіп жатқан көліктерді қосқанда, барлығы 700 мыңдай. Осы автокөліктерден жылына 190 мың тонна улы зат бөлінеді екен. Бұл қалаға тарайтын зиянды шығарындының 80 пайызын құрайды.

Алматы қаласы әкімдігі қазіргі уақытта «Алматы қаласындағы автокөлік құралдарын сығылған табиғи газға көшіру» жобасын жүзеге асыруда. «ҚазТрансГаз» АҚ мен «БЖ Лимитед Интернешнл» компаниясы бұл мақсатты бірлесіп жүзеге асыруды қолға алуда. 2010 жылы осы жоба аясында бірінші рет газ толтыратын станция салынды және газбен жүретін автобустар сатып алынды. Бүгінгі күні қаламызда 130 газбен жүретін автобус қызмет көрсетуде, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таба бермек. 
 
 

ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ірі табиғат пайдаланушылар табиғатты қорғау іс-шараларына биыл 139 млрд. теңге бөліп отыр. Бұл туралы бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткізілген алқа мәжілісінде экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Сағынбек Мұташев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2007 жылдан бастап күшіне енген ҚР экологиялық кодекс талаптарын жүзеге асыру нәтижесінде әр өнеркәсіп орындарының өз қаржысы есебінен табиғат қорғау іс-шаралары қаржыландырылады.

«Барлық эмиссияның 80 пайыз үлесіне ие 43 ірі табиғат пайдаланушылар табиғатты қорғау іс-шараларына 139 млрд. теңге бөлді. 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы тастанды ластағыш заттардың көлемі 290 мың тоннаға азайды», дейді ол.

Департамент басшысының келтірген мәліметтеріне қарағанда, өнеркәсіп орындары қаржыны ел экологиясы мүддесіне игеруге селқостық танытуда. Аталмыш қаржы тек 60-70 пайызға ғана мақсатты жұмсалған.

Информация о работе Жер қойнауы салықтары