Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 07:24, реферат
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты біркатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін теленетін төлемдер ретінде бір гопқа біріктіруіге болады. Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық, жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы,
Жер қойнауын пайдаланушылардың
салықтары мен арнаулы төлемдері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат
ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер
қойнауын пайдалануға байланысты біркатар
төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық
сипаты бар табиғат ресурстары үшін теленетін төлемдер
ретінде бір гопқа біріктіруіге болады.
Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық,
жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы
төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру
салығы, су үшін төленетін төлем, орманды
пайдаланганы үшін төлем
(орман табысы) және басқалары жатады.
Аталған төлемдер негізінен ренталық
сипатта болады, өйткені олардың пайда
болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын
Және шаруашылық қызметте пайдаланатын
материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды
алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған
тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға
арналған контракттар шеңберінде жер
койнауын пайдалану бойынша операцияларды
жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар
Салықтық кодексте белгіленген барлық
салықтарды және бюджетке төленетін басқа
міндетті төлемдерді, ал жер қойнауын
пайдаланушылардың төлемдері мен салықтарын
- қосымша, жер койнауын пайдалану бойынша
операциялар жүргізген кезде төлейді.
Заңи және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасында жер койнауын пайдалану
бойынша операцияларды, сонымен бірге
мемлекет мен- шігіндегі техногендік минералдық құрылымдарды кайта
өңдеуді жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар
жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы
төлемдері мен салықтарын төлеушілер
болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушыларға
белгіленген салық режімі
жер койнауын пайдалануға Үкімет
белгілеген тәртіппен жасалынған контрактта
айқындалады.
Жер койнауын пайдаланушыларға салық
салудың екі моделі белгіленген: бірінші модель
жер койнауын пайдаланушының өнімді бөлу
бойынша Қазақстан Республикасының үлесін
қоспағанда Салықтық кодексте көзделген салықтар
мен басқа міндетті төлемдердің барлық
түрлерін төлеуін көздейді; екінші моделъ
жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу
бойыніиа Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін),
сондай-ак салық заңнамасында көзделген
салықтар мен басқа міндетті төлемдердің
барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға
шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента
салығы, шикі мұнайға, газ
конденсатына салынатын акциз,
үстеме пайда салығы, жер салығы, роялти, мүлік
салығы қосылмайды.
Кен орындарын (кен орындар тобын, кен
орындарының бір бөлігін) рентабелдігі
төмен, коюлығы жоғары, суланган, шағын
дебетті және игерілген санатка жатқызу
тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу
тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайды.
Бұл роялти, өнімді бөлу бонынша Қазақстан Республикасының үлесі, өнімді бөлу
туралы контракт бойынша қызметін жүзеге
асырушы жер қойнауын пайдаланушының
қосымша төлемі салық салудың екі моделіне
сәйкес (контракттардың негізгі түрлерін
негізге ала отырып) жер койнауын пайдалануға
контракттарда айқындалатын жер койнауын
пайдаланушылар үшін белгіленген салық
режімінде жұмыс істей береді дегенді
білдіреді. 2009 жылдан жер қойнауын пайдаланушылардың
арнаулы төлемдері мен салықтары:
Бонустар жер
койнауын пайдаланушының тіркелген
төлемдері болып табылады. Жер
койнауын пайдалануға арнап жасалған
контракттың түрлері мен
Қол койылатын
бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын
пайдалануға жасасқан әрбір контракт
үшін айлық есептік көрсеткіштің
еселенген мөлшерлерінде жеке белгіленеді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс
өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың
бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстық комиссиясының шешімі
бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен
емес сомадағы түпкілікті мөлиіерін жер
койнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген
конкурстық нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер койнауын
пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган
белгілейді және ол жер койнауын пайдалануға
арналған контрактқа кіріктіріледі. Қол
койылатын бонус бюджетке салық төлеушінің
тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде:
белгіленген соманың елу пайызы - салық
төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңнамасында
белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы
деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік
отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу
пайызы жер қойнауын пайдалануға арналған
контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік
отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
Коммерциялық табу бонусын
контракт аумағындағы пайдалы казындыларды
әрбір коммерциялық табу үшін, соның ішінде
бастапқыда белгіленген алынатын пайдалы
казындылар корларын ұлғайтуға алып келетін
кен орындарың қосымша барлау жүргізу
барысындағы, табу үшін жер; койнауын пайдаланушы
төлейді. Коммерциялық табу бонусының салық
салу объекті пайдалы қазындылар қорларының
нақты көлемі болып табылады. Коммерциялық табу бонусынын сомасы
салық салу объектінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің
негіз шие айқындалады. Коммерциялық
табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі
бойынша төленеді.
