Казакстан турик доуiрiнде турiк каfанаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 18:44, реферат

Краткое описание

Ғасырдын басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған.Алтай-Сібір,Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды.Олардын жері Шығыс Кореядан бастап Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.

Содержимое работы - 1 файл

ҚАЗАҚСТАН ТҮРІК ДӘУІРІНДЕ.doc

— 75.50 Кб (Скачать файл)

     Сұлу  қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге (батысқа және шығысқа) тура келген. Батыстан басты жау арабтар болған. Сұлу қаған оларға қарсы күресте, Орта Азиядағы арабтарға қарсы күрестерді пайдаланып, оларды қолдап жәрдем беріп отырған. Соңдай күрестің бірі 723ж. Ферғана қарлұқтарының арабтарға қарсы күресі болса, екінші бір үлкен күрес Самарқанд, Бұқара халықтарының арабтарға қарсы күрестеріне көмектесіп, қалалардан арабтарды қуып шыққан.

     Сұлу  қаған арабтарды Мауераннахр  жерінен біршама қуғанға дейін  батыл әрекеттер жүргізген.

     Қаған, Тохарстандағы арабтарды біржола талқандау үшін 737ж. ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдай осққы берген. Соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жеткен. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға ‘сүзеген’ деген ат қойса керек.

     Сұлудың әскер басшысы Құли шор 720-721 жж. Соғда жеріндегі арабтарды қуып шығуда жеңіске ие болған. Бұл женістер Сұлу қағанға, өзінің Орта Азия жақтан болатын арабтардың қаупін аз да болса тоқтатады.

     Шығыстағы жағдайында бейтарап болу үшін  әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық  әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік  қағанатының балгілі қағаны Білге  мен Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланысты ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүнкіндік туғызған.

     Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы  үшін шешілуіне саяси белсенділік  көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде738ж. өзінің бақталастарының құрбаны болды. Оның қолбасшысы да 739ж. Сырдарияның бойында арабтардын қолында мерт болады.

     Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құт-шар қаған болған. Алайда оның қағандық құрған мезгілі бар-жоғы бір-екі жылға ғана созылған. Бұл кезде сары-қара түргештердің арасындағы күрес тура 20ж. созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағы мулде әлсірейді.

     Түргеш  қағандығының мұндай жағдайларын біліп  отырған қытайлар өздерінің Күш  қаласындағы әскерлеріне Жетісуға аттандырып 748ж. Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751жылы  Таразға жақын жерде Атлас қаласында (атхеологтардың дәлелі бойынша) екі жақтан көмекке келген араб әскерлерімен қытай әскерлерінің арасында кескілескен шайқас болып, бұл шайқаста қытайлар енді қайтып, бас көтерместей жеңіледі. Қалған қытай әскерлері Жетісудағы кетуге мәжбүр болады.

     Ел  ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына  шешуге әрекет жасаған қара түргештердің ханы Жыпыр Құтлық-білге 749-753жж. қағандықты өз қолына алады. Бірақта оның жүргізген әрекеттері түргештерді жікке бөлінушілікті тоқтата алмайды, ол бұрынғыдан да қиындай түседі. керіс-талас жылдан-жылға шиеленісіп қағандық біржола әлсірейді.

     Түргештердегі бұл жағдайда қарлұқ-тайпалары пайдалануға әрекет жасайды. Бұған басты себеп болған, 746-747 ж. Монғолия мен  Алтай жеріндегі ұйғырлардың күшеюіне байланыст, Ондағы қарлұқтар Жетісу жеріне жылжыған. Олар түргештердегі алауыздықты пайдаланып, өкіметті өз қолдарына жаулап алады. Сонымен 766ж. түргеш қағандығы құлап, оның орнына қарлұқ қағандығы құрылады. Түргеш қағандығы жайлы тарихи деректемелерде қағандықтың экономикалық және мәдени жағжайлары туралы хабарлау жоқтын қасы. Қағандықтың өмір-ғұмыры онша ұзақ болған жоқ. Бар-жоғы 50-60ж. шамасында ғана өмір сүрген. Оның көпшілігі сыртқы жаулармен шайқасуда өтсе, ішкі жағдайда екі жаққа бөлініп алып, бір-бірімен талас-тартыста өткен. Әрине, ондай ұзақ жылдарға созылған саяси талас-тартыстар қағандықтың экономикалық-мәдени жағының өсіп-өркендеуіне кедергі жасағаны сөзсіз. Алайда, түргеш қағандығының мерзімі тарихта ешбір із-тозсыз өтті деген ой тумауы керек. Түргештер Батыс түрік қағанатының орнына пайда болғандықтан, қағандықтың ел басқару жүйесінде, әлеуметтік-экономикалық жағдайда солай дамыды. Археологиялық зерттеу жұмыстарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанының қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты ортасында тесігі бар теңгенің табылуы Қытай мен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас-тартысқа қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәүірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған. 
 
 

                            

                           Қарлұқ қағанаты

                                   (766-940)

     Қарлұқ  қағанатының алып жатқан жері сары және қара түргештердің жері. Ол негізінен Оңтүстік шығыс, Қазақстанның жері. Астанасы Баласағұн қаласы.

     Қаеғандықтынң халқының этникалық құрамы түрік  тілдес тайпалар. Ал қарлұқтар және олапрдың ақ сүйектері саяси-әкімшілік жағынан басты роль атқарған.

     Жазба әдебиеттерде қарлұқ тайпалары турулы алғашқы хабарлар    ғ. терек тайпаларының құрамында болғандығы белгілі. Алғаш олар Алтай, Тарбағатай тауларының баурайларында өмір сүрген.    ғ. батысқа қарай жылжығын түрік тілдес тайпалар ішінде олардың болғандығына ешбір күмән болуы мүнкін емес. Көне түрік руна жазбаларында қарлұқтардың Күлтегін қағанға қарсы көтерілгендіктері жазылған. Бұл хабарлар қарлұқтардың ерте кездерден-ақ белгілі, атаққа тайпаларының бірі болғандығын көрсетеді.

