Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 19:19, курсовая работа
Сыртқы құрылғылар негізгі жұмысы – ЭЕМ – ге қоршаған ортадан программа және өңдеуге арналған мәліметтердің енуін қамтамасыз ету, сондай – ақ ЭЕМ жұмыс нәтижесін көрсету, жұмыс нәтижесін адам қабылдай алатындай немесе басқа ЭЕМ – ге жібере алатындай және жылдам басқа формада көрсету. Сыртқы құрылғылар аса көп мөлшерде ЭЕМ – ді қолдану жағдайларын анықтайды.
Сыртқы құрылғылар ЭЕМ сыртқы сақтау жадтарын атқарады, олар ақпаратты одан әрі сақтауға және қолдануға, кіріп – шығу құрылғыларын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, машина, жадымен ақпаратты тасылымдаушы арасындағы ақпарат алмасуды немесе басқа ЭЕМ – дер мен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Кіріспе:
1.1) Сыртқы құрылғылардың жұмысы .............................................. 3
2. Ақпартты енгізу құрылғысы
2.1) Пернетақта .................................................................................... 5
2.2.) Тышқан......................................................................................... 16
2.3) Сканер ........................................................................................... 17
2.4) Модем және факс – модем........................................................... 19
2.5) CD – ROM .................................................................................... 22
2.6) DVD – ROM ................................................................................. 23
3. Есте сақтау құрылғылары:
3.1) Иілгіш магниттік дискілер жинақтауыштар............................ 25
3.2) Қатты магниттік дискілер жинақтауышы ...............................28
4. Аудио ............................................................................................................33
5. Қорытынды ................................................................................................. 35
6. Әдебиеттер .................................................................................................. 36
Жоспар
1. Кіріспе:
1.1) Сыртқы құрылғылардың жұмысы ..............................
2. Ақпартты енгізу құрылғысы
2.1) Пернетақта ..............................
2.2.) Тышқан........................
2.3) Сканер ..............................
2.4) Модем және факс – модем.........................
2.5) CD – ROM ..............................
2.6) DVD – ROM ..............................
3. Есте сақтау құрылғылары:
3.1) Иілгіш магниттік дискілер жинақтауыштар.................
3.2) Қатты магниттік дискілер жинақтауышы ..............................
4. Аудио ..............................
5. Қорытынды ..............................
6. Әдебиеттер ..............................
Кіріспе
1.1. Сыртқы құрылғылардың жұмысы
Сыртқы құрылғылар негізгі жұмысы – ЭЕМ – ге қоршаған ортадан программа және өңдеуге арналған мәліметтердің енуін қамтамасыз ету, сондай – ақ ЭЕМ жұмыс нәтижесін көрсету, жұмыс нәтижесін адам қабылдай алатындай немесе басқа ЭЕМ – ге жібере алатындай және жылдам басқа формада көрсету. Сыртқы құрылғылар аса көп мөлшерде ЭЕМ – ді қолдану жағдайларын анықтайды.
Сыртқы құрылғылар ЭЕМ сыртқы сақтау жадтарын атқарады, олар ақпаратты одан әрі сақтауға және қолдануға, кіріп – шығу құрылғыларын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, машина, жадымен ақпаратты тасылымдаушы арасындағы ақпарат алмасуды немесе басқа ЭЕМ – дер мен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Кіру құрылтлары ретінде пернетақта, сканер, диск жүйесі, тышқан, модемдер, микрофон, сондық видеокамерасы; шығу құрылтлары: дисплей, принтр, диск жүесі, модемдер, дыбыс жүйелері, басқа құрылтлар жатады. Бұл құрылғылардың көбімен ақпарат алмасу сендық форматта өтеді.
Сандық интерфейс сандыаналогтыларға қарағанда қарапайым болып табылады, бірақ оғанда арнайы жүйелері керек. Ақпартты тасымалдаудың параллелді және қатарлы түрлерін ажыратады, сол үшін үйлесілімділіктің рөлі зор. Көп тараған стандарттардың бірі RS – 232 C (Reference Standard № 232 Revision C).
Қатарлы тасымалдау интерфейсі ақпараттарды кез келген қашықтықтарға тасымалдау үшін қолданады. Бірақ қысқа қашықтыққа ақпараттарды биттер мен емес байттармен жіберу қолайлы, сол үшін интерфейстің параллельді тасымалдауы қолнады.
