Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 09:18, лекция
Ежелгі Шығыстағы мемлекеттіліктің қалыптасуының ерекшеліктері мен өзгешеліктері. Ежелгі Египет пен Вавилонның құл иеленушілерінің саяси идеологиясы. Фараондарға табыну. «Птахотептің (Птаххетепа) ілімдері» мен «Гераклиополь патшасының өзінің ұлына айтқан ақылы». «Ипусердің (Ипувер) айтқандары». Ежелгі Вавилонның құл иеленушілерінің саяси идеяларындағы билік пен заңның құдайлық сипаты. Хаммурапи заңдары. Үндістандағы брахманизм идеологиясы. Ману заңдары. Каутильдің Артхашастрасы. Буддизм еретикалық, антибрахмандық тағым және бірінші әлемдік дін ретінде. Ежелгі Қытайдың идеологиясы. Конфуций. Даосизмнің негізгі идеялары. Мо-Цзының ілімі. Ежелгіқытайлық легизм. «Фацзя» мектебі мен оның өкілдерінің көзқарастары.
Тоталитарлық саяси жүйелер туралы тұжырымның туындауы, тоталитаризм және оны сынау: Э. Кассирер, Х.Аренд, Ф. Хайек, М. Джилас.
Ғылыми-техникалық революция және «әл-ауқатты мемлекет»: Р. Арон, У. Ростоу, Дж. Гэлбрейт, Ч. Р. Миллс, Г. Маркузе. Батыстық интеллектуалдардың концепцияларындағы апологетикалық бағыт: Д. Белл, З. Бжезинский, Ф. Фукуяма, Э. Тоффлер. Постиндустриалды өркениет туралы қоғамдық-саяси ойдағы сыншыл бағыт: Л. Туроу, А. Турен. К. Поппер және оның батыстық «ашық қоғамды» дамыту жобасы. Дж. Сорос: өзін-өзі реттейтін «ашық қоғам» туралы аңыз.
«Қазіргі саяси процес» пәні
Саяси процесті түсіндірудегі концептуалды тәсілдер. Саяси өзгерістің ұғымы және типологиясы. Модернизация, реформа, революция ұғымдары. Әдістемелік тәсілдердің сан алуандылығы. Институционалды және неоинституционалды тәсілдер. Салыстырмалы (компаративистік) тәсіл. Дискурсивті тәсіл.
Қазіргі дәуірдің жаһанды мәселелері: діни экстремизмнің таралуы, терроризмнің таралуы, есірткені тарату жолдарының кеңейюі, заңсыз миграция, әлемдік экономикалық дағдарыс. Қазіргі әлемдік процес және оның құрылымы. Саяси акторлардың ұғымы және түрлері. Қазіргі дәуір мен жаһанды мәселелердің қайшылықтарын шешудегі жолдар және әдіс-тәсілдер.
«Халықаралық қатынастар», «халықаралық саясат», «сыртқы саясат» және «халықаралық қатынастар жүйесі» атты ұғымдар. Жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы және оның қағидалары. Жаңа әлемдік тәртіп. Биполярлы (екі полюсті) жүйеден полиполярлы (көп полюсті) жүйеге өту. Жаңа жағдайда қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі халықаралық қатынастардағы мұнай факторы. «Араб көктемі» және әлемдік саяси процес.
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары және халықаралық саясаттың геосаяси факторлары. Аймақтық қауіпсіздік ұйымдарының құрылуында Қазақстан Республикасының рөлі: ШЫҰ, ҰҚКҰ, АӨСШК. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі қорытындылар. ЕҚЫҰ-Астана саммитінің қорытынды декларациясы. Ислам ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның төрағалығы. Каспий аймағындағы геосаясат. Кедендік Одақ және Бірыңғай Экономикалық кеңістік. Еуразиялық бірлестік: мәселелері мен перспективалары.
Жаһанды билік және жаһанды басқару. Жаһанды басқарудың институттары және акторлары: Дүниежүзілік банк, G 8, ХВФ, ТҰК, АТЭЫ, ЕЭБ. Қауіпсіздік саясаты – жаһандық бәсеке және оған деген жауап. Су қауіпсіздігі. Энергетикалық қауіпсіздік. Азықтық қауіпсіздік. Экологиялық қауіпсіздік.
Қазіргі заманғы саяси жүйелердің типологиясы. Құндылықтар жүйесі және саяси жүйе. Саяси режим және саяси жүйе. Демократия, авторитаризм және тоталитаризм. Модернизация ұғымы. Саяси даму және модернизация теориялары.
Саясатты дамытудағы
әлеуметтік негіздер. Әлеуметтік стратификация
және саяси плюрализмнің дамуы. Көппартиялық
жүйені қалыптастыру саяси процестін
тенденциясы ретінде. Қазақстан
Республикасының партиялық
Демократияландыру процес ретінде. Демократияландырудың тарихи түрлері. Демократияландыру және демократияның нығаюі. Демократияландырудың «үшінші» толқыны. Қазақстан Республикасында демократиялық процестердің ерекшеліктері.
