Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:42, реферат
Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.
Түргеш қағандығының
мұндай ауыр жағдайларын
біліп отырған
қытайлар өздерінің
Куш қаласындағы
әскерлерін Жетусуға
аттандырып 748 жылы
Суябты жаулап
алады. Одан соң Шашты
(Ташкент) алып, оның
әмірін өлтіреді. Шаш
әмірінің баласы арабтарды
көмекке шақырады. 751
жылы Таразға (Талас)
жақын жердегі Атлах
қаласы түбінде аббаситердің
әскербасы Зияд ибн
Салих пен Қытай қолбасшысы
Гао Саяньжи арасында
орасан зор соғыс болады.
Айқас бес күнге созылады.
Қытай әскері толық
күйретіледі. Тан әскері
енді Жетісу шебін ғана
емес, ұйғырлар мен тибеттердің
қысымымен Шығыс Түркістанды
да тастап кетуге мәжбүр
болады. Талас алқабында
арабтар да табан тіреп
тұралмай, Шашқа қарай
шегініп кетеді. Бірақ
ішкі қарқыс, жікке бөлінушілік
Түргеш мемлекетін әбден
әлсіретіп, тұралатып
тастаған еді, сол себепті
де ол 756 жылы (766) түрік
тілді қарлұқтар тайпаларының
тегеурінді шабуылына
шыдамай құлап бітеді.
Сонымен 756 жылы
түргеш қағандығы
құлап, оның орнына қарлұқ
қағандығы құрылады.
Түргеш қағанаты
Батыс түрік қағанатының
мемлекеттік-әкімшілік,
әскери және әлеуметтік-мәдени
дәстүрлерін жалғастыра
берді. Археологиялық
зерттеу жұмытарының
кезінде Тараз,
Баласағұн қалаларынан
Түргеш қағанатының
Қытай жазуымен жазылған
төрт бұрышты ортасында
тесігі бар, теңгенің
табылуы Қытаймен сауда
қатынасының дамығандығын
көрсетеді. Олай болса,
сондай ауыр талас –
тартысқа, соғыстарға
қарамастан, Қазақстан
жерінде түркі дәуірінде
өмір сүрген бұл қағандықтардан
тарихи із қалған.
ТҮРГЕШ ҚАҒАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАЛАС ШАЙҚАСЫНДА ҚЫТАЙ АРМИЯСЫН ЖЕҢУІ (751 ж.)
Батыс түркілерінің мемлекетін құрған түргеш тайпасының көсемі Уч-Элиг (Үш-Елік) Он оқ елінің бірлестігін қалпына келтіріп, жаңа мемлекетке Түргеш (690—766 жж.) атын берді. 699—704 жылдары түргештердің қолбасшысы Үш-Елік Батыс қағандыкта орын тепкен баска түркі тайпаларын ығыстырып, Шаш (Ташкент) пен Турфан және Бешбалыққа (Шығыс Түркістанда) дейін өз билігін орнатты.
Батыс Түркі қағандығы құлағаннан кейін түргештер тез арада күшейіп, тарих сахнасына шығуға талпынды. Түргештердің көсемі өз ұлыстарын біріктіріп, басқару жүйесін қалыптастырды. Өзіне қарасты елді әрқайсысында 7 000'нан тұрганы бар 20 әкімшілік аймаққа бөлді. Бүкіл ел оң қанат, сол қанат болып, екі үлкен Ұлысқа бөлінеді. Түргеш қағандығының Ұлы астанасы Суяб қаласында, кіші астанасы Іле өзені жағасындағы Қойлық (Күнгіт) қаласында болды. Тань патшалығының көне деректеріне қарағанда, ол кезде түргештердің қоныстанған жері "Шығыс-солтүстікте Шығыс Түркі қағандығымен қанаттас, батыс-оңтүстікте Соғдылар-мен, ал шығыс-оңтүстікте Шаш аймағымен шекаралас бол-ды".
Үш-Еліктің максаты Тань империясын Жетісуға шабуыл жасаудан мүлде үміт үздіріп, қытайлық басшыларды бағын-дырып алу еді. Ашық даладағы ұрыс барысында қытайлар бас көтере алмастай талқандалып, Аньси басшысы Ню Шицзян 1708 жылы қаза тапты.
Үш-Еліктен кейінгі Түргеш кағаны Сүлу (Сүлік) аз уақыт-тың ішінде шаңырағы шайқала бастаған Түргеш қағандығын қалпына келтірумен бірге, екі майданда бірдей соғысты. Оның бірі батыстағы мықты жауы арабтар еді. Арабтардың жеңілу көрмеген әскеріне 714—715 жж. Сұлу (Сүлік) әскері Сырдариядан бірнеше рет өте шабуылдап, бірнеше рет шегініп қайтты. Ақыры арабтарға қарсы күрескен жергілікті халықтың көмегіне сүйеніп, оларды Мауараннаһрдан Әмуда-рия мен Сырдария ортасындағы жерге қуып шықты. Ал екінші майдан Қытай тарапынан шықты. Олар Батыс Түркі қағанындағы ру бектерін желіктіріп, Сұлуға қарсы күш ретінде пайдалануды көздеді. Бірақ Қытайдың жымысқы сая-сатынан еш нәтиже шықпады.