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем
жер қойнауын пайдалануға арналған контракт
жасасқанға дейін тиісті контракт аумағын геологиялық зерттеу
мен жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық
шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын
пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи
шығындарды өтеу бойынша төлемі болып
табылады. Бұл шығындардың сомасын Қазақстан
Республикасы заңнамасында белгіленген
тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті
мемлекеттік орган есептейді және ол салық
заңнамасының кағидаларына сәйкес бюджетке
төленеді.Тарихи шығындар сомасының
бір бөлігі (1,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерде) мемлекет
меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу
төлемдері түрінде, калған бөлігі тарихи
шығындарды өтеу бойынша төлем түрінде бюджетке
төленуге жатады.
Пайдалы қазындылирды өндіру салығы Қазакстан
Республикасының аумағында өндірілетін
минералдық шикізат, мұнай, жерасты сулары және емдік балшықтың
әрбір түрі бойынша ақшалай нысанда жеке
төленетін салық.
Салықтың төлеушілері жер қойнауын пайдалануға
арналып жасалған әрбір жекелеген контракт
шеңберінде техногендік минералдық құрлымдардан
алынған пайдалы қазындыларды қоса алғанда, мұнайды,
минералдық шикізатты, жерасты суларын
және емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын
жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде
өндірген шикі мұнайдың,газ конденсаты
мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы
казындыларды өндіруге салық салу объекті,
ал бұл көлемнің құны салық базасы болып
табылады. Құн өндірілгентауарлы шикі мұнайдың, газ
конденсатыныңжәнетабиғи газдыңкөлемі
мен салық кезеңіне есептелген өнімнің
бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі
ретінде айқындалады.
Өндірілген минералдық шикізаттың,мұнайдың жерасты сулары мен емдік балшықтың
барлық түрлері бойынша пайдалы қазындылары
өндіру салығы жүргізілетін өндіру түріне
қарамастан салық заңнамасында белгіленген
мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен
төленеді.
Пайдалы қазындыларды өндіру салығын
есептеу үшін жер койнауын пайдалануы
Салықтық кодексте келтірілген шэкілге
сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған
әрбір жекелеген контракт бойынша ағымдағы
салық жылына арналған өндірудің жоспарланған
көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені
колданады. Пайдалы казындыларды өндіру
салығының құрамына: мұнайға арналған
пайдалы қазыналарды өндіру салығы, кең
таралған пайдалы қазындыларды коспағанда,
минералдық шикізатқа пайдалы казындыларды
өндіру салығы және кең таралған пайдалы
казыналарға жерасты суларға және емдік
балшықтарға, пайдалы казындыларды өндіру
салығы кіріктіріледі.
Шикі мұнайға пайдалы қазындыларды өндіру
салығының мөлшерлемелері газ кондесатын
қоса алғанда, тіркелген тұлғанымда жылдық
өндіру көлеміне қарай (10 мөлшерлеме,өндіру
ауқымы 250 мың тоннаға дейін және 10 млн.тоннадан
жоғары) 7%-дан 20%-ға дейінгі шэкіл бойынша
белгіленеді. Қазақстан Республикасының ішкі рыноғында шикі
мұнай мен газ конденсатын өткізген және
(немесе) берген, соның ішінде мемлекет
атынан алушыға пайдалы казындыларды
өндіру салығын, экспортка рента салығын,
роялтиді және Қазақстан
Республикасының өнімді бөлу жөніндегі
үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берген
немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына
пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге
0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады. Табиғи
газға пайдалы қазындыларды өндіру салығының
мөлшерлемесі 10%ды құрайды.Ішкі рынокта
табиғи газды өткізген кезде жылдық өндіру
көлеміне қарай: 1,0 млрд. текше метрге дейін
қоса алганда - 0,5%, 2,0 млрд. текше метрге
дейін - 1,0%, 2,0 млрд. текше метрден жоғары
- 1,5% мөлшерлемелер бойынша төленеді. Минералдық
шикізаттың құрамындағы пайдалы казындылар
босалқы корларының нақты (физикалық)
көлемі (айналыстан шыққын босалқы қорлардың
салық салынатын көлемі) минералдық шикізатқа
(қара,түсті және радиоактивті металдар
кендері (рудалары); металдар; күрамында
металдар бар минералдық шикізат, сондай-ақ
сирек ездесетін металдар,шашыраңқы
металдар, радиоактивті металдар, бейметалдар,
қымбат бағалы тастар, жасанды тастар,техникалық
тастар) салық салу объекті болып табылады.
