Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 20:39, реферат

Краткое описание

Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет.

Содержание работы

І. Кіріспе...................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Экономикалық өсудiң эволюциясы.............................................................5
2.2.Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары.......................................7
2.3.Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс........13
Қорытынды.............................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................17

Содержимое работы - 1 файл

ҒТП.doc

— 131.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны 

І. Кіріспе...................................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім.

     2.1.Экономикалық өсудiң эволюциясы.............................................................5
     2.2.Экономикалық өсудiң үлгілері мен  факторлары.......................................7
     2.3.Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс........13
Қорытынды.............................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................17
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Кіріспе 

      Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың  барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.

      Экономикалық  өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде  қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде  өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.

Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық  жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны  болып табылады.

      Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен  аяқ басты. Міне осы он тоғыз   жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.

      Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет.  

      Экономикалық  өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен  бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада  құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң  бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.

      Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң  жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы  көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн  көрсеткiш.  Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.

        
 
 
 
 
 
 

  ІІ.Негізгі бөлім

     2.1. Экономикалық өсудiң эволюциясы 

     Экономикалық  өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта  дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды  әдiстемеге  байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:

  • Неокейнстiк;
  • Неоклассикалық;
  • Тарихи-әлеуметтiк. 
  • Кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы.   
  • Классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен аяқталды.

     Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң  тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және   XX ғ. басында экономикалық өсуде басты орында болды. 

     Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус  және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық  (Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор); .

     Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк  экономикалық дағдарыс тұсында, яғни өндiрiс  қатынастары бұзылуы нәтижесiнде  классикалық теорияның экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын  дәлелдедi.  Осы дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады.

     Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен кiредi. Кейинсиандық теорияның  басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай қалған жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi.  

     Кейнстiк  өсу үлгiсi негiзiнде логикалық  құрал қолданылады, бiзге белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк  моделi. Кейнстiк өсу моделiнiң  қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып  табылады, бұл моделде қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады. 

     Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың  артықшылығынан шығады, бұл бағаның  тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып  қалуы жоқ, ал капиталдың У-ке қатынасы ( K / Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек 1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал.

     Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және халықтың өсуi.

     Неоклассикалық  модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:

  • Өндiрiстiк функция, яғни тоқтаусыз еңбек және капитал комбинациясы санына байланысты өнiмнiң белгiленген мөлшерiн беруге мүмкiншiлiк беретiн.
  • Еңбек ұсынысы функциясы. Халықтың тұрақты экзогендi өсу қарқыны, ал адам-сағаттап  тұрақты өседi;
  • Жинақ функциясы;
  • Рыноктағы қызметтердiң тепе-теңдiгi, яғни неоклассикалық модельде басты орында өндiрiстiк функция тұрады.

     Ендi экономикалық өсудiң бiрнеше жаңа модельдерiне тоқталсақ. Жапондық модель 70-80 жылдары, өнеркәсiп, ғылым, қоғамдық кәсiпкерлiк, қаржы кеңiстiгi экономиканы мемлекеттiк реттеу, сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты құрылды. Ондағы бәсекелестiк фирмаларға жаңа материалдардыигеруге және өңдеуге, шикiзаттарды өңдегенде жаңа әдiстердi енгiзуге, жартылай фабрикаттардың мөлшерiн арттыруға, ресурс жинақтаушы және қалдықсыз технологияға ауысуға итермеледi. Мемлекет қандай жағдай болмасын экономикаға өзiнiң тиiмдi әдiстерiмен қатысып отырды.

     Еңбек ресурсын пайдалануды қарқындандыру  жұмыскүшiнiң тиiмдiлiгн арттырып, Жапониядағы экономикалық өсудiң ыңғайлы жаңа моделiн ұсынды. Жапонияның экономикада көлемдi құрылымдық бағытышикiзаттық тапшылығына байланысты құрылды. Осының есебiнен қызмет көрсету, ақпараттық және интелектуалдық кеңiстiкте экономика қарқынды дамыды. ҒТП ұлттық шаруашылықта 70-80 жылдары экономикалық өсудiң 70%-н, ал қалған жылдары 90% iн қамтыды.

     АҚШ-тың  экономикалық өсудегi жаңа моделi қауiп-қатердiң  көзiн құрту немесе әлемдегi лидерлiк  позициясын ұстау есебiнде қарастырылады. Ұлттық шаруашылықтың дамуының басты жолы экспортты кеңейту және импортты алмастыруға байланысты. 
 
 
 

 

      2.2. Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары 

     Қазiргi экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндiргiш күштердiң ұзақ мерзiмдiк дамуымен байланысты өндiрiстiң нақты көлемiнiң табиға дәрежесiнiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiн атайды.

     Соңғы жүзжылдықта дүниежүзiнiң көптеген мемлекеттерiнде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты  түрде өсуде. Экономиканың  өсуi кеңiнен  тараған құбылыс болып есептеледi.  Экономикада болып отыратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi қарқыны ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi – бұл экономикадағы жаңа құбылыс.

     Экономиканың  өсуiн өлшеудiң екi жолы бар:

  • Макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсуi (ЖҰӨ,ЖIӨ, ТҰӨ, ҰТ) арқылы;
  • Әлеуметтiк институттар үрдiсiнiң өзгерiсi (жеке меншiк құқығы құрылымының өзгеруi, өндiрiстi ұйымдастыру және бөлу формалары).

     Әрине қандай пән болмасын оның өзiнiң басқалардан ерекшелеп тұратын факторлары және түрлерi болады.

     Экономикалық  өсу факторларына нақты өндiрiс  көлемiнiң кеңеюiмен байланысты оның өсiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын анықтайтын үрдiстер жатады.

     Экономикалық  өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.

     Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн  факторлар:

     - еңбек ресурстарының сандық және  сапалық өсуi;

     - негiзгi капиталдың сапалы құрамының  көлемiнiң өсуi;

     - өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;

     - табиғи ресурстардың  айналымының  сандық және сапасының артуы;

     - қоғамдық кәсiпкерлiк қызметтiң  дамуы.

     Жанама  факторларға мына факторларды жатқызуға  болады:

     - нарықты монополизациялаудың төмендеуi,

     - өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi,

     - пайдаға салықтың төмендеуi,

     - несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы  және т.б. 

     Экономикадық  өсу экономикадағы прогрессиялық  қозғалысқа байланысты деп бiр анықтама келтiрсек,  ал екiншi экономикалық өсу  бұл - халық басына шаққандағы ЖҰӨ-нiң өсуi.

     Егер  әскери-саяси мәселе болса онда көбiнесе  алғашғы анықтама қолданылады, ал халықтың тұрмыс деңгейiне байланысты екiншi анықтамаға жақынырақ боламыз. Экономикалық өсу  қандай болмасын барлық әлеуметтiк-экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:

  • Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды;
  • Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың жағдайымен сипатталады;
  • Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс;
  • Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты;
  • Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде.

     Экономикалық  өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң  өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:

  • Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс;
  • Бос уақыттың өсуi;
  • ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi;
  • Әр-түрлi товарлар және қызмет көрсетулердiң санының және сапасының өсуi.

     Нақ осы факторлар өндірістің өсуін  нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа  ие: олар өте сирек немесе мөлшері  шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің  іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.

Информация о работе Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің факторы ретінде