Мәліметтер базасының негізгі ұғымы. MS Access мәліметтер қоры басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 18:31, реферат

Краткое описание

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.

Содержание работы

I. Мәліметтер базасының негізгі ұғымы.
II. Мәліметтер базасын жіктеу.
III. Мәліметтер базасымен жұмыс режимі.
IV. MS ACCESS мәліметтер базасымен жұмыс істеу.

Содержимое работы - 1 файл

MS Access мәліметтер қоры басқару жүйесі.docx

— 42.30 Кб (Скачать файл)

- қорытынды  және орта мәндерді есептеп,  жазбаларды топтастыру (бірнеше  деңгей бойынша);

- графикалық  объектілерді  есепке  кіргізу  мен басып шығару (мысалы, диаграмма).

Парақтар   -   бұлар   Access    2000-де   мәліметтердің   арнайы   объектілері.   Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп  атауға болады.

Физикалық жағынан бұл Web-парақта орналастырылған  және клиентке сонымен бірге берілетін HTML кодында орындалған ерекше объект. Бұл объект өзінен-өзі мәліметтер базасы болып саналмайды, бірақ серверде қалатын мәліметтер базасымен бірге Web-парақта берілген байланыс атқарылатын, компонент-терді құрамында ұстайды. Web-торапқа келуші осы компоненттерді пайдалана отырып, қол жететін  парақ өрісіндегі жазбалар базасын  қарай алады. Осылайша, мәліметтерге жету парақтары клиентпен интерфейсті, сервер мен серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асырады.

Макростар мен модульдер. Объектічердің бұл  категориялары  программалау жолымен  жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс  істегенде де қайталанатын операцияларды  автоматтандыруға да арналған. Макростар ~ макробүйрыңтар. Егер базамен қайсыбір операциялар ерекше көп жасалса, бірнеше бүйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген белгілеудің  мәні бар.

Модульдер - Visual Basic тілінде жазылған программалың рәсімдер (проңедуралар). Егер Access стандарттың  құралдар тапсырыс берушінің небір  гиеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.

 Кестелермен  жұмыс. Кесте құру.

Өріс  бағанында өрістердің атауын тересіз. Егер өріс үшін Қол қасиеті белгісі  берілмесе, онда өрістің Атауы бір  уақытта болашақ кесте бағанының  аты болып шығады. Әрбір өріске арналған тип мәліметтер типін таңдаудың  ашылатын кнопка-сымен ашылған тізімнен тандалады. Бұл кнопка - басқарудың жасырын әлементі. Ол бланк өрісінде шертуден кейін ғана бейнеленеді.

Бланктің  төменгі бөлігінде жоғары бөлікте  ерекшеленген өріс қасиеттерінің тізімі болады. Қасиеттердің кейбірі үнсіз  келісім бойынша берілген. Өрістердің қасиеттері болуы міндетті емес. Оларды қалау-тілек бойынша баптауға, тіпті  қозғамауға да болады.

Енгізілген  мәліметтерді жүйе қалай өңдеу керектігіи білуі үшін Ай-күн/уақыт өрісі  үшін пішімді міндетті түрде көрсету  керек. Мысалы, егер Ай-күннің қысқаша  пішімін таңдасақ, жүйе сізден нақ  ай-күнді (орыс версиясында - ДД.ММ.ГГГГ) енгізуді күтеді, ал егер Уақыттың қысқаша  пішімін таңдасақ, бұл өрісте СС.ММ (сағаттар мен минуттар) теруге тура келеді.

Мәнге арналған шарт қасиетінің мәні ретінде  верификация ережесін, яғни мәліметтерді осы өріске енгізгенде TRUE («Ақиқат») мәнін қабылдауға тиісті логикалық  бейнелеуді көрсетуге болады. Мысалы, егер Балл өрісі үшін былайша жазса:

[Балл] >= lAnd [Балл]<= 12

немесе  одан да қарапайым: >= lAnd <= 12, жүйе 1-12-ден  басқа кез келген мәнді бұл  өрісте жаңылыс енгізу деп таниды.

