Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 23:25, реферат
Еңбектік қатынастар – бұл ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек қатынастары әдетте еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбектік қатынастар – еңбекке деген қатынастарды оның қоғамдық ұйымның орнында, яғни өндіріс кезіндегі еңбекті қорғайды.
Кіріспе
Еңбек құқығының қағидаттары
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының субьектілері
Еңбек құқығының пәні және әдістері
Еңбек шартының ұғымы, түрлері
3.1 Еңбек шартын тоқтату негіздері
Баяндама
Тақырыбы: Еңбек
құқығы
Жоспар
Кіріспе
3.1 Еңбек шартын тоқтату негіздері
Кіріспе
Еңбектік қатынастар – бұл ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек қатынастары әдетте еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбектік қатынастар – еңбекке деген қатынастарды оның қоғамдық ұйымның орнында, яғни өндіріс кезіндегі еңбекті қорғайды.1
Еңбектің
техникалық ұйымы – бұл адамның
оның құралдарымен, техника, материалдарымен,
технологиялық үдерістерімен
Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін еңбек қатынастары мен еңбек еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастар, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастар еңбектік құқықтық қатынастар болып табылады. Еңбектік құқықтық қатынастардың мазмұнын Еңбек кодексінің 22,23 баптарында белгіленген тараптардың (жұмыс беруші мен қызметкердің) міндеттері мен құқықтары құрайды. 2
Еңбек қатынастары және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек заңнамасының негізінде еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімінде және ұжымдық шартта көрсетіледі.
Бүгінгі күні белсенді ретінде еңбектік қатынастардың 2 тобы қарастырылады:
Еңбек келісімінің пәнідегі негізгі топқа қоғамдық – еңбектік қатынастар жатады, сонымен қатар қатынастардың 9 түрі қарастырылады:3
Еңбек
құқығының қағидаттары –
Еңбек
ету бостандығы – әркімнің еңбек
ету қабілеттілігіне қарай
Еңбек құқығының қағидаттары Еңбек кодексінде белгіленген. Олардың ішінде:
Сонымен
қатар, еңбек құқығының кейбір салалық
қағидаттары «Халықты жұмыспен қамту
туралы» 2001 ж. 23 қаңтардағы заңда белгіленген.
1.1 Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек қатынастарын реттеуге арналған мемлекеттің уәкілетті органдарының қабылдаған нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы еңбек құқығының қайнар көздері болып табылады.
Қайнар көздеріның классификациялануы:
Еңбек заңнамасы ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ол Еңбек кодексінен, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Мұндай актілерге ҚР Конституциясымен және Еңбек кодексімен қатар: ҚР заңдары; ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы сотының нормтивтік қаулылары; ҚР министрліктері мен ведомстволарының нормативтік құқықтық актілері жатады. 6
Сонымен
бірге, Еңбек кодексіне көзделген
жағдайларды қоспағанда, ҚР-ның басқа
заңдарына еңбек қатынастырын, әлеуметтік
әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын
реттейтін нормаларды енгізуге тыйым
салынған.
1.2 Еңбек құқығының субьектілері
Еңбек заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар еңбек құқығының субьектілері ретінде танылады. Көп жағдайларда жеке тұлғалар бір-бірімен еңбек қатынастарына үйде жұмыс істеу үшін, үй қызметкерлерімен, жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін бір-бірімен еңбек шартын жасау арқылы еңбектік қатынастарға түседі.
Еңбектің қатынастардың субьектісі бола алады:7
Жеке
тұлғалар еңбек күшін жалдау үшін
заңмен белгіленген тәртіппен
Еңбек құқығы, басқа да дербес құқық салаларымен қатар өзіне тән нышандарына байланысты белгілі бір біртектес қоғамдық қатынастарды ретейді. Осындай біртектес қоғамдық қатынастардың қатарына еңбек саласындағы қатынастар жатады. 2007 жылы 15 мамырда қабылдаған Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес еңбек адам мен қоғамның өміріне және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адамның қызметі.
Әрбір құқық өзіне тән пәні және әдістерімен ажыратылады. Еңбек құқығы құқық саласы ретінде қызметкер, жұмыс беруші және басқа да тұлғалар расында еңбек туралы заңнама , еңбек шарты, ұжымдық шарт, жұмыс берушінің актілері негізінде пайда болатын қоғамдық және жекелік қатынастрды реттейді.
Еңбек құқығының пәні – еңбекті қоғамдық негізде ұйымдастыруға, басқаруға, кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан қызметкерлердің жұмыс күшін еңбек функциясына сәйкес пайдалануға және қызметкердің ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын атқаруға, өз кезегінде жұмыс берушінің қызметкерге жалақының уақытылы төлеуін, жұмыс орнында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыруға байланысты пайда болатын біртектес құқықтық қатынастар болып табылады.
Сонымен еңбек құқығы меншік пен шаруашылық жүргізудің әртүрлілігіне қарамастан, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жалдамалы еңбекті ұйымдастыруға байланысты пайда болатын қоғамдық еңбектік қатынастарды реттейтін қазақстан құқықғы жүйесінің дербес саласы.
Еңбек құқығының пәні оның қандай қоғамдық қатынастарды реттейтіні арқылы анықталатын болса, еңбек құқығының әдістері сол қатынастарды қандай тәсілдермен реттейтіндігімен айқындалады. Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастар жағдайында еңбек құқығы саласында еңбектік қатынастарды реттейтін негізгі әдістер қалыптасқан.
Олар :
Еңбек құқығы әдістерін мынандай белгілермен: 1) еңбектік құқықтык қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; 2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; 3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен; 4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; 5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.9
Еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының бірі болып табылады. Еңбек шарты – бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясына сәйкес жұмыс беруге, заңнамалық актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. 10
Еңбек құқығы ғылымы еңбек шартын өзара байланыстыру үшін үш түрлі мағынада қарастырады:біріншіден, еңбек шарты азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асыру құралы; екіншіден, еңбек шарты еңбектік құқықтық қатынастардың пайда болу негізі болып табылады. үшіншіден, азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты болып табылады.
Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі нысанына еңбек шартын жасасу жатады, өйткені тек еңбек шартын жасасу арқылы ғана адам ұйымның еңбек ұжымына кіре алады. Еңбек шартын жасасқан күннен бастап қызметкерге барлық еңбек заңнамасы және сол ұйымда қабыладанған локальдық нормалар қолданылады.
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес, оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында. Мысалы, басқа жұмысқа ауыстыру еңбек қатынасының өзгеруіне, ал еңбек шартының тоқтатылуына әкеледі.
Еңбек шартының мазмұны - еңбек нарығында оның тараптарының – қызметкер мен жұмыс берушінің екі жақты келісіміне байланысты құрылады. Еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жөніндегі талаптрды топқа бөлуге болады: міндетті болатын талаптар және тараптардың келісімі бойыша еңбек шартына ҚР-ның заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Еңбек шартының міндетті талаптарына шарттың мазмұнын құрайтын Еңбек кодексінде белгіленген еңбек жағдайлары жатады. Мысалы, тараптардың деректемелері; белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы;қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; және т.б11
Кей жағдайларда еңбек шартында қызметкердің жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап қойылуы мүмкін. Сынақ мерзімінің ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс. Жұмысқа қабыладану кезінде конкурс бойынша тиісті лауазымға қабылданатын адамдарға, мүгедектерге, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кірген адамдарға сынақ мерзімі белгіленбейді.