Енгізу құрылғылары болып, компьютерге ақпартты енгізе алатын құрылтлар болып табылады. Олардың басты міндеті – машинаға әсерлерін тигізуді жүзеге асыру. Мұндай құрылтлардың әртүрлілігін шығару жолында үлкен бір технология пайда болды: сезуден бастап дыбыстыларға дейін олар әртүрлі принциптермен жұмыс атқарса да, бір жұмысты жүзеге асыру үшін арналған – қолданушыға өз компьютерімен байланыс табуды қамтасыз ету.
Бірнеше онжылдық бұрын енгізу – шығару үшін телетай қолданған. Бірақ ол өте көп шуды тудыратын болған. Қазір енгізу үшін пернетақта, шығару үшін мониторды қолдану. Ал құжаттардың көшірмесін алу үшін принтер қолданылады.
2. Ақпартты енгізу құрылғысы
2.1 Пернетақта.
Компьютерге ақпартты енгізуде пернетақта сияқты әмбекбап, тез, маңызды құрылғы табылмайды. Мүмкін болашақта әр адам өз компьютерімен тіл табысқанда графикалық бейне, видие бейне және сөзді қолданған, пернетақтаны басқа құрылғы ауыстыратын шығар. Бірақ бүгін мәтін енгізуде, команда беруде, пернетақта компьютнодің міндетті конфукурациясына кіреді.
Пернетақтасыз компьютер – бұл жетілдірілмеген компьютер!
Пернетақтадағы пернелердің орналасуына байланысты пернетақталар негізгі екі типке бөлінеді, олар функциялары бойынша бір – бірінен қалыспайды. 1 – ші типі бұл функциялды пернелер, олар екі тігінен орналасқан қатарлар, кусормен бағыттауға арналған арнайы пернелері болмайды. Сол пернетақтада бар – жоғы 84 перне. Бұл стандарт 80 – ші жылдарың ағындағы IBM PC, XT және AT – ға сай. Сол үшін кейбіреулері бұл стандартты ескеріп қалған дер ойлайды. Бірақ көп мамандар қазіргі таңда да сол стандартқа сай пернетақталарды таңдайды. Көптеген мықты және орташа мүмкіндіктегі компьютерлер әліде сондай ескіріп кеткен пернетақта үгісінде жасалады.
Пернетақтаның екінші варианты 101 немесе 102 пернеден тұрады. Мұндай пернетақтамен барлық компьютерлер байлансты. Мамандар бұл пернетақтаның функционалды пернелері алыста орналасқандықтан жатырмайды. Оған қарамастан қазіргі пернетақталарда функционалды пернелер саны 10 емес, ал барлығы 12.
Бірақ басқа да қоысша қызметтері бар, ыңғайлары көптеген қолданушыларға ұнайды. Пернетақтадағы мәтін жазу және курсорды жылжыту пернелері бөлу үшін арнайы пернелер көшірмелері де бар. Бірақ пернетақтаның қайсысы ыңғайлы екенін, әркім өзі шешді. Себебі компьютердің пернетақтасын ауыстыру мүлдем оңайға түседі.
Оған қарамастан нормативті компьютерлердің пернетақталары конструкциялық жағынан компьютерлер мен бірге құралған. Портативті компьютерлердің пернетақталары 2 вариантқа ұқсас боып келеді де, компьютерлердің кішігірім модельдерінде орын жеткіліксіз болғандықтан (Subnotebook және pabmtor) конструкторлар пернетақтадағы пернелердің мөлшерін қысқартуға мәжбүр. Пернелердің орналасуы барлық пернетақталарда стандартты түрде болады. Бүгігі таңда негізінен QWERTY стандарты қолданады (QWERTY – үстіңгі қатардағы орналасқан алты латын әріптері). Оған отандық QWERTY стандарты, яғни пернелердің кириллицада, жазу машинкаларда орналасқан әріптері аналог ретінде байқалады.
Пернелердің мөлшерін, размерін, орналасуын стандарттау негізінен әрбір қолданушы кезкелген пернетақтада үйренбей – ақ жазып білу үшін керек. Онсаусақты «соқыр жазу» әдісі ең қолайлы, профессионалды, нәтижелі болып келеді. Бірақ, пернетақталарды қолданудың өзі шектеулі болғандықтан, бүгінгі таңда ЭЕМ – нің ең «тар жері» болып саналады.
