«ҚР СО БААТЖ» жүйесі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 15:48, реферат

Краткое описание

Қазақстанда тұңғыш рет Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кіріс, шығыс хабарламаларын тіркеу, талап-арыздар мен бұйрықтарды есепке алу, олардың жүргізілу барысын қадағалау, статистикалық есептер жасау бойынша компьютермен іс жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Содержимое работы - 1 файл

ҚР СО БААТЖ туралы.docx

— 1.97 Мб (Скачать файл)

«ҚР СО БААТЖ» жүйесі туралы

         Қазақстанда тұңғыш рет Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кіріс, шығыс хабарламаларын тіркеу, талап-арыздар мен бұйрықтарды есепке алу, олардың жүргізілу барысын қадағалау, статистикалық есептер жасау бойынша компьютермен іс жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

         Іс жүргізудің автоматтандырылған жүйесінің іске қосылуына байланысты кеңсе мамандарының жұмысы жетіліп, қағаз құжаттардың айналымы азайды.

      Сот жұмысын тиісінше ұйымдастырудағы, іс жүргізу нормаларын сақтаудағы, сот істерін дұрыс ресімдеу, есепке алу және дер кезінде қараудағы негізгі алғышарттардың бірі іс қағаздарын дұрыс әрі нақты жүргізу болып табылады.  

     Кеңсе – жұмысына соттың барлық қызметі тәуелді болатын орталық орган. Іс жүргізуді автоматтандыру мақсатымен ҚР Жоғарғы сотының бастамасымен 2001 жылдың қарашасында тәжірибе ретінде «БИ-ЭС» - Lotus Notes 4.5 бағдарламасы орнатылып, электронды іс жүргізу, статистикалық есепті автоматты түрде жасау және тағы да бірқатар қызметтік міндеттер соған жүктелді.

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы Жолдауында айтқан Қазақстан  Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену туралы тапсырмасы аясында электронды үкіметтің  мемлекеттік бағдарламасы жасалып, соның шеңберінде сот жүйесіне «Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» (бұдан былай – ҚР СО БААТЖ) бағдарламасы енгізілді.

     Бұл жүйе бүгінгі күннің статистикалық  есеп жүргізу, сот істеріне сапалы талдау жүргізу, ақпараттарды өңдеу мерзімін жеделдету технологияларына қойып  отырған талаптарына орай дүниеге  келді.

     Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотында ҚР СО БААТЖ - Lotus Domino/Notes 7 бағдарламасын қосу жөніндегі жұмыс тобы отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін, бұл бағдарлама 2007 жылдың 7 наурызында іске қосылды.  

     Соған орай, сотта ескі Lotus Notes 4.5. базасы бойынша электронды іс жүргізу 2007 жылдың 14 мамырында толығымен тоқтатылды.

     ҚР  СО БААТЖ - Lotus Domino/Notes 7 бағдарламасының мүмкіндіктері «БИ-ЭС» - Lotus Notes 4.5 бағдарламасына қарағанда әлдеқайда ауқымды. Өйткені, бұл бағдарлама ҚР Жоғарғы Сотының орталық серверінде жаңартылып, орталықтандырылған бақылауда болады.

     Өзге  елдердегі, атап айтқанда, украиналық әріптестеріміз бұл бағдарламаның  жүргізілуін басқа елдердің сот  жүйелері үшін үйренерлік тәжірибе деп  бағалап, сот актілерінің ҚР Жоғарғы  Сотының WEB-сайтында жариялануы бірегей тәсіл деп мойындады. Олар, сонымен қатар, бұл бағдарламаны, әсіресе істерді автоматты түрде үлестіруді жемқорлық заң бұзушылықтармен күресте жасалған елеулі қадам десті.

     Қазіргі уақытта мұнда сот басшылығы  мен мамандарының күшімен аталмыш  бағдарлама ойдағыдай жүзеге асырылып отыр.

     ҚР  Жоғарғы Сотының ҚР СО БААТЖ-нің  барлық ұстанымдарын сақтау туралы тапсырмалары орындалады. Атап айтқанда:

     -  ҚР СО БААТЖ-нің базасын синхрондау жүргізілуде;

     - сот актілері ай сайын карточкалардан ҚР Жоғарғы Сотының WEB-сайтында жарияланады;

     - 2007 жылдың 1 жартыжылдығы мен 9 айының статистикалық есебі, 1 жартыжылдыққа 1-ОЛ үлгісіндегі есептер ҚР СО БААТЖ - Lotus Domino/Notes 7 бағдарламасы бойынша автоматты тәсілмен тапсырылды.