Келесі  қасиетте жүйе бетін қате жайлы ерікті хабарды жазуға болады, мысалы: Баллдың  бұл мәні болуы мүмкін емес немесе Балл дұрыс емес. Одан әрі, мысалы, егер Балл өрісіңде 14 санын енгізсеңіз, экранға  осы хабар түседі.

Міндетгі epic қасиетінде Иә деп көрсетуге болады (бос мәндер болмайды).

Егер  сіздің кестеңіздің алғашқы кілтіне  бір өріс кірсе, Өрісті индексациялау  қасиетінде ол үшін мынаны таңдайсыз: Иә, тура келу болмайды, сосын Түйінді (кілтті) анықтау (кілтті бейнелеп) кнопкасында  құралдар панелінде шертіңіз.

Осылайша  кестеңіздің бастапқы кілтін анықтайсыз.

Кесте құрылымын жасау аяқталып, бланк  жабылады (мұндайда жүйе кестені сақтауға сұрау береді), сонан соң кестеге  атау беріледі, сол сәттен бастап ол Мәліметгер базасындағы негізгі  терезеде басқа кестелермен бірге  қол жеткізуге боларлықтай жол  ашылады. Қажет болған жағдайда оны  ашуға болады.

Жасалған  кестені Мәліметтер базасы терезесінде  оның таңбашасында екі рет қатарынан  шертіп ашады. Жаңа кестенің жазбалары  жоқ - кесте құрылымын сипаттайтын, бағандардың атаулары ғана бар. Кестелерді мәліметтермен толтыру әдеттегі тәртіппен жүргізіледі. Енгізу меңзері қажетті ұяшыққа тышқан-тетіктің нұсқағышымен қойылады. Келесі ұяшыққа көшу Tab. пернесімен орындалады. Кезекті жазбаға көшу соңғы ұяшықты толтырғаннан кейін орындалады.

Кестенің  төменгі бөлігінде Көшу кнопкаларының  панелі орналасқан. Басқарудың элементтерін көптеген жазбаларда бар кесте бойынша  навигация кезінде қолдану қолайлы.

Кестелерді  мәліметтермен толтырғаннан кейін  сактап қажеті жоқ - барлығы нақты  уақыт режимінде автоматты түрде  сақталады. Нақты уақыт режимі біз  кестемен жұмыс істеген кезде  үздіксіз сақтау болатындығын білдіреді.

Алайда, егер кестемен жұмыс істеген кезде  оның макетін редакциялау болып  өтеді (мысалы, бағандардың ені өзгереді), МББЖ осы өзгерістерді сақғауды растауды өтінеді.

Егер  кестенің (өрістер кұрамын немесе олардың қасиеттерін) өзгерту қажеттігі  туындаса, кестені Конструктор режимінде  ашу керек. Бұл үшін Мәліметтер базасы терезесінде ерекшелеп, Конструктор  кнопкасын шерту керек.

Кестелер  арасындағы байланыстарды құру. Мәліметтер базасын басқару жүйесінің негізгі  артықшылықтары жекелеген кестелермен  жұмыста емес, өзара байланысты кестелердің  топ-тарымен атқарылады. МББЖ кестелері  арасындағы байланыстарды құру үшін Access Мәліметтер схемасы деп аталатын арнайы терезесі бар.

Мәліметтер  схемасы терезесін құралдар панелінің  кнопкасында шертіп немесе Сервис/Мәліметтер схемасы бұйрығымен ашады.

Егер  бұрын кестелер арасында мұндай байланыстар  берілген болса, схемаға жаңа кестенің мәліметтерін енгізу үшін мәліметтер схемасында тышқанның оң кнопкасын  шертіп, контекетік мәзірде Кесте  қосу тармағын тандау керек.

Мәліметтер  схемасына байланыстырылуы керек  барлық кестелерді енгізе отырып, кестелер өрісі арасындағы байланыстарды  құруға кірісуге болады.