Пернетақтамен жұмыс істеу өте тез. Пернені басу арқылы компьютерге лезде керекті симыолды шығаруға болады.
Бір немесе бірнеше комбинация басу арқылы оперативті жадқа 1 немесе 2 байт ақпарат жіберіледі. Әр символға сәйкес келетін байт ақпаратты қою үшін арнайы код кестесін ASCII (Amecican Standart Code Jor Information Interchange – ақпаратпен алмасу үшін американдық стандартты код) көптеген компьютерлерге қолданылады. Кодтау кестесі символ бейнесі мен экрандағы сандық кодтармен сәйкестігін анықтайды.
Пернелердің атауы сәйкес келгенімен, олардың скан кодтары әртүрлі, сондықтан принцип бойынша бұл пернелер әртүрлі екенін есте сақтау керек. Бұл факт арнайы прогрпаммаларды жазғанда, процессордың пернені басқандағы реакциясын анықтау үшін қолданылады.
Пернелерді басқанда пернетақта процессорге сигнал жібереді, сол сигнал жүйесі блоктың жұмысын тоқтады және ажырауды өңдеу программасна қосады.
Сол кезде пернетақта өзінің арнайы жадында қай перне басылғанын жаттап алады (негізінде пернетақта жадында 20 перненің басылуы жатталады, егер жүйелі блок ажырауға жауап бере алмаса). Жүйені блокқа басылған перне коды жіберілегнде бұл мәлімет пернетақта жадынан жойыады.
Перненің басылуын ғана емес, сондай – ақ пернені жіберу сигналында жүйені блокке сәйкес кодын жібереді. Сол арқылы компьютер пернені ұстап тұрғанын жіргенін біліп жатады. Бұл қасиет басқа регистрге көшкенде қолданылады. Сондай – ақ егер перне жарты секунд бойы басылып тұрса, онда пернетақта қайта кодты қабылдайды.
Пернетақта символы экранда курсор тұрған жерге ғана түсіп отырады. Курсор символ ұзындығына сәйкес келетін тіктөртбұрышты жақша.
Пернетақтаның жұмыс істеу принциптері:
1) Пернені басқан кезде (немесе бірнеше пернелер үйлесімін) пернетақтаға енгізілген арнайы микросхема скан – кодты шығарады.
2) Скан – код пернетақтаның порт функциясын атқаратын микросхемасына өтеді. (Порт д/з – арнайы апаратты – логикалық құрылғы, ол жүйені блок пен басқа құрылғылардың байланысын қамтамасыз етеді). Пернетақта порты – бұл әуелі қарапайым құрылғы, микросхемалардың бір клатасына енгізіледі.
3) Пернетақта порты жүйелі блокке фиксирленген сан (нөмір) арқылы ажырауды ұсынады. Пернетақта үшін ажырау саны – 9 (Interrupt 9, Int 9)
4) Ажырау командасын қабылдаған соң, жүйелі блок ағынды жұмысты тоқтатып, сол нөмір бойынша арнайы оперативті жадқа сұраныс жібереді, бұл жадта ажырау векторы атты функция дорналасқан. Ажырау векторы дегеніміз – бұл мекенжай тізімі. Әр жаздбасы программа мекенжайын сақтайды, ол өз кезегіінде ажырау нөміріне сәйкес келетін мекенжайды ұсынады.
5) Программа мекенжайын анықтаған соң, пайда болған ажырауды өңдеген соң, жүйелі блок оны жүезеге асыруды бастайды. Пернетақта ажыруын ең қарапайым өңдеуі микросхема ПЗУ қорғанысы болып табылады, бірақ програмистер оның орнына өз программасына қоя алады, егер ажырау векторында мекенжай жазбалар өзгерсе.
6) Өңдеу – ажырау программа жүйелі блокты пернетақта портына бағыттайды. Сол жерде ал скан – кодты анықтайды да, өз регистрлеріне енгізеді, содан кейін өңдеу басқарауы арқылы бұл сканд – кодке сәйкес кодын анықтайды.
7) Одан кейін ажырау өңдеуі алынған кодты кішігірім жадқа, яғни пернетақта буферіне жібереді және жүйелі блокты хабардар етіп өз жұмысын тоқтатады.
8) Жүйелі блок ажырауды өңдеуді тоқтатады да, алдыңғы жұмысына оралады.
9) Енгізілген символ пернетақта буферінде басқа программаға қажет болғанша сақталады. Мысалы: ол программа мәтін редакторы немесе мәтін процессоры болуы мүмкін.
