Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 18:44, реферат
Ғасырдын басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған.Алтай-Сібір,Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды.Олардын жері Шығыс Кореядан бастап Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.
ҚАЗАҚСТАН ТҮРІК ДӘУІРІНДЕ
ТҮРІК
ҚАҒАНАТЫ
Ғасырдын басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған.Алтай-Сібір,Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды.Олардын жері Шығыс Кореядан бастап Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен Күлтегін», «Кіші Күлтегін», «Тоныкөк» құлпытастарындағы жазулардан белгілі. Күлтегін түрік халқынын атақты қолбасшысы болған. Ескерткішке оның ерлігі туралы және түрік халқы туралы баяндалады.Мәселен, «Түркі халқының бектері» немесе «Күлтегін ер атанды», «Оған қаған атын біз бердік» деген шумақтарды түркі халқының халықтық дәрежеге дейін жеткенін көрсетке «бек» «қаған» деген сөздерден әлеуметтік теңсіздік бірден байқалады. «Алтын тас» кітабында түркі халқы туралы сөздер жиі кездеседі. Бұдан біздің білетініміз түркі сөзінің алғашқы айтылған және пайда болған жері Монғолиядағы Орхон өзенінің жағасы. Бір тілде сөйлеген түркі халқы деп отырғаны оғыз, қарлұқ, қырғыз, түргеш, ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру тайпалар. Бұл тайпалар шығыстын батысқа қарай жылжығанда, әсіресе қазіргі қазақ жерінен орын тепкен. Ондағы үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, түркілер ол тайпаларды өздеріне сіңіріпте жіберген. Өйткені түркілер Қазақстанға келгеннен бастап үйсін, қаңлы тайпаларының аттары да аталмай өше бастаған, олар тек орта ғасырдың соңғы кезінде қайтадан айтыла бастайды.
Түріктердін көне руна және қытай деректеріне қарағанда, оңтүстік шығыс Қазақстандағы түрік тайпалары дулулар мен рушебилерден тұрған. Дулулар Шу мен Іле өзенінің аңғарларын алып жатса, ал рушебилер Шу мен Талас аңғарларын мекендеген. Олар «он оқ елі» немесе «он оқ будын» аталып түрік қағандығының билігінде болған.
Түрік ордасының алғашқы қағаны Тұмын болған, оған Елхан даген атақ берілді. Аңыздарға қарағанда, Тұмын қағанға дейін де .ғ. өзінде түріктердің Надулшад және Ақханшад деген атақты қолбасшылар болған. Шад сөзі соғдыларша билік жүргізетін ұғымды білдірген. Түрік билеушілердің соғдаша шад сөзінің айтылуына қарағанда, түрік тайпаларының шын мәнінде ғ. өзінде орта Азияда болғандығына күмән келтірмейтін сияқты. Тұмын қағанынынң кезінде түрік тайпалары Батысқа қарай аттанып, иелік ете бастаған.
Түрік қағаны Тұмынның көзге түсіп, ал аузындағы сөзге ілініп Елхан деген атаққа ие болуы, түрік елінің ата жауы болып келген, авр қағаны Анағұйды талқандап, оны біржола жеңуінен нді. Міне, осы кезден бастап Түрік қағаныты өзінің саяси билігі жағынан дамиды. Тұмынның саяси іс-әрекетін оның мұрагерлері Қара-Еске, Мұқан (553-572) қағандар жалғастырса, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оңын інісі Иштеми жүргізген.
Қытай деректемелерінде қарағанда, б.з.555 ж. Иштемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарынынң бірінде Арал теңізіне дейін жеткендегі хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Иштеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпағадеп отырған жері Согда елі мен Тоғарстан елінің арасындағы Байсын тауындағы өткел.
Түрік қағанатының күшеиіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі ғ. ортасы. Бұл кезде Түрік қағаны Силзибул (Иштеми) Эфталиттерді өздеріне толық бағындырға әрекет жасайды. Алайда, бір шеті Каспий тенізінен, екнті шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда ұлан-ғайыр жерді, алып жатқан эфталиттерді және қою оңайға түсе қоймайтынын білген түрік қағаны Иран шахымен (Хусрау) келісімге келуге әрекеттер жасайды. Қағанның ойлаған ойы сәтті болып, келісім істері сәтті аяқталды. Эфталиттермен болған Ұрыстарда Түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда осы жеңістен кейін Түрін қағанаты мен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қарамағында қалып қоюы Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза бастайды.
Түрік қағанаты Орта Азиядағы өзінің саяси билігін біржола нығайту үшін, Византияға соғда көпесі бастаған Маниах елшісін аттандырды. Бұл елшілік Иран шахының бұйрығы бұйрығы бойынша сәтсіздікке ұшырап кері қайтады. Түрік қағаны Иран шахының бұл әрекеті соғдаларға қарсы жасалған әрекет болуы мүнкін, бізбен қарым – қатынас дұрыс болуға тиісті деген оймен, құрамы тек түріктерден тұратын өзінің екінші елшілігін аттандырды. Алайда ол лешілігі де толық сәтсіздікпен аяқтады.