Халықаралық саяси
экономия. Халықаралық экономикалық
процестерді басқарудағы
Жанжалдылық жағдайы жоғары негізгі аймақтар Халықаралық қақтығыстардың алдын алудағы халықаралық ұйымдардың рөлі. Орталық Азия аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саясаты.
«Саяси жүйе және режим» пәні
Теориялық-жүйелік
2. Қоғамның саяси жүйе теориясы. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы
Т. Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы және оның саяси жүйе теориясының дамуына әсері. Д. Истон және Г. Алмонд саяси жүйе теориясының негізін қалаушылар ретінде, тұжырымдамаларының ерекшеліктері. К. Дойчтың саяси жүйе теориясы. Саяси жүйелердің заманауи түсіндірмелері, саяси жүйенің дербестігі туралы теріс бағалардын алдын алу. Саяси жүйелердің жүйешіктері: институционалды, нормативті, идеологиялық, коммуникативті, мәдени. Саяси жүйенің негізгі қызметтері. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы. Саяси тұрақтылық, оның алғышарты және оған жету тәсілдері. Абсолютті, статистикалық және динамикалық тұрақтылық. Саяси қатер, қатердің тетіктері.
3. Саяси жүйе типологиясы
Саяси өмірдің өлшемділігі, сан алуан критерилердің ұстанымы жағынан талдауы. Саяси жүйе классификациясы. Қоғамдық құрылым талдауында Вебер мен Маркстың дәстүрлері. Ж. Блондель, Г. Алмонд, Д. Берг-Шлоссер, Х. Майер, Т. Штаменн. Ч. Эндрейн және т.б. типологиялары. Дәстүрлі және модернизацияланған, консервативті және трансформациялық, ашық және жабық, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған, микроскопиялық, локалды, макроскопиялық және жаһанды саяси жүйелер.
4. Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудағы әдіс пен бақылау ретінде. Саяси режимнің типтері
Саяси режим қоғамның саяси өмірін функционалдау тәсілі ретінде, оның мәні. Қоғамның саяси жүйесімен саяси режимнің функционалды байланысы. Саяси режим типтерінің сипаттамасы. Антидемократиялық режимдердің демократиялық режимге өту жолдары.
5. Тоталитарлы режимнің теориясы мен саяси тәжірибесі
Тоталитаризм тарихи және саяси құбылыс ретінде. Тоталитарлық режимнің идеялық ағымдары, пайда болу себептері және негізгі белгілері. Тоталитаризмнің түрлері. «Солшыл» және «оншыл» тоталитаризм, олардың әлеуметтік базасы. Тоталитарлық режимдердің легитимділік пен тиімділік тұрғысынан сипаттамасы. Тоталитарлық қоғамдағы ұлы мақсаттардың тағдыры және рөлі.
6. Қазіргі заманғы авторитаризм. Дәстүрлі абсолютті монархиялар, олигархиялық және әскери режим
Авторитарлы саяси режим, оның ерекшеліктері. Авторитарлы және тоталитарлы режимнің негізгі айырмашылықтары. Қазіргі әлемде авторитаризмді сақтау және оның орнын толтыру себептері. Бюрократиялық авторитаризм, оның қозғаушы күштері. Олигархиялық және әскери режимдер.
7. Демократияның тарихи тағдырлары. ХХІ ғасырдағы саяси дамудың демократиялық сценарилері
Демократия ұғымы. Антикалық дәуірден
қазіргі уақытқа дейін
8. Халықтық (тайпалық) жүйелер
Тайпалық жүйенің мысалы ретінде Африкада қоғам сан, пигмеи, тив, ибо, кикуйю, Австралияда аборигендер және индейцтер, Азияда дунсян, Солтүстік Америкада эскимостар мен индейцтер Оңтүстік Америкада индейцтер она және сирионо. Отбасы халықтық жүйенің негізгі түйіні ретінде. Аңшылар мен жинаушылар қоғамы. Аз өнімді егін шаруашылықпен аграрлы жүйелер жаңаша тирихта. Халықтық жүйелер шешімді қабылдау барысында теңдікке, бірлікке және келісімділікке негізделген «алғашқы қауымдағы табиғи демократия» ретінде.
9. Бюрократиялық авторитарлы жүйелер
Бюрократиялық авторитарлы жүйе саяси жүйе типтерінің бірі ретінде. Бюрократиялық авторитарлы жүйелердің тіршілік ету және таралу факторлары. Аграрлы және индустриаландырылған жүйелердің негізгі белгілері. Бюрократиялық мемлекет: даму тарихы және әлеуметтік жаңару бағыты.