Өрістер арасындағы байланыс өріс атауын бір  кестеден басқасына өзіне тиісті байланысты өріске апарып қою арқылы орнатылады.

Кестелер  арасында пайда болған байланыс әр түрлі кесте өрістерін біріктіретін сызықтар түріндегі Мәліметтер схемасы  терезесінде бейнеленеді. Мұндайда кестелердің бірі басты, ал басқасы - байланысты болып саналады. Басты - өзінің негізгі өрісіне байланысты қатысатын кесте (бұл өрістің  атауы мәлі-меттер схемасында жартылай қарайтылғаи шрифтпен бейне-ленеді.

Байланыстың екі негізгі белгіленген мақсаты  бар. Бірінші -мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету, ал екіншісі - базаға қызмет ету міндеттерін автоматтандыру. Елестетіп көрелік, әрбір клиент бірегей деп саналатын Клиент кестесінде біреу бір клиентке арналған жазуды жояды делік, бірақ мүны Тапсырыстар кестесінде жасайды. Тапсырыстар кестесіне сай аты, адресі жоқ біреу тек абстрактылы код жасап, тапсырыс берген болып шығады. Код бойынша мұның кім болғанын білу мүмкін емес - мәліметтердің тұтастығына нұқсаи келеді.

Мұндай  жағдайда база иесі үш тәсілді қолданады: мәліметтердің тұғастығын қорғау үшін мүлдем ештеңе істемеу керек, не болмаса, негізгі өрістерден басты кестелердің  мәліметтерін жоюға тыйым салу, не болмаса, рұқсат беру, бірақ сонымен  бірге байланысты кестелерді де барабар  өндеу керек. Мұны қолдан істеу қиын, сондықтан автоматтандыру құралдары  да керек.

Кестелер  арасындағы байланыс мыналарға мүмкіндік  береді:

- егер  бұл өріс пен басқа кестелердің  қайсыбір өрістері байланысты  болса, не болмаса басты кестенің  негізгі өрісіндегі мәліметтерді  жою немесе өзгерту мүмкіндігін  болдырмау;

- не  болмаса, жойылу кезінде (немесе  өзгерісте) басты кестенің негізгі  өрісінің мәліметтері автоматты  түрде (және өте мүқият) байланысты  кестелердің тиісті мәліметтері  жойылады немесе өзгертіледі.

Байланыс  қасиеттерін баптау үшін Мәліметтер схемасы терезесінде екі кестенің өрістерін біріктіретін сызықты  ерекше-леп, тышқанның оң жақ кнопкасында  шертіп және байланыстың контекстік мәзірін ашу керек, сонан соң  онда Байланысты өзгерту тармагын таңдау - Байланысты өзгерту диалогтық терезесі ашылады. Онда байланысқа қатысатын (мұнда  оларды өзгертуге де болады) өрістердің атауымен байланысқан кестелердің  атауы көрсетіледі, сондай-ақ мәліметтердің  тұтастық жағдайын қамтамасыз ету үшін басқарудың элементтері келтірілген.

Жылжытып  апарғаннан кейін пайда болатын  байланыстың қасиеттерін беруге болатын Байланыстар диалогтық  терезсі ашылады.

Мәліметтердің тұтастығы. Егер екі кесте арасында (автоматты түрде немесе қолдан) байланыс орнатылса, екі кестенің мәліметтерін біріктіруге болады. Кейде осы  жеткілікті (мысалы, қарапайым телефон  аныктамалығын енгізгенде), алайда маңызды мәліметтер базасын құрғанда әр түрлі кестелерге кіргізілетін, бай-ланысқан мәліметтерді бақылаудың қосымша құралдары жөнінде ойлауға  тура келеді.