VIII ғасырдың ортасына дейін Орта Азияның біраз бөлігін жаулап алған араб әскерлері Түргеш қағандығының жеріне төніп келе жатқан. Түргеш қағандығы соңғы кезде сары түргеш және қара түргеш болып екіге бөлінген. Сары түргеш-тер, негізінен, Іле бойының байырғы тұрғындары еді, ал қара түргештер бұл өңірге кейінірек келгендер болатын. Бірақ оларды дәуір қыспағы біріктіріп жіберген. Сары түргештердің ордасы Шу өзені жағасындағы Суяб (Сояб) қаласында, қара түркештер ордасы Талас езені бойында еді.
Сары түргештер мен кара түргештер арасындағы таққа та-лас Сүлік (Сұлу) кдза болған соң қағандықтың ыдырауына әкелді. Сары түргештер мен қара түргештер арасындағы со-ғыс 20 жылға созылды. Міне, осы жағдайды Тань империясы 618-907 жж. пайдаланып қалуға тырысты.
Түргеш қағаны Сұлу (Сүлік) қаза болғаннан кейін және Түргеш мемлекетіндегі Шаш бегі бастаған көтерілісті1 пайда-ланып, Қытай Шығыс Түркістанды, одан соң 748 жылы түргештердің астанасы Суяб қаласын басып алып, ойрандады. 749 жылы кытай армиясы жалпы саны 70 мың әскермен2 Шашты жаулап, Шаш патшасын өлтірді3. Сол жылы қытай армиясы Тараздағы араб армиясын қоршауға түсірді. Араб колбасшысы Абу Мүслим қоршауда қалғандарды құтқару үшін бір отряд аттандырады және Түргеш мемлекетіне елші жіберіп, қоршаудағы араб әскерін қытайлықтардан құтқаруға көмектессе, араб әскерлерін Самарқан мен Бұхараға алып кететіні туралы уәде береді.
751 жылы шілдеде Талас өзенінің бойында қарсылас екі армия кездесіп, бірнеше күн бойы соғыс бастауға батпай-ды. Бесінші күні, яғни 30 маусымда қытайлардың тылына кенеттен түргештер мен қарлуқтар шабуыл жасайды. Дәл сол 30 маусымда қарсы майдандағы шабуылды арабтар бас-тайды.
Қатыгез соғыс 30 маусымнан 29 шілдеге (ЗО.ҮІ.—29.VII. 751 ж.) дейін созылады. Араб тарихшысының айтуынша, 45 мың қытайлық соғыс даласында өліп, 25 мыңы тұтқынға алы-нады.
Қытай армиясының қолбасшысы Гао Сянь-Чжи тұтқынға түсті5 және өлтірілді, ал қытай деректері бойынша, Гао Сянь- Чжидың Талас шайкдсына қатыскан барлық әскер саны 30 000 (отыз мың) адам деп көрсетілген'.
Түргештер мен қарлуқтар, арабтар орасан мол олжаға бат-ты, ал тұтқындар арасындағы қытай қол өнершілері, Самар-қан мен Бағдадқа жеткізіліп, қағаз шығарумен және жібек иіріп, тоқумен айналысатын шеберханалар ашуға пайдала-нылды2.
Тараз қаласы мен Шу езені түбіндегі қытай әскерін күйрете жеңудің Қазақстан мен Орта Азия халықтары тағды-ры үшін үлкен тарихи мәні болды. Тань әскері енді Жетісу жерін ғана емес, ұйғырлар мен Тибетті, Шығыс Түркістанды тастап кетуге мөжбүр болды. Талас алқабына арабтар да табан тіреп тұрмай, Шашқа шегініп кетті. Болған соғыстың қоры-тындысы мынадай шешімге әкелді: Қытай мемлекеті Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Тибет елдерінің саяси қарым-қатынасына араласуын XVIII ғасырдың бірінші жар-тысына дейін доғарды.
Түркі халықтарының тарихында Талас жеңісі өте маңызды болып саналады және арабтар әскери шабуылын тоқтатып, Ррта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанға бейбіт жолмен ис-лам мәдениетінің таратылуы шешілді. Сары түргештер мен қара түргештер арасында таққа таласушылық қытай әскерін жеңгеннен соң да жалғаса берді, Ілміш қаған (753-756 жж.), Ата Боиша қаған (756-766 жж.) билік жүргізді, бірақ езара кыркыс тоқтамады.
Түргештер
өздерін осылай әлсіретіп
біткен кезде, күшейіп
келе жатқан қарлұқтар (түркі
тектес) 766 жылы оларды
жау-лап алып, біржола
тәуелді етті — билік
қарлұқтардың қолына
көшті. Түргеш қағандығы 704
жылдан 766 жылға дейін
өмір сүрді.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Очерктер. 70-75 бб., 81-100-бб.
2.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-том., 3-бөлім. 3-5 тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 3-бөлім
4.Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.
5.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. 81-98-бб.