Егер символ буферге көп еңгілісе, ал символды аз мөлшерде алса, онда буфердің төмен кетуі мүмкін. Бұл кезде буферге жаңа символдарды енгізу тоқталады. Тәжірибе жүзінде біз мұндай әрекет кейін сигналды естиміз де, жұмыс нәтижесін көрмейміз.
Стандартты 101 – пернені пернетақтаның сол жақ төменгі бөлігінде ақ түспен алфавитті – цифрлі символдар ерекшеленіп тұрады. Бұл пернелерді басқан жағдайда компьютерде алфавитті – сандық символдар енгізілді. Қай символ екенін латын немесе орыс, қазақ әріптерінің режимі немесе SHIFT пернесінің басылуына байланысты болады.
Пернетақтадағы ең ірі перне бұл пробел (бос символ орны). Пробел жазу машинкаларында да әріптер мен сандарды ажырату үшін қолданады.
Латын және орыс әріптер тәртібі.
Латын әріптері енгізген кезде экранда латын символдар түседі, бұл символдар перненің сол жағында қара түспен символдары түседі, бұл символдар перненің оң жағында қызыл түспен белгіленеді. Бұл режимдерге қосылу үшін перне немесе пернелер комбинация немесе компьютер драйверлерінен қолдану керек. Көбінесе бұл үшін CTRL оң жақ пернесіне қолданады, кейбір кезеде Shift екі батырмасын және т.б. батырмалар (Alt + Shift) қолданылады.
Жазбаша әріптерін және т.б. символдарды, көбінесе үстіңгі қатардағы, енгізу үшін Shift батырмасы керек. Мысалы: “d” әрпін енігзу үшін, “ D” әріпі бейнеленген батырмасына басып тұрып, Shift батырмасын бірге басамыз, ал “=” символын енгізу үшін Shift қолданбаймыз, бірақ “f” символы үшін тура сол батырманы басып тұрып, Shift батырмасын да бірге басамыз. Себебі сол батырмада бейнелеген “=” батырмасының үстінде “+” батырмасы бейнеленген.
CAPSLOCK батырмасы.
CAPSLOCK батырмасы бас әріптерді жазу үшін қолданылады. Бұл рпежимде тек бас әріптер ғана жазылады, ал сол режимде Shift батырмасын басқан кезде кіші әріптер түседі. Бас әріптер режимі (көбінесе “ CAPSLOCK” режимі деп аталады) мәтін енгізгенде өте қолыйлы. “ CAPSLOCK” батырмасын қайта бассаңыз бас әріп режимін тоқтатады.
Ескерту: Кейбір кездерде CAPSLOCK басқа да мақсаттарда қоданады, мысалы: орыс әріп алфавитіне ауысу.
Функционалды пернелер.
Пернетақтаның үстіңгі бөлігінде функционалды пернелер F1 – F2 басады. Бұл батырмаларды енгізу тәртібі белгілі программа мен немесе операциялық жүйе арқылы анықталады. Көптеген программаларды F1 батырмасын енгізгенде, экранға программа туралы анықтамалар шығады.
Курсормен жұмыс істеу батырмалары .
HOME, END, PqUP, PqDn, батырмалары курсормен жылжыту үшін қолданылады. Бұл батырмалар басқа да (батырмалар) мақсаттарда қолдана береді.
Ескерту:
1) Құжаттарды өңдеу кезінде курсор тігінен орналасқан қара жолақша ретіне, ал DOS программаларында сызықша түрінде жарқылдаған күйде болады.
2) PqUP, PqDn “Пернетақта астыға”, “Парақты үстіге” түсірудегенді білдіреді. Негізінде бұл батырмалар,а басу арқылы парақты аудару немесе бақа параққа ауыстыруға қолданады.
3) HOME, END батырмалары арқылы курсор сәйкес немесе сөз басына немесе аяғына ауысады.
Сандық пернетақта.
Стандартты 101 – пернені пернетақтаның оң жақ бөлігінде орналасқан блогі екі мақсатта қолданылады. Цифрлардың өшіп қалу тәртібінде («Num Lock” режимі) бұл блок арифметикалық әрекеттерді және сандық генформацияларды енгізуге өте қолайлы. Бұл режимде ақ пернелерді басқан кезде 0 – 9 дейін сандар және нүкте енгізіледі.