Францияның феодалдық мемлекеті мен құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 21:01, реферат

Краткое описание

Франция бүгінгі таңда әлемдегі барлық саласы жағынан жете дамыған мемлекеттері қатарында алғашқы орынды иеленіп тұр.

Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.

Содержимое работы - 1 файл

Францияны_ феодалды_ мемлекеті мен ___ы_ы реферат ___Ы_.doc

— 107.50 Кб (Скачать файл)

     Жергілікті  басқару бюрократтық бір орталыққа  қарату негізіндегі принциппен құрылды. Франция провинциялар мен округтерге бөлінді. XVI-ғасырдан бастап губернаторларда да тағайындалатын болды. Олардың қызметтері көбіне әскери міндеттермен шектелуші еді. 1535 жылдан округтерге комиссарларды жіберетін болды, олар интендант деп аталатын еді. Олардың билігі өте күшті болатын, олар корольдің өзіне немесе оның бірінші министріне бағынатын. Интенданттар полиция, юстиция және қаржы мәселелерін шешетін. Олардың орындары сатылмайтын, сондықтан орталық биліктен тәуелді екені түсінікті. Интенданттар жергілікті органдардың бәрін бақылайтын, олардың негізгі қызметі - салық, жинау. Жанама салықтарды жинайтын адамдар бұл қызмет орындарын сатып ала алатын.

     Он  төртінші Людовик әскерге солдаттарды  шетелден алмайтын етті. Оның әскері тұрақты  әскерге жататын. XVII ғасырда әскерде 46 жаяу, 28 атты полк болатын, әскерлердің  үштен бір бөлігі жалдамалы болды. Солдаттар үшінші сословиеден жасақталды. Офицерлер болса, бұрынғыдай тек дворяндардан алынатын. Офицерлердің орындары бұрынғыдай сатылатын еді. Францияның әскері бүкіл Еуропаның ең мықты және үлкен әскерлері ретінде саналатын.

     Шексіз  монархия тек зорлық пен күштеу әдістерін  қолданды. Мемлекеттік аппаратта  сыбайлас жемқорлық, бір-бірін күндеу заңды жағдайлар болатын. Мемлекетті талантсыз адамдардың басқаратынын бәрі білді. Корольдің сарайы Францияның ұлттық байлығын өзіне жұмсады, ал халықтың жағдайы ауырлай берді. Мемлекеттің ең жоғары орындарында ақсүйектер отыратын, байлар мен жалпы буржуазия өзінің наразалығын білдіре бастады. Король олардың мүддесін қорғаса да, бірінші орында феодалдар болатын, ал екінші орында буржуазия топтары тұрды. Король билігін сынға алушылар қатарында буржуазияның ағартушы қызметкерлері тарихтан белгілі: Вольтер, Монтескье, Руссо есімдері.

  Сот. Қарастырылып отырған кезеңде бір мезетте бірнеше сот жүйелері қызмет етті: патшалық, сеньориалдық, қалалық және шіркеулік соттар, алайда олардың құдіретті нақты ажыратылмайтын.  
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 

  Феодализм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық әрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақта  қалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатын.

  Феодалдық — ыдырау кезеңінде құқықтың негізгі  қайнар көзі болып әдет — ғұрып  нормалары — кутюмдер табылды. Сословиелік  — өкілдік монархия кезеңінде  кутюмдердің бірінші жинағы —  «Қасиетті Людовиктің Мекемелері»  пайда болды, мұнда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың және Мэнның кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде әдет-ғұрып жинақтарымен бірге құқықтың қайнар көздеріне патша билігінің актілері жататын болды, олар: жарлықтар, эдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды.  

      Рассматривая  общее правовое построение во Франции  можно   заключить,   что   вплоть  до ликвидации   абсолютной монархии она    не   знала  единой  правовой   системы.

      Абсолютизмнің негізгі сипаты барлық заңшығарушылық, атқарушы және сот билігі тек қана бір адамның, мұрагерлікпен тағайындалатын мемлекет басшысы – корольдің қолына шоғырланады.  Оған орталықтандырылған мемлекет механизмі бағынышты, олардың қатарына әскер, полиция, әкімшілік аппарат, сот кіреді. Барлық француздар, оған қоса ақсүйектер (дворяндар) корольдің қол астындағы адамдар деп саналады және олар корольге толығымен бағынышты болуы тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Мұхтарова  А.Қ. Шетелдердің мемлекет және  құқық тарихы. Алматы, 1999ж.

2. Булгакова  Д. А. Истаев А. Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Алматы, 2004 ж.

3. Всеобщая история государства и права – Под ред. К.И. Батыра – М., 1993

4. Федоров  К.Г., Лисневский Э.В. История государства  и права зарубежных стран. Ч  1- Ростов на Дону 1994

5. БСЭ,  том 28, г.Москва , 1978 г.

6.  ЭС, том 2, г.Москва, 1964 г.

7. История  государства и права зарубежных  стран, г.Москва, 1980 г., под редакцией П.Н. Галонзы.

8. Хрестоматия  по истории государства и права  зарубежных стран, г.Москва, 1984 г.

9. Корсунский  А.Р., «Образование раннефеодального  государства в Западной Европе»,  г.Москва, 1963 г.  

Информация о работе Францияның феодалдық мемлекеті мен құқығы