Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 21:01, реферат
Франция бүгінгі таңда әлемдегі барлық саласы жағынан жете дамыған мемлекеттері қатарында алғашқы орынды иеленіп тұр.
Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.
Қаржы
мәселелерін бас қаржы палатасы
және акциздерді жинайтын палаталар
қарайтын. Олар экономикалық саясатты
басқарып, мемлекеттің бюджетін жүргізетін.
Бас бақылаушылардың үлкен
XVI
ғасырда Францияның корольдері
шіркеуді өздеріне толық
Франция құқығы дамуының қайнар көздеріне көбіне әдеттер жататын. Бұл кезде жалпы құқық жүйесі Францияда әлі құрылған жоқ еді. Франция екіге бөлінетін, шекарасы Луар өзенінен өтетін. Оның оңтүстік жағасында жазбаша құқық қолданылатын еді. Бұл жерлерде рим құқығының әсері өте күшті болатын. Рим құқығын университеттерде оқылатын. Корольдердің биліктері күшейген сайын, рим құқығының да әсері күшейді. Бұл құқық жалпы әдет деп аталатын. Францияның солтүстігінде бұрыннан келе жатқан кутюм деген әдеттер қолданылатын. [1, 188б]
Сословиелік-өкілдік монархия кезінде жүйелеу процестері басталды. Кутюмдер де жазылып, жүйеленетін болды. Людовик тоғызыншы округтердегі әдеттерді бальялерге жинап, тәртіпке келтіргісі келді. Осы әдеттердің жинағы XIII ғасырда құрылған "Қасиетті Людовиктің мекемесі" деп аталатын. Ол Париж, Орлеан, Тур, Анжу, Мэн қалаларының кутюмдерін жүйеледі. Бұл заңдар корольдің жерлерінде қолданатын болды. ХІV-ХV ғасырларда ауылдардың, қалалардың және феодалдық сеньориялардың кутюмдері жарық көре бастады.
1453
жылы Карл жетінші кутюмдерді,
әдеттерді, соттың
Бірақ кутюмдер жинақтары корольдің билігі бойынша шығарылған болса да, бүкіл мемлекет қолданатын ортақ құқық жүйесі құрылған жоқ. Құқық партикуляризм сипатын сақтады.
Жазылған құқықтың қайнар көздеріне жарлықтар, эдиктер, ордонанстар жататын. Король билігінің актілері алдымен тек корольдің жерлеріне ғана қолданылды. XVI ғасырдан бастап корольдің актілерін Париж парламенті бекітетін тәртіп қалыптасты. Парламент бұл актілерді бекітпесе, оның заң күші болмайтын еді.
Король актілерінің рөлі күшейе түсуіне орай XVII-XVIII ғасырларда қылмыстық құқықтың бірқатар ордонанстары шықты. Бірақ жалпы құқық жүйесі Францияда қалыптасқан жоқ. Оның құқығы да, соты да өте шиеленіскен және күрделі жағдайда болды.
Шексіз монархия заң шығару, атқарушы және сот биліктерінің мемлекеттің мұрагер басшысы — корольдың қолына шоғырлануымен сипатталды. Бұл Бас штаттардың қызметінің тоқтатылуына алып келді, парламенттің құқықтары бірден шектелді, шіркеу толығымен корольге бағынады. [1,189б]
Мемлекеттік басқарудың орталық органдары әртүрлі кезеңдерде құрылған түрлі мекемелердің жиынтығынан құралды. Оларға мыналар жатты: Мемлекеттік кеңес — корольдың жанындағы жоғарғы кеңесуші орган; Қаржылық кеңес, Хабарламалар кеңесі, Құпия кеңес — кейбір іс санаттарын кассациялық қайта қараумен айналысты; канцлер аппараты. Бұл органдардың барлығын Қаржыларды бас басқарушы мен төрт мемлекеттік хатшылар (әскери, шетелдік, теңіз және король сарайы істері бойынша) басқарды, олардың барлығы корольмен бірлесе отырып кіші корольдық кеңесті құрады.