      - судьялардың азаматтық істер бойынша жұмыстарының сапасы жөніндегі есеп құжаттарының реквизиттері тоқсан сайын толтырылады;

     - кіріс, шығыс және ішкі хабарламаларды тіркегенде әрбір нақты жағдай бойынша құжаттар қатталады;

     - істер мен шағымдарды автоматты түрде үлестіру бағдарламасы қолданылады;

     - базаға кіріс, шығыс хабарламаларын, бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілерін, ішкі құжаттарды салу бойынша жұмыстар күнделікті жүргізіледі;

     - ҚР СО БААТЖ-нің мәліметтер базасы апта сайын мұрағатқа қатталады;

     - ішкі электронды поштаның барлық мүмкіндіктері пайдаланылады;

     - БААТЖ-нің бақылау қызметтері бақылау қарарларын жасап, олардың кіріс хабарламалары, талап-арыздар, істер, шағымдар және басқа да тапсырмалар бойынша дер кезінде пайдаланылуына қадағалау жүргізеді;

     - Кітаптар мен газет-журналдарды есепке алу үшін КГЖЭД  бағдарламасы қолданылады.

     Сот төрағасының 30.04.2007 жылғы №42 «Міндеттерді сот қызметкерлерінің арасында ҚР СО БААТЖ бағдарламасы бойынша үлестіріп  беру туралы» өкіміне сәйкес, кеңсе  мамандары кіріс, шығыс және ішкі хабарламалардың негізгі реквизиттерін  құжат мәліметтерін дәл де толық  толтыру арқылы жүзеге асырады. Бас  мамандар іс қағаздарының уақтылы әрі  сапалы жүргізіп, құжаттарды түгендейді.

     Сот қызметкерлері бағдарламаға мәліметтер енгізгенде мұқият болуы тиіс.

     Аталмыш бағдарлама соттың жұмысын едәуір жеңлдетті: енді кез келген істің барысын оңай қадағалап, оның қай деңгейде жүріп жатқанын білуге, нақты бір іс бойынша құжаттардың электронды нұсқасымен танысуға болады. Соған орай, сот құжаттары үшін тапсырмалар берудің қажеті жоқ. Нәтижесінде, түрлі тіркеу журналдары, карточкалар, алфавиттік көрсеткіштер, жалпы құжат айналымы азайды.  

     Жұмыстардың орындалу барысын автоматты түрде  бақылау барлық құжаттардың, тапсырмалардың, өтініштердің орындалу барысын қадағалаушы  қызметке шұғыл жеткізіп отырады.

     Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотында іс қағаздары  қатаң түрде қолданыстағы Нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

     Нұсқаулыққа сәйкес, сотта істер жиынтығы бекітіліп, оларда тапсырмалар мен журналдар  тізімі нақты көрсетілген.

     ҚР  СО БААТЖ-де іс бойынша қажетті барлық ақпараттар, соның ішінде іздестіру  жүйесі де болғандықтан, сотта кіріс  хаттарының журналын, алфавиттік көрсеткіштер, есеп-статистика карточкаларын және т.б. жүргізу ісі қысқартылған.

     2005 жылдың желтоқсан айында Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының  жанындағы Сот әкімшіліктендіруі  жөніндегі комитет «2005 жылғы Үздік  сот кеңсесі» байқауын өткізіп,  сонда экономикалық соттар арасындағы  бірінші орынға Қарағанды облысының  Мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотының кеңсесі ие болды. 2006 жылы  Экономикалық сот Қарағанды облысы  соттарының ішінде екінші орынға  табан тіреді. Мұндай құрмет бізді  одан да сапалы, одан да көрнекті  жұмыстарға ынталандырады. 

     Соттың  шағын тарихына көз жіберсек, біздің экономикалық сотқа бірнеше шетелдерден  – Германиядан, Америка Құрама Штаттарынан, Франциядан сот реформасы жөніндегі  ұсыныстарын талқылау мақсатымен, халықтың әділ шешімдерге қолжетімділігі, құқық  және құқықтық ақпарат, сот жүйесінің  беделін арттыруды көздеген басқа  да мәселелермен қонақтар келген.

         

 

         2010 жылдың 21-27 қарашасы аралығында Қазақстанның екі қаласы мен алты облысының (Астана қ., Алматы қ., Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан) экономикалық соттарының судьялары топ жетекшісі, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Ұлбосын Аждарқызы Сүлейменованың және ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ғалия Ақатайқызы Мақажанованың басшылығымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты USAID-тың қолдауымен ұйымдастыруымен Нидерланды мемлекетінің Гаага қаласында өткен Ассера институтының оқу бағдарламасына қатысып қайтты.

«Халықаралық  коммерциялық төрелік  сот шешімдерінің орындалуы» тақырыбындағы  семинарға қатысушылар 

  

             Семинар барысы        Гаага қаласымен танысу саяхаты

          Топты USAID-тың сот білімі бағдарламасының үйлестірушілері Шолпан Ташмұхамбетова мен Юлия Малиева бастап барды.