     Қарлұқтар түрік тілдес тайпаларының ішіндегі ең үлкені. Олар Монғолия жерінен Ферғанаға дейінгі аралықта өздерінің түрік тілдес тайпаларымен қоян-қолтық аралас өмір сүрген.

           ғ. қытай жазба деректері бойынша, қарлұқтар негізінен атақты бұлақ, шігіл және ташлық руларының құрамынан тұрған. Бұл ру-тайпалар туралы жазба деректерде әр түрлі пікірлербар. Марвазидің дерегіне қарағанда қарлұқтардың құрамы он тайпадан тұрған. Олар кейде қарлұқтардың құрамына кірсе, ал кейбір деректерде өз алданы жеке-жеке тайпалар болып та жүрген. Қар-

лұқтардың ішіндегі шігіл, бескіл, яғма, тухси, аргулар сиячқты т.б. көптеген тайпалар да болады. Олар бірде бірге болса, бірде жеке өз алдына тайпа болып жүрген. Оның басты себебі, олар бірін-бірі жаулап алғанға, біржола қосылып халықтық дәрежеге дейін жетіп тарих сахнасына көтеріліп жатса, ал кейбір тайпалар жойылып жатты. Тайпалардың бір-бірімен мұндай қарым-қатынасқа түсуінің өзі халықтың пайда болуының бір кезеңі. Осы кезде тайпалық тілдерден халықтық тіл пайда болады.

          Қарлұқтарға бағынышты болған  тайпалар оғыздар, ұйғырлардың бір тобы және соғдалар.

          Қарлұқ қағанатының саяси құрылысы  да өзінің алдындағы түрнгеш  қағандығының саяси құрылысындай  болды. Ескеретін бір жағдай  қарлұқ жабғұлары, 766 жылы қағандықты өз қолдарына алғаннан кейін /қаған/ деген атақтың өзіне жүз жылдан кейін ғана ие болған. Қаған атағын тек 840 ж. Испиджап қаласының әмірі Білге Қойыл Қадырхан алғаш рет алған. Оған дейін қарлұқтар Жабғу деген атақпен билік жүргізген тәрізді. Испиджап әмірінің қаған деген деген атақты алуы шығысқа Енесей қырғыздары ұйғыр қағанын құлатқан мерзіммен байланыстырылады. Қадырхан өзін /ашна/ руынан тарағанбыз, қаған атағын алуға менің һухым бар деп өзін қаған жариялаған.

         Тарихы аңыздар бойынша, /ашна/ руы  атаққа ғұн тайпалары- ның бір бұтаға. Білге Қойыл Қадыр қағанның өзін атаққа ашна руының ұрпағымын деуі, қарлұқ тайпаларының ата-тегі ғұн тайпа-

сы деген ой туғызады. Сонымен /қаған/ түрік дәуіріндегі  саяси әкімшіліктің ең жоғары биік сатысы. Одан кейінгі жоғары биліктің екінші сатысы жабғұлардың қолында болған. Қарлұқтарда қаған жанында /көл еркіндер/ деген көмекшілері болған,  ол қазақ ханда- рының уәзірлері сияқты кеңес берушілері.

          Қарлұқтар қаған атағын 742ж. ұйғыр және басмыл тайпаларымен одақтас бола отырып жығыс-түрік қағандығын құлатқан кезде алса керек. Бұл кезде Жетісу жеріндегі қарлұқтар да, түргештер мен саяси жағынан билік үшін талас-тартысқа түсіп жатқан. Кейіннен Ұйғыр қағанатының күшейе бастауына байланычты Қарлұқтар Жетісуға қарай жылжып, ондағы қарлұқтарменбірлесе отырып түргештерді біржола жеңеді.

          Ірі қалалары мен оның аймағын  қала әмірлері басқарған. Кейбір деректерде “Әмір” деген сөз патша сөзімен де қатар айтылған. Мәчелен: Тараз қаласын қарлұқ тайпасынан шыққан Танкас патша басқарған деп хабарлайды.

          Жалпы, қағандықтың саяси үстемдігі қарлұқтардың ақсүйектерінен тұрған. Олар алым-салықты жинайтын, әскери күш те солар арқылы құрылған. Белгісіз автор “Худут әл-аламның” хабарына қарағанда, Суяб сияқты ірі қалалардан  200 000, ал кішкрек қалалардан 3 000-ға дейін жасақтар құрылатын . Әрине бұл артық көрсетілген сандар екендігі сөзсіз. Бірақ осы сандардан әрбір ру-тайпаның әмірлері өздеріне тиісті жасақтарды және басқа да қажетті заттарды дайындап соғысқа не жорыққа дайын тұратындығын білдіреді.

          Қарлұқ Қағанатының алып жатқан жерінің өзі ертеден белгілі атақты Жібек жолының бойы. Сондықтан да ондағы атақты сауда бойының орталықтары болған Алмалы, Талғар, Тараз, Құлан, Суяб, Испиджап қалалары қағандықтың экономикасының дамуына тікелей әсерін тигізді. Бұл кезде Талас бойында және Іле аңғарында қалалық өмір дамып, онда қарлұқ тайпаларының  отырықша елге айналғандығын естен шығармау керек. Жоғарыда айтып өткен тіршілік көздері Қазақстандағы феодалдық қоғамдық қатынастың дамуына байланысты олар осы қарлұқтарға жалғанып терендей түсті. ----   

Информация о работе Казакстан турик доуiрiнде турiк каfанаты