Салық кезеңіндегі орташа биржалық
бағаны немесе алғашқы кайта өңдеуден
(байытудан) өткен минералдық шикізатты
өткізуден безбенделген бағасын тигізе
ала отырып,салық кезеңінде минералдық
шикізаттың құрамында пайдаланылаты н
айналыстан шыққан қосалқы қорларының
салық салынатын көлемінің құны пайдалы
казындыларды өндіру салығын есептеу
үшін салық базасы болып табылады. Мөлшерлемелер
ауқымы тым кеңтас көмір мен жанғыш тақ-тастар
үшін белгіленген нөл пайыздан уран
үшін белгіленген 24 пайызға дейін (ең жоғары).
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде
өндірген кең таралған пайдалы казындылардың,
жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты
көлемі салық салу объекті, оларды өткізуден
безбенделген бағасын негізге ала отырып,осы
көлем құны салық базасы болып табылады.Салықтың
мөлшерлемелері 2,5%-дан 10,6%-ға дейінгі мөлшерлерде
белгіленген.
Пайдалы қазындыларды өндіру салығы бойынша
салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып
табылады.Салықтөлеуші салықтың есептелген
сомасын орналаскан жері бойынша бюджетке
салық кезеңінен кейінгі айдың 25-інен
кешіктірмей төлеуге міндетті. Жер қойнауын
пайдаланушы пайдалы қазындыларды өндіру
салығы жөніндегі мағлұмдаманы орналасқан
жері бойынша салық органына салық кезеңінен
кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей береді.
Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме
пайда салығы - салыстырмалы жақсы табиғи
жағдайлардағы қызметінен алынған немесе
рыноктың салысты рмалы жағдайындағы
шығарылған өнімді сатудан алынған косымша
пайда үшін төленетін төлем, яғни белгіленген
нормативтен тыс алынған табыс үшін төлем.
Кең таралған пайдалы казындыларды, жерасты суларын және (немесе) емдік
балшықты барлауға, барлау мен өндіруге
немесе өндіруге, барлауға және өндіруге
байланысты емес жерасты құрылыстарын
салуға және (немесе) пайдалануға арналған
контракттардың негізінде жүзеге асырылатын
қызмет бойынша жер койнауын пайдаланушылар
үстеме пайда салығын төлеушілер болып
табылады. Салықтық кодекске сәйкес айқындалған
үстеме пайда салығын есептеу мақсаты
үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер
сомасының 25%на тең сомадан асатын салық
кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға
арналған әрбір жеке дсонтракт бойынша
жер койнауын пайдаланушының таза табысының
бір бөлігі үстеме пайда салығын салу
объекті болып табылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт
бойынша корпоративтік табыссалығы жер
койнауын пайдалануға арналған әрбір
жеке контракт бойынша контракттық қызмет
бойынша салық кезеңі үшін Салықтық кодексте
белгіленген мөлшерлеменің және көзделген табыстар
мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ Салықтық
кодекске сәйкес ауыстырылатын жер койнауын
пайдалануға арналған контракт бойынша
залалдар сомасына азайтылған, салық заңнамасында
белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға
арналған осындай контракт бойынша есептелген
салық салынатын табыстың көбейтіндісі
ретінде айқындалады. Жер қойнауын пайдалануға
арналған контракт бойынша бейрезиденттің
тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың
есеп айырысу сомасы салық кезеңінде салық
заңнамасында белгіленген бейрезиденттің
тұракты мекемесінің таза табысына салық
мөлшерлемесінің және белгіленген тәртіппен
жер койнауын пайдалануға арналған контракт
бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты
мекемесінің таза табысына салық салу
объектінің көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Салық кезенінде үстеме пайда салығын
есептеу Кодексте белгіленген әрбір деңгей
бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай
деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер
бойынша үстеме пайда салығының есептелген
сомаларына коса отырып, үстеме пайда
салығын салу объектінің әрбір бөлігіне
колдану арқылы жүргізіледі. Таза табыс
салық салынатын табыс пен корпоративтік табыс салығы арасындағы
айырма ретінде айқындалады. Үстеме пайда
салығының мөлшерлемелері өзгермелі шэкілі
бойынша - 0%-дан 60%-ға дейін белгіленген
(25%-дан кем емес немесе соған теңнен 70%дан
жоғарыға дейін, барлығы 7 мөлшерлеме).