     Семинардың  модераторы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, оқу  бағдарламаларының үйлестірушісі  Ү.А.Сүлейменова болды.

     Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының атынан бұл  семинарға судья Гүлсім Нұрланбекқызы  Мақашева қатысты.

      Бұл «Халықаралық коммерциялық төрелік сот шешімдерінің орындалуы» тақырыбы бойынша танысу сапары болатын.

      Дәрістер Ассера институтының  базасында өтіп, оның директоры  Анне Брайн біздің тобымызды  институттың тарихымен, қызметімен  таныстырды.

         Семинар қорытындылары бойынша экономикалық сот 2011 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасында халықаралық төрелік сот шешімдерінің орындалуы мәселелері бойынша, судьялардың 2010 жылдың 22-26 қарашасы аралығында Нидерландының Гаага қаласындағы Ассера институтында білім алып қайту нәтижелері бойынша семинар-тренинг өткізді.

         Семинар-тренингтің жұмысына Астана қаласындағы USAID KAZAKHSTAN жобасы директорының орынбасары Ш.Ж.Ташмұхамбетова, Қазақстан Халықаралық Төрелік сотының атқарушы директоры, Жеке құқық ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты А.Е.Дүйсенова, Chemonics Int компаниясының жобалар жөніндегі маманы Ребекка Сии,    USAID-тың білім беру жобасының тренингтер жөніндегі маманы Татьяна Александровна Пушкина, Қарағанды облыстық сотының судьясы Л.Г.Хон, Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің, облыстың адвокаттар алқасының, Қарағанды қаласы прокуратурасының, сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қарағанды кәмпиттері» АҚ сияқты кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

  

Қарағанды облысы МАЭС-ның           Жеке құқық ҒЗИ-ның  ғылыми

судьясы Г.Н. Мақашева   қызметкері, заң ғылымдарының

                                          кандидаты А.Е.Дүйсенова                                                                                                                                                                   

    

Chemonics Int компаниясының         Семинар-тренингке қатысушылар

Жобалар бойынша маманы

Ребекка Сии

     Білім беру шарасының барысында азаматтық  құқықтарды төрелік (аралық) қорғау, Қазақстандағы  мемлекеттік және төрелік (аралық) соттардың  қарым-қатынас жағдайы, істерді қараудағы  шектеулер, талаптарды қанағаттандыру, төрелік (аралық) соттың шешімдеріне  шағым түсіру, төрелік (аралық) соттың шешімдерін мәжбүрлеп орындату сияқты мәселелер талқыланды.

     Семинар-тренингке  қатысушылар Қарағанды облыстық соты мен МАЭС-тың ҚР-ның төрелік  соттардың шешімдерін мойындау мен  орындау туралы заңын қолдану  практикасындағы мәселелерді, ҚР-ның азаматтық құқықты төрелік (аралық) қорғау туралы заңын қолданудағы проблемалық жайттарды, сондай-ақ, мемлекеттік және төрелік (аралық) соттардың қарым-қатынасы мәселелерін талқылады.

     Сот білімі бойынша Астана қаласындағы  USAID KAZAKHSTAN жобасы директорының орынбасары Ш.Ж.Ташмұхамбетова семинарға қатысушылар арасында семинар-тренингтің қорытындысы бойынша сауалнама жүргізді.

     Жалпы, семинар-тренингтің жұмысы көздеген мақсат үдесінен шығып, оған қатысушылар алдағы жұмыстарының барысында ескеретін ортақ тұжырымдар жасасты.

         Экономикалық соттың судьясы Қарлығаш Құрмашқызы Таткеева Жапонияның Осака қаласында Орталық Азия елдері заңдарын салыстырмалы зерттеу бойынша өткен «Корпоративтік құқық (акционерлер мен кредиторлардың құқықтарын қорғау бойынша құқықтық даулардың шешілуі туралы)» семинарына қатысып қайтты. 
 

 
 Осака қаласымен танысу саяхаты      Семинарға қатысушылар                   «Sumitomo Mitsui» банкінде болды

 

  

Семинар барысы

 

Банкирлермен  кездесу 

         Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2011 жылдың 20 мамырында Жапонияның Осака қаласында Орталық Азия елдері заңдарын салыстырмалы зерттеу бойынша өткен «Корпоративтік құқық (акционерлер мен кредиторлардың құқықтарын қорғау бойынша құқықтық даулардың шешілуі туралы)» семинарына қатысу нәтижелері бойынша «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырып, өткізді. 

Информация о работе «ҚР СО БААТЖ» жүйесі туралы