Мәселен, Тапсырыстар кестесін құрғанда жоқ  клиенттер немесе өнімдер туралы мәліметтерді бұл кестеге кездейсоқ  енгізуге жол беруге болмайды, өнімге және т.б. тапсырыс беретін клиенттер  туралы жазбалардан сөздіктерді  жоюға болмайды.

Байланысқан екі кестелер арасындағы мәліметтердің  сәйкес үйлесімін қамтамасыз ететін механизм былай аталады: Мәліметтердің  тұтастығын қолдау мәліметтердің тұтастығын қам-

тамасыз ету үшін, екі кесте арасындағы байланысты орнатканда, тұтастық шарттарын  қамтамасыз ету жалаушасын белсенді ету керек. Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету жалаушасын енгізу бір  кестеден жазбаларды жою жағдайларынан  қорғануға мүмкіндік береді, олармен  байланысқан басқа кестелердің  мәлі-меттері байланыссыз қалады.

Егер  пайдаланушы тұтастықты қолдау механизмін іске қосса, бір уақытта байланыс түрін де көрсетуі тиіс. Бірді бірге (1:1) - бір кестедегі өрістің бір  мәніне басқа өрістегі тек бір  ғана мән сәйкес келеді; Бір көбіне (1:со) - бір кестедегі өрістің бір  мәніне басқадағы бірнеше (бір немесе одан көп) мәндері сәйкес.

Мәліметтер  тұтастығы мынаны білдіреді:

1) бағыныңқы  кестенің байланысқан өрісіне  басты кестенің байланысқан орісінде  бар мәндерді ғана енгізуге  болады (мысалы, Тапсырыстар кестесіне  Клиенттер кестесінде жоқ клиентгің  коды бар жазбаны енгізуге  болмайды);

2) басты  кестеден бағыныңқы кестедегі  өрістің бір мәні-мен де тура  келетін байланысқан өрістің  мәні бар жазбаны жоюға болмайды (мысалы, Клиенттер кестесінен Тапсырыстар  кестесіндегі әлі жойылмаған  клиенттің кодын жоюға болмайды).

Бұл тыйымдарды бүзуға әрекет жасалса, MS Access қате жайлы  хабар береді.

Байланысңан өрістерді каскадты жаңарту мен  байланысқан жазбаларды каскадты өшіру. Тұтастықты қолдау механизмін қосқанда мәліметтерді жаңғыртып, жетілдіру  үшін жүйе мынадай процестерді іске қосуын талап ете аласыз:

- байланысқан  өрістерді каскадты жаңарту;

- байланысқан  жазбаларды каскадты өшіру;

Каскадты  жаңарту басты кестедегі байланысқан  мәндердің өзгеруі (мысалы, клиенттің  коды) бағыныңқы кестенің байланысқан  жазбаларында автоматты түрде көрсетіледі. Мысалы, егер сіз Клиенттер кестесінде 90 клиент кодын 97 кодқа ауыстырсаңыз, онда 90 клиент коды Тапсырыстар кестенің барлық жазбаларында 97 боп өзгереді. Басқаша айтсақ, онда ол осы клиенттің  барлық тапсы-рыстарында ауыстырылады.

Байланысқан жазбаларды каскадтық өшіру басты  кестеден жазбаларды өшірген кезде (мысалы, 20 клиент коды бар жаз-бадан) бағыныңқы кестеден барлық жазбалар өшіріледі, олар-дағы байланысқан өрістердің мәні өшірілетін мәнмен (мәселен,

20 кодты  клиенттер) тура келеді. Басқаша  айтсақ, егер клиент-тердің сөздігінен  қайсыбір клиентті алып тастаса,  осы клиентгің барлық тапсырыстары  өшіріледі.

Осылайша, кестелер арасындағы реляциялық байланыстарды  құрудың мәні, бір жағынан, мәліметтерді қорғауда, екінші жағынан - бір кестені  өзгерткенде бірнеше кестеге  өзгеріс енгізуді автоматтандыруда.

Информация о работе Мәліметтер базасының негізгі ұғымы. MS Access мәліметтер қоры басқару жүйесі