Жергілікті басқару. Корольдықтың аумағы генералитетке, губернаторлықтарға, диоцездерге, бальяждарға және интенданттықтарға бөлінді, олар қаржылық, әскери, шіркеулік, сот және әкімшілік мекемелердің аумақтық бөлімшелеріне сәйкес келеді. Жергілікті жердегі басқаруды интенданттар — корольдық үкіметінің аса өкілетті тұлғалары жүзеге асырды.
Сот. Қарастырылып отырған кезеңде бір мезетте бірнеше сот жүйелері қызмет етті: корольдық, сеньориалдық, қалалық және шіркеулік соттар, алайда олардың құдіретті нақты ажыратылмайтын.
Құқықтың негізгі сипаттары. Феодализм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық әрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақта қалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатын. [1, 199б]
Феодалдық — ыдырау кезеңінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет-ғұрып нормалары — кутюмдер табылды. Сословиелік — өкілдік монархия кезеңінде кутюмдердің бірінші жинағы — «Қасиетті Людовиктің Мекемелері» пайда болды, мұнда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың және Мэнның кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде әдет-ғұрып жинақтарымен бірге құқықтың қайнар көздеріне король билігінің актілері жататын болды, олар: жарлықтар, эдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды.
Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефицийлер мұрагерліктің объектісіне айналды, X ғ. ал феод деп атала бастады.
Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар болды: сату — сатып алу, зайым шарты, сыйға тарту шарты, жерді жалға алу шарты.
Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар котюмдермен және король ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі бір жасқа толу, екі жақтың келісімі, сонымен қатар, ата-аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (әкенің мүлкі мұрагерлерге әке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) және өсиет бойынша мұрагерлік.
Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ә) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау және мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар және айыппұл.
Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу және хаттамамен рәсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу; екіншісі — жариялы және ашық сот өндірісі. [2, 168б]
Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефицийлер мұрагерліктің объектісіне айналды.
Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар болды: сату — сатып алу, зайым шарты, сыйға тарту шарты, жерді жалға алу шарты.
Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар кутюмдермен және король ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі бір жасқа толу, екі жақтың келісімі, сонымен қатар, ата-аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (әкенің мүлкі мұрагерлерге әке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) және өсиет бойынша мұрагерлік.
Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ә) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау және мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар және айыппұл.
Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу және хаттамамен рәсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу; екіншісі — жариялы және ашық сот өндірісі.
Отбасылық-некелік қарым-қатынастар шіркеудің канондық нормаларымен, әдеттермен және корольдің ордонанстарымен бекітілді. Ер адамдар 13-15 жаста, қыз балалар 12 жаста некесін қия беретін. Некеге тұру үшін әке-шешесінің және екі жақтың келісімі керек болатын. Сервтердің басқа сеньордың жеке басы бос адамдарымен некеге тұруға құқығы жоқ еді. Феодалдың бірінші түн құқығы болатын, бұл салықты үйленетін шаруа ақшалай төлейтін. Кейбір адамдар некеге тұра алмайтын. Олар жастары жетпегендер, шоқынбағандар және туысқан адамдар. Келісімсіз құрылған неке және шіркеу қызметкерлердің некелері заңсыз некелерге жататын. Шіркеу ажырасуға тыйым салды. Жұбайлар өзара сыйласып, бірге тұруға міндетті болатын. Ер адам шаңырақтың иесі, әйелі оған бағынышты болып, артынан еріп жүруі керек. Әйел адам ешқандай мүліктік құқыққа ие болмайды. Күйеуінің келісімі болмаса, әйел адам мүлікті де сата алмады, сыйлыққа бермеді, ауыстырмады, шарт құрмады және сотқа қатыса алмады.[2, 169б]
Мемлекеттің
орталықтану процесіне
Қылмыстық
жауапкершілік адамның құқық
және сословиелік жағдайына
Феодалдық
ұсақтау кезінде процесс
Сотта талас-тартысты дәлелдеу екі жақтың да міндеті. Бұл феодалдардың арасында жиі кездеседі. Айыпты адамды айыптаушы жақ жекпе-жекке өзі шақыруға тиіс. Айыптаушы керек сөздерді айтып, айыпкердің бетіне қолындағы қолқабын лақтырады. Айыпкер саусақтағы биялайды көтерсе, ол жекпе-жекке шығуға ұсынысты қабылдады дегені. Ақсүйектер жекпе-жекке атпен толық қаруланып шығатын. Қарапайым адамдар таяқпен төбелесетін. Ақсүйектер жай адамдарды жекпе-жекке шақырса, олар жаяу және жалаң бас, қолына тек қана таяқ ұстап шығуға тиіс. Жай адамдар ақсүйектерді жекпе-жекке шақырса, олар атты және қолындағы бар қарумен шығатын. Шіркеу адамдары, әйелдер, алпыс жастан асқан адамдар өзінің орнына басқа адамдарды шығаруға құқылы еді. Бірақ жекпе-жекке қатысқан адам жеңіліп қалса, оның оң қолын шауып тастайтын. Жекпе-жек белгілі орында өтетін, оның көп ережесі болатын. Жеңілген адам кінәлі деп саналатын. Ол жауапкер ретінде белгілі бір жазаға тартылатын. Жекпе-жекті тек өте ауыр, адам өлтіру сияқты қылмыстарды дәлелдеу үшін ғана қолданатын. Тоғызыншы Людовиктың реформалары кезінде жекпе-жек жоғала бастады. [2, 171б]
Азаматтық сот процесі қылмыстық соттан бөліне бастады. Бұл жағдай таптық күрестің күшеюіне байланысты болатын.