10. Келісімдік жүйелер
Бюрократиялық
авторитарлы жүйелердің трансформациясы
және келісімдік жүйелерге өтуі. Билік
етуші бюрократияның үлкендігі,
полицияның жазалаушылығы, партиялық
жүйенің жеткіліксіз
11. Мобилизациялық жүйелер
Мобилизациялық саяси жүйе жүйелердің бір типі ретінде. Мобилизациялық саяси жүйелердің қағидалары. Мобилизациялық жүйенің негізгі белгілері. Мобилизациялық типтің популистік және элитистік саяси жүйелері (ел тануды талдауға бағытталған баяндама).
12. Латын Америка елдеріндегі
әскери төңкерістер. Латын
Мобилизациялық саяси жүйелердің күйреуі. Латын Америка елдеріндегі әскери төңкерістер. Латын Америкасындағы әскери режимнің ыдырауы.
13. Әлем саяси жүйесінің негізгі даму үрдістері
Жаһандану қазіргі заман әлемнінде негізгі даму үрдісі ретінде. Жаһандық және аймақтық интеграция жағдайында қазіргі мемлекеттердің әмбебапты және ұлттық-мемлекеттік мүдделердің саяси жүйесі. Әлемнің саяси жүйелеріне заманауи жаһандық қауіп-қатерлер.
14. Қазақстанның саяси жүйесі мен трансформация тәжірибесі. Қазақстан саяси жүйесінің бейімделу механизмдері
Қазақстанда посттоталитарлы модернизацияның негізгі кезеңдері. Модернизация кезеңдерінде даму парадигмалары. Қазақстанда саяси биліктің жүзеге асу механизмдері. Саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы – мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірегей және біртұтас ұстаным. ҚР Конституциясын келешекте қолдану әлеуеті. Атқарушы биліктің реформалары. Заң шығарушы биліктің саяси беделін нығайту. Азаматтарды құқықтық қорғау және сот жүйесінің реформалары. Азаматтық қоғам институттарының таңдауы және дамуы. Жемқорлық пен қылмыстылықпен күрес.
Жалпы ұлттық саяси реформа бағдарламасын жүзеге асыру негізінде саяси жүйені нығайтуда Н.Ә. Назарбаевтың ұлт Лидері ретіндегі рөлі.
15. Қазақстанның саяси жүйесі мен қоғамның ұлттық бірігу мәселесі
Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, нығайту және қоғамның бірігуі өмірге ұлттық стратегияны алып келу шарты ретінде. Әлеуметтік-экономикалық өсімнің шынайы, нық және артушы қарқынға жетуі. Экономиканың басты секторларының дамуы, кәсіби мемлекетті құру. Өмір жағдайын, денсаулықты, білім беруді, қоршаған экологиялық ортаны жетілдіру. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстанның тәуелсіз зайырлы мемлекет ретінде дамуы.
«Қолданбалы саясаттану» пәні
Саяси ғылымда фундаменталды және қолданбалы зерттеулер шектеулерінің критерийлері. Қолданбалы саясаттанудың объектісі мен пәні. Қолданбалы және теориялық саясаттанудың негізгі айырмашылықтары. Қолданбалы саясаттанудың негізгі бағыттары, саяси анализ, саяси шешім қабылдау процесі, бағытталған саяси ықпал ету технологиялары. Консалтингтің саясаттанудағы рөлі мен орны.
Сценарилердің әдісі арқылы саяси жағдайларды талдау. Саяси күштердің спекторын талдау. Саяси күштердің матрицасы. «Тихомированың саяси торы» және оның модификациясы. Әлеуметтік-саяси күштер мен саяси институттардың жағдайлық диагностикасы.
Саяси кеңес беру түсінігі, негізгі функциялары және міндеттері. Саяси консалтинг ережелері. Консалтингтегі мәдени-тарихи, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық параметрлерді есепке алу. Саяси кеңес берудің типтері мен бағыттары: «жобалар мен процестерге» қалыпты және мәселелі кеңес беру, консалтинг үйрету тәсілі арқылы.
Сайлау науқаны қолданбалы саясаттанудың нысаны ретінде. Сайлау науқаның ұйымдастырудағы технологиялар. Сайлау технологиялардың ұғымы және түрлері.
5. Сайлау науқандары қолданбалы саясаттанудың объектісі ретінде.
Сайлау науқандарының негізгі кезеңдері мен қатысушылары. Қазақстан Республикасының сайлау заңнамалары. Сайлау науқанының құрылымдық-логикалық үлгісі.
6. Жағдайлық үлгіні құрастыру және саяси актордың тактикасы мен стратегиясының социоинженерлік «монтажы».
Саяси жағдайлардың дескриптивті анализі, әдістері және ақпараттық база. Саяси анализдің құрылымы. Саяси анализ процесі.