Үстеме пайда салығы салық төлеушінің
орналасқан жері бойынша бюджетке салық
кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен
кешіктірілмей төленеді. Үстеме пайда
салығы үшін 1 каңтардан бастап 31 желтоқсанға
дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі
болып табылады. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан
Республикасының улесі тараптардың келісімімен
анықталады, бұл келісімге сәйкес жер
койнауын пайдаланушыға ақылы негізде
белгілі бір мерзімде жер қойнауын пайдалану
бойынша операциялар өткізуге контракт
аумағында құқық берілді. Өнімді бөлу
бойынша Қазакстан Республикасының үлесін
төлеушілер өнімді бөлу туралы контракттар
жасаскан жер койнауын пайдаланушылар
болып табылады. Өнімді бөлу бойынша үлес
ақшалай немесе натуралдық нысандарда
төленуі мүмкін. Өнімді бөлу бойынша үлес
корпоративтік табыс салығын есептеу
үшін жылдық жиынтық табысты анықтаған
кезде шегеріледі. Өнімді бөлу бойынша
Қазақстан Республикасы үлесінің мағлұмдамасы
жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жері
бойынша салық органына салық
кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей
табыс етіледі.
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының
үлесі Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы
арасында бөлуге жататын пайда түсіретін
өнімнің жиынтық құны ретінде анықталады
(жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін
өнімдегі үлесі шегеріледі). Пайда түсіретін
өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының
үлесі төмендегі үш триггерлерге сәйкес
келетін пайыздық мәнінің ең азы ретінде
анықталады:
Өнімді бөлу туралы контракт
бойынша қызметін жузеге асыратын жер
қойнауын пайдалануіиының қосымша төлемін
өнімді бөлу туралы контракт жасасқан
жер қойнауын пайдаланушылар төлейді.
Өнімді бөлу туралы контракт
бойынша қызметін жүзеге асыратын жер
койнауын пайдаланушының косымша төлемін
есептеудің тәртібі салық заңнамасында
белгіленген. Өнімді бөлу туралы контракт
бойынша қызметін жүзеге асыратын жер
койнауын пайдаланушының қосымша төлем
бойынша күнтізбелік жыл салық кезеңі
болып табылады. Өнімді бөлу туралы контракт
бойынша кызметін жүзеге асыратын жер
койнауын пайдаланушынын косымша төлемі мағлұмдаманы тапсыру мерзімі болғаннан
кейін 15 күннен кешіктірілмей төленеді.[1]
[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет
11-бап. Табиғи ресурстар
Табиғи ресурстарға меншiк нысаны Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгiленедi.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 Заңымен.
12-бап. Табиғат пайдаланушылар
Табиғат пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, ұлттық және шетелдiк болып бөлiнедi.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, оның iшiнде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдiк табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдiк заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар:
тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);
бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртiбiмен алынған) және қайталама (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.
13-бап. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану
Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар жалпы және арнайы табиғат пайдалануда болады.
Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмiрлiк қажеттерiн қанағаттандыру үшiн тегiн және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берiлместен жүзеге асырылады. Егер заңдарда тiкелей көзделген болса, жалпы табиғат пайдалануды шектеуге жол берiледi.
Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғатты тұрақты пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен айыратын немесе иелiктен айырмайтын, ақысын төлеп немесе алатын, бастапқы немесе қайталама болуы мүмкiн.
Табиғатты арнайы пайдалану немесе табиғатты шектеулi пайдалану құқығы (сервитуттар) туындауының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
14-бап. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру
негiздерi
Табиғи ресурстар табиғат пайдалануға:
табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар;
табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi;
табиғат пайдалану шарттары (келiсiм-шарттары) негiзiнде берiледi.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
15-бап. <*>
Ескерту. 15-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
16-бап. Табиғат пайдалануға рұқсат беру
Табиғат пайдалануға берiлетiн рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушыға беретiн және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға құқығын табиғат пайдаланудың нақты мерзiмi мен көлемiн (лимиттерiн), шарттарын және қолданылатын технологияны көрсете отырып, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.
17-бап. Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу
Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету үшiн оның мемлекеттiк құрылымы жүзеге асырылады, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастры, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүргiзiледi.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
18-бап. Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы мен
табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру
және қорғау схемалары
Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, молықтыру мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесi болып табылады.
Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады.
19-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен
мемлекеттiк кадастрлары
Халықтың және
экономика салаларының
20-бап. Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi
және олардың құқықтарын қорғау
1. Табиғат пайдаланушылар:
табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу шарттарына сәйкес пайдалануға;
шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға;
берiлген табиғи ресурстарды үнемдi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, молықтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;