Айыптау процесінің орнына тергеу-тексеру процесі келеді. Бұл процестің дамуына шіркеудің құқықтары ықпалын тигізді. Жаңа процесс бойынша енді істі қозғау жәбірленуші жақтан мемлекетке көшеді, бұл органда қылмыскерді өздері іздеп, тергеу өткізеді. Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: бірінші кезең - қылмыскерді іздеп, оның тергеуін өткізу, ал екіншіге ашық сот жататын. Бірінші кезенде жиналған материалдарға баға беріледі. Дәлелдеу процесінде формалдылықтың көптеген нышандары сақталған болады. Сотталған адам кінәсін мойындау үшін қинау әдісін жиі қолданатын. Сынаудың жай және ауыр түрлері болатын. Кінәні мойындау - ең маңызды дәлелдеуге жатады. Осы процестің бірінші кезеңі құпия түрінде өтетін.
Корольдің билігі күшейген сайын сеньориалдық және шіркеу соттарының қызмет бабы азайды да, король соттарының қызметтері көбейді және күшейді. Сот жүйесі өте шиеленіскен және күрделі болатын.
Сот жүйесі өте күрделі және атам заманғы болатын. Сеньориалдық соттар сақталды. Шіркеу соттарымен қатар коммерциялық, банк, адмиралтейлік және басқа соттар құрылған болатын. Корольдің соттарына бальяждардағы, қалалардағы соттар және Париж қаласындағы парламент жататын.
Парламент мемлекеттік істерді қарай алмайтын болды. Оның орындары сатыла бастады. Парламент ремонстрация құқығын жоғалтты. Он төртінші Людовик мемлекетті 54 жыл басқарып, Париж парламентінің ремонстрация құқығын тоқтатқан болатын. "Мемлекет дегеніміз мен" деп айтылған сөздері осы парламенттің жұмысына байланысты. Парламент ремонстрация құқығын пайдаланған жағдайда, король өзі парламентке келіп, осы сөздерді айтқан болатын. Содан кейін Парижде парламенттің наразылығы тоқтады. 1673 жылдан бастап Париж парламентінің құқығы шектеліп, ремонстрация қызметін істемейтін болды. 1614 жылдан Францияның корольдері қоғамдағы орнын көрсету үшін біз құдайдың қайырымдылығындамыз деген мәтел шығарды. Барлық биліктердің қайнар көзі - король. Оның билігін және қызметін ешкім бақылай алмайды. Король заң шығарады, "бір король - бір заң". Король мемлекеттің және шіркеудің жоғарғы қызметкерлерін өзі тағайындайды. Мемлекеттік басқару мәселелерді шешкенде ең соңғы тұжырымды билікті ол айтатын. Францияның королі маңызды сыртқы саяси мәселелерді жеке шешіп, экономикалық саясатты белгілейтін, салықты кіргізетін, ақшаны жұмсайтын, мемлекетті өзінің атынан басқаратын.
Информация о работе Францияның феодалдық мемлекеті мен құқығы