Қаған Иран шахының өзімен қарым-қатынасын көпе-көрінеу бұзып отырғандығын сезіп, енді олардын бұрыннан көршілес ата жауы болып отырған Византиямен келісім жасау үшін өзінің соғда көпесі Маниях бастаған лешісін аттандырды. Елшілік бұл жолы Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы жүреді. Елшіліктінң алдына қойған басты мақсаты, біріншіден Иранға қарсы әскери одақ жасау болса, екінші басты мәселен сауданы жандандыру. Әсіресе, Византияға жібек шығару. Екі елдін арасында бірінші мәселенің барысында өзара келісушілік болғанмен «Жібек асудасы» жайлы мәселе шешілмей қалған. Оған себебі, византиялықтар өздері да жібек өндіре бастаған еді. Дегенмен екі елдің арасында саяси соғыс келісім шартты жасалады. Оның айғағы ретінде Земарах бастаған Византия елшілігі түрік елшілігімен бірге аттандырылды. Земарах бастаған елшілік Түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Осы елшілікті түрік қағаны қабылдаудан бұрын жағылған оттың арасынан өткізген. Қабылданған елшіліктің арасында басқа елдердің де адамдары болған сияқты. Қаған оларды қойдың басымен, құйрығымен және жүзім шарабымен сыйлаған. Бұдан байқалатыны түріктердегі отқа табыну әдетінің қазақ халқында сақталып отырғандығын көрсетке, қазақ халқының да сыйлы қонақтарға мал сойылып, оның басы оларға тартылатын әдет-ғұрыптың да сонау түрік дәуірінен сақталып келе жатқандығын байқау қиын емес.
Жазба
деректкрге қарағанда, ғ.
аяғында түрік қағанатының
Өз ішінде де саяси билік үшін талас, тартыс басталып, ұлан байтақ жерді алып жатқан қағанаттың жері ғ. аяғында батыс және шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді .
Батыс түрік қағанаты
Алтай,
Сібір жерінін бастап, Амудария өзені
мен Еділ-жайық өзендерінің
Қағандықтың халқының этникалық құрамы жоғарыда атап еөрсетілген «Он оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.
Жазба деректерде қағанаттың саяси- әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618ж.ж) мен Тон қағанның қағандық құрғақ кездері. Әсіресе, Тон Жабғу қағанның баласы Тарду шадтық Тохорстан мен Канису (Авған жері) жерлеріне жүргізген жорықтарының нәтижелі аяқталуы қағандықтың оңтүстіктегі шекарасын Индияға дейін кеңейткен. Мұндай кең-байтақ жерді берік ұстап отыру үшін Тон Жабғу саяси-басқару реформасын жүргізген. Кейбір өкілдерді өз қолында тапжылтпай ұстап отыру үшін, саяси тәсілдер де қолданған. Мәселен, Самарқантд сияқты атақты қалаларды өз қарамағында ұстап отыру үшін, қаған оның билеушесіне өзінің қызын беруге дейін барған. Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы өлкелерде жергілікті ел басқарып отырғандарға өзінше атақ беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындалған. Билік жүргізудің мұндай тәсілі саяси жағынан да, экономикалық жағынанда тиімді.
Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы турде жүргізілген. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болса, одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолында болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болған- оларға яғбу, шад, елтебер сияқты атақтар берілген.
Ал сот істерін бұрықтар мен тарқандар атқарған. Жергілікті желерде қағанның негізгі тірегі бекткр болған. Қара жұмыс істейтін қаналушы халық түркі тілінде «қара бұдындар» деп аталған. Бұл сөз қазақ халқының «Қалын бұқара» немесе «Қара халық» деген сөздердің мағынасымен бірдей. Алым-салық төлейтін, ауыртпалықтын ауыр жүгін көтерген осы «Қара бұдындар» болған.
Түрік қағанатыңда «Қанмен төлейтін» салықтын да түрі болған. Ол әскери міндеткерлік қызмет атқару. Олар майдан шебінің алдында жүрген. Мұндай қызметті көбінесе тәуелді тайпалардың адамдары атқарған тәрізді. Бағынышты тайпалар азық-түлік салығын, қымбат бағалы аң терілерін, т.б. төлеп отырған. Түрік қоғамында «татсыз түрік болмайды», «он жебе ұлдарына, олардың таттарына» деген сөздерге қарағанда «тат» деген әлеуметтік правосыз бір тап болған. «Тат» түрікше құл деген мағынаны білдіреді. Келтірілген шумақтардың мағынасына қарағанда он жебе ұлдары деп оң оқ бұдын туралы айтып отыр. Ал әрбір оқ бұдында мыңнан жаунгер болған, сонда сол он мың жауынгерлердің де таттары болды ма жоқ әлде, тек олардың әскербасылары болған ондық, жүздік, мыңдықтардын таттары болса, олар құлдық қызметін атқарған. Олар (татар) әскер басыларының немесе оң оқ жебе ұлдарының аттарын бағу, оны ерттеу, тамақтарын жасау туралы жұмыстарын істеген. Ал кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, Батыс түрік қағандығындағы Жетісу жеріндегі түріктердін қол астындағы жұмыс істейтін соғда тілінде сөйлейтіндерді айтқан. Олар түріктердің шаруашылығын және сауда жұмыстарын жүргізген. Біздің ойымызша, оларда құлдық жағдайда болып есептеледі. «Үлкен Күлтегін» жазуындағы «Бек ұлдарын құл болды», «Пәк қыздарын күң болды» деген шумақтардан түрік қоғамында құлдықтың болғандығы ешбір даусыз. Мұндағы шумақтардың түріктеріөз ұлдарының қолға үтсіп құл болғандығын көрсетіп отыр. Ал қытай деректерінде Бұғадұр қағанның, Білге қағанның соғыстан мындаған балалар мен қыздарды тұтқындап қайтқандары туралы, оларды өсіріп құлға айналдырғандары жайлы айтады. Бұл құлдықтын жай түрі немесе құлдықтың «азиялық түрі» деп айтқан дұрыс болар. Егер біз құлдықтың «класикалық» түрі деп Рим, Египет, Греция жерлеріңдегі аяқ-қолына кісен салып, жұмысқа айдап әкелетін түрін білсек, ал азиялық түрінде жай түрі болған. Мұндағы шаруашылықтын басты түрі малға байланысты болғандықтан, құлдық қол-аяғын кісендеп тастаса, оның өнімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Түріктер түтқындаған балаларды алып, оларды өсіріп, керек болса үйлендіріп, өздерінің сенімді адамдары есебінде ұстаған. Ондай құлдар ешқайда қашып кетпей, қожайына сенімді жұмыс істеуге тырысып отырған. Мұндай құлдықты «үйлік құлдық» немесе жай құлдықтын түрі деп атаса болады.
Түргеш қағандығы
(704-766)
Қағандықтын тереториасы Орта Азияның Оңтүстік шығысында Чаш (Ташкент) қаласынан, Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықта қамтыған. Орталығы Суяб қаласы.
Түргештер туралы алғашқы деректер Күлтегін құлпы тастарында және қытай жазба деректемелерінде көп жазылған.
Түргеш тайпалары ғ. Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген. ғ. Жетісудың орталық аймақтарына орналасады. Өзінің алдында өмір сүрген Батыс қағандығың сол қанатының құрамына енгең, ең халқы көп тайпа болған, ал түргеш қағандығы болып, өз алдына жеке өкімет құрған кезі туралы деректер «тоныкук» жәдігерлігінде біршама жақсы жазылған.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы негізінен саоы және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір үсрген. Түргештердің алғашқы қағаны Үшлік, өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығы Суяб қаласы, оны Ұлы Орда деп атаса, ал Іле аңғарындағы Күңгүрт қаласын өзінің кіші ордасыеткен. Соңғы орданың тұрғындары Күңгүрт қаласында және оның аймағыда тұрған тәрізді.
Батыс түрік қағандығының құрамында болған, басқа да түрік тілдес тайпаларда түргештердің қарамағына енген.
Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында болған. Ол 20 әкімшілік аймақтарға бөлінген. Әрбір аймақты тархандар басқарған. Аймақтар 7000 мыңнан әскер жинаған. Үшлік қаған өзін қаған етіп жариалаған күннен бастап, қағанның саяси-әкімшілік ісін басқару үшін, жоғарыда жазылған реформаларды іске асыруға барынша көңіл бөлініп отырған. Оның тарихтағы басқа іс-әрекеттері жайлы және оның тарих сахнасынан қалай түсекндігі жазба деректерде айтарлықтай жазылмаған. ОЛ өлген соң (706), қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Мұны Шығыс түрік қағандығының қағаны Қапаған пайдалануға тырысқан.
Күлтегін жәдігерлерінде «Түргеш халқы жау болды», «Білемстігі үшін, Бізге жауыздығы үшін қағаны өлді» деген шумақтардан, Үшлік қағанын Сұлу қаған, қаған болғанға дейін Шығыс түрік қағаны Қапаған өлтірді ме деген ой туғызады. Мұндай сөз «Үлкен Күлтегін» жазумен «Тоныкөк» жазуында бірнеше рет қайталанады.
Екі тайпаның арасындағы тартыста Қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлу қаған болады. Ол өзін 715жылы қаған деп жариялаған. Астанасы болған Талас, «Тараз» қаласына орнығады.
Сұлудың қағандық құрып тұрған кезі түргеш қағандығының шікі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді. Біріншіден, Азиядан арабтардың шапқыншылығы күшейіп тұрса, екіншідін, Оңтүстік Шығыс жағынан Қытай өкіметінің қаупі төніп тұрды.Ал, үшіншіден, біз жоғарыда атап өткен Шығыс түрік қағандығы Жетісу жеріндегі талас-тартыстарды пайдалануға дайын тұрды.
Информация о работе Казакстан турик доуiрiнде турiк каfанаты